Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание

Мондаттық кезеңнен кейінгі күшейген саяси күресте «Аль-Ахали» багадаттық газеттің айналасына топталған беделді ұйымдар белсенді қатынасты. Оның құрамына қоғамдық құрылыстың кординалды өзгеруіне талпынған ирактық коғам қайреткерлері кірді. 1934 жылдан бастап «Аль-Ахали» жұмысын атқаруда Джафар Абу ат-Тимман және адвокат Камиль аль-Чадари жургізуші ролде болды.

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫК жумысым.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

1 Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак

 

1.1 Ирактың ішкі саяси жағдайы

             

         Мондаттық кезеңнен кейінгі күшейген саяси күресте «Аль-Ахали» багадаттық газеттің айналасына топталған беделді ұйымдар белсенді қатынасты. Оның құрамына  қоғамдық құрылыстың кординалды өзгеруіне талпынған ирактық коғам қайреткерлері кірді.  1934 жылдан бастап «Аль-Ахали» жұмысын атқаруда  Джафар Абу ат-Тимман  және адвокат Камиль аль-Чадари жургізуші ролде болды.

          Саяси  күрес аренасында көрнекті орынды жұмысшылар тобы иеледі.   1920 жылдар аяғында кәсіподақтар, ал  1934 ж. - бірден-ақ ішкі реакцияларға қарсы курес жариялаған Иракың коммунистік партиясы (ИКП) құрылды. Сонымен қатар  «Туыстық үкіметке» қарсы кейбір феодалдық топтар шықты. Ирактың көрнекті қайраткерлерінің бірі, ірі жер иеленуші Хикмет Сулейман «Ал-Ахали» тобымен қатынас орнатады.  Соның атынан ол антиағылшындық топтың лидері генерал Бакр Сидкимен келіссөз  жүргізді.  Хикмет Сулейман және Бакр Сидки әскери төңкерістің жосапрын түзеді.

         Қазіргі Ирак мемлекеті 1920 ж. Ұлыбританиямен жасалған. Оған Осман империясының үш уәлаяты кірді: Басра (алдын одан Кувейт бөлінген), Мосул және Багдат.  1920 ж. сәуірде Сан-Ремодағы конференцияда Ұлттық лига Ұлыбританияның Иракты басқаруда мандат шығарған. 1921 ж. Ирак әмір Фейсалмен (шериф Мекке Хусейн ұлы) корольдық болып жарияланды. Екі палаталық парламентпен конституциялық монархия түрінде басқару қабылданды. Алайда, алғашқыда бүкіл маңызды министрліктер бритнадық «кеңес» бақылауында боды, ал ізгі шешімдерді британдық жоғары комиссарлар және корольдық әскери-әуен қолбасшы күштерімен шешілді. Саяси билік орындарында бірнеше қалалық қауымдардың және ірі помещик-абсентеистерден қайта құрылған жаңа элитаның қолында шоғырланды.

           1932 ж. Ирак формальді түрде тәуелсіздігін алды, бірақ елдің нақты басқарылуы Ұлыбритания посольствасында орналасты.

          1933 жылдан бастап Ирактың корольі Гази I болған еді, ал жиырма жылдық ағылшын ирак келісіміне қол қойған Нури Саид үкіметі, оппозициялық партиямен 1930 ж. қарашада құрылып, пайда болған Аль Гайлани үкіметін «Ұлттық туыстық» үкіметіне ауыстырып жіберді.

           Ирактың  көрнекті реакциялық саясаткерлерінің  бірі, ірі жер иеленуші, бір уақыттары  «Ұлттық туыстастыққа» жанасқан  Хикмет Сулейман  өзінің саяси ойынында «Аль-ахали» тобымен қатынастар орнатқан болатын. Соның атымен ол антиағылшындық әскери топ лидері Бакр Сидкимен келіссөздерге шығады. Хикмет Сулейман және Бакр Сидки әскери төңкеріс жоспарын түзеді.

         1936 ж. 29 қазанда Бакр Сидки басшылығымен әскерлер Бағдатқа қарай жылжып, король Гази I- ге «Ұлттық туыстық» үкіметінен отставкаға кетуін талап етыңп,  ультиматум жариялайды. Король ультиатумды қабылдап, Хикмет Сулейсанға министрлер кабинетін құруға мүмкіндік береді. Жеті мүшесінен тұратын жаңа үкіметтегі үш министр «Аль-ахали» тобының өкілдері болды. Оның құрамына Абу ат-Тимман және аль-Чадари кірді. Бакр Сидки басштабтың генералы болып тағайындалды [3, 329 б.].

           Х.Сулейман және Абу ат-Тиман өздерінің бағдарламасында реформалар жүргізуде ой жариялады, соның ішінде  мемлекеттік жерлерді жерсіз крестиандарға тапсыруға, ұлттық өнеркәсіптің дамуына көмектесу, әлеуметтік катамасыз етуді жақсарту және т.б. Алайда Хикмет Сулейман және Бакр Сидки бұл бағдарламаны тек қана қоғамның тыныштандыруының орындалуын  нәтижелі құрал ретінде  қарастырды. 

          Наразылық белгісі ретінде осыған ұқсас позицияға қарсы «Аль-Ахали» министрлері  1937 ж. 19 маусымда  отставкаға кетеді ( кейіннен олар жер аударылды). Итальяндықжәне германдық  фашизмнің  идеялық ықпалының астында  болған  Бакр   Сидки әскери  диктатура орнату  мақсатында     жаңа

төңкеріс дайындап жатты.

          Бірақ Хикмет Сулейман және  Бакр Сидки  демократиялық  шеңбермен  арасы үзілуі олардың  ықпалын үзді. 1937 ж. 11 тамызда Бакр Сидки өлтірілді, 5 соң Х.Сулейман үкіметі құлады.  Мемлекетте ағылшындық  күштер қайта орнады, әсіресе 1938 ж. 25 желтоқсанда Нури Саид үкіметі қайта орнады. Жаңа примьер жоспарлы  түрде тек халықтық қозғалысты ғана емес, өзінің саяси қарсыластарын да түзеді.  Ол 1939 ж. наурыз айында антиүкіметік қастандықты  азғыртып айдап салып, оппозиционерлердің улкен тобын қаматып жібірді. 1939 ж. 3 сәуірде  жұмбақ жағдайда автомобильді апатта Гази I қаза тапты, ол Нури Саидтың ағылшындық бағытын мақұлдамай кетті.  Король болып оның 4 жасар ұлы  Фейсал II, ханзада Абд аль-Илях регент болып тағайындалды [5, 76 б.].

       Парламент  қабылдаған заңды король бекітеді  және оған конституцияның  26-шы бабына сәйкес король министрлер «кеңесі» келісімімен бұйрық беруге, заң шығаруға тиесілі. Ондай бұйрықтар жақын арада болатын сессияға парламенттің келісімімен енгізлуі тиіс, алайда парламент және құрылтай жиналысымен шешілген бұйрықтар келісім міндеттерін орындауда мақсатталған болса, парламентке енгізілмейді [19, 58 б.].

       Мемлекет корольі Фейсал II (1944 ж.), ол кәмелетке толғанша регенті Абдаллах болып саналады. Заң беруші үкімет парламент және корольға тиісті, ол 2 палатадан тұрады: депутаттар және Сенат. Төменгі палата – депутаттар – 4 жылға екі дәрежелі   сайлаумен   сайланады,  сайлауға ер адамдар мен 20 жасқа толған Ирак азаматтары қатысады. Сайланғандар 25 жастан кіші, депутаттар 30 жастан кіші болмауы тиіс. Әр 20 мың халыққа 1 депутат сайланады. Сенат корольдыққа тағайындалатын мүшесі  20-дан артық болмау керек. Сенат өкілеттігі – 8 жыл. Әр 4 жылда жарты сенат шығып қалады, бірақ шығып қалғандар қайта тағайындалуға мүмкіндігі бар.

Парламент корольдың  бұйрығымен қурылады және таратылады. Заң шығарушы құқықтың ынтасы он депутаттық әр палатаның мүшесіне тиесілі болды. Палатаның қабылдаған қосымшасы заң жобасын жасау үшін Министрлер кеңесіне жіберілді. Король парламент қабылдаған заңды бекітеді. Ирактың сот жүйесі үш түрден: азаматтық, діни және өзгеше соттардан тұрды. Иракта формальді құқықпен бастауыш білімі міндеттелді, алайда балалрдың белгілібір саны мектептен оқытылудан тыс болды. Бастауыш білімнің оқытылуы 4 жыл және оқытылатын тіл араб тілі болды.   1939 ж.   мемлекетте

 705 бастауыш мектептер, соның ішінде 560 ұлдар үшін, 145 қыздар үшін.  Жоғарғы оқу орындары – медециналық, педпгогикалық, техникалық және әскери  [18, 81 б.].

   

 

1.2 Соғыс қарсаңындағы  Ирактың халықаралық қатынастардағы  орны

 

         1930 жылдар дәуірі бір жағынан, жаңа араб мемлекеттерінің пайда болуы және олардың сыртқы саяси бағыттары, ал басқа жағынан – араб-еврейлік дауының құрылуының негізі аяқталуы, ол қиыршығыстық конфрантациялық мезгілін он жылдыққа алдын ала анықтаған. Аравиялық мемлекеттердің ізінен Ирак мемлекеті де өз тәуелсіздігін алды. 1930 ж. 30 маусымда британ-ирактық келісімге қол қойылған еді, соған сәйкес Ирак тәуелсіз мемлекет болып қабылданды, ал мондат оның Ұлттық лигаға қабылданған кезеңнен кейін-ақ күшін жойды. Ол оған 1932 ж. 3 қазанда мүше болды. Ирак пен Ұлыбртинаия арасындағы келісімге сәйкес британдық әскерлердің орналасуы (Бағдатқа жақын жерде екі әскери база), сыртқы және қорғаныс саясатын қорғаныс бақылауды білдірген «одақтас қатынастар» орнатылды. Айқын шектеулерге қарамастан, бұл қойылған келісім колониалдық заманның аяқталуын білдірді. Қысқартылған тәуелсіздікті және британдық саяси және әкімшілік бақылаудың берілуі мемлектеттің басқару шеңберіндегі үкімет үшін күрес өкпек күшеюге әкелді, не өзі тікелей түрде сыртқы саяси бағытта жаңа мемлекеттің пайда болуы, оның  шеңберінде екі талғаулы  тенденциялар пайда бола бастады. Біріншісінің жақтастары, («оңтүстік») Ұлыбританиямен тез арада «өзгеше қатынастарын» жоюға ынталанды. Келесіде, екінші дүние жүзілік соғыстың басталуымен, олар өз мақсаттарына жету үшін гитлердік Германияны өз одақтастары ретінде пайдалануға әрекеттенді. Олардың қарсы сөйлеушілері, екінші жақ («солтүстік») тенденциялары, ауданда басым күші сияқты Ұлыбританиямен «одақтас қатынаста» сақтауда маңызды мағынада деп есептеді. Бірінші жақ тенденцияның ең маңызды жетістіктері 1931 ж. Сауд Аравиясымен және 1936 ж. Трансиорданиямен жасаған достық туралы келісімдер. 1936 ж. сол сияқты сауд-ирактық «араб туыстығы және одақтастығы туралы» келісімі түзілді. «Солтүстік» жақтың ірі жетістігі  1937 ж. шілде айындағы «Төртелік пакт» (Түркия, Иран, Ирак, Ауғанстан), ол Қиыр шығыстағы Антантаның құрылуына шамаланды. Бірақ бұл үміттері орындалмады. Бұған тек екінші дүние жүзілік соғыс ғана емес, сол уақытта британдық бақылаудан азат болған  ирактық  қоғамның, әсіресе армисянда ұлтшылдықтың өсуі кедергі болды. Нәтижеде «оңтүстік» тендециясы қайта басым болды [15, 130 б.]. 

          Иракта 1941 ж. сәуір айында  мемлекеттік төңкеріс болған кезінде үкімет басына Рашид Али Аль-Гайлани үкімет басшылығы орнады. Осы ұлттық үкіметтің талаптарының бірі ағылшын әскери базаларының эвакуациясы, барлық Ирак территориясынан ағылшын әскерлерін шығару, ағылшын ықпалынан босату. Алайда Иракты ағылшын ықпалынан босату куресінде  гитлердік фашизмінің  және оның одақтастықтарының  КСРО ға шабуылдау дайндығы қарсаңында  ирактық ұлтшылдар Германияға, Италияға, милитаристік Жапонияға  бағдарланды. Сол уақыт бұл мемлекеттердің Иракта ықпалы өсті. Осы  мемлекетке Гитлер үлкен көңіл бөлді, өйткені  Иракта мұнаймен, әскери базалармен, стратегиялық маңызды магистральдарға  ие болу мәнді еді.  Егер Германияға осы елде позициясын иелеуде мүмкіндік болса,  ағылшындық позиция үшін Арабтық Шығыста және Үндістанда маңызды қауіп туындар еді.

           1936 ж. Гитлер Ф.Гроббаны  Иракта елшісі етіп тағайындайды. Ол осы мемлекетте жұмысқа кірісіп, Ирактағы арабтарда ұлтшылдықты жандандыра бастады, Ұлыбританияға жеккөрушілік телді.   Ф.Гробба  ирактықтарға  арабтардың жалғыз және сенімді досы, ирактықтардың  британдық езгіден бостандығы үшін сенімді күрескері  ретінде  «үшінші рейх» тартты. Ол ұлтшылдық колонизаторлармен ешқандай жалпылыққа ие емес деп жариялайды, сондықтан рейхта колония жоқ дейді. Гробба агрессивті германялық империализм  1918 ж. әскери ұтылғаны  үшін Германияға өздерінің африкандық колонияларымен өтеуі мәжбір екендігі туралы тіл қатпады.

           Фашитстік Германия араб халықтарын қулдарға айналдыруға ынталанды. Бірақ ағылшын саясатынан лық тойған арабтар, оларға кім бостандықты кепілдік етсе соны дос көрген және германдық саясатын мемлекетіне, халықтың санасына енгізген. Германдық фашистік агентурасы Иракта үлкен мүмкіндік алып, 30 жылдары Иракта «бесінші колонияны» құрады. Гробба өзінің торларына Ирактың мемлекеттің және саяси қайраткерлерін - «Аль-Укиб» газетінің редакторы Юнис Бахри, Ирактың болашақ примьер-министрі Рашид Гайлани, ирандық әсер қолбасшыларын және т.б. енгізіп  алды. Олар құпиялы түрде Иракта үкіметтік төңкеріске дайындық жасады.

          Осы мақсатпен 1941 ж. наурыз айында Иракта адмирал Ф.Конарис болып кетті. Одан кейін соның ізінен 1941 жылы 1 сәуірде мелекетте Рашид аль-Гайлани төңкерісі басталды. Араб мемлекеті  бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі өздерінің одақтастары – Англияға  конілдері тоймаған болатын. Сол соыс аяқталған соң Англия арабтарға сатқындық жасап, оларға неоколониализмнің жаңа түрлерін  енгізуге асықты [4,  215б.].

         Иракта Англияға қатынасында екі позициясы болды. Бірінші позициясы – Ирактың Англиямен қарым-қатынасы оны автоматты түрде немістер соққысының астына әкелді. Осы позиицияның жақтаушылары Англиямен қарым-қатынаста шектелді және бейтараптықта ұстанды. Ал басқа бөлігі – ұлтшылдар – офицерлер және дінбасылар екінші дүние жүзілік соғыс басталмастан алдын күшейіп келе жатқан фашистік Германияның қуатын пайдаланып, және соның көмегімен Ұлыбритандық неоколониалистік тұсаудан азат болуды ойлады. Осы екі позииция қай жағадайда болсын, фашистік Германияға тиімді болды. Неміс-фашистік және итальяндық қолбасшылар Али Аль-Гайлани төңкерісінен алдын Ирактағы антиағылшындық элементтермен де қатынаста болатын. Бұл Германия басшылығымен байланысты болды, мысалы, Фон Папен Түркиядағы Германияның болашақ елшісі, Аль-Гайланиді өзімен тығыз байланыста болды. 1940 ж. 5 маусымда Аль Гайлани – Наджи Шавкат – Сами Шавкттың ағайындары Фон Папенмен кездесуге Анкараға барған еді.   Н.Шавкат  Фон Папенге Ирак Англияға қарсы Германияға сүйеніш болатынына кепілдік берді. Италия да Иракты ағылшын тәуелдігінен азат болуға шақырды.

        «Алтын квадрат» түзген төрт  полковник – Махмуд Сальман, Салах Саб-баг,  Фахми Сайд және Али Мухаммад 1939 ж. 16 қазан күні Багдатқа келіп, Италия, Германия, Жапония оларды кепілдіктерімен жаудырды. Германияның рухтандырушы сенімін және ұснысын қабылдап, Аль-Гайлани мен Эль-Хусейн германдық басшыларымен тығыз қатынасқа көшкісі келді.  1940 ж. 26 қазанда Германиямен келіссөз ұйымдастырлады. Келіссөздер жүріп жатқан уақытта, Р.Али Аль-Гайлани өз ықпалын  Ирактың  примьер-министрі  ретінде 1941 ж. 31 қаңтарда  Англияның талабымен отставкаға кетті. Содан уақыттан кейін төңкеріске  дейін 1941 ж. сәуір айында  Германиямен келіссоөздер тоқтатылды. Р.Аль-Гайлани орнына үкіметті генерал  Тахи Аль-Хашами қолына өтті.  Ол жаңа үкіметті құруға 1941 ж.  1 ақпаннан бастап кірісті.   Аль-Гайлани  отставкаға шығып, көп бос отырмады. Аль-Гайлани 1941 ж. сәуіріне дейін Иракта мемлекеттік төңкеріс дайындады.  1941 ж. 1 сәуірде Р. Али Аль-Гайлани ирактық армиянысының бас штабының генералы Амин Заки және  «алтын квадрат» төрт полковнигымен кездесті. Олар Тахи Аль-Хашами өз еркімен отставкаға кетпесе, көтеріліс жасауға келіседі. Тахи Аль-Хашами оларға құлақ аспады, сонда қарсыластары, көтеріліске әскерлерін шығарды.

        1941 ж. 1 сәуірде регент Абдул Иллахтың  сарайын қоршап алады. Бірақ Абдул Иллах Хаббаниядағы ағылшындық іскери әуен базасына, одан кейін Палестинаға қашып құтылады [4, 230 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Екінші дүние жүзілік  соғыс жылдарындағы Ирак

 

2.1 Ирактағы 1941 ж. 1 сәуірдегі төңкеріс және отыз күндік соғыс

     

         1930 ж. Ұлттық лига мандаты жойлғаннан кейін Ұлыбританияның негізгі бақылауы 1930 ж. 30 маусымнан бастап жасалған Ұлыбритания мен Ирак корольдығы арасындағы Одақтық келісім болды. Бұл келісімді Ирак ағылшындық кеңесшілер мен эксперттерінің саяси, экономикалық және әскери бақылауы астына қойды, әсіресе әскери қозғалыстар кезінде. Келісімге қосымша сонымен қатар, ағылшындықтарға Хаббания және Шуэйбада екі әскерибазаны сақтауға және мемлекет территориясын  өз әскерлерін транзиттеуде пайдалануға мүмкіндік берілді. Сондықтан 1939 ж. 3 қыркүйекте Ұлыбританияның соғысқа аттануынан кейін, 1939 ж. 5 қыркүйекте Ирак үкіметі Германиямен дипломатиялық қатынастарын үзгені туралы жариялады, бірақ Германияға соғыс жарияламады. Германдық елшісі Ф.Гробба Ирактан кетіп, германдық ықпал Бағдатта Ауғанстан елшілігін ұсынды.

         Ирак саясаткерлері мен әскерилердің бір бөлігі бұл келісімге қарсы шықты, олар примьер-министр Нури Саид пен регент Абд аль-Илях Лондонның сүйеуі орнына Палестинаға еврейлік иммиграциясы мәселесі бойынша Англияның позициясын өзгертуін және 1936-1939 жж. көтеріліске қатысқан палестиндік арабтарға амнистия жасауын талап ету керек деп санады. 1936 ж. 16 қазан күні Бағдатқа атақты палестиндік лидер – ұлы муфтий Иерусалима Мухаммад Амин аль-Хусейни келіп жеткенде, Нури Саид үшін жағдай ауырлай түсті. Муфтий Иракта «Алтын квадрат» мүшесі Махмуд Сальман арқылы әскери оппозициясымен тығыз байланыста болды. Палестиналық мәселе Британдық империя мен арабтық мелекеттер арасындағы қарым қатынастарында әлсіз пункттерінің бірі болып қала берді.            Иракта саяси дағдарыс кезінде  1940 ж. 18 қаңтар күні марқым болған король Фейсалдың жақын сыбайластарының бірі – Рустум Хайдар өлтірілгеннен кейін, «Алтын квадрат» мүшелері регент Абд аль Иляхқа Нури Саидты отставкаға жіберуге және әскерден басштаб генералы Хусейн Фавзиді босатуға мәжбір еткізді. Жаңа примьер министр болып, әскерилердің ойлары бойынша өздерінің саяси жоспарларын орындауға сәйкес тұлға Рашид Али аль-Гайлани болды. Бірақ Ирактың жаңа үкіметі Ұлыбританияға қатынасында жеткілікті сақ болды, үкімет сол кезде Таяу Шығыстағы әскери жағдайдың күрт төмендеуі нәтижесінде алаңдауға негіздер болды. 1940 ж. 10 маусымда соғысқа Италия аттанды, Ливиядан Египетке жайған щабуылды; сол жылдың 22 маусымында Германиямен уақытша бітімге қол қойғаннан кейін Сирия және Ливанға Ұлттық лига мандатына ие болған Франция соғыстан шықты. 

Информация о работе Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак