Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:29, реферат
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.
1.Қаржы нарығының мәні мен түсінігі.
2.Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі. .
3Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері.
4.Қазақстанның қаржы нарығының және оның құрамдас бөліктері.
5.ҚР-дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.
6.Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы.
7.Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері
Рефераттар
1)Қаржы
нарығының инфрақұрылымы
және оның құрамдас
элементтері
1.Қаржы нарығының мәні мен түсінігі.
2.Экономиканың
дамуындағы қаржы нарығының
3Қаржы
нарығының жіктелімінің
4.Қазақстанның қаржы нарығының және оның құрамдас бөліктері.
5.ҚР-дағы
қаржы нарығының құрамдас
6.Әлемдік
қаржы нарығының мәні мен
7.Қаржы
нарығының негізгі даму
Қаржы нарығы – бұл, ең
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде
Қаржы нарығы ақша нарығын,
несие капиталы нарығын және
қор нарығын қамтиды. Ал қор
нарығы өз алдына бағалы
Ақша
нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана
емес, қолма –қолсыз төлем
несие
бойынша банктердің несие
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында сатып алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан, оны қор нарығы деп те атайды. ”Қор нарығы “ термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.
Қаржы нарығының жұмыс
1) реттеліген
тауар нарығының болуы, яғни
кез-келген түрлердегі және
2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;
3) несие
нарығының жандырылуы, оның толық
коммерциялануы, яғни ресурстарын
еркін нарыққа орналастыру;
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
1) бәсекені
дамыту мен монополизмді
2) қаржы
ресурстарын қайта бөлудегі
3) шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен
4) бюджет
тапшылықтарын қаржыландыру
Қаржы нарығының маңызы. Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.
Оның
жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл
экономикаға тән «сатылас»
Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы нарығының дамуы
Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді
Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді қамтитын ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен, әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнаналық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.
Жалпы кең мағынада қаржы
Қаржы құралдары 2 топқа бөлінеді: 1. Бастапқы; 2. Кейінгі
Бастапқы қаржы құралдарына вексельдер, несиелер, заемдар, облигациялар, акциялар және т.б. құнды қағаздар жатады.
Кейінгі қаржы құралдары ( туынды құралдар немесе деривативтер ) – бұл қаржы опицондары, фьючерстер, форвардтық келісімдер және своптар.
Қаржы институттарын 2 топқа бөлуге болады: бірінші топ – депозит типіндегі несиелік ұйымдарға байланысты қаржы делдалдары ( комерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар), сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, қаржылық және инвестициялық компаниялары және хеджингтік қорлар; екінші топ – қаржы нарығының функцияларын қамтамасыз ететін ұйымдар, соның ішінде инвестициялық банктер, қор және валюта биржалары.
Қаржы делдалдары
Қаржылық делдалдар уақытша бос қаражаттары бар тұлғалармен ақшалай ақшалай қаражаттарға мұқтаж тұлғалар арасындағы ара қатынасты ұйымдастыруға маманданады, осы буында әлемнің дамыған елдеріндегі қаржылық жүйелер ең алдымен инвистициялық мақсаттарға қолданылатын күрделі қаржылық ресурстарына бағытталған.
Коммерциялық банктің ерекше рөлі:
біріншіден, коммерциялық банктер ақшалай ағымдарды бөлуді жүзеге асыратын ірі есеп және кассалық орталықтар.
Екіншіден, коммерциялық банктер экономикалық субъектілерді несиелендіру жүйесінде негізгі орынды алады.
Үшіншіден, төлем құралдарын эмиссиялау процесінде коммерциялық банктің жағдайы ерекше.
Төртіншіден, қаржы ресурстарын жинақтай отырып, кәсіпорыға, салаларға несие түрінде ұсынады. Экономика өсімін және құрылымын қайта құруға көмектеседі.
Жинақтаушы институттары миаманданған қаржы мекемелеріне жатады, негізгі қаржылары – жинақ салымдары және депозиттер болып табылады. Бұл институттар акқшалай қаражаттарды қысқа мерзімдерге ағымды және жинақтаушы шоттарды қолданумен тартады, ал кейіннен қозғалмайтын мүлік түрінде қамтамасыз етуге ұзақ мерзімге оларды біріктіреді. Осы топқа құрамының ипотекалық, жинақтаушы банктер және басқа да мамандандырылған несиелік мекемелер кіреді.
Несие одақтары өз ара несиелендіру институты болып табылады. Олар жеке тұлғалардың жинақтарын қабылдайды және одақ мүшелерін несиелендіреді. Несиелік одақтың мідеттемесі жинақ және чектік шоттары бойынша құралады. Несиелік одақ өзінің құралдарын қысқа мерзімді тұтыну ссуда түрінде одақ мүшелеріне ұсынады. Несие одағындағы әрбір мүше жалпы одақ жиналысында дауыс беруге құқығы бар. Несие одақтары негізінен кәсіп белгілеріне, тұрғын орнына жәнедіни белгісіне қарай құрылады. Несие одақтарының депозиттік типтегі қаржы институттарына қарағанда артықшылықтары бар. Олар табысқа салынатын салықтан босатылады.
Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері