Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 18:26, реферат
XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті.
Кіріспе
I-тарау Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері
1.1.Интеграция мәні,алғышарты кезеңдері
1.2.Аймақтық интеграциялық урдістері және топтар
2 тарау. Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан
2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары
2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастық Қазақстанның қосқан үлесі
Қорытынды
Пайдаланылғын әдебиеттер
Бұл келісімнің 1 бабы бойынша былай делінген: «Біртұтас Экономикалық Кеңістік Қазақстан Республикасын, Қырғызтан Республикасын, Өзбекстан Республикасы араларындағы, 1994-2000 жылдарға Қазақстан Республикасы, Қырғызтан Республикасы, Өзбекстан Республикасы арасында экономикалық интеграцияның тереңдеуі үшін бірлескен бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр, бұл бойынша тауар, қызмет көрсету, жұмыс күшінің еркін қозғалысына, бірлескен кредиттік-есептік, бюджет, салық, баға, кеден және валюта саясатын қамтамасыз етеді.ң[44]
Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары - Премьер-министр кеңесі, Сыртқы Істер Министрінің кеңесі, Қорғаныс Министрлер кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды. Атқарушы комитетке координациялық-кеңестік, болжау-сараптау, ақпараттық қызмет және Мемлекетаралық Кеңес пен оның институттарының шешімдерінің орындалуын бақылау, қадағалау жүктелді. Әрбір мемлекет Мемлекетаралық Кеңесте бір дауысқа ие. Шешім - жалпының келісімімен-консенсус арқылы жүзеге асады. Премьер – министр, Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі, Қауіпсіздік Министрінің кеңесінің мәжілісін жарты жылда, бір реттен кем болмауы тиіс.[45]
Сөз болып отырған уақытта Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкын құру туралы келісімдерге қол қойылды, оның капитала қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады. Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия Одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Сондықтан Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998 жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы – Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылы тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Түркия және Украина алды.
Әлемнің жетекші мемлекеттерінің Орталық Азия мен Закавказға деген қызығушылықтары бірнеше себептермен түсіндіріледі:
Біріншіден, олардың территориясы арқылы әуе-коммуникациялық жолар өтетін Азияның геостратегиялық маңызды жерінде орналасқан;
Екіншіден, бұл аймақта – жер қазба байлықтары – қымбат металдар, темір рудалық шикізат, энергетикалық ресурс, соның ішінде Каспий үлкен қызығушылық тудырып отыр;
Үшіншіден, бұл аймақ өте ауқымды, аз игерілген дайын өнімнің рыногы, ол табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланған сайын өсе түспек;
Төртіншіден, жаңа тәуелсіз мемлекеттің өндірістік содерасында ықпалды позицияны ұстана отырып, әсіресе экспорт, транспортта, көрші мемлекеттер мен аймақтарға экономикалық жағдайларына әсер етуге болады;
Бесіншіден, дәстүрлі көп ғасырлар бойы Ресей ықпалы мен ресей экономикасымен байланыстың әлсіреуі. Сондықтан аймақтың өзіндік дамуына қажеттілік, басқа саяси және экономикалық күштердің ықпалын тез қабылдағыш;
Орталық Азиялық мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы мемлекетаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық тәсілдерді айқындауды қажет етті.[46]
Орталық Азия елдерінің тиісті шарттары мен келісімдерінің орындалуына талдау жасау олардың саяси, сауда-экономикалық, әскери мәселелерін кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытудағы ұмтылсыын көрсетеді. Қазақстанның ұстанымы өзара тиімді байланыстарды және әртарапты ынтымақтастықты дамыту, тереңдету жөніндегі қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне көңіл бөлуінен көрінеді. Бұл Орталық Азия халқының түпкі мүдделеріне жауап береді.
2000 жылы 14 маусымдағы Душанбедағы ОАЭҚ мемлекетаралық кеңестің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Қоғамдастықты дамыту перспективалары мен Орталық Азия аймағының су энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы ой-пікір алмасты. Тараптар халықаралық су энергетикалық консорциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты Қазқстанның ұсынысын қабылдады, консорциум аймақтың барлық мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.[47]
ОАӘҚ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 жылы кезеңге дейін арналған қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат экономикалық өзара іс-қимылдардың төмендегідей басымдық берілетін бағыттарда қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды көздейді.
Сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру;
Су және энергетикалық ресурстарды бірлескен түрде және ұтымды пайдалану;
Көліктік-коммуникациялық жүйені дамыту саласында келісілген саясаттарды жүргізу;
Қалыптасқан шаруашылық байланыстарды жетілдіру және импортты алмастыратын өндірісті дамыту;
ОАЭҚ елдерінің халықтар арасындағы гуманитарлық мәдени байланыстарды кеңейту үшін мейлінше қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
ОАЭҚ мемлекеттерінің 2002 жылы дейінгі кезеңге арналған біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарының бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан ең алдымен еркін сауда аймағын, сосын тауарлардың, қызмет көрсетудің және капиталдардың ортақ рыногына шыға отырып, кеден одағын, төлем және валюта одақтарын кезең-кезеңмен құру арқылы экономикалық интеграция мен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге уағдаласты.[48]
Мемлекетаралық автокөлік жолдары мен теміржол траспортында, транзиттік жүкті үшінші елдердің рыногына шығаруды қамтамасыз етуде; Транс-Азия-Европа (ТАЕ) жолдарын жобалауда оң нәтижелер бар. Мемлекетаралық жерлерді жалға беру, автокөлікті, фармацевтикалық өндірісті және денсаулық сақтау салаларында келісімдер бар және олар жүзеге асырылуда.
Егер Еуропа құрлығының тарихына көз жүгіртсек, ол құрлық бүгінгі күнге дейін бірнеше ауыр соғыстар мен конфронтациялар , көптеген елдерге әрқашан қауіп төну жағдайында күш кешу сияқты аласапыранға толы жолды жүріп өткенін көреміз. Алайда, бұл қиындықтың барлығы тек интеграциялық процестердің арқасында ауыздықталғаның байқаймыз. Мысалы: Еуропаның екі ірі мемлекеті Германия мен Францияны алатын болсақ, екі ел тарихында да қан төгіс соғыстар болған олар 1870, 1914-1918, 1939-1945 жылдардағы соғыс. Бұл соғыстар тек Еуропаны емес, бүкіл әлемді тітіркендірді. Франция және Германияның сол кездегі басшылары де Голь мен Адэнауэр ол мемлектеттердің қауіпсіздігін конфронтациялар мен соғыстардан бас тартып, экономикалық ынтымақтастық жолына түсу керектігін сезініп, Еуропа бейбіт дамуға бет алды. 1951 жылы Еуропаның Болат және Көмір ұйымы 1957 жылы «Орталық Рынок құру туралың Рим келісімінен кейін Еуропаның интеграциялық үрдісі серпіліс алып, 1993 жылы Маастрихт келісімі бойынша Еуропалық Одақ құрылды.
Немесе АСЕАН мүше елдерінің аймақтың интеграциялық тәжірибесін алайық. Оңтүстік-Шығыс Азияның бұл аймағы 60-80 жылдары «ұрыс даласың болатын (Вьетнам соғысы, Камбоджа шиеленісі, т.б. қарулы қақтығыстар). Бұл елдердің арасындағы жанжалдар себебі негізінен экономикалық жайттардан туындаған еді, мысалы, балық аулауға байланысты шекаралық тартыстар, су және орман ресурстарын қолдану т.б. Сонымен бірге бұл аймақтағы ірі көлемдегі соғыстардың болуына сыртқы факторлар да әсер еткен болатын, яғни «қырғи қабақң соғысы кезеңі, аймақтан тыс мемлекеттің тікелей араласуы.
Дегенмен, 90 жылдары АСЕАН-ның сәтті құрылуы нәтижесінде бұл аймақ жайлап, әсіресе, Үндіқытай жарты аралы, соғыс даласынан рынокқа айналды. Оңтүстік-Шығыс Азияда геосаяси парадигмадан геоэкономикалық -парадигмаға өту кезеңі болды. Аймақтың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ұмтылысы АСЕАН-ға мүше елдердің 1992 ж 2 қаңтарда болған ІV конференциясында Сингапур Декларациясына қол қоюдан байқалады.
Экономикалық интеграцияның маңыздылығы жөнінде айта келе, АҚШ-тай ірі, күшті мемлекеттердің де мұндай бағытқа мұқтаждығы бар екенін айта кету керек. Бұған дәлел, АҚШ, Мексика және Канада құрған экономикалық НАФТА ұйымы. Экономикалық ахуалы мықты бола тұра, өз арасында экономикалық ынтымақтастықты күшейтуді жолға қойған бұл елдердің ұстанған экономикалық бағыты интеграциялық өмір саясатының маңызын арттыра түседі. Осы айтылғандардың бәрін түйіндей келе, әлем бүгінде – ғаламдық, аймақтық блоктар диынтығы. Орталық Азия мемлекеттері де өзекті мәселелерді бірігіп шешуге, интеграциялануға талпынуда.
Орталық Азия мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы нарықтың экономиканы құруда жаңа стратегиялық қадамдарды сонымен бірге мемлекетаралық ынтымақтастық және интеграциялық процестерді жеделдетуі, заман талабына сай құруға бағытталады. Орталық Азиялық мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелердің ұқсастығы елдердің шешімін табуда ынтымақтастықты тереңдетуді талап етеді. Ортақ шекаралар, көліктік және сол сияқты коммуникациялық байланыстың болуы, табиғи шикізат қорының молдығы, өнеркәсіп өндірісті кооперацияға, біріккен кәсіпорындар құруға жіне агроөнеркәсіптік кешендер құруға алғышарттар жасайды.
Кейбір мамандар, ТМД аймағындағы, Орталық Азия мемлекеттерінің интеграцияға ұмтылуы, Москвамен арадағы саяси ойын деп санайды. Әрине бұл инициативалардың осы саяси астарын түсінуге болады, бірақ оларды интеграцияға итермелеп отырған объективті, аймақтық шарттарды ұмытпауымыз керек. Бұрынғы Кеңес Одағының саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық бөлшегі болған, Орталық Азия мемлекеттерінің, басқа интеграциялық топтарға қарағанда көп артықшылығы бар. Олардың діні, мәдениеті, тарихы,ділі бір мемлекеттер.
Орталық Азияның геосаяси аймағы, кейбіреулердің осы аймақты мұсылман Солтүстік зонасына немесе «Оңтүстік Еуразия» субконтинентіне жатқызуға тырысқандығына қарамастан, біз білеміз бұл аймақ өзінің оңтүстік көршісінен әлде қайда ерекшеленеді. Аймақтағы саяси тәртіп зайырлы исламдық ықпал саяси сфераға әсері «мұсылмандық фактордың» «экономикалық фактордың» орнына келетіндей күшті емес.
Саяси интеграция интеграциялық үрдістің осы аймақтағы айрылмас бөлігі. Әрине, бұл аймақ геоэкономикалық, геосаяси мүдделердің тоғысқан жерінде ораналасқандықтан мұнда сыртқы державалардың ықпалы зор. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай мемлекет шекарасының жанында бағалы, тіпті стратегиялық маңызды қайнар көздердің орналасуы, бұл аймақты қақтығыстар көзіне айналдырып жіберуі мүмкін. Сондықтан бұл аймақтағы барлық мемлекеттерге тиімді ұстаным интеграция. Бұл аймақтағы интеграциялық үрдіс баяу да болса, өз өмірін жалғастыруда.
Көпжақты, сондай-ақ екі жақты үлгідегі ТМД елдерінің өзара қарым–қатынастары негізінде экономикалық ынтымықтастық жатыр. Өйткені, Достастық елдерінің экономикасы бұрынғы КСРО-ның бір кезде біртұтас халық шаруашылығы кешенінің құрамдас бөлігі болатын. Қазір ТМД мемлекеттерінің алдында балама тұр: олар бірлесіп индустриалды дамыған елдердің қатарына қосылуды немесе мұнай, газ, арзан жұмыс күшін жеткізушілер ретінде әлемдік экономиканың бір қалтарысында қалады.
Тұтас аймақтар мен құрлықтардың өсе түсіп отырған интеграциясы XX ғасырдың аяғына тән сипат болып табылады. ТМД елдері осы негізгі үрдістен шет қала алмайды. Әлемдік даму жолына тұру үшін Достастық елдерінің ең алдымен экономикалық тұрғыдан интеграциялануы қажет. Кәсіпорындар арасындағы өндірістік техникалық және кооперациялық байланыстар, олардың ұйымдық және халықаралық құрылымдарын құрудың ұқсас жүйесі, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің біртұтас ғылыми технологиялық базасы – олардың бұрынғы біртұтас халық шаруашылық кешенінде болғандығына байланысты туындайды. Істің шын мәнінде осы фактор елеулі деңгейде ТМД-ғы интеграциялық процестердің дамуын айқындайды.
Түрлі жағдайларға байланысты ТМД елдерінің басшылары Достастық мақсаттары мен міндеттерін бір мәнді қабылдай алмады. Біреулерге Достастық КСРО шеңберіндегі республиканың мәртебесінен толық дербестік жолындағы аралық кезең сияқты көрінді. Мұндай елдер ТМД-ғы шартты мүшелігін сақтай отырып, барлық күш-жігерін басқа мемлекеттермен экономикалық және саяси ынтымақтастыққа бейімдеуге бағытталды. Достастық елдер арасындағы қарым-қатынаста сенім білдірушіліктің болмауы белгілі бір деңгейде ТМД-ң тиімді жұмысына кедергі келтірді деп айтуға болады. Ресейдің зор экономикалық, адамдық және әскери әлеуетінің болу фактісі оның басқа мемлекеттермен тең құқықты қарым-қатынас құру ниетінің шынайылығына бірқатар елдердің күмәнін туғызды. Көп жағдайда мұндай күдіктің орын алуына жекелеген ресейлік саясатшылардың жауапсыз, кейде тіпті арандату сипатындағы сөздері себепші болды:
Тәжірбие көрсетіп отырғандай аймақтық экономикалық интеграциялық үрдісі өте күрделі ол өзіне келісім, бағыт, сыртқы сауда, салық, бюджет, кеден және де басқа экономикалық аймақтағы бірлікті қамтиды. Интеграциялық үрдістің дамуы белгілі бір эволюцияны қажет етеді. Экономикалық интеграция жолындағы ең бірінші шешуші адым – қатысушы мемлекеттер арасындағы тауар, қызмет, капитал, жұмыс күші қозғалысы жолындағы кедергілер мен кедендік барьерлерді шектеу. Экономикалық шекаралардың алынып тасталынуының нәтижесінде біртұтас рыноктік кеңістік құрылады, бұл кеңістіктің шеңберінде біраз да болсын еркін, бәсекелестік болады, территориялық және салалық жаңа, әрі эффективті еңбек жүйесі құрыла бастады. Келесі саты жалпы рынок. Мұнда түрлі факторлардың ауысуында өндірістік шектеулер қысқартылады, ал бұл мүше мемлекетердің экономикалық өзара байланысын күшейтеді.[49]
ТМД мемлекеттерінің басшылары Кедендік Одақ құруды, кедендік тарифтерден бірте–бірте босатуды, кез-келген тарифтік емес шектеулерді алып тастауды Экономикалық Одаққа барар жолдағы таяудағы міндет ретінде белгіледі. Бұл орайда шаруашылық жүргізудің нарықтық нысандарын енгізуге, келісілген стратегиялық экономикалық реформаларды жүргізуге, белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға деген ұмтылысты жақтап пікір білдірді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде құрылатын Экономикалық Одақ КСРО-да үстемдік құрған СЭВ-тің көшірмесі емес, Еуропалық Қоғамдастыққа ұқсас – егеменді, экономикалық тең құқықтық Мемлекеттердің Одағы болуы тиіс деп атап көрсетті.[50]
Информация о работе Аймақтық интеграциялық урдістері мен Қазақстан