Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 14:14, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 17 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Кіріспе
I Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі.
1.2. Шағын бизнестің экономикалық мәні және маңызы.
1.3. Шағын бизнестің негізгі ерекшеліктері.
II. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қазіргі кездегі дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы.
2.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты.
2.3 Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
4.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыруға бағытталынады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс-әрекеттеріне негізгі көңіл бөлінеді.
5.Шағын және орта кәсіпкерліктің қабылдаған шешімдеріне байланысты барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынуға міндетті болжамдарында экономикалық реттеудің әрекет етеші механизімі өзгертілетін болады. Салалық, аймақтық және халықаралық саясаттарды жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік органдардың негізгі шарты шағын және орта кәсіпкерліктің нақты қажеттілігін ескеру болып табылады.
6.Экономикалық реттеу аясындағы мемлекеттің шешім қабылдау процессіне кәсіпкерлер және олардың қоғамдық ұйымдарында бірігіп шешім қабылдайтын болады. Ол үшін алдымен Қазақстан Республикасының Президентінің және шағын және орта бизнестің Комиссиясының, Қазақстан Республикасының өкіметінің алдында кәсіпкерлер Одағының рөлін күшейтуіміз қажет. Әр бір мемлекеттік органдарда кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарымен байланыстырылған Эксперттік одақтар құрылуы қажет.
Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлікке өзінің өнімділігін жасауға және жетілдіруге мүмкіншілігін кеңейтетін құқықтық және экономикалық климат құрылатын болады, ал ұзақ мерзімдік болашақта шағын кәсіпкерлік еліміздің ЖІӨ үлесін дамыған елдердің деңгейіне дейін жеткізуді қамтиды.
Қазақстан Республикасының 20-бабында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларын қарастырсақ:
1.Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
2.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік салалық (секторальдық) және өңірлік басқарламалары өндірісті бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инновациялық білім беру қызметі қаржылық және құқықтық консалтинг саласындағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық, оқу-әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленеді.
3.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
4.Қазақстан Республикасының Үкіметі шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламаларын іске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есеп береді.
5.Мемлекет экономикасын дамытудың басым бағыттарына және өңірдің экономикасын дамытудың ерекшелігіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар өңірдің экономикалық даму бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді.
6.Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік, салалық (секторальдық) және өңірлік бағдарламаларына:
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,
шағын кәсіпкерлік қызметінің басым түрлері;
шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын қалыптастыру жаніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті кредиттік-қаржылық және мүліктік қолдау жөніндегі шаралар;
жеке кәсіпкерлікке халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерін тартуға бағытталған шаралар;
ірі өнеркәсіп ұйымдарының бизнестің бір бөлігін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беруін ыңталандыруға, сондай-ақ олардан салалық емес жанама қызметтер түрлерін сатып алуға бағытталған шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау жөніндегі шаралар;
шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырумен байланысты басқа да шаралар кіреді.
2.3. Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу
Барлық қажетті ресурстарды игеру Қазақстан банктік жүйесінде инвестициялық процесті жандандыру тапсырмасымен шешіледі. Шағын кәсіпкерлік саласын дамыту жаңа тапсырыстар мен жаңа кезең көрсетілімдері Қазақстан экономикасының көтерілуін және тұрақтылық үрдісін анықтай отырып, шағын бизнеске жан-жақты қолдау көрсету практика жүзінде тиімді болып келеді. Мен бұл кезеңнің ерекшелігін шағын бизнесті дамытуда барлық артықшылықтарды іске асыра отырып, Қазақстан экономикасының нарықтық бәсекелестегі негізгі толық құнды болуы, жалпы кәсіпкерлердің ортасын құрудағы соңғы кезде белсенді дамып келеді. Менің ойымша бұл кезеңнің нақты болып жатқан ерекше белгісі, Қазақстан экономикасының нақты секторындағы шағын бизнестің дамуы белсендірек болып тұр. Өндіріс саласында қайта құру құрылымын болжау және өнеркәсіп өндірісіндегі жалпы өсу көрсетілімі шағын бизнестің белсенді дамуына сенеміз. Шағын кәсіпорын үшін халықаралық қаржы ресурстарын тарту біршама қиындық туғызады. Бірнеше уәкілетті банктер арқылы Еуропалық Даму және Қайта құру банкінің бағдарламасымен жеке несиелер белсенді түрде беріледі. Негізінен бұл жеткіліксіз және банк саласындағы шағын кәсіпкерлікті несиелеу толық қанағатты болу мүмкін емес.
Біріншіден, жеке кәсіпкер банктен алған несиенің бір бөлігін қысқа мерзімді артықшылықтарымен көрінсе, онда ол несие қарыз алушы үшін қиындықтарын шешуге жәрдемдеседі, Айналымдағы несиелік қаражат оларға өте қажетті болып келеді, бірақ шағын кәсіпкерлердің ұзақ мерзімді қарыз қаражатын алу мүмкіндігі жоқ болғандықтан олар өмжір сүрумен дшектеліп қалады. Шағын бизнесті несиелеу тәуекелі шартта анықталғандай шағын кәсіпкерліктер банктерден ауқымды емес несие алады. Шағын бизнесті несиелеу салдарынан несиенің көлемі транзакциялық ұсталымдардаң өзінен банк шағын кәсіпкерлікті несиелеуде банк үлкен тәуекелге барады, сондықтан банктер аз несие беріп, шағын кәсіпкерліктің дамуына бөгет болып отыр. Менің ойымша, тәуекелдікке бару проблемасын шешпесек, ол өзінің күшін жоғалтады. Бұл үшін банктік тәуекелді басқарудағы механизмдері мен үрдістері шағын кәсіпкерлікті несиелеуді іске асыру қажет.
Шағын бизнесті несиелік тәуекелдің өзіндік ерекшелігі. Шағын кәсіпкерлік субъектіні несиелеуде банктік операцияның өзіндік ерекшелік мінездеме бойынша анықталады. Мұнда тәуекел көзінің дәстүрлі деңгейі жоғарырақ байқалады, ал шағын бизнестің тәуекелдік аумағының өзіндік ерекшелігі бар.
Біріншіден, Қазақстандық шағын бизнестің өсуі қайта бөлісуімен кемімелі қатынаста болып отыр. Нәтижесінде жағдай қиындап, әлсіз байқалып, Қазақстандық шағын бизнес баламасыз ұстанымында жалпы капиталдан ешқандай бөлімін ала алмайды. Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлердің жеке капиталы елдің жалпы капиталының құнының 2%, сондай-ақ өндірістік комерциялық капиталдың активтерінің 3%-ін құрайды.
Менің ойымша, қазіргі кезде шағын бизнестің жеке капиталы негізгі капиталдаң арқасында нарық жағдайында «дистимулирюттік» әсерімен тұрақсызданып, көбейтіндіні қажет етіп, согдай-ақ шаруашылықтағы шағын кәсіпкерді де, Қазақстан экономикасының нарықтық ортада өмір сүруін және тұрақтылығын қажет етіп отыр. Тәуекелді басқару негізінде рота бизнес және шағын бизнесті несиелеу банктік тәуекелді құрудың негізгі қағидаға сүйенген мағынасы бар фактор болып табылады. Қазақстанның шағын бизнесінің қалыптасуының бастапқы кезеңіне шаруашылық қызметтің көлбецінділігін бизнесті қолдаудың негізгі шарты болады, одан әрі сауда мен дюелдалдықтың арқасында көптеген шағын кәсіпорындарға тиімділігі кезеңдегі тікелей өндірістің кейбір элементтерін ұстап қалу мүмкіншілігі болды. Бірақ заман үнемі өзгереді. Шағын бизнесте ең көп инвестиция құрылыс саласында болуы бекер емес, өйткені құрылыс нарығы ең тұрақты, ал шаруашылық қызметтің бағыттары жетерліктей біртекті. Жабдықтаудың қайталама нарығының дамымағандығы да шағын кәсіпорындардың меншікті негізгі капиталына үлкен салымдар жасаудан максималды түрде ұстап тұрады. Қазақстанның шағын бизнесінің банктік несиелеудегі қалыптасқан тәуекелдермен осы тәуекелдерді басқаруға ауқымды түрде әсер ететін бірден-бір ерекшелігі, шағын бизнестің кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына оқшаулануы болып табылады. Бұл оқшаулану шағын бизнестің бұрынғы үлкен кәсіпорындарға нарықтық ортасына кірумен байланысты болды, соңғылары бұл қадамды кейінірек және сәтсіз жасады. Осының нәтижесінде Қазақстанның шағын бизнестің әлемдік тәжірибеде шаруашылықтың шағын формаларының тұрақтылығының кепілі, ал кейбір жағдайларда қажетті несиелік-инвестициялық ресурстардың тікелей кепілі болып табылатын үлкен кәсіпорындардың қорғаусыз дамыды және даму барысында. Алайда, банктік қызмет тәжірибесі көрсеткендей олардың меншіктерінің байланысы бірегей инновациялық және өндірістік технологиялық сатысының төзімді шаруашылық қарым-қатынастардың негізінде емес кенеттен боса, үлкен кәсіпкерліктің шағын кәсіпкерлікке төзімді шаруашылық және сенімді қарыз алушы беделін бере алмайды.
Қазақстанның шағын бизнестегі банктік несиелеудің тәуекелдерінің қалыптасуы және осы тәуекелдерді басқаруына барынша әсер ететін келесі фактор шағын бизнестің шаруашылық ортасын деформализация, яғни нысандырылмау болып табылады. Бұл нысандырылмауды шағын кәсіпкерліктің шаруашылық айналымының нақты және нысанды есепке алынған көлемінің және де нысанды есепке алынған және нақты іс-әрекет етуші шағын кәсіпкерліктің арасындағы айырмашылығынан айқын көреміз. Елімізде кредиторлар тек банктердің мүддесіне ең маңызды институционалды-құқықтық кепілдігі орташа жағдайларда қатысатын кіші кәсіпорындарды жоққа шығаратын екі жақтың мүддесін қамтыған процедуралары мүлдем жоқ. Бірден-бір мемлекеттік тіркеуші, салық салу және статистика органдары елімізде жұмыс істейтінін нақтырақ айта алмайды. Кейбір бағаларға байланысты бұл сандар тіркелген шаруашылық субъектісінің атаулы санының 50%-дік көлемді құрайды. Бұл жағдайда өз қызметін тоқтатушы шағын кәсіпорындардың ресми жабылу тәртібі барлығы 1-2%-те болуын айтуға болады.
Қазақстанның шағын бизнестегі банктік несиелеудің тәуекелдерінің қалыптасуы және осы тәуекелдерді басқаруына барынша әсер ететін келесі фактор шағын кәсіпкерлікиің субъектілерін ішкі ақпаратпен минималды қамтамасыз етуі болып табылатын кәсіпкердің банкке несие жайлы өтініш жасауы туралы ақпарат бере алатын қажетті мамандардың жетіспеуі және бухгалтерлік есеппен есеп берудің ықшамдалған үлгісін қолдану себептері.
Басқару тәуекелінің тәртібі мен мазмұны. Тәуекелді басқару банктің негізгі жұмысының мазмұны шаруашылық субъектілерін несиелеу үрдісі мен жұмысының барлық кезеңін қамти отырып, несиелеудің жаңаруын қарау мен есептемеге дейін несиелік арыздарды басынан бастап қарау болып табылады.Осыған орай, тәуекелді басқару бүкәл несиелеу үрдісінің шектеулі бір бөлігі ғана болып табылады.
Несиелеу үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады:
Несиелеу өтінішінің анализі
Несиелеу операцияларына тиым салу
Несиелеу операцияларына бақылау жасау
Несие тәуекелі және портфелі жағдайы туралы есеп беру
Банктің өкілдігін несиелеу қызметіне бақылау жасау
Несиеләк операциясының табысты болуын қамтамасыз ету, үмітсіз несиелеудегі басқару
Жалппы несиелік басұаруға баұылау жасау
Несиелік операцияларды жүзеге асыру және жетілдіру әдістерін ұызметкерлерге үйрету.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі маңсаты қайта бөлу кезіндегі тәуекелдерді минималдау, ағымдағы нарықтық коньюктура рұқсат ететін және банктің ұстанымын сақтау, әсіресе нарықтағы қызмет етудегі несиелендіру оның ішінде орта шағын кәсіпорындарда, егер бұл банктіің ұзақ мерзімді несиелеу мақсатындағы стратегиясы және приоритетіне жуап беретін болса.
Тәуекелдікті басқарудың негізгі құрамына мыналар кіреді:
Бөлінген тәуекел
Ортаға бейімделген тіуекел
Материалдармен қамтамасыз етуді қабылдау
Қаржымен қамтамасыз етуді абылдау
Несие бойынша жоғары пайыз мөлшерлемесімен тәуеклді ауыстыру
Венчурлық несиелендіру тәуекелін қабылдау, ссуда бойынша шығын үшін қорларды қалыптастыру.
Бұл тәуекелдерді басқару мынадай жұмыстар бағытын ұсынады:
1. Әрбір клиентке жеке тұрақты мониторинг
2. Салалар жаұдайындағы тұрақты мониторинг, мұнда әрбір клиенттің негізгі шаруашылық қызметін кіріктіреді
3. Өзіне тарту және кепілдің нәтижесі
4. Тәуекел үшін өтемін алу.
Банктік несиелендіру тәуекелдерді басқарудың, соның ішінде банктер мен шағын кәсіпкерлік субъектілерімен байланысына нақты мәліметтерді қарастырамыз.
Бірінші кезеңде несиенің сомасымен инвестициялық жобалардың нақты бағасымен байланыстылығы қосу қажетті резервтерді қалыптастыру үшін кеткен шығындар, жобаның орындалу мерзімі мен жобаға кеткен шығындар. Сонымен қатар несие сомасының төмендеуі тәуекелдерді минималдаудың себеп болуы, бұл жобаның толық қаржылындырылмау қаупіне байланысты және аяқталу кезінде тоқтап қалу сияқты тәуекелдердің көбеюі. Бұл айтылғандар несиенің мерзімін таңдауына да байланысты. Несиенің өте ұзақ мерзімі оған деген тәуекелді жоғарылатады, бірақ несие мерзімін жасанды қысқарту қарыз алушыға жағымсыз әсерін тигізеді, оны өте жоғары тәуекелге баруына және шаруашылық шешімдерден қателік жіберуіне итермелейді, нәтижесінде қарыз алушымен банктің жалпы тәуекелдері жоғарылайды.
Тәуекелдерді басқарудың потенциалды маңызды құралдарының бірі. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы шындығында да көпшілік жағдайда банктер жоғары мөлшерде шағын кәсіпорындарда жіне өздерінің ірі және тұрақты алғашқы қарыз алушыларын несиелендіреді. Бірақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей шағын кәсіпорындар мен банктердің байланысы, осы жағдайда тәуекелді басқаруда бұл құрал өнімсіз болып табылады. Егер онда шағын бизнестегі дамыған механизмді мемлекеттің және қатаң банкаралық бәсекедегі өзінің ролін атқарса, онда нақты есебі бойынша қазақстандық несие нарығының көтеріңкі пайыз мөлшерлеме механизімі тәуекелдің өтемді болжанбаған түрі ретінде және онысыз жоғары пайыз мөлшерлемесінен шағын кәсіпкерлікке аздаған несилерді беру шаруашылық сферасымен көпшілік банктердің орташа көлемдегі несиелік қатынасқа түсуі.
Информация о работе Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы