Халықаралық
қаржы-валюталық және несиелік
қатынастар аясындағы стратегиялық
міндет – теңгенің ішкі және
сыртқы айналымдылығына қол жеткізу
болып табылады.
1995 жылдың
қыркүйегінде Қазақстан Республикасында
Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd”
компаниясының дилинг-орталығы арқылы
халықаралық валюта нарығына (FOREX)
шығу мүмкіндігі пайда болды.
Компания
клиенттері ретінде АҚШ долларына
(әлемдік резервтік валюта ретінде
USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG),
жапон иенасына (JPY), швейцариялық
франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы
түрде айналатын төрт валюта
бойынша “нақты уақыт” режимінде
келісімдерді (“спот” операциясы)
жүзеге асыратын жеке және
заңды тұлғалар бола алады.
Қаржы нарығының
келесі дамуының негізгі бағыттары
болып табылатындар:
- нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
- сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
- елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;
- қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.
Экономиканың
нақты секторын дамыту және
бекітуде банктердің рөлін жоғарылату
және олардың қызметінің интенсификациясының
негізгі көрсеткіштері болып
шағын және орта бизнесті несиелеу
бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның
алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді
қатысуы табылады.
Банктік
сектордың жағдайы банктік қызметтер
нарығының кеңеюімен сипатталады.
Банктік қызметтер нарығының
дамуы қор нарығының дамуымен
тығыз байланысты. Ұлттық банк
ҚР құнды қағаздар бойынша
Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе
отырып, ұйымдастырылған қор нарығында
банктірдің акциялары және басқа
да құнды қағаздардың айналымын
активизациялау бойынша жұмыстар
жүргізілді. ҚҚ ҰК бірлесе
отырып банк активтерінің секъюритизациялау
механизмі дайындалған. Қор нарығының
дамуына қарай Ұлттық банкпен
корпоративті құнды қағаздармен
банктердің қызметі кеңейтілген
болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның
қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе
отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының
жаңа типтерінің пайда болуына
жағдай жасаған және жағдай
жасайды, мұндай қаржы құралдарына
өзара қорлар, хеджирлеу қорлары,
ипотекалық қорлар, корпораттивті
вексельдермен операцияларды жүргізуге
өкілденген ұйымдар жатады.
Банктер
инвестицияларды тарту үшін жаңа
қаржы құралдарын қолдана отырып
қор нарығында өзінің қызметін
активизациялайды. Мұндай құралдардың
бірі болып капиталдың халықаралық
нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы
табылады. Берілген қаржылық операция
бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге
жағдай жасайды: біріншіден, шетел
валютасындағы заемдар теңгедегі
заемдерға тән қарызға қызмет
көрсету құны мен жоғарғы пайыздық
мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік
береді; екіншіден, банк өз қызметінің
аясын кеңейтуге қызығушылық
білдіруі керек, халықаралық қаржы
институттарымен тікелей өзара
қатынасты жүзеге асыруы қажет.
Банктің стратегиялық мақсаты
– капиталдың халықаралық нарықтарына
кез келген кақытта еркін шығуы
болып табылады.
Қазіргі
уақытта қазақстандық банктер
қаржы нарығының аса дамыған
секторы ретінде өзіндік табыстылығын
белсенді түрде диверсификациялайды,
соның ішінде құнды қағаздар,
сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы
қызметтерді, сондай-ақ лизингтік
қызметтерді жүзеге асыратын
ұйымдары кіретін қаржы тобының
құрылуы жолымен жүргізіледі.
Банктік
қызметті реттейтін заң актілерімен
консолидацияланған қадағалау режимі
анықталған болатын. Осындай қадағалаудың
тәжірибелері мен үрдістерін
жетілдіру шеңберінде Қазақстанның
Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді
жабдықтаушылар болып табылатын
қаржы нарығының барлық субъектілерін
қадағалау мен реттеу, лицензиялау
қызметтерін жүзеге асыратын
бөлімдер құрылды.
ҰБ қызметі
қаржы нарығының барлық сегменттерінің
тұрақтылығын сақтауға бағытталған,
экономиканың нақты секторының
қаржылық мекемелерін несиелеу
механизмдері мен жаңа институттарының
дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен
тұрғындарды несиелеудебанктердің
қатысуының белсендеуінің есебінен
ипотекалық несиелендіру белсенді
түрде дамуда.
Мемлекеттік реттеу
үрдісі объективті және субъективті
факторлардың, экономиканың қызмет
етуінің шарттарының көп түрлілігімен
сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер
бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге,
түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді
шектемеу өте маңызды.
Типтері
мыналарды қарастырады: экономикалық
(олардың қаржылық, бағалық, несиелік,
валюталық, еңбекақы бөліктерімен)
және әкімшілік.
Қаржылық
реттеу түрлері мыналарды қамтиды:
салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік,
кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі
шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация,
ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.
Реттеу
нысандары қаржылық субкатегориясының
сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ
барлығына жалпылама аталған
түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді:
мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар
болып табылатындар қаржыландыру
(субвенция, субсидия, трансферттер),
сыртқы инвестициялау, сыртқы
заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің
аса көптеген элементтері болып
реттеу әдістері табылады.
Валюта-қаржылық
реттеудегі негізгі әдістер:
- валюталық бағам;
- ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;
- құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;
- валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.
Нарық жағдайында
аса үлкен назар реттеудің
жанама әдістеріне бөлінеді. Мемлекет
шаруашылық процесінің барлық
қатысушылары үшін жалпы шарттар
мен ережелерді бекітеді.
Макроэкономикалық
тепе-теңдік мынадай маңызды экономикалық
параметрлерді қарастырады:
- сұраныс және ұсыныс;
- тауарлы және ақша массасын;
- жинақтар мен инвестицияларды;
- инфляция мен жұмыссыздықты;
- еңбек өнімділігі мен оның төлемін;
- қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;
- мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;
- бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;
- төлем балансының активтері мен пассивтерін.
- Кейнстік модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі мен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі.
Мультипликатор
құбылысы дискрециялық, фискалды
саясатты жүргізу кезінде қолданылады.
Салықтар табыстардың қысқаруын
туындатады, бұл жинақтау мен
тұтынудың көлемін төмендетуге
әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай
әсерді (салықтармен қатар) жинақтар
мен импорт тигізеді. Олардың
барлығы табыстар-шығындар жүйесінен
ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы
айырмашылықтарды құра отырып
азаяды, бұл инвестициямен, экспортпен
және мемлекеттік сатып алулармен
толтырылуы мүмкін.
Осылай, кейнстік
модель экономиканы реттеудің
негізгі факторлары ретінде тауарлар
мен қызметтерге сұранысты айқындайды:
мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай
жасауға әрекет етеді, ресурстардың
қамтылу деңгейінің жоғарылауына
әсер етеді, мемлекеттік сатып
алулардың көлемін кеңейтеді,
несие құнын ретейді. Кейнстік
шаралар салықтардың төмендеуін,
шығындардың жоғарылауын, инвестицияларға
жағдай жасауды қарастырады.
Кейнстік
теорияға қарағанда монетаризм
экономиканы реттеудің негізгі құралы
ретінде ақша айналымы процессі танылады.
Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық
тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз
ететіндігі қарастырылған. Экономиканың
қызмет етуіне мемлекеттік араласуды
азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар
экономикалық процестердің жанама реттелуінің
шешуші факторы ретінде қарастырылады.
Монетаристердің
тұрақтаушы бағдарламалары мынларды
қамтиды:
- бюджеттік тапшылықтың қысқаруы (салықтарды көбейту, мемлекеттік сектордың қызметтеріне бағалардың жоғарылауы);
- тұтыну сұранысын қысқартуға бағытталған еңбекақының өсімін шектеу;
- банктік пайыз мөлшерлемелерінің көбеюі, Орталық банкте мемлекеттік заемдерға және ақша эмиссиясына шектеулерді енгізу;
- экспортты-импортты операцияларға және бағаларға бақылаудың әлсіздеуі.
ХХ ғасырдың
аяғында тұрақты даму - жаңа
теориясы қалыптасқан, бұған жаһанды
экономикалық және қаржылық процестер
жұмылдырылған.
Тұрақты
даму теориясында төменгі шаруашылық
субъектісінен ұлттық экономикаға
дейінгі – тұрақты әрекет ететін
себептер анықталған.
Берілген
теория келесі қағидаларға негізделеді:
- эволюциялық қағида, кез келген масштабтағы күрделі экономикалық жүйелердің өздігінен дамуының мәнін сипаттайды;
- экономикалық қызығушылықтарды үйлестіру қағидасы өзара әрекет ететін тараптардың қызығушылықтарының балансынсақтауды қарастырады;
- диверсификация қағидасы, бұл эволюция қағидасының логикалық дамуы мен нақтылануы ретінде болады;
- өзінің дамуы бойынша экономикалық жүйедегі иерархиялық диференциация қағидасы.
ІІ.Құнды кағаздар
нарығы, құрылымы және субьектілері
2.1. Құнды қағаздардың маңызы, түрлері
Құнды қағаздардың
мәні мен мазмұнын құнды қағаздар
нарығының қызмет атқару механизмінен
шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде,
құнды қағаздар нарығының мәні мен
мазмұны, экономикадағы орны жалпы
қаржы-қаражат жүйесінен анықталады.
Құнды қағаздар нарығы қаржы-қаражат
(капитал) нарығының қүрамдас бөлігі
болып, ұзақ мерзімдік қарыздар айналымына
жатады (қайтарым мерзімі бір жылдан
артық)
Құнды қағаздар
дегеніміз – мемлекет немесе
корпорациялар шығаратын коммерциялық
ақшалай құжат. Құнды қағаздар,
біріншіден, капиталдың нендей бір
түріне деген меншіктік иелік
құқығын куәландырады, екіншіден,
құнды қағаздар арқылы оның
иелері келтіреді.
Құнды қағаздар
тұңғыш рет сауда және өсімқорлық
саладағы алыс-беріс қызметіне
байланысты өмірге келген. Алғаш
құнды қағаздар вексель, коносамент
түрінде пайда болды. Кейін мемлекеттік
эмиссиялық қызмет пен акционерлік қоғамдар
өріс алуына қарай құнды қығаздар жөніндегі
қажеттілік құлаш жайды. Сөйтіп, капиталды
құнды қағаздарға инвестицияландыру ХІХ
ғасырдың орта шенінде кеңінен тарала
бастады. Өйткені ақша қаражаттарын құнды
қағаздарға айналдыру мақсаты – көбірек
кіріс-пайда табу, капиталдың тұрақтығын
сақтау, капиталдың өсімін күшейту еді.
Жалпы құнды
қағаздар екі топқа бөлінген.
Олар негізгі және туынды деп аталады.
Негізгі топқа жататын құнды қағаздар
– акциялар, облигациялар, вексельдер,
мемлекеттік қазналық міндеттемелер.
Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға
– ең алдымен опциондар, фьючерстер жатады.
Сонымен
бірге, құнды қағаздар нарықтық
және нарықтық емес деген топтарға бөлінеді.
Нарыққа қатысты құнды қағаздарды айналысқа
қатыстырылатын құнды қағаздар тобы құрайды.
Ал нарықтық емес құнды қағаздар тобын
әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың дамуы
жағдайында өиірге келген әрі өзіндік
ерекшелігі бар қағаздардан тұрады. Ондай
қағаздар қатарында сақтық облигациялар,
зейнеткерлік қорлардың облигациялары,
депозиттік облигациялар бар. Бұл қағаздар
өз иелеріне капиталға деген иелік құқығын
қамтамасыз етеді.
Нарыққа
қатыса алатын құнды қағаздар
сауда-саттық айналысына қатыса
алады. Дәлірек айтқанда, оларды
сатуға, сатып алуға, иелік құқығын
ауыстыруға болады.
Қорыта
келгенде, құнды қағаздар өз иеленушісіне
кіріс әкеледі, капиталды сақтау,
капитал өсімін қамтамасыз ету
еді, қаржыға деген тапшылықты
азайту ретіндегі әрекеті арқылы
экономикалық даму процесінде
елеулі рөл атқарады.