Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:01, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі кездс қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведомстволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдйы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, сңбекке ақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
қаржыяық-бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының (пайдасының) бір бөлігін мемлекеттік бюджеткс алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзегс асырылады. Осылайша қаржы жүйссі белгіленген төлемдсрдің бюджетке дер кезінде түсуін, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқынының орындалуына қарай берілуін бақылайды;
кредшптік-банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің (өнім, жұмыс, қызметгер көрсету үшін) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып, ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал ете алады. Ықпал етудің объективті алғышарттары екі мән-жаймен байланысты:
1. Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларына (өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.
2. Қаржының экономикалық
процестерінің катализаторы
Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипаталады;
о) сапа жағынан, бұл қаржының шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделеріне ықпалымен сипатталады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-тендігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
2.ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының
басқа экономикалық
Қоғамдық өнімді бөлу
процесі өте күрделі, мұның барысында
өндірісте жасалған құн шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Баға — жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы неғізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын қүннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нетижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол кұнның бір бөлігін (мысалы, акциздсрдің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның кұннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелстін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға — монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өңдірісі мен айналысының тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) мен сатып алу (басқа үшін). Тауарларды баламасыз сату кезінде "т"-нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауардың "с" және 'V ауқымы мен үйлесімі өзгереді.
Қаржы көмегімен шаруашылық
жоспарларымен және үйлесімдерімен
белгіленген құн қозғалысының шарттарын
ескерұ отырып бөлудің бағамсн басталған проц
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық
аударымдардың көлемін
Әсіресе инфляция жағдайында Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті. Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраным мен ұсынымды да реттейді, сөйтіп, ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін. Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелерімен тығыз байланысты үйлесіңде қалыптасады.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекі (айрықша) болады.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбеккс ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бір бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтарды, сақтандыру жөніндегі жарналарды төлеуі түрінде; несиелік әдіспен — банктерге салынған салымдар, мемлекеттік кдрыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотереялар өткізу жолымен жұмылдырылады.
Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:
1) қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;
2) қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына — еңбек құнына және оның ақшалай өтем ақысына қатысты.
Жалақы көмегімен V толық және т ішінара бөлінеді. қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлық ақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы — салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнімнің бір бөлігін бөледі. Еңбекке ақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі — жұмыс күшінің іс-қимылымен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтем-ақысының құралы қызметін атқарады, ал қаржы, бұдан басқа, өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байланысты. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып, пайдаланылады.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырады және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады. Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік
қорлардың (капиталдардын) толық айналымьшда екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және кердит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері больш табылады. Бірге үйлесе отырып, олар кәсілорындардың ақша қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит ресурстарының рөлі артатын болады.
Сонымен қатар қаралып отырған категориялардың арасында белілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін және қайта бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша бос болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады, бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдары мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құңды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану әдісі айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттарды өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық, мезгілдік, ақылық жағдайларында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидаты — берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыздығы.
Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар — аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға койылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың — бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі кдғидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
2.2 Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық, іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері жәнс қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.