Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 21:29, реферат

Описание

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен байланысты.

Содержание

1.Қаржы нарығының мәні мен түсінігі.
2.Экономиканың дамуындағы қаржы нарығының рөлі. .
3Қаржы нарығының жіктелімінің ерекшеліктері.
4.Қазақстанның қаржы нарығының және оның құрамдас бөліктері.
5.ҚР-дағы қаржы нарығының құрамдас бөліктері.
6.Әлемдік қаржы нарығының мәні мен мағынасы.
7.Қаржы нарығының негізгі даму кезеңдері

Работа состоит из  1 файл

Рефераттар.doc

— 179.00 Кб (Скачать документ)

         Қандай қаржы институттары келісім  негізінде қамтамасыз ететін  жинақ мекемелеріне жатады?Сақтандыру  компаниялары және зейнетақы  қоры келісім негізінде қызмет  ететін жинақ мекемелеріне жатады. Бұл қаржы институттары сақтандыру полистерін ұстаушылар мен зейнетақы қор шот иелерінің тұрақты түсіп отыратын құралдармен сипатталады. Олар ұзақ мерзімге, жоғары табысты қаржы құралдарын инвестициялауға мүмкіндігі бар. 

Қаржы компанияларыөз қаржы құралдарын, яғни коммерциялық вексельдер, акциялар. Облигациялар шығару арқылы құралатын немесе қысқа, ортамерзімді несиелерді тұтынужәне коммерциялық қажеттіліктерді ұсыну жолымен сипатталады. Қаржы компаниялары ірі ссудаларды ұсынатын және депозиттерге кішігірім ақшалай қаражаттар сомаларын жинақтайтын коммерциялық банктерге қарағанда жоғары тәуекелді несиелерді жиі ұсынады. Бұл институттардың заемдық капитал үлесі өте жоғары және меншікті капитал көлемінен асыптүсуі мүмкін.

Қаржы компанияларының екі түрі анықтылған: сауда (тұтыну) және бизнес аясында жұмыс істейтін компаниялар. Сауда- қаржылық компаниялары клиенттерге өндірушілерден немесе әртүрлі сатушылардан тауар сатып алуға несиелер ұсынады. Бұл компаниялар тұтынушы несие аясында коммерциялық банктермен бәсекелеседі. Сауда қаржы компаниялары сатып алу жерінде несиені дер кезінде рәсімдеп, клиенттің несие алу проблемасын жеңілдетеді.

          Бизнес саласындағы компаниялар  факторингтік, операцияларды жүзеге  асырумен және лизингтік қаржыландырумен  айналысады. Қаржы компаниялары холдингтік компанияларға жататын жеке меншік корпорациялар, ашық акционерлік қоғам формада құрылу мүмкін.

Инвестициялық банктер өз атауына қарамастан, дәстүрлі банктер қатарына жатпайды: салымдар ашпайды, несиені келтіруге тартылған  қаржылардықолданбайды. Олар тікелей қаржыландыруды ұйымдастырады. Олар инвестициялық қаржыландыруға мемлекетке және бизнеске бағалы қағаздарын орналастырады. Құнды қағаздарды сатып біткеннен кейін инвестициялық банктер, брокерлер және диллерлер рөлінде бола отырып,осы құнды қағаздар үшін қосымша нарықты қалыптастырады.

Инвестициялық банктер жаңа эмиссияларды орналастырудың кепілдемелері немесе жаңа компаниялар, мекемелер ретінде болады. Инвестициялық  банктер жалпы шаруашылық стратегия  мәселелері бойынша эксперттер, қаржылық кеңесшілер ретінде болады.

        Әлемдік экономикалық қызметте  несие нарқы нарықтық қатнастарға  тән сипат. Бұл салада елдер  арасында қаржыға деген сұраныс  пен ұсыныс мәселелеріне байланысты  міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын  бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:

      -қарыз  капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы  нарқы, бұл қаржы нарқы деп  аталады.

      -қарыз  капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы – бұл капитал нарқы деп аталады.

      Экономикалық  даму барысында әр ел өз өндірісін  табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға  ынталы болады. Бұл үшін материалдық  өндіріске қаржы қажет екені  белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.

      Экономикалық  даму талабы капитал нарқының қозғалысына  да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан  капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.

      Экономикалық  тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады. 

     ТМД-ның барлық елдерінде, соның  ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік  алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

    Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы  секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру  нарығы және зейнетақы қызметтерінің  нарығы сынды негізгі секторлармен  көрініс тапқан.

     Банктік қызметтер нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы дағдарысына дейінгі дамуы.

     Банк секторы экономиканың қантамыр  жүйесі  және қаржы секторының  ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер  нарығының қалыптасуы мен дамуының  бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.

    1990 жылы «Банктер және Қазақ  ССР-ндегі банк қызметі туралы»  Заң қабылданған кезде отандық  банк жүйесін реформалаудың алғашқы  заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы  екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды.  Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.

    1993 жылдың сәуірінде орталық банктің  міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен  орнын, Қазақстан Республикасы  мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» жаңа Заң қабылданды.

    Қазақстанның тәуелсіздік алуы  мемлекеттіліктің негізгі нышандарының  бірі ретінде, сонымен қатар  республика экономикасын инфляциялық  қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта – теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары – бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.

    1993 жылғы ақша реформасы теңгені  тікелей енгізу жолымен келесі  артықшылықтарды әкелді:

        • •        респбуликаның  тәуелсіз ақша-несие саясатын  жүргізуге мүмкіндігі болды;

        • •        Қазақстан  тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;

        • •        жаңа  ұлттық валюта шетел валютасына  қатысты оның нақты бағамын  анықтауға мүмкіндік берді [1].

    1993 жылдың қарашасында ұлттық  валютаны енгізу мемлекеттік  ақша-несие саясатын және банктік  реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру туралы және банктің қарыз қоржынын сыныптау туралы ережелер қабылданды. Айта кеткені жөн, банктік жүйенің реформалануы кезеңінде бұл нормативтердің көпшілігі мәнді өзгерістерге ұшырады.

    Ақша қаражаттарын орталықтандырылған  қайта бөлуді максималды қысқарту  және Ұлттық банк қызметтерін  орталық банктердің классикалық  қызметтеріне жақындату бойынша  алдына міндеттер қойған отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы бағдарламасы 1995 жылдың 15 ақпанында қыбалданды.

    Банк жүйесін реформалаудың келесі  кезеңі ТМД аумағында алғышқылардың  бірі болып 1996 жылдың желтоқсанында  қабылданған 2000 жылдың соңына  дейін капитал өтімділігінің жеткіліктілігі, активтер сапасы, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейі, ақпараттарды енгізу және беру тұрғысында қызметтің халықаралық стандарттарына екінші деңгейлі банктерді өткізу Бағдарламасы болды [2].

    Жалпы, банктердің капиталдану  деңгейіне Ұлттық банктің қойған қатаң талаптары банктердің бірігуі/жұтуы, төмен капиталданған банктердің несие серіктестіктеріне өз еріктерімен қайта құрылуы, барлық банк операцияларын жүргізуге лицензияны жою мен қаржылық тұрақсыз және төлем қабілетсіз банктерді күштеп жою тәртібін қолдану есебінен банк секторын оңалтуды жеделдетті. Бұның барлығы халықаралық стандарттар деңгейінде өз қызметін жүзеге асыратын, жоғары капиталдандырылған банктері бар тұрақты банк жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ұлттық банк тарапынан қабылданған шаралар банктер санының 1993 жылғы 204-тен 1997 жылдағы 81-ге дейін қысқаруына әкелді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 37 екінші деңгейлі банк қызмет атқарады.

    1997 жылы банктерді инвестициялық  және депозиттік деп бөлінуі  алынып тасталды, банк қызметінің түрлерін кеңейту қарастырылды, сонымен қатар банктерді ашуға және оларды лицензиялауға, ішкі бақылауға және банктердегі тәртіптерге қатаң талаптар қойылды, CAMEL жүйесі бойынша банктердің қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау енгізілді.

    Қазақстанда банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын несиелік серіктестіктер, ломбардтар, ипотекалық компаниялар, инвестициялық қорлар және т.б. сияқты банктік емес қаржылық мекемелердің қалыптасуы да маңызды болып табылады. Несиелік серіктестіктер және микроқаржылық ұйымдар сынды банктік емес мекемелер қызметінің мақсаттары мен міндеттері халықты, шағын және орта кәсіпкерлерді несиелік ресурстармен қамтамасыз ету, бәсекеге қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық деңгейін арттыру болып табылды, және олардың қызмет етуі ауылдық аймақтардағы қаржылық қызмет көрсету нарығындағы олқылықтарды толтыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар қосымша жұмыс орындарын жасау жолымен әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі, кедейлік деңгейін төмендетеді және шағын бизнес пен орта бизнесті дамыта отырып, халықтың табыстарын арттырады.

    Осылайша, 1998 жылдың соңындағы банк  жүйесін қайта қалыптастыру коммерциялық  банктерден тұратын олардың екінші  деңгейі ломбардтар, несиелік серіктестіктер, тарсталық, лизингтік, факторингтік фирмалар, ипотекалық компаниялар түрінде көрініс табатын банктік емес қаржылық мекемелермен толықтырылғандығымен негізделеді. 2009 жылдың 1 қазанында Қазақстанда банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 17 ұйым, соның ішінде 7 ипотекалық ұйым жұмыс жасайды.

    1999 жылдың сәуірінде Үкіметтің  және Ұлттық банктің шешімімен  Қазақстанда теңгенің еркін айырбас  бағамының режимі енгізілді, бұл  әсіресе Ресейде 1998 жылы сыртық  қаржы нарықтарындағы дағдарыстан  кейін ұлғайып кеткен Ұлттық банктің араласуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс негізінде теңге бағамының қалыптасуын білдірді. Бұл шара қаржы жүйесін тұрақтылығына нұқсан келтірмей экспорттық өндіріс жұмысының рентабельділігін арттыруға мүмкіндік жасады. Қазақстан бұл кезеңде халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына қарамастан, банк клиенттеріне олардың салымдарын теңгенің девальвациясына дейінгі бағам бойынша ауыстыруға құқық беру жолымен жеке және заңды тұлғалардың жинақтарын қорғау бойынша мүмкін шараларды жасады. Теңгенің еркін айырбас бағамы режимін енгізу өз нәтижелерін уақыт күттірмей берді. Яғни, 1999 жылдың үшінші тоқсанында сауда балансы оң болды, долларлық сипаттағы экспорт көлемі бірінші тоқсанмен салыстырғанда 60 пайызға өсті. 1999 жылдың қазанында теңгенің бағамы  біршама тұрақтанды, ал Ұлттық банктің алтын валюта резервтері бір айдың ішінде 143 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайды.

    Ұлттық банктің жүргізіп отырған  ақша-несие саясатының ең мәнді  жетістіктерінің бірі 1993 жылы 2153%-ға  дейін жеткен гиперинфляцияны тоқтатуы болды. Инфляция қарқыны мен қайта қаржыландыру мөлшерлемелерінің серпінінің тенденциялары бір-біріне сәйкес болғандықтан, қайта қаржыландырудың банктік мөлшерлемелерінің төмендеуінің серпінді процесі қатар жүріп жатты. Яғни, 1994 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қарашасы аралығында қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 27,0-ден 7,5%-ға дейін төмендеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, ақша және несиелер құнының ұзақ мерзімді жоспардағы тұрақтылығы экономиканың тиімді қызмет атқаруының және сәйкесінше оңтайды экономикалық өсу мен халықтың жоғары жұмысбастылығының шешуші алғышарттары болып табылады.

    Қазақстан Республикасы Президенті  Н.Ә. Назарбаев, Ұлттық банк, Бағалы  қағаздар бойынша Ұлттық комиссия, Үкімет өкілдері, сонымен қатар  республиканың қаржы нарығының өкілдері қатысқан 1999 жылдың 28 мамырында Алматы қаласында өткен Қазақстан қаржыгерлерінің І Конгресі тек банк секторының ғана емес, бүкіл отандық қаржы нарығының даму тарихында атап өтерлік оқиға болды. Алғаш рет қаржы нарығының барлық секторларының өкілдері экономикалық өсудің және халықтың әл-ауқатын жақсартудың ғаламдық міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін қазақстандық қаржы нарығында кең инвестициялық мүмкіндіктерді жасау және жаңа қаржылық институттарды қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін ерікті түрде біріккен болатын.

Информация о работе Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері