Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2013 в 21:35, курсовая работа

Описание

Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................

1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері.....................
Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары....................
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару...................

2. ТУРИСТІК БИЗНЕСТІҢ ОТАНДЫҚ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 “Kami travel” туристік фирмасының қалыптасуы........................................
2.2 “Kami travel” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты........................................................................................ ....................
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы...........................

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

Работа состоит из  1 файл

курсовая.doc

— 435.00 Кб (Скачать документ)

         Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік туризмнің орнын экономикалық туризм ығыстыра бастады және оның жоғары дамыған индустрияға, ұлттық экономиканың маңызды бір саласына айналуы мәселесін шешу керек. Сондықтан шет елдерде және өзіміздің елде адамзат тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі туризмнің тиімді даму факторларын зерттеу қазіргі күндегі өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Туризм тарихы бойынша еңбектердің нәтижесін пайдалану туризм танудың негізгі теорияларын дамытуға, Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудағы осы заманғы тұжырымдаманы жасауға және туристік кадрлар даярлауға мүмкіндік береді.

          Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін туристік қызметті реттеудің және халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта жанғыртудың негізі қаланды.

          Бүгінгі күнде біздің мемлекетте турузмнің даму бағыттарын Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымындағы “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 30 сәуіріедегі “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік туристік ұйымның Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолындағы туризм инфрақұрылымының дамуы бойынша жобасын жүзеге асыру туралы” және 1998 жылдың 27 ақпанындағы “Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта жанғырту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және мұрагерлікпен дамыту, туристік инфрақұрылым жасау” жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарғылықтары белгілеп берілді. Бұл құжаттарды қабылдау Қазақстанның туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.

          Туризм саласында халықаралық қатынастарды дамытуға байланысты қадамдардың бірі – Қазақстанның 2011 ж. елде 415 туристік ұйым қызмет еткен, оның ішінде 6 мемлекеттік кәсіпорын, 405 жеке меншік ұйымдар және 14 шетелдік туристік агенттіктер бар. Қазақстан кәсіпорындары 80 елдің туристік фирмаларымен келісімшарттық қатынастар орнатты. 4 алматылық және 13 обылыстық турфирмалар 8 мемлекетке туристік авиарейсті жүзеге асырады.

          Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сонымен қатар Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар топтары едәуір дамыған. Осы облыстар мен қалалардағы туристік ұйымдар күн сайын туристер мен экскурсанттардың 88% - іне қызмет көрсетеді.

          Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік, жеке және ресейлік филиалдарды қоса есептегенде, туризм менеджерлерін даярлайтын 28 жоғары оқу орны бар.

  

 

    1. Туризмді жіктеудің теориялық-экономикалық көзқарастары

 

          Экономикалық көзқарастан, шетелде жұмыс орның тапқан тұғалар тауарлар мен қызметті өндірушілер, яғни шет мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін өндірушілер болып табылады. Еңбектері үшін олар отанына аударатын сыйақы – белгілі көлемдегі ақша соммасын алады. Сондықтан қаржы қатынастарына шетел азаматтарының ақы төленетін қызметі олардың уақытша тұрғылықты елінен валютаның кетуімен (шығындар) және олардың тұрақты тұрғылықты еліне пайда түсуімен (кірістер) көрсетіледі.

          Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретіндегі материалды игіліктер мен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп – кетушілер өнімі тұтынушылар болып табылады. Туристер мен экскурсанттар жолсапарға жұмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.

          Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджеттің 19% құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында  тұратыны белгілі. Германияда бұл көрсеткіш 16%-ға тең, Франция мен АҚШ – та 12%. Сондықтан америкалық отбасы саяхақа 1 жылда 4 мыңға жуық долларын жұмсайды. Дәл осы сомманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады, киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.

          Туризм инфрақұрылымын, ең алдымен орналастыру базасын дамытудың болашағын анықтау үшін саяхаттаушы тұлғалардың  ішінен келіп – кетушілерді мынадай түрде бөліп алу маңызды: түнеуші келіп – кетушілер яғни туристер және бір күндік келіп – кетушілер, яғни экскурсанттар (2-сурет).

          Сонымен «турист» ұғымына келіп – кетушінің жеке жағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болған рекциондық, іскерлік және тағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының болуын саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.

Саяхаттаушы тұлғалар



Күнделікті  орта шегінен тыс шыға ма?


                                 


                           Иә Жоқ


 


          Шығу құралы 12 айдан аспайма?


 


   Жоқ 


 

              Сапардың басты мақсаты барған жерде

               ақылы қызметті іздеуден тыс па?

 


 Жоқ


Иә

Басқа саяхаттаушы тұлғалар






Туризм статистикасы

аймағы

Келіп – кетушілер


 


 

        Берілген жерде түнейді ме?


 

              Иә   Жоқ


 

Түнеуші келіп – кетішілер (туристер)




Бір күндік келіп - кетушілер




            

 

 

 

Сурет2   Келіп – кетушілердің және «нағыз» туристердің статистикалық  жиының ажырату сатылары


Туризмнің мәндік анықтамасы. Туризм мәселелері жайындағы ғылыми әдебиеттерде оның толыққанды анықтамасы жоқ. Бірақ, анықтамалардың түрлілігіне қарамастан барлық авторлар туризм ұғымына туристік мұқтаждық пен себептерді, туристер мінез – құлқының ерекшеліктерін, олардың тұрақты орындарынан тыс жерлерде болуын, туристер және тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды, сферасының қоршған табиғат, экономикалық және басқа да макроорталармен өзара қарым – қатынастарын енгізеді. Мамандар арасында кең таралған туризмнің міндік анықтамасы туризм облысындағы ғылыми сарапшылардың Халықаралық ассциациясында ұсынылған болатын. Ол бойынша:

Туризм – бұл адамдардың тұрақты тұрғын орны мен жұмыс орындарынан басқа жерлерде болған кездеріндегі пайда болатын қатынастырының жиынтығы.

Туристік қызметті кеңейту  жаңа рекреационды территориялар салу,курортық кешен құрылыстары үлкен капиталдық салымдарды қажет етеді. Үлкен жобалар, әдетте, әртүрлі көздерден қаржыландырады. Оларды жүзеге асыруға үлестік негізде мемлекеттік құрылымдар, жеке қаржы мекемелері (ұлттық, шетелдік), халықаралық ұйымдар және тағы басқалар қатысады.

Ақша құралдарын туристік нысандардың жаңа құрылысымен бастан – аяқ қайта жабдықталуына  бөле отырып, мемлекет және басқа да инвесторлар беруден пайда алуға тырысады. Олар белгіленген мерзімде салынған капитал мен оның пайыздарын қайтары алуға күш салады. Инвесторлар материалдық көзқарастан шыға отырып, несие берудің ең жақсы шарттарын іздеуге мәжбүр. Осындай мақсатта олар капитал экспортшылары бола отырып, шетелдік туризм нарықтарға шығады.

Қазіргі заманғы туризм түрлерінің ең толық жіктелуін беру үшін туризм түрлерінің анық сипаттайтын  өздеріне тән белгілеріне қарай  топтастыру керек ондай белгілерді атап айтатын болсақ, туризмнің ұлттық белгілері; туристік саяхат қанағаттандырамын негізгі қажеттілік;топ құрамы;ұйымдастырушылық формасы;туристік өнім бағасы қалыптасуының негізгі қағидасы және тағы басқа. Осы белгілері бойынша туризм түрлерін ажыратайық:

І Тризмнің ең басты түрлері – бұл халықаралық жеке және ішкі туризм.

Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың туристік мақсаттармен тұрақты тұрғылықты елінен шетелге шығу жоспарын қамтиды.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту  олар үшін белгілі ресми істермен байланысты: шетелдік төлқұжат пен виза ресімдеу, кедендік үрдістерден өту, валюталық және медициналық тексерулер. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз көшіп – қону, халықаралық терроршылдық, есірткі саудасы, жезөкшелікке қарсы күрес мақасатын белгілейді және бұл тәртіпті елден шыққанда және кіргенде орнатады. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың төлқұжаты – визалық тәртіпті, жұқпалы ауруларға қарсы егілгендігі жайлы талаптарды, шекарадан жүк, тауар, валюта алып өтудің ережелері мен шарттарын және валюта айырбастау операцияларын жүргізу тәртіптерін сақтауын қатаң қадағалайды.

Ресмилікті жеңілдету (қатаңдандыру) адамдардың қозғалысын оңайлату (немесе керісінше, қиындату) арқылы халықаралық туристік ағынға тікелей әсер етеді. Туристік саяхаттың өсуіне кедергі келтіретіндер: шығу құжаттарының күрделі және созыңқылы процедуралары, оларды қарап шығудың белгіленген мерзімінің бұзылуы немесе өз бетінше ауытқуы, шектен тыс жоғары алымдар; валюталық тексеру сферасында – туристердің тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі туралы валюта айырбастауға қатаң шектеулер енгізілуі. Сонымен бірге кедендік декларациялар мен тексерулер де туристік сапарларды тежеуші бастау болуы және олардың қысқатуына әкелуі мүмкін.

Ұлттық туристік әкімшіліктер мен  көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде – ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.

Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме  пакетін жасап шығарып, қабылдады:

  • төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;
  • визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез – келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;
  • валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп – кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;
  • кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу – кіру кезінде салу; кейбір алым – салық түрлерін келіп – кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;
  • медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.

          Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.

          Халықаралық туризмнің келесі  ерекшелігі экономикалық сипатта  және ол халықаралық туризмнің  елдің төлем тепе – теңдігіне  көрсететін ашып, Шетелдік туристер  тауарлар мен қызметтерге ақы  төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе – теңдігін  белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе – теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.

          Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм – бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп – қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы – туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.

          Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық  турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.

          ІІ Туристік саяхаттың мәнің  ашатын қажеттіліктерге байланысты  туризмнің мынандай түрлері бар:

          1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;

Информация о работе Қазақстан Республикасында туризмді дамыту болжамы