Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:05, курсовая работа

Описание

Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.

Содержание

Кіріспе 3
1. Нарықтың даму тарихы және теориясы. 4
2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.............................................................................................................................13
3. Қазақстандағы тауар нарығының сипаттамасы 23
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер: 29

Работа состоит из  1 файл

Жолдас курсовой 125.doc

— 253.00 Кб (Скачать документ)

     Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың  белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

     Нарық - бұл сатушы мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың  белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.

     Нарық - бұл сатушылармен сатып алушылар арасында тауар және қызмет көрсету  процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.

     Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен  байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

     Нарық тауарды өткізуге байланысты сатушылар  мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. Келтірілген көзқарастардың қай-қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сатып - сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипатгайтын. Тауар ақша қатынастарын қандай мықты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.

     Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен  шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға  ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жәй ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады. 
 

            Экономикалық  қатынастар мен байланыстар
     
       НАРЫҚ

       
 
 

    Тауар өндірушілер   Тауарды түтынушылар
 
 

     Суретте:  нарық экономикалық байланыстар мен қатынастар

     ретінде

     Берілген  анықтамада әңгіме, тек өндірушілер  мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, обьективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары - бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі, нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субьектілеріне жол ашады. Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды.

  Нарықтың атқаратын  қызметтері, шарттары және

түрлері

     Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні –  оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен, нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді  және қызметтерді өндірушілер мен  тұтынушыларды байланыстыратын  буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушылардың арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес. 

Экономикалық  игіліктерді және

қызметтерді, өнді-рушілер  мен тұты-нушыларды байла-ныстыратын буын 

Ұдайы өндіріс  про-цесінің үздіксіздігін

және тиімділігін  қамтамасыз етудегі реттеуші ролі 

Экономиканың

жағдайы туралы

объективті ақпараттың

қайнар көзі 

Бәсеке арқылы экономиканы

тиімсіз шаруашылық бірліктерінен

тазарту 

НАРЫҚТЫҢ  АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Тауардың  қоғамдық мағына-лылығын мойындау 
Өндірістік  шығын-дарды азайтуды

экономикалық

ынталандыру

Еңбекке деген материалдық

стимулдарды экономикалық

жағынан қамтамасыз ету

 

     Суретте : Нарықтың атқаратын қызметтері

     Нарықтың  маңызды қызметтерінің бірі –  оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін  және тиімділігін қамтамасыз етудегі  реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің  тоқырауына, өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне, тапшылықтың пайда болуына, адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретіндегі ролінің жоғалуына әкеліп соқтырады.

     Нарықтың  басқа бір атқаратын қызметі  – ақпараттық. Нарық тауарлар бағасымен  қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің пайыздық нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске  қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы обьективті ақпарат беріп отырады.

     Сонымен бірге, нарық механизмі мынадай  қызмет те атқарады - бәсеке күресінің  жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз  шаруашылық бірліктерінен тазартады, және керісінше, олардың даму болашағы барларына тиімді жағдай жасайды.

     Біздің  нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты  жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда  бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, мұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.

     Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан  кем түспейтін нарықтың атқаратын  қызметтеріне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.

     Нарықтық  күрделі экономикалық категория  ретінде өз бетінше емес, әртүрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатын және өмір сүруін дәлелдеп береді. 

Шаруашылық  субъек-тілердің дербестігі мен тәуелсіздігі 
Меншік қатынастары-ның  алуан түрлі формалары 
Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос

жұмыскерлердің  болуы 

Нарықтық  экономиканың шарттары
Тауар өндірушілердің

және сауда  делдал-дарының бәсекесі

Контрагенттер

өздерінің өнімдеріне

баға белгілеу құқы

Нарық инфрақұрылымын жасау
 

     Суретте: Нарықтың қалыптасуының негізгі компоненттері  

     - шаруашылық субьектілердің дербестігі  мен тәуелсіздігі;

     - меншік қатынастарының алуан  түрлі нысандары;

     - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;

     - нарық инфрақұрлымын жасау;

     - тауар өндірушілердің сан алуан  түрлерінің болуы;

      - контрагенттер өздерінің өнімдеріне  баға белгілеу құқы. Енді осы  шарттарға толығырақ тоқталайық.

     Біріншіден, экономикалық субьектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы.

     Екіншіден, меншіктік қатынастардың алуан  түрлі нысандарының болуы, олардың  өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің  әртүрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекешелендірумен байланыстырады. Қазіргі кезде жаппай мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бір кездегі жаппай национализациялау және ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру сияқты экономиканың үстінен жасалған зорлық болар еді. Бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, қазіргі заманғы өндіріс белгілі бір мөлшердегі мемлекеттік меншіксіз және мемлекеттің реттеуінсіз сәтті дами алмайды. Бүгін де - қай жерде күшті мемлекет бар, сонда қуатты экономика.

     Нарықты экономикаға көшу кезінде ескеретін  маңызды жәйт-ол өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншік және кәсіпкерліктің толық еркіндігін заң жүзінде бекіту. Онсыз шын мәніндегі нарықты экономикаға көшудің экономикалық мәні болмайды.

     Үшіншіден, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтың тиімді жұмыс істеу шарттарының бірі - өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы. Нарықты экономика жағдайында өндіріс қуатының және жұмыскерлердің толық қамтылуы мақтаныш арқауы бола алмайды, керісінше ол алаңдатушылық туғызуы қажет. Бұндай жағдай экономиканы маневр жасау кеңістігінен айырады, оның сұранымға икемділігін баяулатады.

     Сайып келгенде, ондай экономика тауардың жетіспеушілігіне, материалдық игіліктерді  қайта бөлуде әкімшілдік әдістердің басым болуына жол береді.

     Төртіншіден, нарық механизмінің үзіліссіз қызмет істеуі үшін оның инфрақұрлымын жасау қажет. Оған тауар және қор биржалары, еңбек биржасы коммерциялық банктер, кәсіпкерлердің ерікті бірлестіктері жатады. Мысалы, капитал нарығының басты институты болып табылатын қор биржасында, мемлекеттік облигацияларды, басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, валюталық келісім шартқа отыру, акциялар мен валюталардың нарықтық курсын белгілеу сияқты операциялар жасалады. Сөйтіп, кәсіпкерлік үшін аса қажет қаржы ресурстарының үздіксіз қозғалысын, оларды кәсіпкерлердің шапшаң пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

     Нарықтық  экономикаға жалпылама негіздегі  ерекше инфрақұрылым - несие жүйесінсіз жұмыс жасай алмайды. Оны коммерциялық, мемлекеттік, инновациялық ғылыми техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру үшін берілетін қарыз /ипотекалық/ жылжымайтын мүліктердің кепілдігіне ақшалай қарыз берушілер банкілер, сақтық компаниялары, әртүрлі қоғам, ұйымдарының қоры құрайды. Нарықтық жағдайындағы банк жүйесінің елеулі ерекшелігі-атқарушы әкімшіліктен тәуелсіздігі. Онсыз олар қаржы және салалық министрліктің қол шоқпарына айналар еді, ал енді мұндай жағдай үкіметті өзінің бюджет проблемаларын ақшаның эмиссиясын көбейту арқылы шешуге мүдделі қылады.

     Бесіншіден, нарық механизмінде мемлекеттік  қаржы жүйесінің, оның негізін құрайтын орталық және жергілікті бюджеттердің алатын орны зор. Оның ерекшелігі неде? Бюджеттің мөлшері нарықтың қабілеті жетпейтін, сондықтан да мемлекеттің нарық қатынастарына араласуын талап ететін қажетті шекте ғана болуы керек. Әрине, мемлекеттің экономикаға орынсыз араласуына жол бермеу керек, бюджет құралдарын күрделі қаржыға айналдыру тек қана ерекше жағдайда ғана жасалады және заң шығаратын органдардың қатаң бақылауында болады. Нарықты экономикада мемлекеттік бюджеттің шығынын болдырмауын қамтамасыз ету аса маңызды міндет. Егер де мемлекет бюджетінің кірісі мен шығысын теңдестіруге қол жетсе, ол экономиканың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауының көрсеткіші болар еді. Алтыншыдан, өнім өндірушілердің өнім өндірудегі және сатудағы монополиясына жол бермеу. Нарықты экономияны бәсеке күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекені3 нарықтың тең құқылы субьектілерінің арасында тауарларды барынша тиімді өткізу, немесе капиталды белгілі бір өндіріс саласына пайдалы түрде орналастыруға байланысты болатын экономикалық сайыс деп түсіну керек. Бәсекенің болмауы монополизмге әкеліп соқтырады, яғни нарықта кейбір кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің өздеріне қойған шартына көндіруге тырысқан үстемдігіне жол береді. Нарық субьектілері неғұрлым көп болған сайын бәсекенің тиімділігі де соғұрлым жоғары болады. Батыс елдері мамандарының бағалауынша бір тауар түрі сатушыларының саны 4-5-тен, ал барынша тиімдірегі 8-15-тен кем болмау керек. Егер фирма белгілі бір тауар түрінің 80%-ін өндіретін болса, онда нарық монополяланған деп есептеледі.

Информация о работе Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары