Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 05:42, курсовая работа

Описание

Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….
1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНЫҢ ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ..................................
Қ.Р-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы .............................................................................
Қазақсатан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы.

2 ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ..................
2.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы ...........................................................
2.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму бағдарламысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны.
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .........................................................

Работа состоит из  1 файл

КР эконом дамуы КУРС.doc

— 152.50 Кб (Скачать документ)

                                                                  

Стратегияның  мiндеттерi:

  • өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
  • өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
  • кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
  • ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
  • сапаның әлемдiк стандартына көшу;
  • дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.

      Осы стратегияны iске асыру мерзiмi  2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:

            1-шi  кезең – 2003-2005 жылдар, басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру.

            2-шi  кезең – 2005-2010 жылдар, стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.

            3-шi  кезең – 2010-2015 жылдар, стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспортаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.

            Күтiлетiн  нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке  арттыруға мүмкiндiк беру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

      Қорыта  келгенде, елiмiзде жүргiзiлген барлық экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, мығым экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмiн саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана бiлсек, бұл бiздiң дамып келе жатқан елiмiз үшiн маңызды болып табылады.

      Елiмiздiң  рыноктық экономикаға өтуне байланысты  рынок құрылымдары күрделене  түстi. Олардың iшiнде ұлттық  экономикамызда атап өтетiн болсақ, соңғы он төрт жылда экономиканы жекешелендiру толық қанды жүргiзiлдi, соның нәтижесiнде рынокта қызмет ететiн кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде және экономиканың тұрақты және тиiмдi дамуын қамтамасыз ететiн шағын бизнестiң дамуы да жаман емес. Сонымен қатар, елiмiзде бүгiнгi таңда қаржы рыногы өте жақсы дамып, ол ТМД елдерi арасында ең жақсы қалыптасқан және қызмет етiп отырған қаржы рыногы болып табылады.

      Тағы  да елiмiз экономикасында ауыл шаруашылығын реформалау, олард қолдау шаралары, еңбек рыногының қызметi, бағалы қағаздар рыногы, қор рыноктары тиiмдi даму үстiнде. Сондай-ақ ұлттық экономиканың тұрақты дамуына және елiмiздiң әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуына ең басты қажеттi саясат ұлттық шаруашлық құрылымының қызмет етуiнiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

      Экономиканың  негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.

      Осындай инновациялық-идустриялық жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылу үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi  қамтамасыз ету мақсатында   “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады. Стратегияның негiзгi мақсаты бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.

      Осылайша  бүгiнгi таңда экономиканың жан-жақты  және бәсекеге қабiлеттi дамуы ол бiздiң  экономикамыздың қаншалықты рыноктық қатынастарды тиiмдi ұйымдастыруына байланысты болып табылады. Сондықтан бiз  жастар бүгiннен бастап экономикалық теория толық меңгерiп, ондағы жалпы экономиканың қызмет етуi мен рыноктық экономиканың механизмдерiн толық игерiп, оларды отандық экономиканың дамуына үлес ретiнде қосуға ұмтылуымыз керек.  
 
 
 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан – 2030»  Қазақстан халқына Жолдауы.
  2. Н.Ә.Назарбаев.  “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
  3. Н.Ә.Назарбаев.  «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдау, Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз.
  4. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
  5. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
  6. Әбдiжапар Сапарбаев  “Инновация – негiзгi қозғаушы күш”  // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
  7. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi № 004 баспасөз релизi 205 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2005г.
  8. К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003,  №3-4.
  9. 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, - 2005 г.
  10. Статистика  1991-2001, десят лет независима Казахстана.  Алматы. - 2002г.

Информация о работе Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы