Ақшаның пайда болуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген[1,2б].

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................................5
1. Ақшаның қажеттілігі мәні, түрлері және айналымының теориялық негізі..............8
1.1 Ақшаның экономикадағы рөлі...................................................................................16
1.2 Ақшаның қызметі мен функциясы............................................................................17
1.3 Ақша массасы және айналым жылдамдығы.............................................................25
2. Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары....................................................................................................................33
2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері.........................36
2.2 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.......................................................42
3. Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің жетілдіру жолдары...........................45

Қорытынды........................................................................................................................47
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................................49

Работа состоит из  1 файл

курсавой шыгаратын new (2)ghb.doc

— 391.50 Кб (Скачать документ)



 

 

 

 

 

 

 

 

 

2012 жылдың ақша агрегаттарының көрсеткіші

Дерек көзі: www.stat.kz

 

Ақша айналысының жылдамдығы. Ақша айналысының жылдамдығы – бұл  айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша қозғалысының қарқын алуын әрі бір жалдағы ақша массасының айналым жылдамдығын, яғни айналымның жыл ішіндегі  жылдамдығын білдіреді.

Ақша массасының әрбір  айналымы табыстың жұмсалуына қызмет етеді. П. Самуэльсонның пікірінше, ақша айналысының жылдамдығы табыс айналысының жылдамдығын көрсетеді.

ҚР Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын екі  көрсеткішке қарай анықтайды: Ұлттық банк мекемесінің кассасына ақшаның  қайтарылу жылдамдығы. Бұл айналымдағы  орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына түсетін ақша соммасының қатынасы ретінде анықталады. Қолма-қол ақша айналымдағы ақшаның айналым жылдамдығы.  Ол Ұлттық банктің кассасына түскен және шыққан ақшаны, оған «Қазпошта» АҚ айналымын қосып есептегендегі соманы жылдық айналымдағы ақша массасына бөліп анықтайды.

Айналым жылдамдығының  өзгерісі жалпы экономикалық және  монеталарлық сипаттағы көптеген факторларға  тәуелді.

Жалпы экономикалық сипаттағы  факторға: экономиканың кезеңдік дамуы, экономикалық өсімнің темпі, бағаның  өзгеруі және т.б. жатады.

Монетарлық факторға қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз  айналымдардың арақатынасы, кредиттік  операциялардың және өзара есеп айырысулардың  дамуы, ақша және кредит нарықтарындағы пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі, ақшалай  есеп айырысудың электрондық құралының пайдаланылуы, халықтың әл-ауқат деңгейі және т.б. кіреді.

Басқадай тең жағдайларда  ақша айналымының жылдамдығы арттырылатын қосымша ақша массасының айналымға  шығарылуын қажет етеді.  
   Ақша массасы талданғанда экономиканың айналымдағы ақшаның массасын арттыратын мүмкіндіктерін анықтайтын ақшалай мультипликатор  көрсеткіші пайдаланылады. Ол М2 айналымындағы жиынтық ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептеледі.

Айналымдағы ақша массасын сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштер елдің ақша  шаруашылығын кешенді талдауға мүмкіндік тудырады. Бұл ҚР Ұлттық банкісіне өзі жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуіне жағдай жасайды.

Ақша массасы банкнот  пен монета эмиссиясы есебіне, Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді кредиттеу есебінен, Ұлттық банктің алтынды, шетелдік валюталарды және мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алуы арқылы, Ұлттық  банктің бюджет тапшылығын жою үшін үкіметке беретін кредиттің есебінен, екінші деңгейдегі банктердің депозиттердің негізінде кредит ақшаны шығарудың, яғни экономианы кредиттеу жолымен артады.

Ақша массасын арттыратын факторлардың ішіндегі осы соңғысы  кейінгі жылдары Қазақстанда  маңызды мәнге ие болып жүр. Коммерциялық банктер 1999-2004 жылдар аралығында экономиканы қарқынды түрде кредиттеді. Осы уақыт аралығындағы кредиттің үлес салмағы банктердің  активтік операциясында 60%-ға дейін жетті.

Ұлттық банк бұл процесті депозиттердің міндетті резерв нормаларын белгілеу арқылы реттейді. Нормалар арттырылатын болмаса – кредиттеудің мөлшері қысқартылады, егер нормалар кемісе – осыған керісінше жағдай орын алады. Көріп отырғанымыздай, ақша массасының мөлшері өз кезегінде ЖІӨ мөлшерінің болжалды өсіміне, ақшаның айналыс жылдамдылығына және инфляцияның деігейіне  бағдарланатын Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-кредит саясатына тікелей тәуелді.

 

 Кесте 3

 

Жылдар

ЖІӨ іс жүзіндегі бағада, млрд теңге

Жыл аяғындағы МЗ, млрд тенге

ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %

2000

1014,2

115,7

11,4

2001

1415,8

135,0

9,5

2002

1672,1

173,0

10,3

2003

1733,3

148,5

8,6

2004

2016,5

273,9

13,6

2005

2600,0

397,0

15,3

2006

3250,6

376,0

17,7

2007

3747,2

764,9

20,4

2008

4449,8

969,9

21,8

2009

5542,5

1650,1

29,8

2010

6867,0

1881,3

27,4

2011

9738,8

3716,0

38,2

Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша құрылған.




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстандағы ЖІӨ мен  ақша көлемінің қатынастары

Әлемдік тауар нарығында  Қазақстан экспортының негізгі  тауарларына бағаның өсуі отандық  өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне  мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

 

 

ІІ. ҚР ақша жүйесінің қазіргі жағдайы және проблемалары

 

         2.1 Қазақстан Республикасында ақша жүйесінің заңдылық негіздері

1993 жылдың қарашасында  теңгенің айналысқа шығарылуы  біздің жас тәуелсіз республикамыздың  жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың  бірі болып табылады. Ол еліміздің  тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.

Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін  қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие  секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.

Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.

Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.

1991 жылы Қазақстан  нарықтық қайта құруды жүзеге  асыра бастады. Алайда, сол кезде  жұмыс істеген бірыңғай ақша  жүйесі тұрақсыз болды. Жас  мемлекеттер бірінен соң бірі  өздерінің ұлттық валюталарын  немесе уақытша ақша белгілерін  енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.

1993 жылы 3 қарашада Президенттің  Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны  енгізу жөніндегі мемлекеттік  комиссия ұлттық валютаны енгізудің  тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.

Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.

Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші  бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру –  ең маңызды шаруалардың бірі болды.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» және «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей  Жарлықтары шықты.

1997 ж. 6 наурызда «Заң  күші бар, Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығына толықтырулар  енгізу туралы», 1997 ж. 28 сәуірде «Қазақстан  Республикасындағы вексельдік айналыс туралы», 1997ж. 11 шілдеде «Банктік кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдары қабылданды.

Ұлттық валюта енгізілгеннен  кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Ең әуелі теңгеге  байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен  басталды. Содан кейін кеден, қаржы  қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін  кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.

Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.

Бұдан кейінгі жылдары  теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы – 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы – 3,25 пайыз болды.

Ұлттық валютаның тұрақтылығы  белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр [10,125б].

Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің — Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.

Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:

  • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар;
  • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған).

Кейіннен айналысқа :

  • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар ;
  • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар ;
  • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ;
  • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
  • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
  • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген).

Информация о работе Ақшаның пайда болуы