Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 10:23, курсовая работа

Описание

Мондаттық кезеңнен кейінгі күшейген саяси күресте «Аль-Ахали» багадаттық газеттің айналасына топталған беделді ұйымдар белсенді қатынасты. Оның құрамына қоғамдық құрылыстың кординалды өзгеруіне талпынған ирактық коғам қайреткерлері кірді. 1934 жылдан бастап «Аль-Ахали» жұмысын атқаруда Джафар Абу ат-Тимман және адвокат Камиль аль-Чадари жургізуші ролде болды.

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫК жумысым.doc

— 157.50 Кб (Скачать документ)

          Антидағдарыстық  ағылшын ұлтының  қолбасшысы  да сэр Уинстон  Черчилль болашақты айқын білді. 

         2 мамырда таңғы сағат бесте «Веллинготон» бомбылаушылары ирактық әскерлер позицияларына шабуыл жасады, олардан кейін жаздық жаттығулар жасайтын әскери мектептері 35 ұшақпен шабуылдады. Қарсыластар өз кезегінде Хаббанияның әскери қаласына артиллериялық оқ жаудырды.

         Нәтижесінде Шуайбаға Египеттен  «Веллинктон» бомбышыларының тағы  бір отрядтары келіп жетті.  Сол уақыт Батыс Иракта әскери  әрекеттер басталады. Бірақ ол  жақта жағыдай Хабаниядағыдай  өте ауыр болған жоқ. 2 сәуірдің кешкісінде Хаббания аэродромының ұшқыштары 193 жаунгерлік ұшу жасады; шамамен 20 ұшақ жойылды. Сол күні «Велингтон» бомбашылары қарсыласттарыныың позицияларына  үзіліссіз күзет жасады, нәтижеде қарсыластардың артиллериясы әрекеттенбеді. Иракқа 203-эскадрильдің «Блейнхейм» құртушылары келіп жетті. 4 мамырда ирактықтар Хаббания аэродромын артиллериялық атуды басады, бірақ тоөбеде ағылшын ұшақтары пайда болысымен тоқтатты. Алайда басқа қауіп төнді, ағылшын қолбасшыларына немістер өздерінің әскери ұшақтарын Иракқа қарай жібергені туралы хабар келді.

         1941 ж. 2 мамыр күні Рашид Али Германия үкіметіне ағылшындарға қарсы күресуде көмекпен жүгінді. 5 мамырда ағылшындар қарсыластарының артиллериялық позициясына және аэродромына шабуыл жасады.  Хаббания ауданындағы жағдай жақсара түсті. Енді ирактықтар Бағдаттан Эль-Фалуджи ауданындағы Евфрат көпірінен өз әскерлері мен жабдықтарын бөгетсіз жеткізе алмады. Одан басқа, 6 мамырда ирактық әскерлер қоршауды тоқтатып, Хаббаниядан шегінді. Сол күні ағылшындық  әуендік барлау Эль-Фаллуджидан келе жатқан қарсыластарының мотопехота бағанасы мен артиллерияларын анықтап, ағылшындық 40 ұшақ ол бағананы шабуыдап, жойды. Сол уақытта Иракқа Египеттен  94-искадриль құрамынан бірнеше «Гладаттор» құртушылары және 84-эскадриль құрамынан «Бленхейм» бомбылаушылары әкелінді.   «Веллингтон» бомбылаушылары Шуайбадан Египетке немісік аэродром порттары үшін шақыртылған еді. Енді ағылшындықтар алдындағы мақсат Рашид Алиді Ирактан қуып, заңды регентті қайта орнату болды. Тапсырысты орындау Басра ауданынындағы ірі күшпен басып кіру жеңіл көрінді, алайда Басра мен Бағдат арасындағы өзен жағадан шықты, және соғысқа қатысушылар ағылшын коммуникацияларын жолдан ұстап алды. Бұл  кішкене отрядтар мен бірлескен, Трансиорданиядан келген, Хаббанияда орналасқан тапсырыс бөліктермен нақты орындалды.

             Ирак басқа да мемлкекттер  сияқты авиация үшін қозғалғанын   білді. Оның территориясы  үстел  сияқты түзу, және жасырынды элемент  көрінісін иелдемейді. 1941 ж. 9 мамырда, герман ұшақтары Мосульдік аэродромға бағытталған болатын, солардың бірінің ішінде Гитлердің төтенше эмиссары, соғысқа қатысушылардың қолбасшысы етіп тағайындалған Аксель фон Бломберг болды.

            Иракта неміс авициясының алғашқысы 13 мамыр күні орнатылды, ағылшындық «Бленхейн» ұшағы барлауға ұшқанда немістік «Миссершмитт-110» құтушылары шабуылдады.

           Неміс авиациясы арқалы қауіпті жою үшін ағылшындар Солтүстік Ирактағы шабуылдарды іске қосты, Рашид аэродромындағы аңғарларды жойып, Халеб-Мосул ауданындағы темір жолын бомбылады. Оған қарамастан 16 мамырда немістік «Хейнкель-111» үш бомбылаушылары Хаббания аэродромына шабуыл жасады, және авиациялық қоймаларын зақымдады. Иракқа Египеттен тағы жедел «Бленхейн» бомбылаушылары, «Харрикейн» және «Гладиатор» құртушылары жеткізілді. Алайда немістер Хаббанияға  20 мамырда тағы бір шабуыл жасады.

           18 мамырда ағылшын әскерлері авиация сүйенішімен Бағдатқа шабуыл жасай бастады. 28 мамыр күні Рашид Али Бағдаттан қашты. 31 мамырда қала әкімі уақытша бітім шартына қол қояды, ал келесі күні Бағдатқа регент қайта оралды.  Осылайша Орталық Шығысқа  іскери жорығына ықпалын тигізген  Ирак оқиғасы аяқталды. 

          Майор Гломбердің өлімі шешуші  белгіге іңкарланды. Немістер мен  олардың жергілікті одақтастары  жаңа кординатор күткенше, ағылшындықтар  қозғалыс жасады. Олардың авиациялары қарсыластрарының Ирак және Сириядағы аэродромдарына соққы берді. Содан тас-талқан басталды. Ағылшындықтар ирактық бағаналарына аяусыз соққы беріп, өз объектілерінің бітеулерін ажыратты. Бағдатқа дейін британдықтар 28 мамыр күні жетті. Рашид Али Иранға қашты, неміс-итальяндық авиатоп өз бетімен жүріп кетті. Бүлік басылды, ал сонымен бірге ұлтшылдардың Қиыр Шығыстағы мұнайды бақылауына алу үміттері де құлады, ағылшындардан Суэцты тартып алып, олардың Үндістанына қауіп төндіру, Түркияны өз жағынан соғысқа тарту, және тағы басқалар.

         Ағылшындардың Хаббаниядағы жеңісі үлкен маңызға ие болды, ол Таяу және қиыр Шығыстағы неміс фашистік экспансиясына шек қойды [12, 544 б.].

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  Ирак үшін екінші дүние жүзілік соғыс қорытындылары

   

       1943 ж. 17 қаңтарда Ирак үкіметі Германия және Италияға соғыс жариялайды. Иракта әскери жағдай жарияланды, ол тек 1946 ж. ғана күшін жойды. 1944 ж. тамыз айында Ирак КСРО мен дипломатиялық қатынастар орнатады [7, 49 б.].

       1941 ж. 9 қазан күні үкімет басына Нури Саид қайта оралды, ол ирактық армияның санын күрт төмендетіп, офицерлік құрылымды аршуға кірісті. 4 мамыр 1942 ж. әскери трибунал рашид Али аль-Гайлани дарға асуы арқылы (сырттай), бұрынғы экономиканың министрі Юнис ас-Сабавиді және Камил Шабиб, Салах аль-Дина ас-Саббахты (сырттай), Махмуд Сальман және Фахми-Саид полковниктерді өлім жазасына кесті. Ақырғы екеуі және ас-Сабави 1942 ж. 5 мамырда, Шабиб – 17 қазан 1944 ж. ал ас-Саббах  - 16 қазан 1945 ж. жазаланды. Қалған «Ұлттық қауіпсіздік» үкіметінің бұрынғы министрлері әр түрлі қамау жазасын алды. Тек қана аль-Гайлани және муфтий аль-Хусейни күйзелмеді.

       1940 жылдар аяғында, яғни, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жалпы қоғамды демократияландыру Иракта жаңа ұлт азаттық қозғалыстардың пайда болуына әкелді. 1946 ж. Иракта азаматтық үкімет қайта орнады, алайда солшыл партияларға тыйым салынып, Нури Саид басшылығымен үкімет консерваторлар қолында болды.  Саяси өмірде крестьяндар, жастар белсенді орын алды. Осылардың негізінде 1946 ж. сәуір айында Ирактың Ұлттық-демократиялық партиясы (ИҰДП) ұйымастырылды.  1946 ж. курд халқының назарын қорғаған Курдистанның демократиялық партиясы (КДП) қозғала бастады. Кәсіподақ және Ирак коммунистік партисынның жұмысшы топтарының ролі күшейді.

      1946 ж. 23 ақпан күні либериалдық қайраткер Тауфик ас-Сувейди бейбіт уақытының бірінші кабинетін құрайды. Жаңа үкімет мемлекетте әскери басшылықты жойды. Сәуір айында үкімет көпшілік саяси партияларды ресмиледі [3, 332 б.]. Мемлекетте Ұлттық демократиялық партия, Либералдар партиясы, әуелсіздік партиясы, халық партиясы, Курдистанның демократиялық партиясы жұмыс істей бастады, коммунистік партиясы жасырын болып қалды.

       Үлкен  күшке теңдікті емес ағылшын  ирактық келісімге қарсы күрес  ие болды, ол келісімге  1948 ж. қаңтар айында  Порсмугте қол койылған еді. Келісім маңызды түрде 1930 ж. келісімді қайталаған болатын. Бұрынғыдай ағылшындар ирактық қарулы күштеріне бақылау жасап, ирактың әскери-әуен базаларын пайдаланды. Халық көтерілісінің толқыны басқарушы билікке көтерілісшілердің талаптарына көнуіне амалсыз болды. Портсмуттағы келісімді үзілгені туралы және 1930 ж. келісімді қайта қарастыру жарияланды. Қаңтардағы көтеріліс жеңіспен аяқталғандай кқрінді, бірақ олар қол жеткізгендерін бекіте алмады. 1948 ж. наурыз айынан көтеріліс қатысушыларының бұқаралық жалғасы басталды. 1948 ж. мамырда Нури Саид монарх атынан әскери жағдай енгізді.

         Екінші дүние жүзілік соғыс  аяқталғаннан кейін Аль Гайлани  Сауд Араывия корольдығында жасырынды,  одан кейін Иракқа ұлттық қайраткер ретінде қайтып келеді. Муфтий Швецарияға қашып, одан кейін Францияға аударылды, Франциядан   1946 ж. Египетке Фарук корольдың қонағы болыпкеледі және сол жерде қаза табады [10, 300 б.].        

          Ирак үкіметі сыртықы саясатта дербестік ала алмады. Ирак 1944 ж. тамыз айында КСРО-мен дипломатиялық қатынас орнатты, 1942 ж. 1 қаңтарда Вашингтонда бекітілген біріккен ұлттар Декларациясына қосылды, және де сонымен қатар Египетпен 1943 ж. сол аймақта араб мемлекеттерінің одағын құру туралы келіссөздері жүргізілген болатын.  1945 ж. Египеттің астанасы Каирде араб мемлекеттерінің Лигасы құрылды, оның құрамына Ирак, Египет, Сауд Аравиясы, Сирия, Трансиорлания, Йеван және Ливан енгізілді. Араб мемлекеттерінің Лигасы мақсатында – мелекеттер арасындағы қатынастарды нығайту және олардың тәелсіздігін қоғау, сонымен бірге осы Лиганың құрамындағы мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы; экономикалық және финанстық, мәдениет және т.б [18, 62 б.].

         1948 ж. 15 қаңтарда Порстмуттегі келісімге сәйкес Ұлыбритания алу соғыс кезінде  ғана емес, Ирактан  шабуылдағау қаупі төнген жағдайда  мелекететті басып алу мүмкіндігі болды. Иракта 300 ден артық халық қатысқан бірнеше толқлар пайда болды. Салих Джабр үкіметі  1948 ж. 28 қаңтарда қашып кетті, Мухаммед ас Садра жаңа үкіметі ресми түрде Портсмут келісімін жоққа шығарды. 1948 ж. араб-израильдік соғыс басталады, ол соғысқа Египет, Сирия, Сауд Аравиясы, Йемен, Ливан мен қоса Ирак та қатысты. Әскери қозғалыстар 1948 ж. 14 мамыр күні басталды, сол күні Англия Палестинаға мондаттықтан және Израиль мемлекетін құрудан бас тартып, ағылшындық генерал Глабба басшылығында  ағылшындықтармен Иорданияның Арбатық Легион құруды бастайды.

        1946 ж. ақпан-шілдеде араб мемлекеттері мен Израиль ортасында уақытша бейбіт келісіміне қол қойылды.

        Ирактағы ағылшындық бақылау  көптеген каналдар арқылы пайда  болды – ағылшын елшілігі, Басра, Мосул, Ханикинде консульствасы, армися және әскери базалар. Коммуникациялардың министірлігінде 20 ирактық ченовниктерге 23 ағылшындық кеңесшіден келді. Теміржол диркциясы толығымен ағылшындардан тұрды; экономикалық министірлікте 5 ирактық және 4 ағылшындық кеңесші; қауіпсіздік министірлігінде 25 ирактық, 18 ағылшындық кеңесші болды. Барлық министірлікте 85 ағылшындық кеңесші саналды, ол Ирак үкіметіне қатысты 53% құрады. Одан басқа ағылшын кеңесшілері ирактық депортамент, соттарында және тағы басқа мемлекеттік орындарда болды [6, 65 б.].

          Ирак екінші дүние жүзілік  соғысқа 1941ж. 19 сәуірден – 1945 ж. 2 қыркуйекке дейін қатысады  (1597 күн).  1941 ж. 3,8 млн. халық, қарулы күштер саны 41 мың адам,  56 ұшақ болды. Басшылық:  премьер-министрлер Рашид Али аль-Гаилани (1 сәуір - 30 мамыр 1941 ж), Джамил аль-Мидфаи (4 маусым - 9 қазан 1941 ж), Нури ас-Саид (9 қазан 1941ж - 4 маусым 1944 ж), Хамди аль-Баджаджи (4 маусым 1944 ж. - 23 ақпан 1946 ж).

          Соғыста 20 ұшағы шығындалды, ал  адам санынан нақты дерегі  жоқ. Нәтижеде Ұлыбританияға тәуелділігі  сақталып қалды, Ирак британдық үкіметтің көмегімен мемлекеттің  экономикалық жағдайын жақсарта алды [17, 24 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

           Ирактық операция – екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ұлыбританияға қарсы стратегиялық әскери операция.  1941 ж. 1 сәуірде Иракта Ұлыбританияға қарсы бағытталған мелекеттік төңкерілісте ұллтық патриоттары мен қоса неміс өкілеттіктері де күш салысты.

         «1941 ж. 23 мамырда Гитлердің өзімен қол қойылған  №30 деректемеде Шығыс орталықтағы арабтық ұлт азаттық көтерілістер Германияның нағыз одақтасы ретінде қарастырылғаны көрсетілген. Гитлер Ирактың өзіне өзгешелігін айта отырып, Ирактың көмегімен Шығыс орталықта жағдайдың күшейюде бәсеңдетуін айтты.  Осы мақсатпен иракқа әскери миссияны жіберу, авициялық көмек, қарулар жеткізуді ұйымдастыру шешілді» [19, 77 б.]. Германияның тіміскілеулері Иракта ағылшын үкіметінің күдіктенуін туғызды.

         Ирак гитлердік Германия үшін  соғысқа армиясын аямайтынын  пайдаланған ағылшын жағдаймен  пайдаланып, 1941 ж. 30 мамырда оның әскерлері Бағдатты иеледі. Британдық әскерлер Ирактың барлық стратегиялық маңызды пунктарын басып алды. Германия сол кезде Ирактағы агентурасына белгілі бір көмек көрсете алмады, өйткені оның әскерлері КСРО ға шабуылдау үшін шоғырланған еді.

        Жалпы Иракта екінші дүние  жүзілік соғыс көптеген буржуазиялық-помещиктік топтардың күресімен сипатталды.     Ағылшын үкіметі Солтүстік Африкада және Қиыр Шығыстағы кернеулі әскери жағдайға қарамастан, Иракқа Үндістаннан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиялар жіберілуге бұйрық берді. Бұл дивизияның бірінші бригадасы 1941 ж. 18 сәуірде Ирактың Басра портына түсірілді. Аль-Гайлани үкіметі 1930 ж. ағылшын-ирактық келісімге сәйкес, көнуге амалсыз болды, алайда келесі бригада, бірінші бригадасы ирак-палестиналық шекараға жеткенше бірінші болып тісірілуі талаптанды. Британдық басшылық, Лондоннан келетін бұйрықтарға сүйене отырып, бұл талапты құлаққа аспады және 29 сәуірде Басрада тағы бір бригада түсірілді. Сол күні ирактық әскерлер Хаббаниядағы ағылшындық базаны атқылауғы бұйрық алды.

          Осылайша жарияланбаған ағылшын-ирактық соғыс басталды. Нәтижесінде оқулықтарда ол «отыз күндік» болып аталды, өйткені әскери қозғалыстар Иракта 1941 ж. 1 мамырдан  31 мамырға дейін созылды.

        Ағылшындардың Хаббаниядағы жеңісі үлкен маңызға ие болды, ол Таяу және қиыр Шығыстағы неміс фашистік экспансиясына шек қойды.

      Қазыргі  таңдағы Ирак мемлекетінің  ресми   атауы Ирак Республикасы, мемлекет  Оңтүстік-батыс Азияда Евфрат және Тигр өзендер алқабында орналасқан. Сонымен қатар, олардан кейінгі өзендердің ағып келіп қосылуынан пайда болатын, Персия  шығанағына дейінгі Шатт-эль-Араб өзені. Құрлықта Ирак Республкасы солтүстікте - Түркиямен, Шығыста -Иранмен, Батыста - Иордания және Сирия, Оңтүстікте - Сауд Аравиясы және Кувейтпен шекраласқан [14, 4 б.].

        Сонымен қорыта айтқанда, осы жылы Арабтық Шығыстағы ірі қарулы дауға алпыс тоғыз жыл толады, ол Палестинадағы мәселені шешудегі әрекетпен тығыз байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы араб ұлтшылдарының тең құқықсыз келісімдер мен келіссөздер системасынан құтылуда үміттерін жандандырған еді. Осы мақсаттарда тиімді әрекеттерді пайданлану және ұлттық тәуелсіздікке жету, Иракта 1941 ж. 1 сәуірдегі «Алтын квадрат» басшылығымен әскери төңкеріс ерекше орын алады, ол яғни Ұлыбританиямен 1941 ж. сәуір-мамыр айларындағы ашық дауы болып табылады. 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Информация о работе Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак