Қаржы туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:01, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатгы жүзеге асырудың кұралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-эрекет етуінің ерекшеліктерін терең үғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғүрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Содержание

Кіріспе
1 ҚАРЖЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қаржы үғымы оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының мәні мен объективтік қажеттігі
1.3 Қаржының функциялары және рөлі
2 ҚАРЖЫ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2.2. Қаржы қатынастарының ресурстары мен қорлары
2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыу қағидаттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

ҚАРЖЫ.doc

— 200.00 Кб (Скачать документ)

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, ақциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының  қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор)—қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір кажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары — бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланылған" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыггылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

"Қаржы ресурстары" ұғымындағы оның екі жағын ажырата білгсн жөн.

1.  Шаруашылық жүргізу  практикасында "қаржы ресурстарының" ұғымы деп мемлексттің, кәсіпорыңцардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістсрі мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит рссурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

2.  Егер жиынтық  өнімнің (с+у+т) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда "қаржы ресурсының" ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндык, (ақша) нысанындағы жалпы коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының  да мүмкін болғанымен) негізінен арнаулы  мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзегс асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өңдірістің қажеттері негізіңде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбек ақысынан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). "М"элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі кезі болып табылады.

Қаржы ресурстарының  көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші  субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

жалпы ішкі өнім;

ұлттық байлық;

тартылған (қарыз) ресурстары;

Микродеңгейдегі қаржы  ресурстарының көздері:

меншікті қаржы ресурстарының  кездері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);

субъектінің сыртқы экономикалық қызметі; мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);

шаруашылық жүргізуші  субъектісінің меншікті қаражаттарына  теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы — қызметксрлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);

тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында — бағалы қағаздар, несие капиталдары және т.б рыногында қалыптастыратын қаражаттары): акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;

қаражаттарды қайта  бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру — қаражаттарды қайта бөлу әдісі).

Мыналар макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы — пайдасы; амортизациялық аударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер;

құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажетгіліктерін қамтамасыз етеді.

Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

1.  Мемлекеттік күрделі  жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру,өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады).

2.  Мемлекеттік кетере  сатып алу (оның көмегімен жиынтық  сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады).

3. Субсидиялар (өтеусіз  берілетін қаражаттар). Олардың мынадай  түрлері болады: демеу қаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспортгық сыйлықақылар (экспортталатынтауардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі).

4. Бірлескен кәсіпорындарға  жұмсалатын инвестициялар.

5. Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру. Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:

1) айналым каражаттарының  айналымдылығын тездету;

2) өндірісті қысқарту;

3)  тауар-материалдық  қүндылықтардың босалқы қорларын  қысқарту;

4) материал сиымдылығын қысқарту;

5) меншікті қаражаттарды  қарыз қаражаттарымен ауыстыру. Ұдайы өндірістік процесті жандандырудың маңызды аспектісі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Оны қаржы ресурстарының — орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ресурстары есебінен қамтамасыз ету — оларды пайдаланудың басым бағыттарының бірі. Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді — көлденең пайда болған қажеттіліктерді қаржыландыруды қалыптастыру үшін бөлінуі тиіс.

Ұдайы өндірістің мақсаттарын қамтамасыз етуден басқа қаржы ресурстарының едәуір көлемі басқаруға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, үкіметтік борышты төлеуге бағытталатынын білген жөн.

Қаржы ресурстарын  өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші - қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі — таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.

Екінші фактор — бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін - материал сиымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты — қаржы ресурстарының негізгі көзін — арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.

               2.3 Қаржы жүйесі және оны ұйымдастыру принциптері

 

"Қаржы жүйесінің"  ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады.

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз.

Сонымен бірге жалпы  институционалдық тұрғыдан алғанда  қаржы жүйесі бұл қаржы мекемелерінің  жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан —  ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен  өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін естен шығармаған жөн.

Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтгі. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек бір ғана буынмен — мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстын, көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын — мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырды.

Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мөнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:

1) қаржы қатынастарының  жиынтығы;

2) ақша қорларының жиынтығы;

3) басқарудың қаржы  аппараты.

Ақша қорларыньщ қозғалысына  байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші  субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.

Қаржы қатынастары негізінен  мына екі сфераны қамтиды: 1) мемлекеттік  бюджетке жинақталатын мемлекеттің  орталыктандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;

2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған  ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік  қатынастар болып табылады, оның үстіне құнды бөлу ең алдымен субъектілер бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды.

Қаржы жүйесі интеграциялық  тұрпатты жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) тығыз байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік срекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылык бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.                                                    

Қаржы жүйесін сыныптаудың  функциялық критерииінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекеттің қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үи шаруашылығының) қаржысына шектеуге мүмкіндік береді

Буындардын сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғары элементтері  болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы аппарат. Жүйелеудін мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементттерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.

Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.

Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Мемлекетгік бюджет орталық (Қазақстанда - республикалық) және жергілікті бюджеттерді (облыстардың, қалалардың, аудандардың бюджеттерін) кіріктіреді.

Информация о работе Қаржы туралы жалпы түсінік