Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание

Мондаттық кезеңнен кейінгі күшейген саяси күресте «Аль-Ахали» багадаттық газеттің айналасына топталған беделді ұйымдар белсенді қатынасты. Оның құрамына қоғамдық құрылыстың кординалды өзгеруіне талпынған ирактық коғам қайреткерлері кірді. 1934 жылдан бастап «Аль-Ахали» жұмысын атқаруда Джафар Абу ат-Тимман және адвокат Камиль аль-Чадари жургізуші ролде болды.

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫК жумысым.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

       Өз кезегімен, 1940 ж. 24 маусымда Түркияға келген ирактық жаңа үкіметтің әділеттік министрі Наджи Шавкат, құпия түрде германдық елші Фон Папенге барды, және Берлинмен әзірге ресми емес қатынастарын орнатуды сұрайды. Бағдатта примьер аль Гайлани Италияның елшісі Л.Габриэлимен кездеседі, ол Ирактан германдық елшісі Ф.Гробба сияқты шығарылмаған болатын. 1940 ж. шілде айында Бағдатқа муфтий аль-Хусейни өкілдерімен келіссөздер жүргізген ағылшын елшісі полковник С.Ф. Ньюком келді. Келіссөздер кезінде палестинаға еврейлердің иммграциясы ағылшындық мандаттың 1948 ж. аяқталуына дейін созылатыны белгілі болды. Сонда муфтий ирактық армияны Сирия және Ливанды оккупациялауда пайдалануға және Палестинаға тәуелсіздік беруді ұсынды    [8, 66 б.]. Алайда, 1940 ж. 26 тамызда ағылшындық үкіметітің ресми түрде Палестинадағы саясатын өзгертілмейтіні туралы жариясы, араб ұлтының ақырғы үмітін және сәтті келліссөздерін жойды.

        1940 ж. 26 тамыз  күні Берлинге құпия түрде муфти аль-Хусейннің дербес хатшысы – Усман Хаддад келді, ол германдық сыртқы істер министірлігіне Иракта құрамына кірген ирактық, сириялық, палестиналық өкілдер өз мемлекеттерінде антиағылшындық көтеріліске дайыдалып жатқан, Арабтық комитет құрылғанын хабарлады [9, 163 б.]. Ол германияның Қиыр Шығысқа ойы туралы декларациясын жариялауды сұрады, және сондай біргелік герман-итальяндық декларация жарияланып, 1940 ж. 23 қазанда радиоларда араб тілінде хабарланды. Ол декларация Германи және Италия барлық араб мемлекеттерінің, сонымен қатар Палестинаның тәуессіздігін қабылдауы туралы  жариялады.

     Оған жауап ретінде  Ұлыбритания үкіметі Иракқа дипломатиялық  каналдарына салмақ салуды күшейтті: египеттік және түркиялық үкіметтің   Ұлыбританиямен ынтымақтастығының қажеттілігі туралы Ирак үкіметіне дауыстары жолын қуды; АҚШ елшісі П.Кнаубеншуэ примьер аль-Гайланиге президент Рузвельттің жолдауын дербес тапсырды. 1941 ж. қаңтар айында ағылшындар үкіметтік дағдарысты Иракқа арандатты, алайда жаңа примьер-министр олардың қол шоқпары Нури Саид емес, Иракта бұрынғы Палестинаны қорғауда Ассоцацияның өкілі және Аль-Мусанна ұлттық одақтың негізін салушы – Таха аль-Хашими болды. Осы дағдарыстың дер кезінде Хаддад екінші рет Берлинге барады, ол сол жерде тек қана немістермен келіссөздер ғана емес, кеңестік елшілігімен қатынастар орнатып, ағылшын-ирак дауы болған жағдайда мүмкін болатын Мәскеу позициясын айқындау керек болды. 1941 ж. ақпан айында Бағдатқа АҚШ-тың стратегиялық қызметтерін жүргізушісінің басшысы  - У.Донован, муфти аль-хусейнмен кездесті. Алайда, «Алтын квадрат» және аль-Хусейн, Берлин және Римнен келген жаңалықтан қайрат алып, қозғалуды шешті.

         1941 ж. 1 сәуірде Бағдат маңында орналасқан ар-Рашид әскери лагерінде, аль-Гайлани, «Алтын квадрат» және муфти өкілдері мәжілісі болып өтті, онда төңкеріс жөнінде шешім қабылданды. Сол күні 1-ші және 3-ші жаяу дивизия Бағдатты қоршап алып, Абд аль-Илях сарайын басып алады, бірақ ол американдық елшілікке қашты, одан кейін оны Хаббанияға ағылшындық әскери базасына ауыстырып жіберді. Ол жаққа Нури Саид және тағы басқа ағылшындық жақтаушылары да қашты; одан кейін ағылшындар оларды Ирусалимге көшірді. 3 сәуір күні Бағдатта аль-Гайлани басшылығымен қауіпсіздік үкіметін құру жарияланды, сондықтан аль-Хашими бүлікшілерге қосылудан бас тартты. 10 сәуірде парламент шақырылды, онда 108 депутаттан 94-і қатысты, жаңа режим қолдауы білінді.

         Жаңа үкімет  тез арада Германия, Италия, Жапония  және Сауд Аравиясымен қабылданды. 1941 ж. 16 мамырда Анкара қаласында КСРО және Ирактың жаңа үкіметі арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуы туралы келісімге қол қойылды [16, 4 б.].

         Ағылшын  үкіметі Солтүстік Африкада және  Қиыр Шығыстағы кернеулі әскери  жағдайға қарамастан, Иракқа Үндістаннан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиялар жіберілуге бұйрық берді. Бұл дивизияның бірінші бригадасы 1941 ж. 18 сәуірде Ирактың Басра портына түсірілді. Аль-Гайлани үкіметі 1930 ж. ағылшын-ирактық келісімге сәйкес, көнуге амалсыз болды, алайда келесі бригада, бірінші бригадасы ирак-палестиналық шекараға жеткенше бірінші болып тісірілуі талаптанды. Британдық басшылық, Лондоннан келетін бұйрықтарға сүйене отырып, бұл талапты құлаққа аспады және 29 сәуірде Басрада тағы бір бригада түсірілді. Сол күні ирактық әскерлер Хаббаниядағы ағылшындық базаны атқылауғы бұйрық алды.

          Осылайша  жарияланбаған ағылшын-ирактық соғыс басталды. Нәтижесінде оқулықтарда ол «отыз күндік» болып аталды, өйткені әскери қозғалыстар Иракта 1941 ж. 1 мамырдан  31 мамырға дейін созылды.

         Ағылшындықтармен  оқытылған және құрылған ирактық армия төрт жаяу дивизиядан, үш кавалерия полкынан, үш батальондардан және 60 мың адамнан тұратын шекаралық қорғау эскадрондардан құралды. Қаруында 50-75 ұшақ, соның ішінде 15 американдық құртушылар, бірнеше ондық жеңіл танкілер және жүздеген қарулар болды. Алайда, 2-ші жаяудивизия Басрада ағылшын-үндістандық бөліктермен шабуылданғандықтан, 4-ші жаяу дивизиясы ирактық Курдистанда орналасты. «Алтын квадрат» Хаббаниядағы базаға шабуылдауғға тек қана жаяу бригаданы, 50 қорғаныс-техникасы мен қаруларын, шамамен 10 мыңдый адам бөле алды.

          Бұл  күштерге Хаббаниядағы ағылшын  гарнизоны қарсы тұрды, ол 2,5 мың  адамнан, соның ішінде 1200 ассириялық-жаяушылар және ағылшын-үндістік жаяушылар жарты батальоны болды. Бірақ базада 80 ұшақ 30

ұшқыш болды, олар тез арада ағылшындықтарға әуеде сәттілікті қамтамасыз етті [10, 290 б.].

          Ирактықтар  өздерінің сауыт техника және  артиллерриялық артықшылықтарын  пайдалана алмады (ағылшындықтар  сауыт 18 машиналарына және екі сайманға ие болды),  және 4 мамырда ағылшын авиациясы ар-Рашид аэродромына шабуылдауы кезінде ирактық ұшақтардың жартысын,  аңғарларын,  бензоқоймаларын жойды. 6 мамырдың таңында ирактық әскерлер әуен шабуылдарынан көп жоғалтуларға ұшырап, Хаббаниядан шегінді. Соның арасында Басрадан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиясының баяу жылжуын қобалжыған ағылшын примьер-министрі У.Черчилль, Иракқа шөл дала арқылы шабуылдау үшін, Палестинада арнайы әскери топ құруды бұйырады. Осы топтың авангарды – Арабтық легион Глабб-паши Рутба шекаралық форт маңындағы ирактық кавалерияны жарып, Бағдатқа қарай жылжи бастады. Сол кезде ағылшындар Ирактық Курдистанда жаңа үкіметке қарсы курдтар көтерілісін ұйымдастыруға әрекеттенді, орнына кез келген көмек және тіпті тәуелсіз курдтық мемлекетін құруды уәделеді [13, 238 б.]. 

         Иракқа «ось» державаларының  көмегін алып қарасақ, 1941 ж. 10 мамырда Бағдатқа бұрынғы германдық елшісі Ф.Гробба қайтып келді, ол тез арада арнайы штабты басқаруда қолына алды. 11 мамырда үш германдық ұшақ Бағдатқа келді, алайда солардың бірі қонып жатқанда қателікпен  ирактық зениттер соққы берді. Соның ішінде майор А. Фон Бломберг қаза тапты, ол Иракта неміс-итальяндық авиациясының басшысы етіп тағайындалған еді. Бірінші 12 германдық ұшақтар 8 мамырдан бастап Мосул қаласында орналасты, алайда олардың қозғалысы жанғыштың жетіспеушілігінен шектелді, және олар 16 мамыр күні Хаббанияға жалғыз ғана шабуылын жасады. 27 мамыр күні Мосулға 12 итальяндық құртушылар келді. 16 мамырда британдық сыртқы істер министрі А.Иден, француздық  үкіметі Виши германдық бақылау астында тұрғанын жариялады, сондықтан ағылшындық авиацияға немістік және итальяндық ұшақтар табылған Сириядағы аэродромды атқылауға мүмкіндік берілді. Бірақ Германия және Италия жағынан авиациялық көмек Ирактағы ағылшындық әскерлерге қарсы әскери қозғалыстарына қабілетті жердегі жоқ күштің орнын толтыра алмады.

           1941 ж. 13 мамыр күні Түркия арқылы  Мосулға ирактық армия үшін  қарулы бірінші эшелон келіп  жетті, олармен  бірге Германия және Сирия сыртқы істер минмистірлігінің эмиссары – Р.Ранном ерді. Иракқа отыз күндік соғыстың аяғына дейін Түркия арқылы алты құрылым, соның ішінде екі – авиациялық бензинмен келді. Германдық басшылық Иракқа 15 мың бесатар, үш миллион патрондар, 600 жеңіл және 200 ауыр пулеметтар, 50 ауыр және 100 жеңіл минометтер бөлді.  Итальяндықтар Иракқа жіберуге 400 пулеметтар және 20 танкілерге қарсы қарулар дайындады [12, 528 б.]. Одан басқа, 27 мамырда Парижде германдық елші О.Абец және вишистік адмирал Дарлан арасында келісімге қол қойылды, соғвн сәйкес Сириядағы Француздық армия Иракқа  жіберуі керек еді. 

          1941 ж. 23 мамырда германдық жоғары басшылық А.Гитлерден арнайы «Ф» штабын жасау туралы (Таяу Шығыстағы қозғалыстар үшін арнайы корпусқа басшы етіп тағайындалған Фельми атты генерал атымен) нұсқа келді. Генералдың өзі 1 маусымда Сириядағы Халеб (Алеппо) қаласына келіп жетті, алайда сол уақытқа отыз күндік соғыс аяқталды. Нұсқауда корпус «Ф»-ті «Барбаросса»  жосапрының орындалуына және КСРО-ға шабуыл жасауға дейін «Жерорта теңізі және Персиялық шығанақ арасымен» пайдаланбау керек   деп генерал Фельмиге нұсқауда маңызды назар аударылды. Гкрманияның Иракқа басып кіруінен бас тартуын ирактық сыртқы істер министрі Наджи Шавктқа Берлинге 13 мамырда қайтып келген Түркиядағы германдық елші Фон Папен растады. Осылайша, ирактық ұлтшылдар германдық және итальяндық әскерлер жағынан нақты сүйеуісіз қалды.

         Сол уақытта, 18 мамырда Палестинада құрылған ағылшындық әскери топтары быр аптаның ішінде ирак-палестиндық шекрадан марш-ырғу жасап, Хаббаниядағы гарнизонмен қосылды. 19 мамырда Хаббаниядағы ағылшындық әскерлер Фаллуджа қаласын шабуылдады және бағдаттан батысқа қарай 70 км де Евфрат арқылы көпірді басып алды. Ирактықтар ағылшындық әскерлердің жылжуын тоқтатуға әрекеттеніп, астанасынан батысқа қарай ауданын жағып жіберді, ол ағылшындардың палестиндық топты екі колоннаға – солтүстік және оңтүстік етіп бөлуге мәжбірлетті. Солтүстік колонна неміс-итальяндық авиабаза және Түркиядан әскери жүк үшін қайта тиейтін жүк пункты орналасқан Бағдат пен Мосул арасындағы хабарды кесіп тастауы керек болды. Оңтүстік колонна Бағдатқа басып кірді. 29 мамырда палестиндық топтың құрамында 1300 жаяушылар оңтүстік колоннасы астанасынан батысқа қарай жеті км аль-Вашаш каналына жақындады, сол жерде тоқтауға мәжбір болды.

          Аль-Гайлани басшылығымен «Ұлттық  қауіпсіздік» үкіметі Мосулмен  қатынасының тоқтағанын біліп,  Иранға қашты. Сол жаққа және «Алтын квадрат» полковниктері мен муфтий аль-Хусейн де қашты. Германдық елші Ф.Гробба Сирияға кетті. Бағдатта аль-Умари басшылығымен қоғамдық қауіпсіздік Комитеті құрылды. Аль-Умари 30 мамырда ағылшын елшісі Карнуоллиске барып шықты, ол елшілік ғимаратында отырып қалған, және бейбіт келіссөдер жүргізуді ұсынды. 1941 ж. 31 мамырда ағылшындық жән еирактық делегациясы Хаббаниядағы ағылшын штабына барды, онда уақытша келісімге қол қойылды. Сол күні Бағдатқа регент Абд аль-Илях, сонымен қатар Хаббанияда болған Нури Саид және оның жақтастары қайтып келді. Алайда 1 маусымда Бағдатта «фархуд» – ойран лап ете түсті, басты құрбан еврей халқы болды. Қалаға ирактық әскерлер енгізілді, олар бірнеше ондаған ойраншыларды атып өлтірді. 3 маусымда асатанаға алдын аль-Гайлани үкіметімен солтүстікке жер аударылған кәмелет жасқа толмаған король Фейсаль анасымен қайтып келді, және Джамил аль-Мадфаи басшылығымен жаңа үкімет пайда болды. 12 маусымда Басрадан 10-шы ағылшын-ирактық дивизияның бір бөлігі Бағдатқа енді. Олар жолға, У.Черилль айтқандай бір айдан артық уақыт кетірген [11, 490 б.].

 

2.2  Екінші  дүние жүзілік соғыста Ирактың  ролі

          

         1939 ж. гитлердік Германияның Польшаға шабуылы, және Ұлыбританияның Францияға 3 қыркүйек 1939 жылы, ассириялықтардың  Иран, Сирия, Ливан,Иракқа  соғыс жариялауы іс жүзінде француздық және британдық әскерлер құрамымен  ассириялық ерікті контингент отрядтары құрыла бастады. Француздық және ағылшындық үкімет ассириялық әскерлер арасында ұлттық құрлымның француздық, ағылшындық әскерлермен орнын толтыра бастады. Әскерге 17 және 45 жастағы ассириялықтар алынды. Виши үкіметі құрылғаннан кейін құрылымның бір бөлігі Иракқа, Иран, Палестинаға түсірілді. Осы жағдайда болған Қиыр Шығыста және Таяу Шығыстағы ассириялық бірнеше мың офицерлері Ұлыбританиялықтар сенген жалғыз күші болды. Сонда ассириялықтар кіші одақтан Англия, АҚШ және КСРО үшін ұлы қуатқа айналды.

       Ливан  және Сирияда ассириялық әскери  құрылымдар фашистік агентураға  қарсы күресті, фашистік уәкілдер, жергілікті террористер собатаж  актілерін ұйымадастыруға әрекеттенгенде  ассириялық құрылымдар көмектесті.

Сол уақытта Бағдаттағы саяси жағдай шегіне дейін жетті. Рашид Али әрекеттері соншалықты  қатерлі болғаны, Бағдаттан  Хаббанияға әйелдер мен балалар эвакуацияланды. 30 сәуірдің таңында Рашид Алидің шамамен 9000 дай әскерлері  Хаббания аэродромына жақындап келді.

          Аэродромда әскери авиациялық  бөліктер болмады және тек  қана төрт жылдық әскери жаттығулық  мектеп орналасты.  5 сәуірден  бастап мектеп курсанттары пулеметтар  құруға және оқулық ұшақтарына  бомба ұстаушышыларды орналастыруға  кірісті. Айдың аяғына шамааен 70 тей ұшақ от шығаруға дайын болды. Одан басқа бұл айда Хаббанияға Египеттен алты «Гладиатор» атты құртушылар әкелінді.

          Олар үлкен күшпен үш бобылаушы  эскдрильдер және «Гладиатор»  құртушы топтар жасады, оның құрамына  «Хаббания» авитобы кірді. Осы авитоп қолбасшысы полковник Севиль тағайындалды.

         Хаббанияда оқытылған ағылшын  әскерлер болмағандықтан, аэродромның  қорғаушы сауыт автомобильдік  ротадан тыс, бірнеше күннің  ішінде, 24 сәуірден бастап, Хаббаниядан Басраға ұшақпен корольдық жаяу полкінен 400 ге жуық адам түсірілді; олармен бірге Басрадағы құрлық әскерлер штабының шапшаң бөлімнің қолбасшысы  Роберте болды, ол Хаббания аэродромының жердегі қорғанысты басқарды. Жағыдай қте ауыр болды. Аэродром  он екі күндік ғана азық-түлік қорына ие болды.

          1 мамыр күні Иракта ағылшындық  әскери әуен күштерін басқарған  авиацияның вице маршалы Смартқа  Лондоннан нұсқау келеді, онда  Хаббанияны қалай болмасын сақтап  қалып, Рашида Али әсскерлерін  базадан аулақ болуы туралы  айтылды. Сол күні кешке  Смарт шешімге келеді, егер қарсылас бірінші соққы берсе, онда ол Хаббания қорғаушылары үшін қашып құтыла алмайтын болды. Сондықтан қарсыластардың қозғалысынан озып кетіп, бірінші шабуылдауға шешім қабылданды. Бағдаттағы Англия елшісі Смарт шешімін қолдады. Сол уақытта Лонгмор Египеттен Шуайбаға 70 эскадриль құрамынан он «Веллингтон» бомбылаушылары   асыра лақтырғызды.

Информация о работе Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак