Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 14:14, курсовая работа

Описание

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.

Содержание

Кіріспе
I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.

II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

шагын бизнес курсовой.doc

— 221.00 Кб (Скачать документ)

Төртінші қабылданған «2001-2002 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасыда» өзінің өзгерістерін алып келді.

2002  жылдың мамырында мемлекеттік тіркеу жүйесін реформалау шараларының жоспары енгізілді және кәсіпкерлік іс-әрекеттердің түрлерінің тиімділігін қарастыратын кәсіпкерлік әрекеттерді лицензиялау жүзеге асты. 2002 жылдың 3 шілдесінде Қазақстан Республикасының өкіметінің №716 жарлығына сәйкес Қордың жарғылық капиталын өсіруге 22 716100 АҚШ долларына бағаланған сомма бөлінді. Шағын бизнестің республикалық ақпараттық-жәрмеңкелік орталығында web-сайт ашу және шағын бизнестің сұрақтары бойынша ақпараттық мәліметтер базасын құру жұмыстары атқарылуда. Бұл жылдары шағын бизнестің өсу қарқыны 2001 жылы 116 пайыз және 2002 жылы 113 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).

«2003-2004 жылдардағы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» қабылдаудың механизмі және негізгі бағыттары шағын және орта бизнес үшін салық салу жүйесін жетілдіру, инвестициялық қолдаудың және қаржылық-несиелік жүйелерді дамыту, инфраструктураны дамытуды одан ары қарай жалғастыру, ақпараттық қамтамасыз ету, сонымен қатар кәсіпкерлікті реттеудің нормативтік-құқықтық базасын жүйелеу және жүйелендіру болып табылады.

2005 жылдың 12 мамырында өкіметтің №450 жарлығына сәйкес 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытуына бағдарлама бекітілді, оның негізгі мақсаттары және міндеттері институционалдық шарттарды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсеке қабілеттілігін көтеруге бағытталынған, шағын және орта бизнестің субъектілерінің іс-әрекеттерінің аясын максималды кеңейтуге және олардың әрекеттерін жетілдіруге бағытталынған болып табылады. Бұл 2005 жылы шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны 138 пайызды құрады (2-кестеде көрсетілген).

Елдің кәсіпкерлікті дамытуда ынтасын арттыру үшін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық базасын құрып, оларды одан әрі жетілдіру керек.

 

2.2.                      Қазақстан Республикасында шағын  бизнесті дамытудың кешенді бағдарламалары

 

Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына   жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды.

Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26 пайыз. Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ құрылды.

2000 жылдың басынан бері жұмыс істейтін өңдірістерді дамыту бойынша   1722 жобаны  қаржыландыру үшін жоспарланып отырған 5189,5 млн. теңгеден 5372 6 млн теңге сомасында несие қаражаты бөлінді, ол 103,5% құрайды, нәтижеде қосымша 19743 жұмыс орындары ашылды.

Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең белсенді түрде берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды. Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.

Республикалық шағын бизнесті дамытудың бағдарламасының негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікгі деңгейде дайындалған қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын бизнестің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға - нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы бағдарламалардың соңғы мақсаты іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.

Шағын бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралардан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төртіншіден,                   бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.

 

Республикалық мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасының құрылымы

 

Қазақстан Республикасындағы мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасы

 

 

Шағын бизнесті дамытудың аймақтық қосалқы бағдарламасы

 

Қамтамасыз етуші қосалқы бағдарламалар

 

Шағын бизнесті дамытудың Солтүстік Қазақстандық бағдарламасы

 

Нормативті құқықты қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын бизнесті дамытудың Батыс Қазақстандық қосалқы бағдарламасы

 

Қаржымен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламасы

    

Шағын бизнесті дамытудың Шығыс Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Материялдық –техникалық қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын бизнесті дамытудың Оңтүстік Қазақстандық қосалқы бағдарламалары

 

Кадрмен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Ақпаратпен қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламалары

 

Шағын бизнесті басқару үшін бағдарлама жұмыстарын үйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет. Республикалық деңгейде ондай органға Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде - шағын кәсіпкерлікті қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде  шағын кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

Мақсатты кешенді шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын дайындау, кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1.Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу.

2.Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы вариантты таңдау.

              3. Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың барлық кезеңдерінде келесі жұмыстарды жүргізу қажет: шағын бизнес жағдайын талдау, шағын кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен шағын бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін анықтау және шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

Концепцияны дайындау кезеңінде Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке, шағын бизнесті дамытудың келешегі зор бағыттарын, сонан соң бағдарлама көрсеткіштерінің құрамын анықтау өте маңызды болып табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың негізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы құжаттама нысандарына деген талаптар кіреді.

Жалпылама түрде, мемлекеттік шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мынадай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды факторы, жаңа жұмыс орындарын кұру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес шағын кәсіпкерлікті дамыту,  елді экономикалық   дағдарыстан   шығаратын   маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын құру принципі — мемлекеттік шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аймақтық шағын бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылайтындай болып ұсынылуы керек. Аймақтық шағын бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты - аймақта шағын бизнесті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудын орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру;  аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Тереңірек негіздеу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне қажеттіліктерді белгілеу шарт. Мақсатты кешенді шағын бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың негізгі көздеріне бюджеттік  қаражаттардың 60% жатады, бюджеттік емес каражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық және жергілікті бюджеттердің., шағын бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретінде жергілікті басқару органдарының коммуналдық меншіктері қолданылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың қазақстандық модельінің ерекшелігі келесілер болып табылады:

1.Кәсіпкерлердің әртүрлі мақсаттарын және мотивацияларын, шарттарын ескере отырып шағын және орта кәсіпкерлікті сегменттеу арқылы мемлекеттік қолдаудың деңгейін бөлу, ол үшін алдымен кәсіпорындарды микро, шағын және орта топтарға заңды түрде бөліп алу.

2. Өндірістің жеке кәсіпкерлікке диверсификациялануына және оның мәртебесінің заңды  тұлғаға өтуіне байланысты және еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты тікелей және жанамалай шараларды жүйелері құрылатын болады.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті шаруашылық-кооперациялық жүйеден жоғарғы психологиялық деңгейдегі ірі кәсіпкерліктің лидерлігіне өткізу мақсатында копоративтік басқару қағидаларын тәжірибеде қолдануды кеңейту болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы