Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бұл тарауларда Қазақстан әлемдік қаржы нарықтары талқыланды. 1 – тарауда қаржы нарығы туралы жазылған. Бұл тарау 4 бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде қаржының мазмұны мен мәнін, мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәнін, қаржы нарығының құрлымын, түрлерін, қаржы нарығының қалыптасуы талқыланады. Ал 2 – тарау 3 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері талқыланды. Яғни құнды қағаздардың маңызы, түрлері, құнды қағаздар нарығының құрылымы, құнды қағаздар субьектілерінің (қатысушыларының) мәні қарастырылды. Ал енді 3 бөлімге келетін болсақ, бұл тарау 2 бөлімнен тұрды. Бұнда мен әлемдік қаржы нарығы талқыланды.

Содержание

Кіріспe
І.
Қаржы нарығы

1.1
Қаржының мазмұны мен мәні…………………………………………….5-7

1.2
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні………….7-8

1.3
Қаржы нарығы құрлымы, түрлері……………………………………...9-11

1.4
Қаржы нарығының қалыптасуы………………………………….……11-16

ІІ.
Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері….17-19

2.1
Құнды қағаздардың маңызы, түрлері………………………………19-22

2.2
Құнды қағаздар нарығының құрылымы………………………….22-24

2.3
Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні

ІІІ.
Әлемдік қаржы нарығы

3.1
Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы…………………………25-27

3.2
Халықаралық несие қатынастарының нысандары………….27-29


Қорытынды………………………………………………………………………….30


Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….31

Работа состоит из  1 файл

Қаржы нарығы-курсовая(2).docx

— 78.25 Кб (Скачать документ)

Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен анықталып, перспективаға есептелген және ірі  ауқымды міндеттерді шешуді қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы.

Қаржы тактикасы қаржы  байланыстыратын ұйымдастыруды  дер кезінде өзгертіп отыру, қаржы  ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың нақтылы кезеңінің  мәселелерін шешуге бағытталған.

Қаржы саясатының қағидаттары  келесі:

қолда бар нақты қаржы  ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді  жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;

қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

қаржы жүйесінің барлық сфералары  мен буындарында кірістер мен  шығыстардың теңгерімділігі;

қаржы резервтерін жасау;

қаржы механизмінің дүрыс  қүрылуын қамтамасыз ету;

салық жүйесін үтымды қүру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына  қаржы ресурстарын шоғырландыру;

негізгі қаржы ресурстарын  мемлекет қарамағына жүмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында тиімді бөлу;

        қаржы  және кредит- ақша саясатының  тепе-тендігі.

Қаржы саясатының тиімділігін  қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады :

объективті экономикалық заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

нақты тарихи жағдайларды  есепке алу;

өткен жылдардың өзіндік  тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.

Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады. Ол қаржыны үйымдастыру, жоспарлау, және басқару турлерінің нысандарының, түтқаларының және әдістерінің жүйесі болып табылады.

 

 

 

 

1.3. Қаржы нарығы құрлымы, түрлері

 

        Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен  байланысты

Шаруашылық жүргізудің қазіргі  жағдайындағы қаржы нарығы қаржы  ресурстарын үздіксіз қалыптастырып  отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына  ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде  де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын  біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып  табылады. 

Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал  нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен  құн категорияларына бара-бар  категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені  экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып  табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен  ортақтастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор  нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына  бағалы қағаздар нарығын  және туынды бағалы қағаздар нарығын  қамтитын болады

Ақша нарығы дегеніміз  қолма-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының  нарығы

         Несие  нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

         Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей,  айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

         Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады

         Қаржы нарығында сатып  алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық  қатынастар болып  табылатын бағалы қағаздар нарығы  маңызды орын  алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. ”Қор  нарығы“ термині  бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .

        Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық  қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық  әсіресе инвестициялық процесстерді  тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға  мүмкімдік береді.

Қаржы нарыңыныің жұмыс істеу  шарттарына мыналар жатады:

  1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

  3) несие нарығының  жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа  орналастыру; несие ресурстарының  қозғалысы орталық банктің пайыздық  есептік мөлшерлемесін, коммерциялық  банктердің міндетті резервтерінің  нормасын, ашық ақша нарығында  операциялар жүргізуді белгілеу  арқылы реттелінеді.

     Кез келген  субъектінің қаржы ресурстарына  қажеттілігі және оны қанағаттандырудың  нақты көздерімен тура келмеуі  қаржы нарығының жұмыс істеуінің  негізгі алғышарттарына мыналар  жатады:

    1) бәсекені дамыту  мен монополизмді шектеу мақсатындағы  материалдық өндіріс сферасының  бастапқы шаруашылық буындарының  – меншіктің барлық нысандары  кәсіпорындарының, соның ішінде  мемлекеттік сектордың да кең  дербестігі;

    2) қаржы ресурстарын  қайта бөлудегі мемлекет рөлінің  қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды  орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды  кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық  қайта бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халықтың бағалы  қағаздарға және басқа активтерге  инвестицияланатын ақшалай табыстарының  өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын  қаржыландыру үшін несие қорын  пайдалануды тоқтату; распубликалық,  сондай –ақ жергілікті бюджеттердің  тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды  шығару арқылы жабылуы тиіс.

       Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

       Оның жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас»  әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

        Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

       Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

       Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

       Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

      Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

       Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

 

 

1.4. Қаржы нарығының қалыптасуы

 

      ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының  әрбір сегментінің дамуы басқаларынан  бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық  құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар  нарығы, сақтандыру нарығы және  банктік сектордың дамуының жекелеген  бағдарламалары болды. Экономиканың  қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет  тиімді және сенімді болды,  өйткені қаржы нарығы сегменттерінің  даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне  олардың әртүрлі реттеу органдары  болды.

      1991 жылы 16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының егемендігін  жариялаған күніне құнды қағаздар  нарығы қаржы нарығының басқа  да секторларына қарағанда мүлде  болмады. Басқаша болу мүмкін  де емес еді, өйткені берілген  нарықтың объектілерінің өздері  - құнды қағаздар – басымды  құқықтарды растайды, өз иелерінің  жеке меншік құқығы социалистік  шаруашылық кезеңінде жүзеге  аса алмады. Сондықтан, сол кезде  заңнамалық база, жаңадан құрылған  акционерлік қоғамдар және нарықтың  қатысушылары мүлде стандартқа  сай болмады, соңғыларының шегі  заңнамаға сәйкес брокерлер және  қор биржасымен ғана шектелді.

      Қысқа мерзімде  мемлекетпен құнды қағаздар нарығының  қалыптасуы мен дамуы үшін  өзінің мәні және сапасы жағынан  үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды  жаппай жекешелендіру және акционерлеу  кезеңі тәуелсіз регистрлардың  дамуы мен көптеген акционерлік  қоғамдардың құрылуына алғышарт  болды.

      Осымен  қатар, нарықты мемлекет тарапынан  реттеу де жетілдірілді – құнды  қағаздар нарығын реттеу бойынша   өздігінен қызмет ететін өкілетті  орган ретінде  құнды қағаздар  бойынша  Қазақстан Республикасының  Ұлттық комиссиясының 1994 жылы  құрылуымен оның дамуы бойынша  барлық стратегиялық міндеттер  кешенді түрде шешіле бастады.

      Нәтижесінде  1997 жылдың аяғына қазақстандық  құнды қағаздар нарығында инвесторлардың  қызығушылықтарын қорғау бойынша  шаралардың кешенін қамтамасыз  еткен Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің ережелеріне  негізделген кеңейтілген заңнамалық  база әрекет еткен. Сол кезде  өкілетті органның тиянақты жұмысының  арқасында құнды қағаздар нарығының  кәсіби қатысушыларымен орталық  депозитарий құрылған болатын,  оның құрылуымен базалық институционалдық  және техникалық инфрақұрылымның  құрылуы аяқталды. Оның негізгі  әлемдік талаптарға сай болғандығын  ерекше атап өту керек.

      2001 жылдың  сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың  ұлттық комиссиясы “Қазақстан  Республикасының құнды қағаздар  нарығы инфрақұрылымының қызмет  ету тиімділігін жоғарылату бойынша  шаралар туралы” Үкім дайындады.  Бұл Үкім мемлекеттік құнды  қағаздар нарығында андеррайтер  ретінде қызметті банктермен  жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік  емес құнды қағаздарды шығаруын  және орналастырылуын дайындау  бойынша эмитенттерге кеңестік  және басқа да қызметтерді  көрсетуге шек қоюды қарастырды.

      Қор нарығының  негізгі даму бағыттары болып  табылатындар:

    • инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;
    • жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;
    • сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;
    • акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;
    • салық заңнамасын жетілдіру;
    • құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.

Информация о работе Қаржы нарығы