АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 08:16, курсовая работа

Описание

Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық – экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту мен гүлдендіру үшін барлық жағдайды жасауға тырысты.

Содержание

Кіріспе

I – тарау: АҚШ – тағы “мемлекеттік қайырымдылық” ішкі саясатының мәні.

II – тарау: АҚШ экономикасының жеке салаларының дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

АҚШ 26 бет.doc

— 243.50 Кб (Скачать документ)

     “Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ  Европаның және Жапонияның үлкен  бөлігінің қирауы есебінде өз позициясын нығайтты. Ал Кореядағы соғыс

кезінде, бұл елдің талқандалуы негізінде  болды”1.

     Соғыс экономикасының өсуіне жағдай жасады. Экономикада ғылым мен техника  негізгі орын алды. Мемлекеттің экономикалық өсудегі қарқыны есебінде үлкен  өлшемдегі бөлігінде, оның ресурстарына байланысты өндірістік қуаттылықтың модернизациясына, кеңейтуге инвестициялау үшін керек болған.

     Модернизация  – қайсыбір нәрсені тілекке, жағдайға сәйкес өзгерту. Инвестициялау –  бір іске, кәсіпке капитал салу.

     Капиталистік  мемлекеттерінің қатарында мемлекеттік  экономиканы реттеу формасын иемденді.

     Мемлекеттік бағдарламасындағы элементтің кілті  – инвестицияны жоспарлау, экономиканың ең өзгермелі құрама бөлігі, сол  кездегі көп уақытты өсуді  анықтайтын фактор болып табылады.

     “Ұзақ мерзімді сертификат банк депозитінде  куәландыратын куәлік беріледі. Иемденуші осы банктерде анықталған сомада ақша салынғаны туралы куәлік алады. Сертификатты товарға төлейтін шек есебінде қолдануға болмайды”2.

     Евродоллар  – АҚШ-тың долларындағы уақытша, ерікті құралы. Ол капиталистік мемлекеттердегі орналасқан компаниямен сондағы адамдарға, бәрінен бұрын АҚШ-та, батыс европалық банкілерге кредит беруге қолдану үшін құрылған. Европалық банкілерді евродоллар рыногының тез өсуі, доллардың орналасу тиімділігімен түсіндіріледі.

     Евродоллар  рыногы – халықаралық валюта жүйесінің басты бөлігіне айналды.

     Тұтынушылардың  несиелеу компаниялары АҚШ-та өте көп  кездеседі. Тұтынушылардың несиелеу компаниясы – жеке адамдарға аздаған қарыздарды төлеуді несиеге беруге мамандандырылған қаражаттың компаниясы.

     “АҚШ  штаттарының заңы бойынша орташа қарыз мөлшері 50-ден 300

долларға  дейін, ол жекелеген штаттар 1000-5000 долларға дейін. Ал орташа жылдық қойылым процентті 24-36 %. АҚШ-та 5400-дей тұтынушылардың несиелеу компаниялары бар”3.

     “Соғыстан кейінгі жылдарда кредит-қаржы мекемелері өнеркәсіптік корпорациясының жаңа акцияларының көп бөлігіне ие болды. 50-жылдары олардың үлесіне 44 % барлық өндірістік акциялар кірді”4

1 Очерки новой и новейшей историй США. М, 1960, II-том, 152-бет.

2 Мэдисон С. Экономическое развитие в странах Запада. М, 1967, 66-бет.

3 Козловский А.А. Потребительский кредит. М, 1968, 27-бет.

4 Меньшиков С.М. Миллионеры и менеджеры. М, 1965, 235-бет.

Қорытынды
 

      Менің курстық жұмысым көлемдегі зерттеулер ой-түйсігінен өткізіліп, талдауым төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

      XX ғасыр “Америка ғасыры” деп аталған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ғылыми-техникалық мүмкіндікке ие болды. Ол капиталистік дүниеде өнеркәсіптің бірқатар аса жаңа салаларының өнімін шығару, ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық талдамаларға жұмсайтын шығындар көлемі жөнінде жетекші орын алды.

      АҚШ әлеуметтік реформалар қабылдау негізінде  “қайырымдылық мемлекеті” пайда  болды.

      “Мемлекеттік  қайырымдылық” саясаты АҚШ-та 40-50 жылдары жүргізілді. Мұндағы шешуші күштер “демократиялық толқын” болды. Олардың басты талаптары - әлеуметтік реформалар қабылдау болды. Осы себептен көптеген реформалар қабылданды.

      “Қайырымдылық мемлекетінің” мақсаты – еңбек  қатынасындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу.

      Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың экономикасының қарқынды өсуіне, оларды жүзеге асыруға экономикалық-әлеуметтік реформалар, мүмкіндік туғызды және “мемлекеттік қайырымдылық” саясаты өте тиімді болды.

      Сонымен “қайырымдылық мемлекет” – нарықтық экономиканы сақтай отырып, өзінің азаматтарына белгілі деңгейде әлеуметтік қамтамасыз етуге және тұрмыс халін жақсартуға кепіл беретін демократиялық мемлекет болды.

      Президент Г. Трумэннің соғыстан кейінгі жылдардағы ең басты мәселесі – бейбіт уақыт  экономикасына көшу болды. Ол өзінің 21 бөлімнен тұратын бағдарламасын шығарды. Атап айтсақ, еңбек заңдарын бұзумен күресуді, ең кіші жалақысының мөлшерін ұлғайтуды, жұмыссыздарға берілетін көмекті көбейту, тұрғын үй алуға көмектесуді қарастырған.

      Президенттің  басты міндеті – бюджетті тұрақтандыру, мемлекеттік шығындарды қысқарту, салықтарды төмендету, долларды бекіту.

      АҚШ экономикалық жағынан тежеуді толықтыру  үшін әскери одақ құрады (1949 ж.).

      АҚШ Батыс Европа мемлекеттеріне көмектесу  нәтижесінде, онда өзінің өнеркәсіп  өнімдерін, товарын сату үшін экономикалық тәуелсіздігін қайта алу үшін экспорт қажет болғандықтан, Батыс Европа елдеріне жаңа рыноктар құру үшін кеден бөгеттерін жонды. Сөйтіп, ол халықаралық саудаға шығып, өзінің экономикасының өсуін жандандырды. Реформаларды тиімді пайдаланып, саясат жүргізу, мемлекеттік билікті нығайту, кемшіліктерді жоя білу нәтижесінде халықаралық аренада, халықаралық саудада, экономикада зор табысқа жетті.

      Екінші  тарау бойынша, АҚШ экономикасындағы салалар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ерекше дамыды. Әсіресе АҚШ-тың банк, корпорациялары өз істерін ары қарай дамытты. 1950 жылдары холдингтік компаниялар (әртүрлі салаларды қолында бақылайтын) дамып, ерекшелене түсті.

      Ауыл  шаруашылығында бірқатар фермалар ұлғайып, өнімділігін көтерді. Фермерлер арасынан көптеп ірі іскерлер шықты. Алып ассортиментті үлкен сауда орталықтары тұтыну түрімен өзгерді.

      Соғыстан  кейінгі жылдарда экономикада ұзақ мерзімді құрылымдық-техникалық қайта  құру болып өтті. Оның мәні – ғылыми-техникалық революцияның аса жаңа жетістіктерін ендіру. Автоматтандырылған жүйелерді, өнеркәсіптік роботтарды және т.б. енгізуге жол ашыла бастады.

      Экономикадағы қайта құру реформалар АҚШ-тың дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік позицияларын күшейте түсті.

      АҚШ үшін өндіріс пен капиталдың, оның ішінде банк жүйесі, ісінде шоғырланудың жоғарғы дәрежесі финанс олигархиясына тән.

      АҚШ мемлекеттік-монополияның капитализмнің  маңызды белгісі несие, қарыз  беру, капиталды экспортқа шығару болды. Несиелер мен қарыздар алған  елдер АҚШ капиталына финанстық-экономикалық кіріптарлыққа түсті.

      Әсіресе, соғыстан кейінгі жылдарда ең жоғарғы  көрсеткіштер 1947 жылы болды. Бұл жылдары, экономикадағы салаларда көптеген жетістіктер болды.

      Яғни, бұл “мемлекеттік қайырымдылық”  саясатының жүргізілуімен тұспа-тұс келеді.

      АҚШ өнеркәсіп өндірісінде бірнеше  рет дағдарыстарды басынан кешірді, бірақ оларға қарамастан жұмыстарын жүргізіп, экономикасының дамуына көп  көңіл бөлді.

      Соғыстан  кейін АҚШ капитал экспортеры ретінде ірі капиталистік держава  арасынан бәсекелестер кездеспеді. Осы себептен АҚШ-тың экспорт товарлары жеңіл өтті. Банк, корпорациялар көп пайда тапты.

      Соғыстан  кейінгі жылдарда американ имперализмі  атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына, әскери базаларына, финанстық-экономикалық артықшылығына сүйене отырып, дүниежүзілік үстемдік орнату жоспарын жүзеге асырып қалуға тырысты.

      1991 жылдан бастап АҚШ пен Қазақстан  арасында дипломатиялық қатынас  орнатылып, екі жақты байланыс  дамып келеді.

      АҚШ қазіргі кезде Қазақстандағы  экономикаға ірі инвестор болып  табылады. Жан-жақты ынтымақтастық орнатуда стратегиялық маңызы зор.

      Р. Рейгон “Американың экономикасы  мықты да, тұрақты болып қалады. Біздің тарихи, таңқаларлық экономикалық өсуіміз ары қарай жалғасады” – деген еді. Солай болып та жатыр.

      Қазір біз ел мен бүкіл дүние жүзі жаңа ғасырға жақындай бастағанда, АҚШ халқы келер күндерге бұрынғыдай зор сеніммен қарап отыр. 

1 Грайнер Б. Американская внешняя политика от Трумэна.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 
 
    1. Деректер.
    1. “Билль о правах солдатов” 1944-1947 г.г. // Хрестоматия по новейшей истории. М, 1960, II-том, 315-бет.
    1. “Билль о экономических правах” 1944-1947 г.г. // Хрестоматия по новейшей истории. М, 1960, II-том, 320-бет.
    2. “Закон о занятости” 1946 г. // Хрестоматия по новейшей истории. М, 1960, II-том, 328-бет.
    3. “Доктрина Трумэна” 1948 г. // Хрестоматия по новейшей истории. М, 1960, 351-бет.
    4. “Программа помощи” 1945-1948 г.г. // Хрестоматия по новейшей истории. М, 1960, 256-бет.
 
    1. Арнаулы зерттеулер.
    1. Астопович Т., Григорьев М., Кириченко С.С. США: экономика, дефициты, задолженность. М, 1991.
    1. Беглов С. Европейские сообщество угроза миру и безопасности народов. М, 1949.
    2. Братченко Б.Ф. Угольная промышленность США. М, 1971.
    3. Брукс М. Нефть и внешняя политика: От Трумэна до наших дней. М, 1986.
    4. Грайнер Б. Американская внешняя политика: От Трумэна до наших дней. М, 1986.
    5. Голдсмит Р.У. Национальное богатство США в послевоенный период. М, 1986.
    6. Гофман К.Б. Что несет “План Маршалла” в Европе. М, 1947.
    7. Далин С.А. США послевоенный государственно-монополитический капитал. М, 1972.
    8. Джеймс А. “План Маршалла” план восстановление или военный план. М, 1949.
    9. Жуков Е.Ф. Страховые монополии в экономике США. М, 1971.
    10. Захматов М.И. Монополии и внешнеэкономическая политика США. М, 1967.
    11. Зинн Г.С. США после второй мировой войны. 1945-1971 г.г.

        М, 1977. 

    1. Картер А. Структурные изменения в экономике США. М, 1974.
    2. Козловский А.А. Потребительский кредит. М, 1964.
    3. Лон В.И. США в военные и послевоенные годы 1940-1960 г.г.       М, 1964.
    4. Манукян А.А. Проблемы послевоенного развития экономики США. М, 1966.
    5. Манукян А.А. Экономическое положение-капиталистических стран. М, 1966.
    6. Манукян А.А., Козорез К.Н. Капиталистический рынок нефти.      М, 1953.
    7. Мартынов С.А. Сельское хозяйство США и его проблемы. М, 1970.
    8. Меньчинков С.М. Миллионеры и менеджеры. М, 1965.
    9. Мельников Ю.М. Внешнополитические доктрины США. М, 1970.
    10. Мельников Ю.М. Вычислительные машины и программирование на ЭВМ. М, 1972.
    11. Мозолин В.П. Право США и экспанция американских корпораций. М, 1974.
    12. Монополистический капитал США после второй мировой войны. Под. ред. Рубинштейна М.И. М, 1958.
    13. Мэдисон С.Т. Экономическое развития в странах Запада. М, 1967.
    14. Наборов В.Б. Внешнеэкономическая политика США. М, 1968.
    15. Перло В. Жустойчивая экономика. Бумы и спады в экономике США после 1945 г. М, 1975.
    16. Соединенные Штаты Америки: экономика, политика. М, 1972.
    17. США: измерение экономического роста. Анализ исходных статических показателей. М, 1976.
    18. США: государство и рынок. М, 1991.
    19. США: государство и экономика. М, 1976.
    20. Севельев В.А. Капиталий США: прошлое и настоящее. М, 1989.
    21. Томас Б. Американский имперализм и План Маршалла. М, 1991.
    22. Усоскин В.М. Монополистический банковский капитал США.      М, 1964.
    23. Фишер С., Стенли М. Экономика. М, 1991.
    24. Хейне П., Пол К. Экономический обзор мышления. М, 1991.
    25. Хансен Э.С. Послевоенная экономика США. М, 1966.
    26. Шаров А.Н. Экономика США. М, 1988.
    27. Экономика и национальная безопасность. М, 1989.

Информация о работе АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы