Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:26, реферат

Описание

XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

Содержание

Кіріспе
I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар
2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды

Пайдаланылғын әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Курсовой Меру.doc

— 280.50 Кб (Скачать документ)


 

 

 


ЖОСПАР

 

Кіріспе

I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері

1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері

1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар

2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан

2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары

   2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі

   Қорытынды

 

   Пайдаланылғын әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе

             

          XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.

              Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде.

              Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру.

              Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және  валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды.

              Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі.

              Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда.

              Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап, әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздігін алғаннан кейін үдей түсті.

              Курстық жұмыстың өзектілігі оның ғылыми-теориялық негізі де дәлелдейді. Қазіргі кезеңде отандық дипломатия қызметінің даму шеңберінде алдынғы  кезекте оның практикалық аспектісі орын алады. Дипломатиялық сферада жұмыс істеуші мамандар үшін, Қазақстанның ТМД елдерімен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да байланыстарын ұйымдастыруда тиімді тұстарын пайымдауы, қажеттіліктерін анықтауда көмек ретінде ғылыми зерттеулердің қажет екендігі анағұрлым сезіледі.

              Тақырыптың өзектілігін негіздейтін тағы бір факт, қазіргі кезде Қазақстанның ТМД-ның басқа елдермен белсенді қарым-қатынасы және жасалып жатқан екіжақты, көпжақты келісімдер. Мемлекеттер арасындағы қатынастардың көлемінің кеңеюі және дамуына байланысты ТМД органдарының іс-әрекеті күрделеніп, кеңейе түсуде.

              Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратынын көреміз.

              ТМД елдерінің проблемаларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысты жазудағы автордың мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету.  Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттер:

      Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу;

      Интеграция проблемаларын қарастыру;

      Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесін қарастыру

 

 

 

Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар – дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары.

        Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - “Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, “Алматинская декларация”, “Устав Содружества Независимых Государств”, “Соглашение о Таможенном союзе”, “Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т.с.с. Бұл жұмыста мынадай мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н.Ә. Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, “На пороге XXІ века”, “Евразийский союз: идеи, практика и перспективы“, Н.Р.Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении“, ”Проблемы интеграции в СНГ“, “Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции“. К. Токаев:”Под стягом Независимости“, ”Дипломатия Казахстана” т.б.

              Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, “Казахстанская Правда”, “Панорама”, “Евразийское сообщество”, “Экономист” т.б.

              Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімдерінен тұрады.

 

 

I- тарау. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының             негіздері

 

1.1. Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері

 

              Тарихтан бізге мәлім ең бірінші антикалық интеграциялық форма ретінде б.д.д. 2371 жыл 4 мың жыл бұрын солтүстік Месопатамиядағы ежелгі Саргон империясын айтуға болады. Содан бері интеграциялық үрдіс адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде. Адам өзі жалғыз өмір сүре алмайтын секілді қоғам да өзі оқшау өмір сүре алмайды. Міне, осы интеграциялық үрдістің бастамасы.              Интеграция сөзінің ұғымы теориясына тоқталатын болсақ, интеграция термині алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолданылған болатын. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін іntegratіo деген латын сөзінен шыққан.[26] Интеграцияны топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бәледі. Сонымен қатар әскери-саяси, ғылыми-техникалық, мәдени және т.б. интеграциялар болады. Интеграция мәселесіне байланысты Барановский В.Г. былай деп түсінік береді: “Бөлек ерекше бөлшектердің біртұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай”[27] Ол интеграцияның үш белгісін бөліп алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, бір жақты байланыстар мен қатынастар жиынтығынан байланыстар мен қатынастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асыратын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың, оқиғалардың стихиялық дамуынан ерекшеленеді. Ал үшіншісіне, интеграциялық кешендегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатынасы.

              Әлеуметтік өмірге қолданылатын интеграция ұғымы, кең анықтама, мәдени, экономикалық, саяси және басқа салаларды қамтиды. Топтық, әлеуметтік, этникааралық, мемлекетаралық болып бөлінеді. Сонымен қатар, интеграция, саяси-әскери, ғылыми-техникалық, техникалық түрлері бар, яғни интеграция қазіргі таңдағы қоғам қызметінің барлық салаларын қамтыған.

              Интеграциялық   үрдістің саяси жақтарын зерттеу, түрлі мелекеттерде болатын ішкі және сыртқы саяси үрдістермен тығыз байланысты. Бізді қызықтырып отырған мәселе мемлекетаралық интеграциямен байланысты және халықаралық қатынастар мәселесінің шеңберіне кіреді. Мемлекетаралық интеграция, мемлекеттердің арасындағы интеграциялық үрдістің саяси проблематикасымен байланысты мәселелердің жай-жапсарын көрсету үшін, зерттеуші ғалымдар саяси интеграция деген ұғым туралы айта бастады.

              Көп зерттеуші ғалымдар “саяси интеграция” ұғымын толық анықтамасын берген америкалық политолог Э.Хаас деп санайды. Бұл терминді ол біренше ұлттық жүйелердің саяси өмірінің мүшелері өз қызметінде заңдастырды және белгілі бір заңы бар жаңа орталыққа бағыттала бастады немесе оны басқа мемлекеттер қазірге дейін біріккен жалпы теория жоқ. Барановский В.Г. айтып кеткендей: “интеграция дегеніміз дифференциацияланған бөліктердің біртұтасқа байланыстылық жағдайы, сонымен қатар осындай жағдайға алып келетін үрдіс”.[28] Мысалға интеграция ұғымын жүйелі функционализмнің негізін салушы Т.Парсонның ұсынысы бойынша екі негізгі компонентті қамтиды: біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы; екіншіден, интеграциялық жиынның сыртқы ортадан оқшау тұратын спецификалық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау.[29] 

              Халықаралық қатынастар жүйесіндегі интеграцияның ең бірінші жүйелік сипаттағы қандай да бір біртұтастық құрылуын астарлау қажет. Осы біртұтастық құрушы элемент қазіргі таңда мемлекет болуы мүмкін. Мынадай ой-пікірмен келісуіміз қажет “кейбір мемлекеттердің қандай да бір мемлекетаралық қатынастардағы жүйеге енуі, әрдайым олар интеграция үрдісіне кірді дей алмаймыз. Мұндай жағдайда біз интеграция әр уақыт жүйе, бірақ жүйе әр уақытта интеграция бола алмайды”. Жүйелілік иерархиялық элементтердің автономдығы – интеграция және интеграция еместің арасына шектеу қойғанда бұл аса маңызды болмай қалды.[30]     

              Интеграция ұғымының теориялық мағынасын сараптауға деген қажеттілік, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерімен байланысты. Жалпы, мемлекетаралық интеграция түрлі концепциялардың әдістемелік негізін ең бірінші Батыс Еуропадағы халықаралық экономикалық интеграция теориясының шарттары құрады. Құралған концепция жоғары дамыған индустриалды қоғамдастыққа бағытталғаны заңды-ақ, өйткені соғыстан кейінгі кезеңде үшінші әлемдегі мемлекеттер интеграциялық ағымға келетіндей әлі бытыраңқы еді.

              Ең бірінші аймақтық интеграция үрдісін теориялық тұрғыдан түсіндіруге тырысқандар 1950 жылғы неолибералистердің ағымында жұмыс істеген ғалымдар болды. (А.Предоль, В.Репке). Рынок концепциясына сүйене отырып, олар,  интеграция деп бірнеше мемлекеттерді құрамына енгізетін біртұтас геоэкономикалық кеңістіктің құрылуы деді. Мұны жүзеге асыру үшін сыртқы сауда және валюта-қаржы сферасын мемлекеттік бақылаудан брсату керек. Бұл көбіне мемлекеттердің қызмет етуіндегі либералдық көзқараспен сәйкес келеді, ол сол кезде Батыс заңдары мен саяси ғылымында болған еді.

              Әлемдік даму ағымы, дамыған мемлекеттерді ұлттық мүдделерін тиімді қорғау формуласын іздеуге итермеледі. Неолибералистердің көзқарасы бойынша бұл жердегі маңызды нәрсе аймақтың ішінде біртұтас кедендік тәртіптің қызмет етуіне жағдай жасау және үшінші мемлекеттерге біртұтас әдіс, қатынас жасап шығару.

              Кедендік одақ 1957 жылы құрылған Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың теориялық концепциясы болды.

              1960 жылы интеграция формасына деген әдістердің қайта қаралуы болды. Осыған байланысты ғалымдар арасында интеграциялық жүйенің шеңберін кеңейтуге деген қажеттілік туды. Кейбір зерттеушілердің жаңа бағытын шартты түрде “дирижистер” деп атады. Бұл ағымның жақтаушылары, интеграция үрдісін жүйелі түрде реттеу үшін ұлтүсті саяси-құқықтық институттар немесе институттар тобын құруды қолдады. Бұл әдіс мемлекетаралық интеграция барысындағы тек қана рыноктық бірлестіктері ғана емес, сонымен қатар реттеуші органдар мен механизмді құруды қарастырады. Дәл осы кезде Американ ғалымы Б.Белаши  интеграцияның жүйелі бес түрін атап көрсетеді. Олар:

1.      Еркін сауда аймағы – мүше-мемлекеттер арасында мөлшерлік және сандық шектеулер алынған;

2.      Кедендік одақ – жоғарылардан басқа, үшінші елдермен саудада ортақ өлшем енгізілген;

3.      Ортақ нарық – саудаға шек қоюлармен қатар, өндірістік факторлардың (капитал мен жұмыс күшінің) шек қоюлар алынып тасталынады;

4.      Экономикалық одақ – тауар мен өндірістік факторлардың қозғалу еркіндігі дискриминациясын жою үшін жасалынатын ұлттық саясат белгілі түрде сәйкестендірілумен толықтырылады;

5.      Саяси одақ – толық экономикалық интеграция, ұлттық экономикалық саясаттар толықтай жүйелінеді  және ұлттық шеңберден шыққан билік мекемелі құрылады.

Әлемдік интеграциялық үрдістің даму динамикасы интеграция теориясының дирижистік бағытының 1966-1970 жылдарда күшеюіне жол ашты. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері – Р. Купер, Г.Мюрдаль, П.Стриптен, Я.Тринберген, А.Филип.

Информация о работе Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан