Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 14:14, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Содержание

Кіріспе
I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

шагын бизнес курсовой.doc

— 221.00 Кб (Скачать документ)

 

Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді.

Отбасылық бизнестің басты ерекшелігі – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесты жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.

Адам Смиттің айтуы бойынша әрбір кәсіпкер сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру үшін және пайда түсіру үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі жоспарлайды, ұйымдастырады және оның нәтижесінде оған өзі иелік жасайды. СЭЙ-дің анықтамасы бойынша бұл өндіріс факторларының қисынын келтіріп, ұштастырып отыратын экономикалық қызмет атқаратын адам. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікпен айналысу жеңілдеді, көптеп кредиттер бөлініп отыр, тіркелу де жеңілдеді.

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          


II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.

2.1. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы

 

Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеу, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын бизнес шешуші фактор ретінде маңызды роль атқарады. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті Қазақстан Республикасы Агенттігінің мамандандырылған бюллетенінде жарияланылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, статистика бойынша қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің жеке меншік субъектісіне жалпы жеке меншік, мемлекеттін және муниципалды қоғамдық шағын кәсіпорындар 86 пайызы келеді. Бұл мәліметтер шағын кәсіпкерліктің дамуының тез дамып келе жатқанын көрсетеді.

Тіркелген, сондай-ақ жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың саны жағынан ең көбі Алматы қаласында байқалуда, онда тіркелген 33395 кәсіпорынның 23034-і жұмыс істеуде немесе 69%. Астана қаласында бұл көрсеткіш сәл жоғарырақ, ол жерде тіркелген 5282 шағын бизнес субъектілерінің 4342 немесе 82,2%, Қостанай қаласында жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың пайызы 80,3%.

2001 ж. 1 қазанынан бері Қазақстан Республикасында 885906 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін шаруа қожалықтарын қосқанда бүгінгі таңда 257937 жеке кәсіпорын жұмыс істеуде.

Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша алдыңғы орында Оңтүстік Қазақстан облысы иеленуде, онде шағын бизнеспен 54849-дан астам адам айналысуда немесе республика бойынша жалпы көрсеткіштің 21,2%.

Ақтөбе облысында 22865 шағын бизнес субъектілері тіркелген, бұл 1998 жыл басындағы көрсеткіштің 128% құрайды. Жалпы облыстағы шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндер саны бүгінде 77080 адамды құрауда немесе өткен жылдың мерзіміне қарағанда 147%. 2007 ж. ауылшаруашылық жобаларын қолдау мен дамыту үшін 11 ай ішінде 24 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 44,9 млн. теңге бөлінді. Ақтөбе облысында шағын бизнес жалпы соммасы 12,7 млрд. теңгеге тең өнім өндірілді, бұл 2007 жылғы көрсеткіштерден 2 еседей жоғары.

Шығыс Қазақстан облысының шағын бизнес кәсіпорындары 2006 жылы 9 ай ішінде 76,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл 1998 жылғы осы кезең ішінде облыс бойынша өндірілген өнімнің жалпы үлес салмағының 157% құрайды. 2007 жылы қазан айының басындағы жағдай бойынша облыста 37235 шағын бизнес субъектілері, 22048 жеке кәсіпкерлер және 15198 заңды тұлғалар тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысында 01.10.2007 ж. 14249 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелді, олардың 2932-сі – заңды тұлғалар, 11317-сі – жеке кәсіпкерлер.

Қазақстан Республикасында экономиканың шағын секторында жұмыс істейтіндердің саны 01.10.2005 жылы орта есеппен 1481600 адамды құрады, олардың ішінде 886000 адам жеке кәсіпкерлер. Салалық құрылымда көрсетілген сомада (354494,1 млн. теңге) өндірілген өнім (жұмыс, қызмет көрсету) көлемінің 54%-дан көбі саудаға тиесілі. Өнеркәсіп саласында тек 28724,1 млн. теңге соммасында өнім өндірілген немесе 8,1%, ауылшаруашылығында – 34223 млн. теңге (6%), көлік және байланыс – 12456 млн. теңге (3,5%), қонақ үйлер мен мейрамханаларда – 4346 млн. теңге (1.2%).

2000 жылдың басынан Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдау көрсету шаралары туралы» 1997 ж. 6 наурызда қабылданған №3398 Үкімінің орындалуымен республикада қолданылмай қаңырап тұрған 4565 объектілер мен ғимараттар айқындалды. Олардың 2066-сы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сатылды.

Елімізде отандық шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Осы бірнеше кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шағын кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар формаларында қайта құрылды.

Егеменді қазақстанымызда кәсіпкерліктің даму тарихына он жеті жыл толды. Шағын бизнестің өсу динамикасын келесі 1 кестеден және 2 кестелерден көруге болады.

 

1-кесте

1993-1999 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасы

 

Жылдар

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

Кәсіпорындар саны

19060

20606

21260

17539

21907

31145

63422

Өсу қарқыны

100

108

103

82

124

142

203

 

 

 

 

 

2-кесте

2000-2005 жылдар кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің өсу динамикасы

 

Жылдар

2000

2001

2002

2003

2004

2005

Кәсіпорындар саны

99289

115354

130770

143160

141783

195700

Өсу қарқыны

157

116

113

111

99

138

 

Жоғарыда көрсетілген 1 және 2 кестелерде көрсетілгендей тоқсаныншы жылдары шағын кәсіпорындардың қалыптасуы жоғары қарқында, ал екі мыңыншы жылдары өсу қарқынының төмендегенін, бірақ жалпы кәсіпорындардың санының өсуінің сақталып қалғанын көруге болады.

Алғашқы «1992-1994 жылдардағы қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» жасау республиканың экономикасн дамытуға монополиялық  әсер ететін ұйымдық – басқару құрылымдары, банктер, мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялары және монополизацияландыруды жүргізу жолымен жеке кәсіпкерліктің негізін қалауға мүмкіндік берілді. Осы жылдары шағын кәсіпорындар мен онда жұмыс істегендер саны көбейе түсті.

Статистикалық құжаттар көрсетіп отырғандай шағын кәсіпорындар саны бойынша абсолютті лидер болып, сол кезде ғылым және ғылыми қызмет көрсету формалары табылды. Мұнда шағын кәсіпорындар саны 3,4 есе өсті. Ауыл шаруашылық сферасында шағын кәсіпорында саны 3,1 есе өсті. Содан кейін нарықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жалпы коммерциялық қызмет және материялды – техникалық қамсыздандыру (2,9 рет) жүреді. Артынын ұлттық білім беру сферасы (2,8 рет) жүреді.

Екінші «1994-1996 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» негізгі мақсаты жеке кәсіпкерліктің  инфраструктурасын дамытуға, экономиканың күшті жеке секторын қалыптастыруға қажетті тиімді құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және ұйымдық жағдайларды құру болып табылады. 1995 – 1996 жылдардағығы шағын кәсіпорындар санының түбегейлі баяулауына бұрынғы КСРО заңдары бойынша құрылған шағын кәсіпорындардың кайта тіркеуінің тоқтатылуы әсер еткен болатын. Кайта тіркеу барысында жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар жаңа ұйымдық формаларға көшіп отырды, ал жұмысын тоқтатқандар – жай жойылып отырды.

1998 жылдың желтоқсанында үшінші «1999-2000 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданылды, негізгі мақсаттары шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экономиканың негізгі салаларында шағын кәсіпкерліктің үлес салмағын өсіру, нақты бәсекелестік ортаны құру болып табылады. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында көптеген өзгерістер болды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттеріне заңсыз араласуға жол бермеу және жібермеу мақсатында бақылаушылық және қадағалаушылық органдар кезекті тексерулерін жүргізер алдында олардың прокуратура органдарынан тіркеуден өту Ережелері жасалынды және бекітілді. «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау» Заңына толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде, бұл заңда қабылданылған шаралар азаматтардың кәсіпкерлік қарқындылығының жетілдірілді, яғни 1-кестеде көрсетілгендей 1999 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 203 пайызға тез өсуіне алып келді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы