Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:29, реферат

Описание

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

Содержание

1.Қаржы нарығының мәні мен түсінігі.
2.Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі. .
3Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері.
4.Қазақстанның қаржы нарығының және оның құрамдас бөліктері.
5.ҚР-дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.
6.Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы.
7.Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері

Работа состоит из  1 файл

Рефераттар.doc

— 179.00 Кб (Скачать документ)

    Осылайша, Қазақстан 2001 жылдан бастап  ипотекалық несиелеудің екі деңгейлі  жүйесі енгізілді: бірінші деңгей  банктер және банктік емес  ұйымдар ретіндегі алғагқы несие  берушілерді білдірсе, екіншісі  – талап ету құқықтарын және  алғашқы несие берушілермен берілген ипотекалық несиелерге кепіл құқықтарын сатып алуды жүзеге асыратын қайта қаржыландырушы ұйымдар.

    Айта кеткені жөн, 2002 жылы Қазақстан  Ипотекалық Компаниясы ТМД елдерінің  ішінде алғашқы болып ипотекалық  тұрғын үй несиелері бойынша  талап ету құқықтарымен қамтамасыз етілген тиесілі компанияларды қамтамасыз ететін ипотекалық обллигацияларды шығарды, және отандық жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары негізгі институционалды инвесторлар болады.

    2004 жылы 2005-2007 жылдарға Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үйлерді ипотекалық несиелеудің Арнайы бағдарламасы жасалды және қабылданды. Бұл бағдарламада ҚИК қаржылық оператор рөлін иеленді. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша «Қазақстан потекалық компаниясы» АҚ екінші ретті нарықта және республикалық бюджеттің несиеліку қаражаттары есебінен салынған тұрңын үйлерді алуға азаматтарға шамамен 81,6 млрд. теңге сомасындағы 31 мыңнан астам ипотекалық несиелер берді. Жасалған келісім-шарттардың басым үлесі Алматы қаласына  (жасалған келісімдердің жалпы көлемінің    31,8%) және Астана қаласына (13,2%) тиесілі болды. Сол кезеңде осындай несиелерді Шығыс Қазақстан (9,5%), Ақтөбе (8%), Павлодар (5,5%), Оңтүстік Қазақстан (6,4%) облыстарының азаматтары белсенді пайдаланды [9].

    2005-2007 жылдардағы тұрңын үй құрылысы  Мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларының  бірі Қазақстан Республикасы  Ұлттық банк Басқармасының 27 қазан  2003 жылдағы шешімімен құрылған  «Ипотекалық несиелерді кеплідендірудің Қазақстандық қоры»  (әрі қарай - ИНКҚҚ) болды.

    ИНКҚҚ ипотекалық несиелеу нарығында  ипотекалық несиелеумен байланысты  залалдардың бір бөлігін несие  берушілерге кепілдендіру бойынша  қызметті жүзеге асырады.

    ИНКҚҚ негізгі міндеттері ипотекалық  тұрғын үй қарызын алуға ниет білдірген азаматтардың түрлі санаттарына жағымды жағдайды қамтамасыз ету, мерзімдерін ұлғайту, пайыздық мөлшелеремелерді және алғашқы жарна көлемін төмендету жолымен ипотекалық несиелердің қолжетімділігін арттыру болып табылады.

    ИНКҚҚ қызметінің басымды бағыттары  Ипотекалық несиелер қоры тарапынан  ипотекалық тұрғын үй қарызы  келісім-шарты бойынша қарыз алушының  өзінің міндеттемелерін орындамау  жағдайын кепілдендіру есебінен  несие берушілердің қаржылық  тәуекелдерін төмендету мақсаты болып табылатын елдегі ипотекалық несиелеу жүйесін қалыптастыру, дамыту және жетілдіру болып табылады.

    2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай  бойынша Ипотекалық несиелерді  кепілдендірудің қазақстандық қоры  сомасы 39 296 млн. теңге көлемінде  13 687 кепілдеме міндеттемелерін берді [10]. Осылайша, еліміздің қаржы секторы тарапынан берілген қарыздар қоржынының жалпы көлемінде кепілдендірілген ипотекалық тұрғын үй несиелерінің үлесі 2%-дан 8%-ға дейін артқан. Бұл 2005-2007 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік қаражаттар есебінен салынған әрбір екінші пәтерді азаматтар Қордың қолдауымен алғандығын білдіреді.

    Алайда, ипотекалық несиелеудің  шарттарына сәйкес оны тек  қатысты түрде қамтамасыз етілген орта кластың адамдары ғана ала алады.  Және де бұл әлемдік тәжірибе. Қазақстанда төмен табысты тұрғындардың үлесі жоғары, және көпшілік үшін ипотекалық несиелеу әзір қол жетімді болмай отыр. Сондықтан, 2003 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жалпы мемлекеттік саясатты жылжыту үшін жарғылық капиталында 100 пайыз Мемлекеттің қатысуымен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» (әрі қарай ҚТҚЖБ) құрылды.

    Тұрғын үй құрылысы жинақтарының  жүйесі Қазақстан халқының тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша шараларды несиелеудің жаңа жүйесі болып табылады. Қазақстан – ең алдымен орташа және орташадан төмен табысы бар тұрғындар үшін арналған бұл жүйенің қағидалары мен шарттарының жүзеге асырылуы басталған ТМД аумағындағы алғашқы ел.

    ҚТҚЖБ несиелерінің негізгі тартымдылығы  – бұл қарыз берілген уақыт  ішінде төмен сыйақы мөлшерлемесін  кепілдендіру. Банк ссудалық капитал  нарығынан тысқары қызмет атқарады, және сәйкесінше банктің пайыз  саясаты қаржы нарығының сыйақы мөлшерлемесінің конъюнктурасынан қатысты тәуелсіздіктер болады. Бұл банкке жинақтаушы салымдар бойынша төмен пайыздар төлей отырып, төмен пайыздық мөлшерлемемен несиелер беруге мүмкіндік береді. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша іс-шараларды қаржыландырудың мақсатты бағытталған жүйесінің болуы Қазақстан Республикасында тұрғын секторының сатылап дамуына әкеледі.

    Сонымен, 2009 жылдың 1 қазанынындағы  жағдай бойынша ҚТҚЖБ тарапынан  221,96 млрд. теңге сомасындағы тұрғын  үй құрылыс жинақтары туралы 144 232 келісім-шарт жасалған, 47,79 млрд. теңге көлемінде 15 540 қарыз берілген [11].

    Бүгінгі күні ҚТҚЖБ көптеген  ірі еуропа елдерінде оңтайлы  жұмыс жасап келе жатқан және  төмен табыс деңгейі бар отбасыларға  еліміздегі ең төмен пайыздық  мөлшерлемемен тұрғын үйді сатып алуға, салуға және жөндеуге мүмкіндік бергентұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жүзеге асыратын елімздегі жалғыз қаржы институты болып табылады. 
 
 
 
 
 

9) Қаржы делдалдығы және қаржы делдалдары

 
Қаржы дегеніміз – французша  қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды. 
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.

   Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.

   Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін. 

   Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады.

Ақша нарығы дегеніміз қолм-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының нарығы.

 несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты.

Ақша мен несие  нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал нарығында  қоғамдық өндіріс қатысушыларының  орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

Қаржы нарығында  сатып алу –сатудың объектісі  айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады. Сондықтан  онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономиқалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан, оны қор нарығы деп те атайды. ”Қор нарығы “ термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.

Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта  бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық әсіресе инвестициялық процесстерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкімдік береді.

   Қаржы  нарығының жұмыс істеуінің шарттары:

1) реттеліген  тауар нарығының болуы, яғни кез-келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

2) Ұлттық (орталық)  банк тарапынан ақша айналысын  қалыпты реттеп отыру: бұған  қолма – қол және қолма –  қолсыз айналым бойынша эмиссияға  бақылау жатады;

3) несие нарығының  жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа  орналастыру; несие ресурстарының  қозғалысы орталық банктің пайыздық  есептік мөлшерлемесін, коммерциялық  банктердің міндетті резервтерінің  нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің  қаржы ресурстарына қажеттілігі  және оны қанағаттандырудың нақты  көздерімен тура келмеуі қаржы нарығының  жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) қаржы ресурстарын  қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық  жүргізуші субъектілер мен халықтың  бағалы қағаздарға және басқа  активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарын  қаржыландыру үшін несие қорын  пайдалануды тоқтату; распубликалық,  сондай –ақ жергілікті бюджеттердің  тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды  шығару арқылы жабылуы тиіс.

      Қаржы нарығының маңызы. Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

Оның жұмыс  істеу әкімшіл - әміршіл экономикаға  тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша  ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен  бизнестің нақтылы құнын бағалауға  мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде  олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының  болуы инфляцияны тежейді, өйткені  бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте  еркін жүретін, бағасы сұраным мен  ұсыным арқылы анықталатын құнды  қағаздар шығарады.

Экономикалық  реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері