Қаржы туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:01, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын  заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді.

Қаржының көмегімен  бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің  барлық сфераларында — материалдық  өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы  басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін — ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі — ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натураддық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Қаржының бөлгіштік  функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты  және таза табысты бөлумен және қайта  болумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта  болу болып ажыратылады.

Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік смес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауга, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі  әдіспен жүзеге асырылады:

қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;

несиелік - банктік  әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.

Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының — нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың  және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұлттық табысты қаржы  көмегімсн қайта бөлудің негізгі  мақсаттары мыналар болып табылады:

өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;

елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын  мақсатты бөлу;

қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;

қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың  әр түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалықдардың құбылмалы  тиімділігімен ынталандырылып отырады.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы  бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен — бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұңда ол тектес экономикалық категориямен — кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеуіпілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мете көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, қаржы бөлгіштік  функция арқылы ақшалай табыстарды қальштастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.

Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының  нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүдделері  қанағаттандырылуы тиіс.

Қаржы ұлттық табыс құрамындағы  бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.

Қаржының бөлгіштік  функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа  стадияларына — өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор қайтарымының және т.б. жетістіктерімен ұштастырса өндіріске сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа сатыларына да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық процестерімен байланысы және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақыланып отырылады.

Қаржының бөлгіштік  функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да — бағаға да, еңбекақыға да, кредитке де тән.

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары қаржы — бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені, олардың пікірінше:

қоғамдық ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз  байланысқан;

қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына  — материалдық өндіріске, айналыс  пен тұтыну сферасына ене отырып, ұдайы өндірістің бір стадиясына ғана емес, жалпы бүкіл бұл процеске қызмет көрсетеді;

қаржы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты құралы болып  табылады.

Қаржының табиғатын ақшаның қозғалысында анықтайтын қаржының бөлгіштік тұжырымдамасынан айырмашылығы ұдайы өндірістік түжырымдамасы бұл табиғатты ақша нысанындағы құн қозғалысында анықтайды. Мұндай ұстанымда қаржының іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді.

Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының  қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:

1) ақшалай табыстар мен қорларды  жасау;

2) ақшалай табыстар мен қорларды  пайдалану;

3) бақылау функциясы.

Қаржы көмегімен мемпекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнынының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясың - ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, бұл езінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйскті түрде сан алуан ақша қорлары — орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтаңдырылмаған (аймақтық жән жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т.б. жасалады.

Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші фунщиясы арқылы жүзсге асады, оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану түрінде жүзсге асады. Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.

Коммерциялық есеп пен  маркетинг операцияяарын жүзегс асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндсгі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады. Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады. Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге жәнс оларды мақсатты жүмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны, бір жағынан, жиынтық қоғамдық өнімнің, ең алдымен, таза табыстың бір бөлігінің қозғалысымен, оны бөлумен, ақша қорларын жасаумен және материалдық өндіріс процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттаумен және басқа жағынан, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасаумен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкіл ұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді. Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында.

Бақылау функциясы қаржылық бақылауда — жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.

Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумсн байланысты болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық болу процесіне мемлекет тарапынан бақылау жасаудың негізі болып таылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамасыз етілуі мүмкін емес.

Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық - қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау матсриал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабелділігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардың бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндсттемелердің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелерінің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын жинақталған түрде қамтып көрсететін түсім-ақша, табыс (пайда), рентабслділік, өтінімділік, айналымдылық, төлем қабілеттілігі, қор қайтарымы және басқалары сияқты талдап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер арқылы белгіленген нормалар мен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де, микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін бақылауға болады.

Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымсн және оның жай-күйімен, белгіленген нормадар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалуымен байланысты болуы мүмкін.

Қаржылық тәртіп оны  бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып мемлекеттік парызды сақтауға негізделген.

Қаржының бақылау функциясы  қаржы органдарының сан қырлы  қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы  жүйесі мен салық службасы қызметкерлері  қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау  процесінде, бюджст жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгерді.

Информация о работе Қаржы туралы жалпы түсінік