Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 18:21, курсовая работа

Описание

Сөйтіп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, бақалшақ, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай – ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу – сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1. АҚША –ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ЭКВИВАЛЕНТ ТАУАР............................... РЕТІНДЕ...................................................................................................................3
1.1 Ақшаның мәні және пайда болу тарихы........................................................5
2. АҚШАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН .................................
ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН АГРЕГАТТАРЫ......................................................................................................8
2.1 Ақша түрлері, қасиеттері, ерекшеліктері және оның атқаратын қызметтері.........
2.2 Ақша агрегеттары............................................................................................16
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ.......19
Қорытынды............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26

Работа состоит из  1 файл

курсовая макроэкономика.doc

— 172.50 Кб (Скачать документ)

Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның  барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі  қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде  тауар қозғалысымен бір уақытта  тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін  формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы  тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның  қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше  болса, онда бұл жағдайда ақшалар  төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық  бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. Мамыров Н. Қ, Тілеужанова М.Ә «Макроэкономика»,оқулық 2003ж.
  2. «Макроэкономика» Тілеужанова М.Ә
  3. «Экономикалық теория»,2003
  4. Internet -  google.

Информация о работе Ақша және оның функциялары. Ақша агрегаттары