Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].
Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45
Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49
Банк жүйесінің өтімділікті реттеудің қосымша құралы тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізу болып табылады. Болашақта бұл операциялар банк жүйесінің өтімділігіне ықпал ететін негізгі құралдар болатыны күтілуде.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген 1 қаңтардан бастап күшіне енетін соңғы өзгерістерге сәйкес, Ұлтты банктің негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан алдағы уақытта Ұлттық банк инфляция бойынша бағдарларды ғана белгілейтін болды. Тиісінше, Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы бойынша бағдарларды белгілемейді және ішкі валюта рыногында теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерінің алдын алу қажет болғанда ғана барынша аз қатысатыны болмаса, оны қалыптастыруға қатыспайды.
Теңгенің айырбас бағамының өзгеру қарқыны төмен және тұрақты болуы экономикадағы жағдайдың тәуір екендігін көрсетеді. Осы орайда таяу перспективаға Г.А. Марченконың сөзіне сүйенсек: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға енгізілген өзгерісткрге сәйкес Ұлттық банктің негізгі мақсаты – осы жылдан бастап Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
Ұлттық банк сыртқы рынокта
қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі
қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі
айырбас бағамының режимін
Соңғы жылдары экономиканы комплексті реформалау арқасында Қазақстанның қаржы секторы ТМД елдерінің қаржы жүйесінің ішіндегі жоғары дамыған және ашық болып табылады. Қазіргі кезде қаржы секторын дамыту концепциясы жүзеге асырылып келеді.Оның мақсаты әлемдік, сонымен қатар ЕС стандарттарын енгізу.Сонымен қатар тәелсіз және тиімді қаржылық қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық Банк жасалған.Оның жұмысы Орталық Банктің классикалық қызметтеріне бағытталған.
Орталық Банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, төлем жүйесінің жұмысын жасауын қамтамасыз ету, тұрақты қаржы жүйесін қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық Банктің негізгі мақсатарының ішінде ақша-несие саясатын халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк нарықтық пайыз мөлшерлемесін қадағалап отырады.Ақша-несие саясатының операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсілдері мен құралдарын оптималдау, трансмиссиондық механизм моделін құрастыру және инфляциялық таргеттау принципіне өтуге дайындақты жалғастырады.
Келер жылдары экономика қызып кету қаупі , мемлекеттік бюджет шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатандауына әкелуі мүмкін.
Ақша-несие саясатының бсқа негізгі мақсаты капитал қозғалысымен бацланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007ж 1 қаңтарынан бастап валюталық режимнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режимін либерализациясын
реттеудің негізгі мақсаты 2007ж
бастап валюталық операцияларды
жүргізуге шек қою мен ұлттық
валютаның толық
Қорытынды
Қорыта келгенде, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фаза болып табылмайды. Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, металл бұйымдары және тағы басқа. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттілігінің себептерін түсіндіреді.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір тауарға тікелей айырбасталуы (Т – Т) біржола тауар айналымына (Т – А – Т ), яғни ақша арқылы тауар айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақшалар.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда. Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он жеті жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.
Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.
Жалпы, ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:
- жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы және жаңа валюта негізу туралы хабаралау;
- қалыпқа келтіру,яғни ақшаның бұрынғы алтындық құрамын немесе валюталық бағамын қалпына келтіру;
- деноминация, яғни «нольдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.
Қазақстанда 1922-1924 ж.ж.,1947 жылы ақша реформалары ,1961 жылы баға масштабын өзгерту, 1993 жылы ҚР-ң ақша рыформасы болды. Әрбір егемен мемлекеттің өзіндік отрибутикасы болады. Оған ту, елтаңба, әнұран және ұлттық валюта жатады.Ұлттық валюта тәуелсіз егемен мемлекттің міндетті рәміздерінің бірі болып табылады.Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді.Ұлттық валюта кез келген елдің өткен тарихын, бүгінгі күнін және келешегін бейнелейді. Ал Теңгенің ҚР Ұлттық Валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады. Осы айтулы күнге орай, белгілі сәулетші , суретші дизайнер , ұлттық валюта – теңгені жасаушылардың бірі Хайроша Ғабжәлелов баспаға әзірлеп , қазақ және орыс тіліндерінде құрастырған «Теңге » атты көлемді кітабы жарық көрді.
Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша «Теңге» Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі» деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.
1997 ж. 6 наурызда «Заң
күші бар, Қазақстан
Қазақстан Республикасында инфляциялық үдерістерді реттеу жөніндегі 2008-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, аймақтарда бағаны тұрақтандыратын азық-түлік қорлары жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі жеке құрылым болып жасақталды. Азық-түлікке баж салығын уақытша азайту және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішкі өндірісін ынталандыру сияқты фискальді шаралар қабылданды.
Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылдың қаңтар — маусымындағы инфляция деңгейі 2007 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,7%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1%-ға (4,6%) жоғары.
Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқының ұстауға бағытталған.бұл жұмыстарды жасау үшін ақша базасының деңгейін реттейді. Орталық Банк “қалқып жүретін айырбас бағамы’’ саясатын жалғастырады. Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін женілдету мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді. Орталық Банк интегралды қоғамдастықтар шегінде, ЕврАзЭС пен ТМД сияқты, төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыстарын жалғастырады, сонымен қатар Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті қалыптастыру мақсатында мемлекет және ведомствоаралық топтардың жұмысына араласуды ойлайды.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
2. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы 1996ж
3. Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті», 2006.
4. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001
5. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы «Экономика», 2005.
6. Ғабжалелов Хайролла. Теңге. Алматы,2003
7 . Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
8. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман, N 9- 2005
9. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2009-2011 жылдарға арналған экономикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы
10. ҚазАқпарат // www.govervment.kz
11. Қаржы министрі Болат Жәмішовтің «Айқын» газетіне берген сұхбаты//«Айқын» 06.05.2008
12. «ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында
ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары
Д. Ақышев ақша реформасына қатысты ел
арасында айтылып жүрген әңгімеге орай
білдірген пікір» //ҚазАқпарат//www.govervment.
13. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік
– экономикалық даму қорытындылары және
2008 жылғы екінші жартыжылдыққа қойылатын
міндеттер жөніндегі қысқаша анықтама//ҚазАқпарат// www.
14. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. «Елорда» — 2002 ж.
15. Б.А.Көшенова «Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары». Алматы,2000 ж.
16.С.М.Найманбаев «Қазақстан Республикасының Қаржы құқығы». Алматы,1994
17. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР-ның Конституциясы
18. Б.А.Көшенова «Ақша,несие,банктер,валюта қатынастары».Алматы,2000 ж.
19. Жақашев Б. Ақша айналысы. Тараз, 2004
20. Е.Ф.Жуков «Деньги,кредит,банки».Москва,
21. В.И.Тарасов «Деньги,кредит,банки».Учебное
пособие. Минск, 2003 г.
22. Б.А.Көшенова «Ақша,несие,банктер,валюта
қатынастары». Алматы,2000 ж.
23. И.Худяков «Финансовое право РК».Общая
часть. Алматы,2001 г.