Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 13:20, автореферат

Описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Ағылшын және қазақ тіл білімдерінің сан-салалы теориялық ұстанымдары бүгінгі күнде аудармаға қатысты зерттеулердің негізгі бағыт-бағдарын анықтауға, маңызды қорытындылар шығаруға мүмкіндік беретіндіктен, бұл тілдердегі материалдарды бір-біріне шебер аударудың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіндік заңдылықтарын сұрыптау және осы тұрғыдағы жұмыстардың өзге ізденістер қатарында алар орнын нақтылау қажеттігі ғалымдардың алдына тың мәселелер қойып отырғаны даусыз. Осыған орай, ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берудің түрлі әдіс-тәсілдері де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер мен олардың қазақ тіліндегі баламаларын тексеру бүгінгі тіл білімінің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ. Себебі еліміз бүгінгі таңда түрлі халықтар арасындағы әдеби-мәдени байланыс пен дамудың дәнекері болып табылатын аудармаға, соның мәселелеріне үлкен мән беруде.

Работа состоит из  1 файл

аударма тран.doc

— 284.00 Кб (Скачать документ)

Қолымыздағы материалдар негізінде ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің төмендегі модельдер бойынша жасалған мысалдарын қарастырып көрейік:

- N+N моделі-екі зат есім түбірлерінің бірігуі арқылы: hand paper, tear gas, piano keys, painter-lover, workforce, bird-dog, boat-ride, sunbather, oak tree, coffee time, cough drops, air-rifle, motorcycle, killer shark, cane sugar;

- A+N+Suf-ed моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі+-ed сын есім суффиксі: long-legged, grey-haired, black-eyed, lean-faced;

- Num.car+N моделі-есептік сан есім түбірі+зат есім түбірі: ten-year,            two-room (екінші компонентіне еркін тіркестердегідей –s қосымшасы жалғанбайды), three-star, one-step, five-year, two-foot, three-hand, three-corner, four-square;

Num.car+N моделінен  a) Num.car+N=N,  яғни есептік сан есім түбірі +екі зат есім түбірлерімен байланысқан шағын моделі жасалатын жолы бар: five man crew, five-year period, one-step dance, three-star brandy;

- Num.ord+N моделі- реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі: second-hand, first-rate, second-class, first aid, first-hand, first cousin, first-night;

Num.ord+N моделінен төмендегідей шағын моделі жасалады:

a) Num.ord+N=N реттік сан есім түбірі+зат есім түбірі зат есіммен байланысқан шағын моделі: second-hand shop, first-year-student, hundredth-year goods, first-hand newspaper;

- N+A моделі-зат есім түбірі+сын есім түбірі: world-wide, blood-thirsty, crush-proof, paper-thin, grass-green, bony-dry, worldwide, penny-wise, pound-foolish, trigger-happy, knee-high;

- N+PII моделі-зат есім түбірі+есімшенің ІІ формасының түбірі:                 panic-stricken, snow-covered, brick built, fin-stabilized, gravity-powdered,                   jeep-mounted, shoulder-fired, custom-built, paper-made, science-based,                       war-damaged, country-bred;

- A+A моделі-сын есім түбірі+сын есім түбірі: red-hot, dark-blue,                   deaf-mute, dark-green, honest-true, heavy-thick, noble-good, light-green,                   Anglo-French, socioeconomic, physicotechnical;

- A+PI моделі-сын есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі:                     good-looking, odd-looking, hard-working, high-flying, wide-spreading, far-reaching;

- A+N моделі-сын есім түбірі+зат есім түбірі: darkroom, hot house, handyman, blueprint, greengrocer, tenderfoot, lazy-bones, black shirt, mad house, greybeard,  light-skirts;

- V+N моделі-етістік түбірі+зат есім түбірі: cut-throat, pickpocket, punch card, scarecrow, call girl, turncoat, drawbridge, pushbutton, selectman;

- A+PII моделі-сын есім түбірі+есімшенің  ІI формасының түбірі:                   soft-spoken, clean-cut, deep-cut, far-gone, foreign-built, clean-shaven;

       - N+PI моделі-зат есім түбірі+есімшенің І формасының түбірі: egg-lying, water-holding, date-processing, top-selling, epoch-making, coal-forming,                       acid-resisting, cash-paying, cliff-nesting, fur-bearing;

- V+V моделі-екі етістік түбірлерінің бірігуінен: hearsay, makebelieve;

-PI+N моделі-есімшенің І формасының түбірі+зат есім түбірі:                humming-bird, cleaning woman, diving board, frying machine, whipping boy, mocking bird;

       - V+A моделі-етістік түбірі+сын есім түбірі: speak-easy;

      - D+N моделі-үстеу+зат есім түбірі: output, after-life, after crop, aftermath, out-voter, outcollege, by-election, by-law, by-product, downtown, overcoat, undershirt, uproad;

     - D+A моделі-үстеу+сын есім түбірі: ever-green, ever-young, ever-helpful;

        Ағылшын тіліндегі кейбір күрделі сөздердің мағыналары құрамындағы компоненттердің негізгі тура мағынасына байланысты алынуы да көп кездесетін жайт. Мысалы, handbag күрделі зат есімі hand (қол) және bag (сөмке) сөздерінен бірігу арқылы жасалған да, қол сөмке деген мағынада қолданылады. Екі компонент те өз тура мағыналарында қолданылған. Осы жағдайларды назарға алғанда, ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің құрамындағы компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасына міндетті түрде әсері болады деген қорытынды жасауға болады. Алайда компоненттердің мағынасы күрделі сөздің жалпы мағынасында дараланып көрініп тұруы керек деген пікірді ұстанбаймыз, басқаша айтқанда, күрделі сөз екі сөзден құралса сол екі сөздің аражігі ажырап тұрады деген пікірді қолдап отырған жоқпыз. Керісінше, екі түрлі мағына білдеретін сөздер күрделі сөз жасау үшін біріккенде олардың мағынасы біртұтастық сипатқа ие болады. Өйткені күрделі сөздердің мағыналарының тұтастығына қарсы келу ағылшын тілінде қолданылатын “грамматикалық тәсілдер арқылы жасалған  екі немесе бірнеше түбірдің бір лексикалық бірлікке бірігуін күрделі сөз деп атаймыз” [10] деген ережеге де қарсы келу болып шығады. Күрделі сөздегі жаңа лексикалық тұтастық жаңа бір мағынаны білдіреді. Сол біртұтас мағынаны күрделі сөздің мағынасы деп есептейміз. “Біртұтастық” терминін А.И.Смирницкий енгізген болатын [10, 56 б.].

Кез-келген жеке сөздегідей күрделі сөзге де мағыналық тұтастық тән. Сөздердегі мағыналық тұтастықтың деңгейі үнемі бірдей бола бермейді. Өйткені ол мағына күрделі сөздердің жалпы мағынасында оның құрамындағы компонеттерінің жеке мағыналарының көріну деңгейіне байланысты болады.  Бұл тұрғыдан алғанда, жеке лексикалық мағыналардың бірігіп біртұтас мағынаға ие болуы тұрақты тіркестердің идиомалану процесі сияқты құрамындағы сөздердің мағыналарынан ажырап барып, басқа бір тұтас мағына құрайтындығымен және компоненттердің бірі немесе бірнешеуі өз мағыналарын сақтап қалып, тұтас мағына құрайтындығымен түсіндіруге болады. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздердің бұл сипаты оларды компоненттерінің мағыналарын сақтаған күрделі сөздер және компоненттерінің мағыналары сақталмаған күрделі сөздер деп топтастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, watchman (қарауыл), chessplayer (шахматшы) күрделі сөздерінің мағыналық құрамы компоненттердің мағыналарынан алынғаны көрінеді: watch сөзі қазақ тілінде қарау, көру деген мағыналарды білдіреді. Ал man адам деген сөз. Екеуі бірігіп қарайтын адам деген мағынаны құрап отыр. Сондай-ақ chess – шахмат және player-ойыншы сөздерінен шахмат ойыншысы деген мағына құралған. Ал blackmail (бопса), chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер туралы бұл тұжырымды жасай алмаймыз. Өйткені blackmail сөзінің құрамындағы black қара, mail хат-хабар деген мағыналарды білдіретін сөздерден бопса (шантаж) мағынасы құралып тұр. Демек, бұл мағына компоненттердің тура мағыналарынан тікелей туындап тұрған жоқ. Бірақ жанама түрде ол мағыналардың әсері болады. Айталық, қара сөзінің көптеген ауыспалы мағыналары бар. Сол мағыналардың бірі жағымсыз, ұнамсыз деген мағына. Талданып жатқан күрделі зат есім black қара сөзінің осы мағынасына қатысты деп есептейміз. Қазақ тілінде бопса сөзі белгілі бір жағымсыз қылықтарға (қылмыстарға) кездейсоқ куәгер болған кісі, қылмысты кісіден қылмысты жасырып жүруі үшін ақы, төлем сұрауы дегенді білдіреді. Ағылшын тіліндегі blackmail күрделі сөзіндегі black сөзі  жоғарыдағы семантикалық мәндер жинақталған деп есептейміз. Сол үшін ағылшын тілінде сөйлеушілер (ағылшындар)  blackmail күрделі сөзін бірден бопса деген мағынада түсінеді. Жоғарыда келтірілген chairman (басқарушы), chatterbox (мылжың адам) деген күрделі сөздер де өз компоненттерінің мағынасынан құралмаған. Бірақ chair сөзінің мағынасының семаларын (мағыналық бөлшектерін) жақсы түсінетін ағылшындар chairman күрделі зат есімін де бірден басқарушы мәнінде түсінеді. Мылжың адам мәніндегі chatterbox күрделі сөзі де өз компоненттерінің мағынасын сақтамай жасалған күрделі сөздер қатарына жатады. Сонда біртұтас мағына дегенде күрделі сөздердің құрамындағы компоненттерінің семантикалық мағыналарын ескере келе жасалған нәтижедегі мағынаны еске аламыз.

 «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары» тараушасында қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен олардың ағылшын тіліндегі күрделі сөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.

 

Вен диаграммасы

 

Ағылшын тілінде              Біріккен  сөздер                       Қазақ тілінде

      




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 сурет – Вен диаграммасы

    Диссертациялық жұмыстың «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері мен трансформациялық модельдері» деп аталатын екінші тарауы ағылшын тілі материалдарының негізінде аударманың негізгі әдістері мен трансформациялық модельдеріне арналған. Бұл бөлімнің «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдеріне қолданылатын аударма теориясының негізгі әдістер» атты тараушасында аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер талданады. Мұнда «трансформация», «трансформациялық әдіс», «трансформациялық модель», «когнитивтік трансформация», «семантикалық немесе грамматикалық трансформация» сынды бірқатар ұғымдар туралы В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров, А.Д.Швейцер, Л.К.Латышев, Н.Хомский, В.Г.Гак т.б. ғалымдардың пікірлері сарапталды. Мысалы,   В.Г.Гак, И.Н.Гарбовский аудармалық трансформацияны “екі тілде де бар изоморфты тәсілдерді пайдаланудан ауытқу” деп көрсетеді [6].

Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс  табады. Яғни, бір мазмұнның бірнеше  түрлі формада тұлғаланып берілуі  де трансформацияның бір түріне жатады. Мысалы, ағылшын тілінде grey head біріккен сөзі қазақ тілінде шашына ақ кіре бастаған кәрі кісі деген мағынаны білдіреді. Дәл осы мазмұн ағылшын тілінің өзінде old man деген қолданыспен де берілуі мүмкін. Бұл құбылыс кейде когнитивтік трансформация деп те аталып жүр. Когнитивтік болатын себебі, мұнда тілдің тұрпат межесіне қарағанда, мазмұн өрісі басымырақ көрініс тапқан. Ал мазмұн өрісі адамның ішкі жан-дүниесімен, ой- санасымен тікелей байланысты. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан  бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді  қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы  тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейе түспек. Бұл күні  ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау  өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды.

ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика  тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірінің  бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің  формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің «Синтаксистік құрылымдар» (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың алғашқы бастаулары синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен  сөздердің трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Мұнда «ядролық синтаксистік құрылымдарды» ауыстырудың ең басты операцияларының қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы құрылымдардың жиынтығы ретінде түсініледі, әрі оларға аударылатын тілден сәйкестік табылуы немесе бұл сәйкестіктер трансформация ережелеріне сай «шығуы» тиіс. Осы тұста аудармашы санасында мәтінді трансформациялау процесі жүріп жатқанда, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламалары, яғни трансформациялық модельдері қарастырылып жататынын айта кеткен жөн. Оның үстіне екі тілде де біріккен сөздер көп қолданылатын тілдік категориялар қатарына жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі “If he gets rid of his sweetheart, he can marry the other girl” [11, 204 б.] деген сөйлемді қазақ тіліне аударғанда, оның құрамындағы sweetheart біріккен зат есімін қазақ тіліне қалай аударған дұрыс? Бұл зат есімнің құрамдас компоненттерінің мағыналарымен тікелей байланысы жоқтығы анық. Тек ағылшындардың оны келіншек, нақсүйер, қалыңдық мағыналарында қолданатыны аудармашы санасынан өтеді. Нәтижеде, бұл сөйлем Ә.Ахметовтың аудармасында “Егер  қалыңдығынан құтылса, ол ана екінші қызға үйленеді” [12, 112 б.] деп берілген. Бұл сөйлемде sweetheart біріккен сөзі қалыңдық болып аударылған. Бұл баламалы аудармаға жатады. Себебі ағылшын тіліндегі бұл біріккен сөз, негізінен, sweet және heart сөздерінен құралған. Оны тікелей аударғанда, тәтті жүрек (нақсүйер) болып шығар еді. Ал бұл сөздің орнына аудармашы «қалыңдық» деген сөзді қолдануды лайық санаған. Сондықтан бұл аударманы баламалы аударма түріне жатқызамыз.

Аудармалық трансформацияны  әр қырынан қарастырған анықтамалардың барлығына ортақ пікір бастапқы тілдегі мазмұнды екінші бір аударма тіліне ауыстыру дегенге саяды. Әсіресе, Р.К.Миньяр-Белоручевтің «бастапқы ақпарат мазмұнын сақтай отырып, түпнұсқа мәтінінің формалық немесе семантикалық құрамдас бөлшектерін өзгерту» деген пікірімен санаспауға болмайды [13, 201 б.].

Сонымен, аудармалық трансформация – белгілі бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сай жасалған мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп ауыстыру. Осыдан трансформациялық әдістер, трансформациялық  модельдер келіп шығады. Бұлардың тілдік мазмұнды екінші тілге тиімді ауыстыру үшін қолданылатыны белгілі.

Аударма туралы толығырақ  және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға  төрт анықтама берген [5, 62 б.].

А.Д.Швейцер аударма үлгілеріне мынадай анықтама берген:

1  Денотативтік немесе  ситуативтік үлгі түпнұсқа көріністері  мен аударма көріністері арасындағы  байланысты көрсетеді.

2 Семантикалық үлгі  түпнұсқа тіліндегі әртүрлі тұлғалардың,  мағыналардың түрлі семантикалық үлгілері арқылы берілуі.

3  Трансформациялық  үлгі дегеніміз- тіларалық эквиваленттілік  негізі бола алатын құрылымдарды  жасау тәсілі [14, 280 б.].

Аудармашының кейде  түпнұсқаның дәстүрлі түсініктерін сақтауға тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермей қоюы, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысып, бастапқы шығармаға обал жасалатыны кездесіп жатады. Осы мәселе айналасында В.Гумбольдт, С.П.Маркиш, Л.Вайсбергер, К.Мэргэн, Б.Уорф, К.И.Чуковский  т.б. ғалымдар пікір білдірген. Мысалы, В.Гумбольдт бұл екі қауіпке ұшырамау мүмкін еместігін айтты, қауіпке ұшырамаудың жолын философиямен байланыстыратын ғалымдар бар. А.С.Ермағамбетованың аударма үшін философияның да қажеті бар екендігін білдірген пікірі осымен астарласып жатыр [15, 185 б.].

Аудармалық трансформацияларын ғалымдар әр түрлі жіктейді. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі  сипаттары жағынан төрт топқа  жіктеген теориясымен санасады:

  1. Орын алмастыру;
  2. Сөз қосу;
  3. Ауыстыру;
  4. Түсіріп тастау (опущения) [16, 190-231 бб.].

Орын  алмастыру. Бұл - аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны. Бұл трансформацияны мына мысалдар арқылы талдап көрсетуге болады. “Therefore, mon ami, I fear that you must forswear your beauty sleep tonight, and join me in my all-night vigil in that flat below – armed with that excellent revolver of yours, bien entendu!” [11, 31 б.], “Соған қарағанда, достым, бүгін тәтті ұйқыңды қиып, төменгі пәтерде менімен бірге түні бойы кірпік қақпай отыруға тура келер. Әрине, әлгі тапаншаңды өзіңмен бірге ала жүрсең, абзал болар еді” [12, 25 б.]. Бұл сөйлемде all-night біріккен үстеуі қазақ тіліне түні бойы болып аударылған. Бұл аударманы сөзбе-сөз аударма әдісіне жатқыза аламыз. Мұндағы all-night біріккен сөзі сөздіктерде түні бойы болып берілген. Алайда бастапқы тілде екінші орында тұрған сөз аудармада бірінші орынға шыққанын айта кеткен жөн. Бұл жағынан бұл аударманы орын алмастыру моделіне жатқызуға болады.

Информация о работе Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдері