Қаржы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бұл курстық жұмыс 3 тараудан тұрады. Бұл тарауларда Қазақстан әлемдік қаржы нарықтары талқыланды. 1 – тарауда қаржы нарығы туралы жазылған. Бұл тарау 4 бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдерде қаржының мазмұны мен мәнін, мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәнін, қаржы нарығының құрлымын, түрлерін, қаржы нарығының қалыптасуы талқыланады. Ал 2 – тарау 3 бөлімнен тұрады. Бұл тарауда құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері талқыланды. Яғни құнды қағаздардың маңызы, түрлері, құнды қағаздар нарығының құрылымы, құнды қағаздар субьектілерінің (қатысушыларының) мәні қарастырылды. Ал енді 3 бөлімге келетін болсақ, бұл тарау 2 бөлімнен тұрды. Бұнда мен әлемдік қаржы нарығы талқыланды.

Содержание

Кіріспe
І.
Қаржы нарығы

1.1
Қаржының мазмұны мен мәні…………………………………………….5-7

1.2
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны мен мәні………….7-8

1.3
Қаржы нарығы құрлымы, түрлері……………………………………...9-11

1.4
Қаржы нарығының қалыптасуы………………………………….……11-16

ІІ.
Құнды кағаздар нарығы, құрылымы және субьектілері….17-19

2.1
Құнды қағаздардың маңызы, түрлері………………………………19-22

2.2
Құнды қағаздар нарығының құрылымы………………………….22-24

2.3
Құнды қағаздар субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні

ІІІ.
Әлемдік қаржы нарығы

3.1
Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы…………………………25-27

3.2
Халықаралық несие қатынастарының нысандары………….27-29


Қорытынды………………………………………………………………………….30


Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………….31

Работа состоит из  1 файл

Қаржы нарығы-курсовая(2).docx

— 78.25 Кб (Скачать документ)

Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен  Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың  халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған.

Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту  үшін) түріндегі акцептік-авальдық операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын  бірінші деңгейдегі төлем  қаражатына айналдыруға мүмкіндік  жасады.

Мемлекет сыртқа тауар  шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын  болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден  әкелетін тауарлардың бағаларын  арзандатуға, сонымен бірге сол  тауарлардың сауда жүйесінде  бәсекелестік қабілетін- өтімділігін  арттыруға ықпал жасады. Өйткені  халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен  тауар жанама салықтан босатылуы  керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын  талаптарға баса назар аудару негізінде  орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік  бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде  ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға  берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін  жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді. [9]

Сыртқы рынокта монополиялардың  кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды  жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік  деңгейде экспорттық – импорттық  банктер ұйымдастыру болды.

Ол банктер сыртқы сауда  қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне  кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен  айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге  несие берумен шұғылданды. Осы  банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін  несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония  және басқа елдерде де құрылған.

Экономикалық салада халықаралық  несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан  нысандары бар. Атап айтқанда:

-банктердің шетелдермен  байланысы қызметінің шеңберін  шектей білу

-ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы  қызметтің өзара ықпалының салдарын  айқындау, шектеу

-ұлттық банктің халықаралық  банк консрциумдарымен қарым-қатнасын  реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік  органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады. Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.

Экспорттық несие берудің  өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында  тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын  нарықта басымдылық алу мақсаты  көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер  экспорттық несие жөнінде өзара  қақтығыстарға жол бермеу, несие  беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу  үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру  ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын  төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты  жеңілдіктер беру мәселелері нақты  көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай  ерекшеліктеріне қарай несие  алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне  қарай – кірісі төмен, кірісі –  орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен  елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген  тәртіпті берік ұстауға басты  назар аударып отырады. [10]

Экспорттық несиенің жалпы  көлемі мемлекттердің  инвестициялық  мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/  доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық  қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға  елеулі үлес қоса алды.

Бірақ 80-жылдардың ортасында  мұнайдың бағасы халықаралық саудада  арзандап, оны сатудан алынатын қаржы  мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер  беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс  кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер  несие жөнінде қарызды өтей алмау  дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан  шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей  алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту  шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие  алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану  негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық  банктерден жеңілделілген несие  алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға  көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық  пайдалануға күш салды. Осы негізде  сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады.

 

 

 

Қорытынды

 

       Осы  курстық жұмыста қаржы нарығының  құрылымын, түрлерін, сонымен қатар,  қаржы нарығының жұмыс істеуінің  алғы шарттарын, бағалы қағаздар  нарығын, қор биржасының құрылымына, түрлеріне, анықтамасына әлемдік  қаржы нарығына кеңінен тоқталынады. 

        Қаржы  нарығы – дербес экономикалық  категория ретінде бағалы қағаздарды  сату мен қайта сату жөніндегі  операцияларды жүзеге асырып, кәсіп  орындардың, фирмалардың, банктердің  жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың ауқытша  бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді  және қайта бөлуді қамтамасыз  ететін нарықтың қатынастардың  жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар  жүйесінің құрамды бөлігі болып  табылады және тауар, ақша, несие,  сақтық валюта және басқа нарықтармен  (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен)  етене тығыз байланысты.

          Қазақстан Республикасының халықаралық  нарыққа шығуына кедергі жасап  тұрңан мәселелердің бірі –  теңгенің айырбасталымдылығы. Бір  жағынан қазақстандық теңге бірнеше  валюталық шектеулері бар айырбасталатын  валюта болып саналады. Бірақ  бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік  валюта нарығының толық құқылы  қатысушысы бола алмауына жеткілікті.

         Мемлекетіміздің ішкі валюталық  нарығы әлі қалыптасқан жоқ,  ол қалыптасу сатысында. Қазақстан  нарығының жастығынан кез келген  ірі қаржы институты, соның  ішінде шетелдік де, өзіне пайда  түсіре алды. Еліміздің коммерциялық  банктері сыртқы қарыздарын өтегенде  нарыққа валютаның айтарлықтай  қаражат көлемін шығарады, бұл  да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама  – қайшы және толық емес. Еліміздің  валюта нарығының ерекшелігі, ол  пайда болғанда үкімет теңгенің  ішкі айырбасталымдылық жолына  тұруымен анықталады. Валютаны еркін  алып-сату отандық экономиканы  долларландыруға әкеліп соқты.  Қаржы нарығындағы болып жатқан  өзгерістер валюта нарығына тікелей  әсер етуде. 

Қорыта келе, қазіргі таңдағы Қазақстан қаржы нарығы мен әлемдік қаржы нарықтарын біліп, салыстыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Ілиясов Қ. Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы: Оқулық – Алматы: 2003
  2. Смагулова Р. Қаржы нарқы : Оқулық – Алматы: 2001
  3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002
  4. Ценные  бумаги.  Учеб/под.ред. В. И.  Колесникова, В.С. Горколовского/М:-1998
  5. Деньги. Кредит.  Банки/ Под. Ред.  О. И: Лаврумина/М:-1998
  6. Финансы. Кредит. Деньги. Учеб/Под.ред. О:В:  Соколовой/М:-2000
  7. Қ.Ж. Оразалин, М.м.  жайасов. Русс. Каз.  Толковый  словарь.по. сов. Экон./М:2001
  8. Н.Қ.  Мамыров,  М.Ә.  Тілеужанова.  Макроэкономика. А:2003
  9. Ақша.  Несие.  Банктер. Валюта  қатынастары.  Б. Кошекова. А.:20007
  10. В.Д.  Мельникова,  К.К.  Ильясов,Финансы А:2001
  11. Ақша.  Несие. Банктер. Ғ.С.  Сейітқасымов. А: 2001
  12. Ақша.  Несие. Банктер. Б.  Сайденов. А: 2001

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қаржы нарығы