Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, курсовая работа

Описание

Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. АҚША –ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР............................... РЕТІНДЕ...................................................................................................................3
1.1 Ақшаның мәні және пайда болу тарихы........................................................5
2. АҚШАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН .................................
ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН АГРЕГАТТАРЫ......................................................................................................8
2.1 Ақша түрлері, қасиеттері, ерекшеліктері және оның атқаратын қызметтері.........
2.2 Ақша агрегеттары............................................................................................16
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ.......19
Қорытынды............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26

Работа состоит из  1 файл

курсовая макроэкономика.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

Бұл қызметтің толық  бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар  атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады. Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен  ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

Айналым құралы – осы  қызметті ақша қолма- қол түрінде  атқарады, себебі олар нақты тауар  айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы  алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

Төлем құралы – бұл  қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.  Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады  және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

Әлемдік ақша – бұл  ақша алтын және өнеркәсібі дамыған  елдердегі тұрақты  валюта болып  табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның  айналым құралы емес, төлем құралының  рөлі бірінші орында болады.

бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу  үшін қолма-қол ақшаның болуы  қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның  қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін  сатып алынған немесе керісінше  болса, онда бұл жағдайда ақшалар  төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

І. Ақшаның қызметі.

-       Құн өлшемі

-       Айналыс құралы

-       Төлем құралы

-       Жинақтау және қорлану құралы

-       Әлемдік ақша

Экономикалық категория  ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік – экономикалық қатынастардың бірі жағын қарастырады. Қазіргі кездегі экономикалық әдебиетте қызметтердің саны жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Батыстың теория ақша қызметінің өте қарапайым және түсінікті үш түрін анықтайды: құн өлшемі, айналыс құралы және жинақтау құралы. Бірақ та басқаларға қарағанда оларды К. Марксв жақсы жүйеледі және суреттеді, ол жоғарыда аталған ақшаның үш қызметімен қатар барлығы тағы екі қызметін анықтады: төлем құралы және әлемдік ақша.

Демек, олар қазіргі кездегі  және нарықтық экономикадағы ақшаның  маңызы мен рөлін өте толық  ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.

Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы  және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі  болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ  та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ондай тауар болып алтын есептеледі, оны өндіру үшін құнды туындататын қоғамдық  еңбек шығындалады. Ақша мен тауар салыстыру үшін біртекті базаны иеленуіне байланысты, барлық тауарлар өзара салыстырмалы болады.

Ақшалар құн өлшемі қызиетінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгіілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.

Баға – тауарлар құнының  ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады.  Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі кезінде  ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тауар бағасына сәйкессіздігіне байланысты оның құны сөзсіз төмендейді. Құндары әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды бір масштабқа келтіру керек, яғни оларды бірдей ақша бірліктерімен сандық өрнектеу керек.

Айналыс құралы. Бұл қызметтің  маңызын тауар айналымының Т  – А – Т  классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып  айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет. Осыған байланысты айналыс құралы ретіндегі ақша үшін олардың құндық құрамы маңызды емес, яғни айналыс құралы ретінде ақша шынайы ақшалық тауардан бөлінуі мүмкін. Осының салдарынан айналыста шынайы толыққұнды ақшалар емес, қағаз ақша белгілері сияқты олардың орынбасарлары болуы мүмкін. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді.

2.2 Агрегаттар (латын. aggregatus - қосылған) - 1) макроэкономикалық агрегаттар — экономикалық агенттердің жекелеген операцияларының жалпылама қорытындысы, экономика жай-күйінің жиынтық статистикалық сипаттамалары. Агрегаттар, әдетте, ұлттық шоттар жүйесінде көрсетілетін теңгерімдік қорытындыларды қосу жолымен шығарылады (мысалы, жалпы ұлттық өнім (ЖҮӨ), ұлттық табыс);

Ақша агрегаттары —  ақша массасы құрылымының көрсеткіштері, бір-бірінен өтімділік дәрежесімен  ерекшеленетін ақша түрлері. Ақша агрегаттарның  құрамы елдер бойынша ажыратылады. Көбінесе М0 (айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі), М, (қолма-қол ақша мен талап етілмелі салымдардың көлемі), М2 (қолма-қол ақшаның, талап етілмелі салымдардың және аздаған мерзімді салымдардың көлемі), М3 (қолма-қол ақшаның және барлық банк салымдарының көлемі), L (қолма-қол ақшаның, салымдардың және бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің көлемі) Агрегаттары пайдаланылады.

Өнеркәсібі дамыған  елдердің қаржылық статистикасында  мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

М1 – айналыстағы нақты ақшаларды және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2 – М1 + коммерциялық банктегі мерзімді және жинақ салымдары ( 4 жылға дейінгі );

М3 – М2 + арнайы несиелік мекемелердегі жинақ салымдары;

М4 – М3 + ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттар;

Қазақстан Республикасының  ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

•  М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;

•  М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;

•  М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;

•  М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

Ақша массасы бірнеше  жолмен өсуі мүмкін:

• банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.

• Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;

• мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен

• Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;

• чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);

Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымындағы  сандық өзгерістерді талдау үшін, сол  сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс - шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ондай көрсеткіштер ақша агрегаттары деп аталады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты, қалыпты болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына  байланысты өзгереді.

Ақша агрегаттары бір  – бірінен өтімділігі бойынша ажыратылады. Ең өтімділігі жоғары агрегат болып  М0 ( қолма – қол ақша ) саналады. М1 – дің өтімділігі М0 – ге қарағанда азырақ, бірақ М2 – ден жоғары.

М2 ақша агрегаты қолма  қол ақша  және қолма – қол  емес құралдар арқылы анықталады, өз кезегінде олар халықтың жинақ жасауымен және заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтармен тікелей байланысты. Яғни, бұдан мынадай ойға келуге болады: халықтың жинақ жасау үрдісі интенсивті түрде жүрсе, халық банктерге сенеді және өз ақшаларын солардың шоттарында ұстаса, онда Орталық банк ақша массасын көбейте алады.  Ендеше халықтың жинақтар жасауы жаңа ақшалардың пайда болуын қамтамасыз ету функциясын атқарады деп айтуға болады.

Әр елдегі ақша агрегаттарының құрамы бірдей емес. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін төрт ақша агрегаты қолданылады, сондай – ақ М2 –нің құрамына  бір күндік операциялар бойынша бағалы қағаздар, ақша нарығының депозиттік шоттары, Ал М3 –ке М2 –ге қосымша ретінде қазынаның қысқа мерзімді вексельдері, коммерциялық банктермен жасалатын сатып алу туралы жедел келісімшарттар кіреді. Ал Жапония мен Германияда үш ақша агрегаты қолданылады. Англияны айтатын болсақ, онда бес ақша агрегаты қызмет етеді.

Енді осы ақша агрегаттарының әр қайсысына бөлек – бөлек  тоқталып өтейік.

М1 ақша агрегатына қатысты бірегей көзқарас бар, оған айналыстағы нақты ақшалар мен мерзімсіз депозиттерді жатқызады.

Кейбір елдерде бұған  барлық ағымдағы салымдарды, мысалы, Ұлыбританияда  тек олар бойынша пайызбен есептелмейтін  депозиттерді ғана жатқызады. АҚШ –  та сондай – ақ М1 агрегатына банктік емес мекемелермен шығарылғанаккредитивті, Жапонияда - 7 күн бұрын алдын ала хабарлауға жататын депозиттерді де жатқызады.

Негізінде, М1 агрегата айналыстағы  ақша массасының « тар » көрсеткіші болып табылады. Бірақ, соған қарамастан, ол өте маңызды, себебі ол ақшаның төлем құралы функциясымен тығыз байланысты. Ол жеке сектордың барлық өтімді қорларлануын қамтиды. Осы уақытқы дейін М1 агрегаты пайыз ставкасының және халықтың өтімділікті таңдауының арақатынасы деп саналды. Себебі М1 агрегатына жататын активтер ешқандай пайыздық табыс әкелмейтін. Өкінішке орай қазіргі кезде бұл заңдылық пайыздық табысы бар ағымдық шоттардың пайда болуына байланысты бұзылған.

М2 және М3 агрегаттарын анықтау  барысында елдер арасында мәнді  айырмашылықтар бар.

Францияда М2 агрегатына М1 агрегатымен қоса, төрт жылға дейінгі  мерзімсіз депозиттер;  АҚШ - та жинақ  шоттарындағы қалдықтарды, ақша нарығы қорларының акцияларын, АҚШ – ғы банктерде және шетелдегі банктердегі  АҚШ резиденттерінің еуродолларларын; Ұлыбританияда – чек шығаруға болатын депозиттерді, бір ай бұрын хабарлайтын депозиттерді жатқызады.

М3 агрегаты М2 агрегатынан  басқа: Францияда резидент еместердің ақшалай активтерін: мерзімді депозиттерді, кассалық бондар және қаржы мекемелерінің  депозиттік сертификаттарын; Германияда жинақ депозиттерін; Ұлыбританияда мерзімді депозиттік сертификаттарды, валютадағы депозиттер мен сертификаттарды жатқызады. Яғни М3 агрегаты ақша массасының « кең » көрсеткіші болып табылады.

М3 агрегаты мемлекеттегі халықтың сатып алу қабілетінің толық соммалы көрсеткіші деп санауға болады. Сондықтан мемлекет көп жағдайда осы агрегатты пайдаланады және айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қолданады.

 Сонымен, барлық  ақша агрегаттары иерархиялық  жүйеге тізбектеледі: әрбір келесі агрегат өзінің алдындағы агрегатты қосып алады.

Информация о работе Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары