Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 05:42, курсовая работа

Описание

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ..................................
Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы .............................................................................
Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы.

2 ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ..................
2.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы ...........................................................
2.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны.
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................

Работа состоит из  1 файл

КР эконом дамуы КУРС.doc

— 152.50 Кб (Скачать документ)

      Сондықтан Қазақстан Республикасы осы аталған  экономикалық дағдарысты шешу мақсатында сол кездердің өзінде бүгінге дейін жалғасып келе жатқан көптеген даму жоспарларын және экономикалық реформаларды жүргізді. Ол реформалардың ең алғашқысы Қазақстан Республикасын әлемдік нарықта демократиялы, әрі нарықтық қатынастағы ел ретінде құру болды. Әрине, бұл реформаның тиімді және ұқыпты жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда еліміз экономикасы толықтай нарықтық қатынастарға өткен дамушы ел ретінде танылуда.

      Бұл реформалардың елiмiз үшiн ең маңыздылығы  және ел дамуының болшағы болып табылатын  экономиканы жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастағы экономикаға толық қанды ауыстырып, экономиканы демократиялау болып табылады.   Бұл реформада ел iшiнде негiзiнен 1985 жылдардан бастап Кеңес Одағы ыдырамай тұрған кезден бастап өзiнiң қызмет етуiн көрсете бастаған.

      Ал  елiмiз экономикасының толықтай түрде рыноктық қатынастарға өтуi 1991 жылдан бастап iске аса бастады. Осы кездерде рыноктық экономиканың қызмет етуiнiң ортасы болып табылатын жеке меншiктi қалыптастыру үшiн экономиканы жекешелендiру қажеттiгi туындады. Яғни, елiмiзде жаппай жекешелендiру iске асырылды. Ал бұл өз кезегiнде бүгiнде жемiсiн берiп, ұлттық экономикамыз рыноктық қатынастары дамыған, кәсiпкерлiк қызметтiң үлесi толықтай экономиканы қамтып, бәсекелiк жағдай даму үстiнде.

     Елiмiз  рыноктық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың механизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады. 

     Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi дамыту жоспарының қалыптасуы және оның дамуы негiзiнен елiмiздiң егемендiгiн алған жылдардан бастап бүгiнге дейiн жалғасуда. Кәсiпкерлiк қызметтi дамытудың алғашқы реформаларға Кеңес Одағы экономикасының негiзi экономиканы орталықтан басқару жүйесiн ыдыратып, меншiктiк қатынастарды дамыту болып табылады. Оның алғашқы қадамы мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру, яғни бұл кәсiпкерлiк ортаны қалыптастырудың алғашқы кезеңi едi.

      Елiмiзде  кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiру 1998 жылға дейiн  қарқынды түрде жүргiзiлдi. Ал одан кейiнгi кезеңдерде экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына  қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы соңғы жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отандық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Ал мұны iске асырудың негiзi рыноктық экономиканың негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қызметтi ынталандыру екенi белгiлi.

      Сондай-ақ елiмiздегi кәсiпорындардың басым көпшiлiгi бүгiнде экономиканың сауда-саттық, делдалдық және автакөлiк жөндеу сияқты салаларда орын алуда.

Кесте 1

Казақстан Республикасындағы 2008 жылғы кәсiпкерлiк құрылымы

  Барлық кәсiпорындар Мемлекеттiк

кәсiпорын

Жеке

меншiк

Мемлекет

араласуымен

Бiрiккен кәсiпорын Шетелдiк

кәсiпорын

ҚР 182796 25661 149473 1133 5089 7662
Шағын 163534 18204 144381 708 4812 7523
Орта 10674 6607 3975 266 198 92
Iрi 2014 850 1117 159 79 47
 

     Бүгiнде  еiмiздегi қызмет етiп отырған жалпы  кәсiпкерлiктiң қызмет ету формасына байланысты олардың үлес салмағын келесi кестеден және Қазақстан Республикасындағы жалпы кәсiпкерлiктiң барлық түрi бойыншағы үлесiн көре аламыз.  

     1.2 Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы 

     Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:

  1. Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
  2. Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
  3. Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
  4. Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
  5. Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).

     Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол  реформаларға:

  1. Экономиканы жекешелендiру;
  2. Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
  3. Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
  4. Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
  5. Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;
  6. Ауыл шаруашылығын реформалау;
  7. Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;

     Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң  соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы  азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк  өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады. Осы елiмiздiң экономикалық өсу динамикасын келесi суреттен көре аламыз: 

     Сурет-7 – Елiмiздегi 1996-2008 жылдар аралығындағы ЖIӨ-нiң өсу динамикасы

       
 
 
 
 
 
 

      
 

    Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар  баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.

     Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.

    Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп  келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса  шикiзат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжiрибесi көрсеткенiндей дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикiзаттық бағытынан сервистiк-технологиялық өндiрiске көшiп кеткен.

      Экономиканың  негiзгi секторы болып саналатын  өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.  Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер  баршылық. 

      Ұлттық  экономикадағы  рыноктық қатынастардың ерекшелiгiне тоқталатын болсақ, олар келесiдей сипат алады: 

  • Нарықта өнiм  ұсынатын  тәуелсiз сатушылар  саны елiмiзде көп  және өнiмдерi бiртектi болып келетiн рыноктарға азық-түлiк  рыноктары, коммуналдық қызмет рыногы және т.б. рыноктар жатады;
  • Iр фирманың  жалпы нарықтық  ұсыныстағы сату үлесi  мемлекеттiк маңызы бар өнеркәсiптерде, өндiрiстiң басым салаларында, елде телекоммуникация саласында “Қаазқтелеком ААҚ” ретiнде көрiнiс тауып отыр. Сондықтан, бұл  рыноктардың өнiм көлемi туралы өндiрiстiк   шешiмдерi мемлекет немесе антимонополиялық агенттiлiк қарастырады. Сондықтан бұл кәсiпорындар рыноктағы жалпы ұсынысқа  ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына  да әсер ете алмайды;
  • Елiмiзде рыноктың дамуымен байланысты бағалар, техологиялық жаңалықтар,   ықтимал болатын пайда жөнiндегi ақпараттар ағымы дамуда;
  • Жаңа фирмалардың  салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар көптеген салалар бойынша жоқ, яғни еркiн рыноктық бәсеке қалыптасқан.

     Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында  оның негiзi болып табылатын кәсiпкерлiк қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.

     Рыноктың  өрлеп, өркендеуi кәсiпкерлiктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады.  Әсiресе, шағын кәсiпкерлiк нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын кәсiпкерлiк арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Осы шағын кәсiпкерлiктi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, яғни жұмыссыздық мәселесiн шешу,   қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

     Қазақстан экономикасы өтiп кеткен 14 жылда  ойдағыдай рынок экономикасын құрды. Экономиканы түпкiлiктi реформалауға бағыт ұстап, бiз қысқа мерзiмнiң iшiнде рыноктық фреформаларды жүргiзе бiлдiк, тиiстi рыноктық заңнамамызды жасауға қол жеткiздiк.

      Егер  осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы ЖIӨ 700$-дан сәл ғана асса, ал 2004 жылы бұл шама 2700$-ға жеттi. Ал елiмiздiң  болжамы бойынша 2010 жылы жан басына шаққандағы ЖIӨ көлемi 5800$-дан асып түседi. Яғни, қазiргi Чехия, Польша, Малайзия, Венгрия сияқты елдердiң бүгiнгi деңгейiне, ал 2015 жылы ЖIӨ-нiң жан басына шаққандағы көлемi 9000$-ға жетедi деп жоспарлануда.

       

    2. ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ 

    2.1 Бүгінгі таңда  қабылданған стратегиялар  мен Президент  Жолдауының маңыздылығы 

     Қазақстан Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті  Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика  және бәсекеге қабілетті халық» деген Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды:

  • Экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрокритизациялау;
  • Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
  • Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
  • Ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Инфрақұрылымды дамытуды ееркше атап өтті.

     Бұл Жолдауда үкімет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекомуникацияларды, элект энергиясын, темір жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек.

     Біздің  ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне  оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз. Сондықтан да Қазақстан Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі және оның талаптарына сай болуы қажетті. Өйткені сауда ұйымына кірісімен біздің отандық өндіріс салалары бәсекеге төтеп бере алмай жаппай құлдырауға ұшырауы мүмкін. Сонлықтан жедел түрде ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігі туындап отыр, ол үшін өнеркіптің өңдеуші жоғары технологиялы салаларын дамыту күн тәртібіндегі шешуді қажет ететін мәселенің бірі екені бәрімізге белгілі. Ал мұны шешудің бірден бір жолы ұлттық экономиканы индустриялы-инновациялы ел ретінде қалыптастыру, отандық өнеркәсіп өнімдерінің шикізатқа тәуелділігінен құтылуға жол ашу болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы