Қазақстанның сыртқы саудасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 22:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық сабақтастығын қайта жаңғыртуға болады. Екі мемлекеттің экономикалары бір-біріне тәуелді, бұл объективті шындық. Сондықтан осы байланыстарды нығайту мен дамыту жұмыстары зергерлі болу керек. Осы жұмыс екі жақтан шыдамдылықты, дәлдікті, нақты есептеуді, конъюктурщина мен саясатшылдықтан аулақ жүруді талап етеді. Бастысы – жақсы ілгеріндіні көздеу мен максималды прагматизмді іске асыру, өйткені біз тарихи жағдайлар мен географиялық жақындығына байланысты бір «экономикалық қайықта» отырмыз. Осы қайықты тербету бізге қауіпті болып тұр.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның сыртқы саудасы.doc

— 111.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  білім мен ғылым  министрлігі

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті 
 
 
 
 

Реферат 
 

Тақырыбы: «Қазақстанның сыртқы саудасы» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Кусаинов Нуржан

Тексерген: Әуелбекова А.Қ 
 

Астана 2009 
 

 

       Қазіргі уақытта екі мемлекеттің сауда байланыстары ілгерінді дамымайды. Егер картаға қарасақ, Ресей Қазақстанға ең жақын және тығыз орналасқан. Ресейдің азиялық бөлігі Қазақстанды «құшақтап» жатыр: ТМД мемлекеттерімен шекаралас Ресей Федерациясының 27 субъектінің 12-сі Қазақстанмен ұласып жатыр. Бірінші рет қарағанда Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынастары ешқандай қорқыныш туғызбайды. Ресейдің сыртқы қарым-қатынастарында Қазақстан Украина мен Белорусиядан кейін 3 орынға ие. Қазақстан Ресейдің сыртқы тауар айналысының 13-15% алып жатыр. Бірақ статистика мәліметтері керісінше елдер арасындағы қарым-қатынастардың регрессиясын көрсетіп жатыр. Ресейдегі 1998 ж болған дефолт Қазақстанға да кері әсер тигізді. 1999 ж тауар айналымы 1998 ж тауар айналымының 69,2% құрады. 2000 ж елдер арасындағы тауар айналымы 4,24 млрд. долларға өсті, бірақ бұл көрсеткіш 1996 жылдан кем (5,59 млрд. дол.). Ресейдің Қазақстанға импорты 2000 жылда 1996 ж салыстырғанда 2,55-тен 2,46 млрд. долларға біршама төмендеді, ал Қазақстанның экспорты 2,67-ден 1,78 млрд. долларға төмендеді.

 
       Шекаралық сауданың келісімді базасы. Егер кейбір уақытта  тауар айналымы төмендесе де, Ресейдің шекаралық зона (12 регион) мен Қазақстанның шекаралық зонасы арасындағы тауар  айналымы тұрақты болды. Қазіргі  уақытта ол жалпы тауар айналымы операциялар көлемінің 60%  құрайды, өйткені бұрыңғы шаруашылық комплексінің байланыстары әлі де тығыз.

       1998 жылдың 21 желтоқсанында Астанада  өткен Ресей шекаралық облыстарының  губернаторлары мен Қазақстанның шекаралық облыстарының әкімдері арасында кездесу екі мемлекеттің сыртқы саудасына үлкен ықпал етті. Оның арқасында екі болашақта екіжақты даму протоколына қол қойылды. Жағымды новация ретінде екі мемлекет арасындағы сабақтастық үкіметаралық комиссиясында подкомиссияның пайда болуы.

       Шекаралық сабақтастықты қоса реттейтін құжаттар: шекаралық сабақтастық бойынша  Қазақстан – Ресей үкіметаралық келісімшарты (25 қаңтар 1995 ж) және 1998 ж 12 қазан бағдарламасына сәйкес 1997-2007 жылдарға арналған экономикалық сабақтастығы келісімшарты.

       1999 жылы 24 қыркүйекте Ресей Федерациясының  президенті үкіметаралық келісімшартына  мен 1999-2007 жылдарына арналған  Ресей Федерациясының мен Қазақстан  Республикасының региондарының  шекаралық сабақтастығы бағдарламасына  қол қойды.

       Қазақстан Республикасының қолдауымен шекаралық сабақтастық бағдарламасын іске асыруға шаралар проекті дайындалды. Оның ішіндегі екі жақтын белгілі облыстарында әрекеттері көрсетілген: отын-энергетикалық кешен, металургия, ақпарат пен байланыс, сертификация мен стандартизация орталықтарының әрекетін координациялау т.с.с. шекарада құқықты мен бақылауды нығайту мақсаттары қойылды. Қазақстан мен Ресей сабақтастық бойынша үкіметаралық комиссиясы осы шаралар проектін 2000 ж  ақпанның 15 жұлдызында бекітті.

       Біріккен  кәсіпорындар (к/о) саны бойынша Ресей Федерациясы АҚШ пен Белгия, Ұлыбритания мен Канададан кейін 5 орында, ал қызметтер мен тауарлар экспорты бойынша АҚШ пен Ұлыбританиядан кейін 3 орында. Барлығы Республикада 81 мемлекеттен жетел инвестициясымен 1564 өнеркәсіп тіркелген.

       Біріккен өнеркәсіптердің өндіріс көлемдері мен олардың тауарлар мен қызметтер экспорты бойынша АҚШ пен Ресей Федерациясының алшақтығы 10 есе. Шынымен, Ресей капиталымен Қазақстанда тұрғызылған біріккен өнеркәсіптер 10520 жұмыс орындарын ашты, осы көрсеткіш бойынша олар тек Қазақстан – АҚШ өнеркәсіптеріне 1 орын береді, олар қамтамассыз ететін жұмыс орындарының жалпы саны 14894. Қазіргі Қазақстан – Ресей өнеркәсіптері арасында үлкен кәсіпорындарының саны шектеулі, сондықтан Ресей капиталы Қазақстан Республикасында 1 орынды ие алмайды.

       Ресей капиталының көп бөлігі орта мен  кіші өнеркәсіптерде болып жатыр  және олардың халі ауыр болып тұр. Қазақстан Республикасында ең ірі  ресейлік инвестициялық жобалар – РАО «ЕЭС России» компаниясының Қазақстанның қарызын жабу үшін «Северный» көмір разрезін, «Богатырь» разрезінің №9 полясын сатып алуы, және «Лукойл» компаниясының Ақтөбе облысындағы «Құмкөл», Батыс Қазақстан облысындағы «Қарашағанақ» пен Атырау облысындағы «Тенгиз» мұнай көздерінің дайындауға қатысқандығы болып табылады.

       1998 жылдан бастап жүргізетін келіссөздерінің  негізгі мақсаты – «Қарашағанақ»  мұнай көздерінің газоконденсаттағы  шикізатты ресейлік тазартылған  газға айырбастау. Сол газдың тұтынушысы – Ақтөбе мен Қостанай облыстарының тұрғындары. Газ берудің көлемі мен схемасы дайын, бірақ Ресейдің тазартылған газ құны бізге тиімсіз болып тұр. Ресей құны – 1000 куб метр – 40 доллар, ал әлемдік баға – 70-80 доллар болса да, біздің үкіметіміз бұған келіспеді, өйткені бұл бағалар мен Ресейге жіберілетін қазақстандық тазартылмаған газдың бағалары (1000 куб метр- 3-3,5 доллар) арасындағы айырманы өте үлкен деп санайды.

       РАО «ЕЭС России» компаниясымен жүргізілген  келіссөздерде Республикада бірнеше  энергетикалық объектілердің базасында  мүмкін болатын біріккен Қазақстан  – Ресей өнеркәсіптерін құру. Оның пайда болуы қазақстандық көмірін алу, өндіру мен өткізумен байланысты бірнеше проблемаларды шеше алады. Сонымен бірге дайындалу стадиясындағы құжаттар екіжақты тиімді Ресейдің шығысына мен Қазақстанның батысына энергия мен ресейлік пен қазақстандық табиғи газды алмастыру схемасы бойынша жеткізуге мүмкіндік бере алады.

       2000 жылдың мамырында РАО «Газпром»  басшылығына Қазақстан Республикасының ұсынысы келіп түсті: республикалық газ құбырларды басқару жөніндегі біріккен өнеркәсіпті құру. Сәйкесінше бөліну: «Казтрансгаз» - 51%, ал РАО «ЕЭС России» - 49% болуы ұсынылды. Қазіргі уақытта «Газпром» осы ұсынысты зерттеуде, оған қоса Қазақстан Республикасының үкіметі «Газпромға» Астана газ құбырын жобалау мен дайындауға қатысуға ұсыныс жасады. Республика АҚШ-тан құбыр жасауға грант алды. Екі мемлекеттің сабақтастығы өндірістік потенциялының негізінде машиностроенияда бәсекелік қабілеті бар продукцияны шығаруға мүмкіндік береді. 1998-2007 жылдарға арналған экономикалық сабақтастығы бағдарламасында бірнеше біріккен экономикалық құрылымдарды құру көзделген: ААҚ «Тверской экскаваторный завод» пен «Сарэкс» (Саратов) өнеркәсібімен бірігіп Кентау экскаватор зауытының базасында экскаваторларды жинау кәсіпорны; ААҚ «Алтайский Моторный завод» (Барнаул) мен «Сибзавод» (Омск) өнеркәсіптерімен бірігіп Павлодар трактор зауытында жаңа жер жыртатын тракторларды жинауды ұйымдастыру; ААҚ «Казахстантрактор» бен ААҚ «Россельмаш» өнеркәсібімен бірігіп бидай жинағыш комбаиндерді өндіру біріккен өнеркәсібін ұйымдастыруды көздеп отыр. Барлық күнә тек дефолтте емес. 1996 жылы екі мемлекет арасында тауар айналымы шарықтау шегіне шегіне жетті: 1995 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 460 миллионнан 5,59 млрд. долларға жетті, себебі сол уақытта Кедендік Одақ құрылды (қазіргі Еуразиялық экономикалық қауымдастық). Сыртқы экономикалық реттеу жөніндегі келісімшартті іске асырғаннан кейін екі мемлекет арасындағы сыртқы сауда үшінші елге қарағанада претендертті болды.

       Бірақ 1997 жылы сыртқы сауда көрсеткіші 5,59 млрд. – 5,24 млрд. долларға түссе, 1998 жылы бұл көрсеткіш мүлдем 3,78 млрд. долларға жетті.

       Осы төмендеудің себебі: Ресейдің кіру кедендік тарифтердің өсуі, соның  салдарынан бұрынғы операцияларының  жарты бөлігі тиімсіз қалды. Республиканың  көптеген кәсіпорындарының шетел фирмалардың қолында болуы ресейлік портнерлерге тиімсіз болып қалды, яғни кейбір экспорттық саясаттағы акценттер ресейліктерге тиімсіз жоққа қозғалды.

       Шетелдердің жеке меншігіне, әртүрлі ақпараттар бойынша, өнеркәсіптердің 81-90% берілді. Ресейлік металургия саласы біздің хром рудаларына, мысқа, қорғасынға мен титанға тәуелді.

       1998-1999 жылдарда тауар айналымына келесі  соққы берген оқиға – 1998 жылдың  тамыз айындағы ресейлік экономикалық  кризис, оның салдарынан Ресейдің  сатып алу мүмкіндігі төмендеді.  Сондықтан біздің экспорттаушыларға Ресейге көмір, темір рудасы мен т.б. өнімдерді сату тиімсіз болып қалды, яғни Ресей Федерациясына қазақстандық көмір экспорты 2,7 есе, ал темір руда экспорты 2,4 есе төмендеді. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының басқа ТМД елдерімен саудадағы көлемін 15,1%-тен – 13,7% дейін төмендетті.

       Екі мемлекет арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарының тоқырауының бірнеше себептері бар: экспорттаушы салалардағы созылған дағдарыс пен қаржы-кредиттік саясатындағы келіспеушіліктің аздығы, мауда – экономикалық байланыстарының құқықты-нормативті базасының жетілдірілмендігі мен біздің мемлекеттеріміздегі регионалды деңгейдегі әртүрлі тауарларға деген сұраныс пен ұсыныс туралы толық ақпараттың жоқтығы т.с.с.

       1999 жылы Қазақстанның импорты төмендеді, өйткені Қазақстан мен Ресей арасындағы 24 тауарлар топтарының айналуына шектеу жасалынды. Уақыт өткен соң осы шектеулер алып тсталынды, бірақ тұрақты шаруашылық байланыстарды қайта нығайту әлі де қиын.

       1999 жылы біздің үкіметіміз Ресейде қолданылатын теміржол тарифтерді 25-30 % -ке төмендеуді ұсынды. Бұл қазақстандық өнімге ресейлік территориясымен Санкт-Петербург, Новороссийск, Туапсе, Таганрог, Одесса теңіз порттарына, Балтық мемлекеттерге тез жетуге мүмкіндік бере алады және ресейлік тұтынушыларға арналған қазақстандық өнімді жеткізуге жылдамдық бере алады. Ал біз жауап ретінде ресейлік тауарларға Қазақстан Республикасының жерімен жүрі тарифтерін 30-40 %-ға төмендетеміз деп уәде бердік. Келісімшарт бойынша қазақстандық пен ресейлік өндірістік және ауыл шаруашылық өнімнің өндірушілері мен тұтынушыларының ұсыныстарына сәйкес теміржол тарифтері негізінде екіжақты тиімді өтемақылары бойынша үкіметаралық сабақтастық комиссия шегінде жұмыс тобы құрылды. Бірақ Ресей Федерациясының ұсынысында бұл жеңілдектер транзиттік тауарларға қолданбауы  керек деп айтылды.

       Қазақстан – Ресей сыртқы саудалық операциялары негізінде мемлекетаралық келісімшарттар деңгейінде емес, шаруашылық жүргізуші  субъектілердің деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Екі мемлекеттің органдары мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыстарды тек ынталандыруға мен реттеуге шектеулі мүмкіндіктерге ие. Осы байланыстардың қатарында: эспорттаушыларға берілетін субвенциялар, инвестициялар мен экспортты-импортты әрекеттерін сақтандыру мен мемлекеттік кепілдемелер, белгілі бір өнімнің жеткізуге кредиттік көмек көрсету мен біздің экономикаларымызға стратегиялық маңызды объектілерді салуға техникалық пен технологиялық көмек көрсету, екі мемлекетке ортақ аграрлық нарықты құру болып табылады. Екі мемлекеттің үкіметтері өзінің сыртқы экономикалық байланыстарында өз үстемдігін көбейту үшін, осындай дисбалансты теңестіру үшін ешқандай әрекеттер жасамайды.

       Екі мемлекеттің шаруашылық жүргізуші  субъектілердің есеп айрысу жүйесі және оның құқықтық негізі әлі дұрысталмаған. Кейбір кезде осы шаруашылық жүргізуші субъектілер өз міндеттерінен бас тартады, қарыздарды қайтару қиындыққа соғады, өйткені сот шешімін орындаушыларының институты жоқ және заңды түрде қарызгердің банктегі шотына арест жасау өте қиын.

       Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық сабақтастығын қайта жаңғыртуға болады. Екі мемлекеттің экономикалары  бір-біріне тәуелді, бұл объективті шындық. Сондықтан осы байланыстарды  нығайту мен дамыту жұмыстары  зергерлі болу керек. Осы жұмыс екі жақтан шыдамдылықты, дәлдікті, нақты есептеуді, конъюктурщина мен саясатшылдықтан аулақ жүруді талап етеді. Бастысы – жақсы ілгеріндіні көздеу мен максималды прагматизмді іске асыру, өйткені біз тарихи жағдайлар мен географиялық жақындығына байланысты бір «экономикалық қайықта» отырмыз. Осы қайықты тербету бізге қауіпті болып тұр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Қазақстан мен Еуропалық  Одақ арасындағы келісімшарты

       ( 5 жылдық жектістіктер)

 

       Сабақтастық пен серіктестік келісімшарты (ССК) – Қазақстан Республикасымен  бірге 10 мемлекет пен ЕО арасындағы саяси, экономикалық пен сауда қатынастарын белгілейтін заңнамалық негізі.

       ЕО  мен Қазақстан Республикасы арасындағы ССК бағыттары:

  • ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси дамуына сәйкес негізін ұсыну;
  • Мемлекеттің экономикалық дамуына, құқықтың өркендеуіне мен демократияның консолидациясына бағытталған Қазақстан Республикасының іс-әректтерін қолдау;
  • Сауда мен инвестициялардың жылжуы;
  • Заңнамалық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық, азаматтық, ғылыми, технология мен мәдениет облыстарында сабақтастығының дамуына жәрдемдесу.

      Жалпы, ЕО көзқарасы бойынша ССК-ның  негізгі мақсаты – Қазақстанда  ішкі мен шетел операторларына қатысты  тең құқықты, нарықтық принциптерге негізделген ашық экономикаын құруы  мен адам құқықтарын қадірлеуі, құқық үстемдігінің дамуы болып отыр. Қазақстан Республикасының көзқарасы бойынша осы ЕО-пен қарым-қатынастар «Қазақстан - 2030» қауіпсіздік пен ынтымақтастық, сәттіліктің ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып отыр.

      Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК-ға 1995 жылдың 23 қаңтарда қол қойылды және ол өз күшіне 1999 жылдың 1 шілдесінде енді. Келісімшарттың мерзімі – 10 жыл. Осы бөлімде бұл келісімшарттың алғашқы бесжылдықта болған мазмұны, пайдасы, ілгеріндісі мен қиындықтары талданады.

Информация о работе Қазақстанның сыртқы саудасы