Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:05, курсовая работа
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда, Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің, мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.
Кіріспе 3
1. Нарықтың даму тарихы және теориясы. 4
2. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары және түрлері.............................................................................................................................13
3. Қазақстандағы тауар нарығының сипаттамасы 23
Қорытынды 27
Пайдаланған әдебиеттер: 29
Жетіншіден, шаруашылық субьектілерінің нарық туралы мәліметі /маркетинг қызметі/, олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға белгілеу құқы да нарықты экономиканың пайда болу шартына жатады.
Қазіргі нарық құрылымы жағынан сан алуан элементтерден тұрады. Оның құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық
белгілеріне қарай нарық
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық- несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбас операциялары нарықпен байланыста болады. Қазіргі кезеңде нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда, соның ішінде әсіресе Шығыс Европа және Европалық экономикалық қоғамдастық ( ЕЭС), бұрынғы Совет Одағы құрамында болған, қазір де тәуелсіздік алған егеменді мемлекеттер арасындағы нарық қатынастары. Осының нәтижесінде шын мәніндегі бүкіл дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқан, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты - ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық- кейбір елді пункттердің жиынтығы болып табылатын нарық. «Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай нарықты: дамыған (кемелденген) нарық, қалыптасу үстіндегі нарық және әртүрлі дәрежеде бәсекені шектеу нарығы (олигополиялық, монополиялық т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық, баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Сатушылардың аздығын, үміткерлердің бұл нарыққа енуінің қиындығымен, әрбір сатушының бәсекелестерінің стратегиясымен әрекетіне карай шапшаң шешім қабылдаумен түсіндіруге болады. Егер бір компания өз өнімінің бағасын 10 пайыз төмендетсе, сатып алушылар тез соған ауып кетеді. Сондай өнім шығаратын басқа өндірушілерге не бағаны төмендетуге, не сол өнімді пайдалануға байланысты көптеген қызмет түрлерін ұсынуға тура келеді.
Монополиялық бәсеке нарығы, сапасы, қасиеті, сыртқы безендірілуіне карай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі нұсқасын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. «Сатушылар нарығында» сатушылардың үстемдігі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың «белсенді қайраткері» болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән. «Сатып алушылар нарығында» экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең «белсенді іскері» болуға тура келеді.
Қолданылып
жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты
көлеңкелі және ресми нарық деп
атайды.
Нарықтың дамуының сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және теңдестерілмеген нарық деп бөлу көзделген. Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды. Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік болмайды, ол сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалмауына байланысты.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық - салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін, өткізу обьектісі, халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды. Нарықты көлемді тауар топтары бөлек тауарлар нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан - бөлке, макарон өнімдері т.б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары, бас киім және шұлық бұйымдары нарықтары бөлініп көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын ішкі нарық, оның барлық тармақтарының қызмет жасауы мен дамуы өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйық та емес, ол сыртқы нарықпен тығыз байланыста болады.
Басты
экономикалық мәселелерді шешуде нарықтық
экономикаға тең келетін
Біріншіден, нарық өнеркәсіп пен тұтынушы арасындағы мәселені шешіп отыр. Бұны шешу үшін сұраныстың төлем төлеу қабілеті мен өнім өндіру арасындағы сәйкестілік пайдаланылады. Екіншіден, нарық еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Бұл үшін артта қалғандарды ілгері кеткендерден аяусыз бөлектейді. Кім тезірек жаңа технология мен құралдарды пайдаланса, кім тұтынушы сұранысының өзгергенін тез анықтаса, өндірісті жоғары қарқынмен дамытса, сол жеңеді.
Үшіншіден, нарықтық экономика жағдайында баға еркін болады. Еркін баға — нарықтық экономиканың жүрегі. Еркін бағадан шегіну диктатураға әкеледі деген болатын батыс экономисі Ф.фон Хайек. Төртіншіден, конкуренцияның түгелдей еркіндігі. Монополизмнің жоқтығы кез келген өндірушіні нарықтық бағаға әсер етуден айырады, сөйтіп еркін конкуренцияның шарттарын бұза алмайды. Сонымен бірге нарықтық қатынастағы әрбір қатынасушы сұраныс пен ұсыныс, баға, пайда нормалары, еңбек пен капиталдың нарықтағы орны туралы толық информация алып отыруы керек. Бұл оған капиталды орналастыруда ең жақсы таңдау жасауына және өзіне қолайлы шартпен тауар сатып алуына жағдай жасайды.
Бұл
айтылғандарға қоса мына жағдайлардың
да үлкен мәні бар. Ол жағдайлар: елдің
финанс пен ақша жүйесінің тұрақтылығы,
сыртқы нарыққа ашықтығы, саяси тұрақтылық
және т.б.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей елдің экономикалык, тұрақтануына қол жеткізу үшін шағын және орта бизнес рөлі ерекше. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы нарықтық экономикаға өтудің алғышарты болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту арқылы көптеген өнеркәсіп орындары мен кәсіпорындар ашылады, жұмыс орындары көбейеді, салық түсімі жоғарлайды, елімізге импорттық тауарлардың әкелуін азайтып, елдің импортын азайтады және т.б. Әрине, Қазақстан он жыл тәуелсіздігі ішінде нарықтық экономика саласында көптеген жетістіктерге жетті. Мысалға алатын болсақ, Атырау қаласында шағын бизнестің 9000 субъектісі бар. Оның ішінде заңды тұлға 2560, жеке тұлғалар мен фермерлік шаруашылық 6386, экономиканың осы секторының өндірілген өнім көлемі 3,4 млрд. теңге, жұмыс орындарының саны 31000 адам. Шағын бизнес субъектілерінің бюджетке төленетін төлемдері 424,3 млн. теңгені құрайды. Алкоголь өнім өткізу орындары 7 нарық орталары жұмыс жасайды. Атырау обылысы аймақтарында көптеген дүкендер, киоскілер ашылды. Шағын бизнесте негізгі орынды өнеркәсіптің өндіріс ауыл шаруашылығының өнімін өңдеу құрылыс, көлік байланысы болады. Нарықтық механизмге өту негізделеді. Шағын бизнесті ашу үшін кәсіпкер банктен несие алады. Банк несиені шағын деңгейдегі тәуекелділігімен береді. Сондықтан да несиені қанша қаржы керек, қандай мақсатта қажет екендігін білетін кәсіпкер алады. Ақша тек бизнес жоспарға байланысты беріледі. Нарықтық экономиканың кедергісіне қарсы тұруы үшін кәсіпкерлер бірігеді. Ал кәсіпкерлікті ашу үшін көмек қажет. Осыған байланысты консалтингтік қызметтің рөлі ерекше .
Тауарлық дефициттің болуына жол бермей, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына жол аша отырып, экономиканы нарықтық ұйымдастыру кейбір проблемаларды шеше алмайды. Оған ең алдымен ақшамен өлшеуге болмайтын қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету жатады. Қазіргі қоғамда мұндай қажеттілік қалайда керек және оны ескермеу тіпті мүмкін емес.
Ешқандай қоғам халықтың қорғану жүйесінсіз, халыққа білім бермей, қоғамдық тәртіп сақтау күштерінсіз, біртұтас энергетикалық жүйесінсіз, мемлекеттік және жергілікті басқару аппаратынсыз және т.б. болмаса өмір сүре алмайды. Бұларды бүкіл халық пайдаланатын болғандықтан бұлар «қоғамдық» немесе «коллективтік» тауарлар деп аталады. Бұл тауарларды өндіруді, және қызмет түрлерін мемлекет өз мойнына алады. Және ол үшін бюджеттен, яғни жеке азаматтар мен өнеркәсіп орындарының табыстарына салынған салық арқылы қаржыландырады. Және бұл жерде мемлекет "қоғамдық тауарлардың" күрделі құрылымы бар екендігіне, яғни олардың бір бөлігін (мыс, ұлттық қорғанысты) халық түгелдей пайдаланса, екінші бір бөлігін (берілген региондағы милиция қызметін), ал үшінші бөлігін - халықтың бір бөлігі ғана (коммуналдық қызмет) пайдаланылатын ескеру керек.
Міне, осындай "қоғамдық тауарлардың" қажеттіліктерін қамтамасыз ету нарықтық жағдайда жүзеге аспайды. Бұны нарықтық экономиканың 1-ші кемшілігі дейміз.
2-ші кемшілігі, "сыртқы эффекті" деп аталатынына байланысты. Бұл осылай түсіндіріледі: нарықтық өнеркәсіп орнының артықшылығы да, кемшілігі де бар. Бұл кемшілік ақшаға байланысты болмауы мүмкін, бірақ қоғамның басқа мүшелерінің тұрмыс жағдайларына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сыртқы эффектілер, өнеркәсіп орындарының жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы, мөлшерсіз пайдалану нәтижесінде табиғи қордың таусылуы, өнеркәсіпте құрылымдық және региондардың пропорцияның бұзылуы т.б. Бұл кемшіліктерді нарықтық механизм өздігінен жоя алмайды, себебі ол ақы төлеуді жоғарылата беру экономикасына негізделген. Сондықтан, сыртқы эффектіні реттеуді үкімет өз қолына алуға мәжбүр. Үкімет мұны сыртқы эффектінің жағымсыз жағын азайту үшін, мемлекеттік бюджет арқылы табысты етпеу, т.с.с. Бұл заңдарды орындамаған жағдайда түскен пайдадан да көп есе артық штраф салынады. Сыртқы эффектілермен күрес кезінде мемлекет жалғыз емес. Оған тұтынушылардың құқығын қорғайтын ұйымдар, еркін пресса, демократия институттары көмектеседі. Бұлардың барлығы нарықтық механизмнің әсерін реттеп, сыртқы эффект кезінде пайда болатын соқыр ойынның негативті зардаптарын жоюға немесе әлсіретуге мүмкіндік береді.
Ақырында нарықтық механизм тудыратын 3-ші кемшілікті қарастырайық. Ол нарықтық механизмнің жеке адамның социалды – экономикалық правосымен, соның ішінде еңбек правосымен байланыстылығы. Нарықтық экономика халықты түгелдей жұмыспен қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Жұмыссыздықтың әр түрінің өсуі немесе азаюы периодты түрде қайталанып отырады. Бұл технологиялық (өнеркәсіптің ескіріп жабылуынан), структуралық (экономиканың қайта құрылуынан), регионалдық (әртүрлі регионның бірқалыпты дамымауынан), жасырын (фермерлердің бір бөлігінің күйреуінен) түрде көрінеді. Мемлекеттің ролі бұл жағдайда қалай болғанда да халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету емес. Бұл нарықтық механизмді құртқан болар еді. Сондықтан, бұл жердегі мақсат - жұмысшы күшін дұрыс реттеу, адамдарға социалды төлемдер арқылы көмектесу, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарларын орындау.
Нарық
шеше алмайтын тағы басқа проблемалар
үкіметтің араласуын керек
Сонымен, бір жағынан нарық шаруашылықты ұйымдастырудың неғұрлым тиімді әдістерін ұсынады, ал екінші жағынан оның кемшіліктері де бар. Оны үкімет қана әртүрлі формада әсер ету арқылы жояды немесе жұмсарта алады. Сондықтан қалыпты экономика деп әрқашан реттеуге келетін экономиканы айтады.
Қазақстан бұрынғы одақтас мемлекеттер секілді нарық жағдайында бизнес жүргізуде артта қалды. Нарықтық экономика жаңа еніп жатқан мемлекетіміздің әлсіз бөлімі болып нарық емес, технология емес, өнеркәсіптерді басқару жүйесі болды. Егер біздер технологияны дамытуда дамыған елдерден 20-30 жыл артта қалсақ, басқару саласында 60 жыл артта қалып отырмыз.
Сондықтан нарықтың кемшіліктерін жоюдағы консалтингтің ролі өте үлкен болып отыр.
«Консалтинг»
дегеніміз консультациялық
Ал басқару консалтингі дегеніміз – бұл өнеркәсіп дамуының максимал деңгейіне дейін жеткізу үшін басқару жүйесінде білікті консультанттардың қызмет көрсету комплексі. Консультанттардың экономика мен басқару жөніндегі европалық ассоциациясы басқару консалтингіне мынандай анықтама береді: «Менеджмент-консалтинг - басқару саласындағы тәуелсіз көмек пен кеңес беру, соның ішінде проблемаларды бағалау, рекомендациялар беру»4
Информация о работе Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары