Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Егер ел ішінде ақша мемлекет тарапынан заңдастырылған ұлттық ақша формасында әрекет етсе, онда оның шекарасынан тыс жерде К. Маркстің пікірінше «ақша өзінен ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы – бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».
Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын кредиттік ақшалар айналымда жүрген кезде, әлемдік ақша нарығына ақшаның шығуы және әлемдік ақша ретінде әрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.
Қазіргі таңда айналымда алтын құймалар және еркін айырбасталымды валюта түрінде қолданылады. Бірақ та ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап олар төлем құралы ретінде еркін айырбасталатын валюта мен ығыстырыла бастады,яғни ондай шет елдік валюталарды барлық басқа мемлекеттер тарапынан еш тоқтаусыз қабылдайды. Мұндай валюталарға американдық доллар, евро және фунт стерлинг жатады. АҚШ доллары қазіргі кезде Қазақстанның әлемдік нарығында кең қолданылатын төлем құралы болып табылады. Барлық төлемдердің 20 пайызға жуығы евро, басқа валюталар арқылы жүзеге асырылады. Барлық мұнай, металл долларға экспортқа шығарылады.
Әлемдік ақша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқанда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шығару, қарыз берудің арнайы құқықтары (СДР); Ортақ нарық елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол ХХ ғасырдың 90-жылдарының соңында евроға ауысты. Жаппай сатып алушылық құралы толыққұнды әлемдік ақшалар елдер арасында өзара қарым-қатынастар және есеп айрысулардың қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шықпауы) Мысалы, ХХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанда астақ өнімдерді шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.
Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге кредит ұсыну.
Егер елдің төлем балансы активті болса, яғни экспорт импорттан басым болса, онда еркін айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруға бағытталады, егер төлем балансы теріс болса, онда керісінше, резервтердегі айырма жабылады.
Біз қарастырғанда ақша қызметтері бір-бірімен өзара байланысқан, бір-бірін толықтырады және жаппай балама ретінде ақшаның біртұтас мәні айқындалады. Олар тығыз байланыста және бірлікте болады. Логикалық және тарихи тұрғыда әрбір келесі қызмет алдыңғылардың танымал дамуын алдын ала көрсетеді. Ақша қызметтерінің өзара байланысының негізі болып құн өлшемі ретіндегі ақша қызметі есептеледі. Бұл өте орынды, өйткені ақшаның бұл қызметі анықтауыш болып саналады. Ақшаларда бұл қызмет болмаған жағдайда барлық басқа қызметтер өз рөлін іс жүзінде толыққұнды атқара алмайды.
1.3 Ақша айналымы және оның құрылымы. Ақша айналысы
Ақша айналысы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық немесе тауарлық емес фирмада болатын өндірістік және тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметті ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ, ақшаның көмегімен кредит мен басқа ресурстары қалыптасып, қата бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынасында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдада есеп аырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен қолма-қол ақша қозғалысы бір-бірімен өзара тығыз әрекеттесіп, біріңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшала жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарларымен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру мақсатында оларға еңбекақыны төлеу үшін пайдаланады. Жалпы ақша айналымның көп бөлігін – ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен және қайта бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді. Тауарларды өндіру мен өткізу процесінде қалыптасатын шаруашылық органдардың таза табысы мен айналымнан алынатын салыққа бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің табысына айналымнан алынатын салық пен пайданың бір бөлігі толық аударылады. Халық та өз табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджеттің табысына аударады.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысын пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруға жүзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің кредиттік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны кредитлеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, жылу энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымы қолма-қол ақша айналымына және қолма-қол ақшасыз айналымға бөлінеді.
Сонымен, ақша айналымы төлеу құралы және айналыс құралы қызметінде төлемдердің ақша арқылы жүзеге асатын процесінде қалыптасатын кәсіпорындардың, шаруашылық, мемлекеттік, жеке және кооперптивтік ұйымдардың, қаржы және кредит мекемелерінің, халықтың қаражаттар жиынтығын білдіреді. Қолма-қол ақшаның көмегімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібімен жүзеге асырылатын жоғарыда аталған әрі әлі атала қоймаған барлық ақшалай төлемдердің жиынтығы ақша айналымының мазмұнын құрайды.
Экономика тиімді басқарылғанда ғана ақша айналымын дұрыс ұйымдастыруға болады. Ақша айналымы экономикаға оң әсерін де, теріс әсерін де тигізуі ықтимал. Шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі мемлекеттің біріңғай эмиссия, кредит, есеп айырысу орталығы болып табылатын ҚР Ұлттық банкке ақша айналымын шоғырландырып басқаруды беру дұрыс мақсатқа лайықтығын дәлелдеп берді. Ол елдегі ақша айналымы мен ақша айналысына жауапты ұйым.
Ақша айналымы мынадай
принциптердің негізінде
Мынаны айрықша айта кету керек, ақша өзінің айналысында қолма-қол ақша айналысынан қолма-қол ақшасыз айналысқа және осыған керісінше қолма-қол ақшасыз айналыстан қолма-қол ақша айналысына ұдайы өтіп отырады. Мәселен, банкке қолма-қол ақшамен берілетін сауда ұйымдарының түсімі олардың есеп айырысу шарттарында қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айналады, олар осылайша өз жабдықтаушыларына ақша сомасын аудара алады. Соңғысы өз шоттарына кеп түскен бұл ақша сомасын жұмысшылар мен қызметкерлердің қолма-қол ақшасымен еңбекақысын төлеу үшін пайдаланады.
Ақша банк кассасынан шаруашылық органдардың кассасына, шаруашылық органдардың кассаларынан халыққа, халықтан сауда-саттық, тұрмыстық, көліктік кассаларға және мекемелерден банк кассасына түсіп, ұдайы ауыспалы айналым жасап, қозғалыс үстінде болады. Мұның бәрі ақша айналымының біріңғай болатынын көрсетеді. Біріңғай ақша қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар да және қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдаланылады.
КСРО тұсында « ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналысы тек қолма-қол ақшаның қозғалысын ғана қамтиды, ал ақша айналымына қолма-қол ақша қозғалысы да, қолма-қол ақшасыз айналымы да кіреді. Ақша айналымы ақша айналысына қарағанда сыйымдылығы жоғары, яғни мағынасы кең ұғым болды.
КСРО-ның құлауына байланысты бағаның еркіне жіберілуі, орталықтандырылған басқарудан нарықтық қатынасқа көшу барысында ақша айналымы мен ақша айналысы арасындағы айырмашылық жойылып, қолма-қол ақша қозғалысын және қолма-қол ақшасыз айналымды бір-бірінен ажырату мүмкін болмай қалды.
Бұл қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіпкерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орны алды.
Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары бір-бірімен осылайша теңесті. Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттарына қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалыс болып табылады.
Ақша айналысы екі формада бөлінеді: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстінде, қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай мәселе болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.
Алайда ақша айналысы
тек тауар айналысының
Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.
Ақша айналыста жүріс, бірде айналыс құралының (қолма-қол) қызметін, бірде төлем құралының ( қолма-қол) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табылады, яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.
Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.
Қолма-қол ақшасыз айналыс және оны ұйымдастыру. Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемердің жиынтығын білдіреді.
Қолма-қол ақшасыз айналым екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.
Айналымның тауарлық
қолма-қол ақшасыз айналыс құра
Тауарға қатыссыз қолма-қол
ақшасыз айналымда
Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; кредитті өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.
Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз қажет. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің жәнеқаржы-кредит мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, коммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшадан пошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады, сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.