Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, курсовая работа
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. АҚША –ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР............................... РЕТІНДЕ...................................................................................................................3
1.1 Ақшаның мәні және пайда болу тарихы........................................................5
2. АҚШАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН .................................
ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН АГРЕГАТТАРЫ......................................................................................................8
2.1 Ақша түрлері, қасиеттері, ерекшеліктері және оның атқаратын қызметтері.........
2.2 Ақша агрегеттары............................................................................................16
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ.......19
Қорытынды............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
Ал енді Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарын көрсетейік:
М0 – айналыстағы қолма – қол ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша;
М1 – М0 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері;
М2 – М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері;
М3 – М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері;
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.
Ақша массасының негізгі
компоненті – ол ақша базасы. Ақша базасы
міндеттемелерге жататын
МВ = СІС + RR + DCB
Мұндағы:
CIC – айналыстағы нақты ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттарындағы қаражаттары;
Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:
3.Қазақстандағы ақша саясаты.
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Мемлекеттің ақша-несие
саясаты нақты сектордың дамуын
Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді.Осылай ол несие сұранысына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.
Мемлекеттің экономикалық
саясаты монетарлы деп аталады,
негізінен ақша-несие
Біздің экономиканың 80 жылдардың соңы мен 90 жылдардың басы, дағдарыстық жағдайда болды. Әсіресе КСРО- ның ыдырауы және Қазақстанның әлемдік экономикаға бірден бір мүшесі болып енуі, халық шаруашылығын нақты басқарудың басты мақсаты болып табылды. Нарықтық экономика жағдайында, бұл ақша несие саясаты арқылы іске асады.
Ақшаның және несиелік қатынастардың проблемалары экономиканың өтпелі кезеңінде актуалды болып келеді. Бұл әлеуметтік экономиканың және саяси қоғамдық қайта құрылулармен байланысты. Әлеуметтік экономиканың қатынастарының трансформациялануы, соңғы жылдары Қазақстанда байқалған. Ақша несие саясаты реттеудің және ақша несие саясатының жаңа ұйымдастырушылық аспектілерді оқып білуіне қажеттілік туғызды.
Қазіргі кездегі экономистер ақша несие саясатын демократиялық қоғамға қажетті, ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеудегі ең қолданбалы құралы екенің айтады.
Жоғарғы қорытынды мақсаты:
бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету;
толық жұмыспен қамсыздандыру;
ЖҰӨ нақты көлемін ұлғайту.
Ақша теориясы ақша несие саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету процессін зерттейді.
Бүгінгі біздің өмірімізге және бүгінгі күнгі Қазақстанға ақша несие саясатын оқып білу актуалды және қажетті. Қазақстанның ақша несие саясаты американдық, ағылшындық немесе басқа сол сияқты экономикасы дамыған елдерде жүргізілетін монетарлық саясаттай бола алмайды. Яғни бұл мәселе әлі де ұзақ зерттеуді қажет етеді. Ақша несие саясаты теориясы толық зерттелген, бірақ Қазақстанды экономикаға енгізілу процессінің зерттелуі әлі жалғасуда (яғни адаптациялануы).
Зерттелуге алынған тақырып бүгінгі күні актуалды, ол уақыт аралық басылымда шығарылатын көптеген монографиялық басылымдар мен публикациялармен дәлелденеді. Бірақ бұл ақша несиелік реттеу механизмінің толық зерттелгенің және жетілген жүйе екенің көрсетпейді.
Бар проблемалар бүгінгі күнгі ақша несие саясатының жағдайын анықтайды және мақсатының құрылуына ықпал етеді.
Менің жұмысымның зерттеу объектісі болып, ақша несие саясатының Қазақстанда құрылу мен өткізу процессі.
Ал жұмысымның мақсаты болып, ақша несие саясатының теориялық және практикалық аспектілерін зерттеу мен ақша несие саясатының қазақстандағы бүгінгі күнгі этап дамуындағы құрылуы және өткізілу процессін зерттеу.
Қойған мақсатқа жету бірқатар проблемаларды қарастыруды және келесі міндеттемелерді шешуді қажет етеді:
- ақша несие саясатының экономикалық негізін ашу;
- ақша несие саясатының реттеу механизмдерін зерттеу;
- ҚРҰБ жүргізген ақша
несие саясатының негізгі
- Ақша несие саясатын жүргізудің негізгі құралдарын қарастыру;
- ҚРҰБ ақша несие
саясатының негізгі бағытын
Жұмысымның негізгі мәлімет көзі болып: ҚР заңы, ҚРҰБ Басқару қойылымы, қазақстандық және шет ел авторларының еңбектері, уақыт аралық басылымдар мен семинар материалдары.
Ақшаның кез келген тауарларға теңгерілуі (эквивалент болуы) неліктен? Ол ақшаның тауар өндірісі жағдайында құн өлшемі қызметін атқаруынан. Бұл ақшаның алғашқы қызметі. Ақша қоғамда ең алдымен өндірілген барлық тауарлардың құнын өлшейтін құрал, яғни ол тауарлардың бағасын белгілегенде айырбас құралы қызметін атқарады. Себебі әр түрлі тауарлардың құны бір-бірімен теңгермелі, ал сан жағынан салыстырмалы. Бірақ тауарда болатын ішкі қарама-қарсылық өндіріс кезінде тікелей құнның көрінуіне мүмкіндік бермейді. Тауардың құны тек айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен ғана көрінеді. Алайда тауарларды бір-біріне теңестіретін ақша емес, керісінше, толыққұнды ақшаны (алтынды) қоса алғанда бүкіл тауарларды өндіруге жұмсалатын қоғамдық еңбек қана айырбаста тауарларды теңгермелі етеді. Тауарлар құнының алтынмен өлшенетін себебі оны өндіруге өнімнің құнын құрайтын көп қоғамдык еңбек жұмсалады. Тек өз құны бар тауар ғана құн өлшемі бола алады. Ақша еңбектің табиғи өлшемін (жұмыс уақытын) емес, осы еңбекпен құралатын құнын көрсетеді.
Сонымен ақшаның бірінші атқартын қызметі - ол өндірілген өнімнің құнын өлшеуші құрал. Тауар құнын өлшеу үшін алтын ақшаның қолда болуының қажеті жок. Ақша құн өлшемі қызметін колдағы ақша емес, қиялдағы, яғни ойдағы ақша ретінде орындайды. Себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұрудың қажеті жок, себебі еңбек өнімі ойда бағаланады. Сондықтан тауарларды біріне-бірін теңгеретін ақша емес, ақшаның көмегімен барлық тауарлар өзара теңгермелі. Себебі ақша сияқты басқа тауарлар - адам еңбегінің өнімі, ол өнімдерді біріне-бірін теңестірудің бірыңғай негізі - абстрактылы еңбек.
Тауардың ақша болып көрінетін құны - тауар бағасы. Баға деген құнның ақшалай көрінетін бейнесі. Енді өндірілген өнімнің құнын ақшамен анықтау керек делік, яғни оны айырбасқа түсіру үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану қажет. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың (алтын, күміс, мыс) мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета (шақа) соғылған кезде баға масштабы онын салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты баға масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.
Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметі мен баға масштабының арасында айтарлықтай өзгешіліктер бар. Құн өлшемі - ол ақшаның экономикалық қызметі, яғни құн өнімді шығаруға жұмсалған еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен - құқықтық сипаттағы техникалық құрал.
Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан металл (алтын, күміс) ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятынын айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтык бағаға негізделіп жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Соның негізінде ақшаның кұн өлшемі қызметі жүзеге асады.
Ақшаның тауар айналысында атқаратын екінші қызметі - айналыс құралы. Басқаша айтқанда, тауарлар бір-бірімен айырбасталғанда ақша делдалдық қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан кейін тікелей тауар айырбастау (Т-Т) тауар айналысы (Т-А-Т) формасына айналады. Бұнда екі акт бар: біріншісі Т-А - ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі А-Т - ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды бейнелейді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда:
Біріншіден, Т-А - процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді.
Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керек тауарды сатып алуға мүмкіндік туады.
Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып (Т-А), керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.
Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген айырбас актілері араласып, түйісіп біртұтас тауар айналысы процесін (T-A-T1 A1-T2-A2) құрайды. Осы процестер барысында ақша бірінші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп ақша айналысын құрайды. Сөйтіп, ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу-сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді. Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты 2007ж бастап валюталық операцияларды жүргізуге шек қою мен ұлттық валютаның толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау.Бұл үшін келесі жұмыстарды жасау қажет.Біріншіден, валюталық операцияларды жүргізу барысында тәуекелді хеджирлау құралдарын қолдану үшін жағдай жасау.Екіншіден, ақша-несие саясатының мақсаттары мен сыртқы шоктарды реттеу үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту.Үшіншіден, реттеудің халықаралық принцптері мен қаржылық мекемелердің валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады.Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Қорытынды.
Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Информация о работе Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары