Қазақстанның сыртқы саудасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 22:57, курсовая работа

Описание

Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық сабақтастығын қайта жаңғыртуға болады. Екі мемлекеттің экономикалары бір-біріне тәуелді, бұл объективті шындық. Сондықтан осы байланыстарды нығайту мен дамыту жұмыстары зергерлі болу керек. Осы жұмыс екі жақтан шыдамдылықты, дәлдікті, нақты есептеуді, конъюктурщина мен саясатшылдықтан аулақ жүруді талап етеді. Бастысы – жақсы ілгеріндіні көздеу мен максималды прагматизмді іске асыру, өйткені біз тарихи жағдайлар мен географиялық жақындығына байланысты бір «экономикалық қайықта» отырмыз. Осы қайықты тербету бізге қауіпті болып тұр.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанның сыртқы саудасы.doc

— 111.00 Кб (Скачать документ)

       Осымен  байланысты халықаралық тауар айналымында ұлттық экономикалардың оңтайлы араласуының, әлемдік нарығында белгілі елдің бәсекелік факторларының қағидаларын ашатын теорияларға; әлемдік сауда дамуының объективты заңдылықтарына назар аударылады. Осы мәселелер Қазақстан және тағы басқа, әлемдік экономикада белсенді араласуға бағытталған нарықтық экономиканы құру жолына түскен мелекеттерге үлкен әсер етеді. Халықаралық сауда халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген әртүрлі мемлекеттердің тауарөндірушілер арасындағы байланыс түрі болып, олардың өзара экономикалық тәуелділікті анықтайды. Әдебиетте келесі анықтама беріледі: «Халықаралық сауда әртүрлі елдердегі сатушы, сатып алушы мен делдал арасындағы сату / сатып алу үрдісі болып келеді». Халықаралық сауда тауарлардың экспорт және импорт, олардың қатынасын – баланс түсініктерін қосады. БҰҰ-ның статистикалық анықтамаларында барлық мемлекеттер экспорты құнның соммасы ретінде әлемдік экономикасының динамикасы мен көлемі туралы мәліметтер көрсетілген.

       ҒТП салдарынан елдердің экономикаларында құрылымдық ілгерлеулер, өнеркәсіп өндірісінің специализациясы мен кооперациясы ұлттық шаруашылықтарының өзара іс-қимылын күшейтеді. Бұл халықаралық сауданың жандандыруына әрекет етеді. Халықаралық сауда барлық мемлекетаралық тауарлық ағымдарына негізделіп өндірістен тез дамып келе жатыр.

       Сыртқы  саудалық айналым зерттеулеріне сай әлемдік өндіріс дамуының әрбір 10 %-на әлемдік сауда көлемінің 16 % сәйкес келеді. Бұның арқасында халықаралық сауданың дамуына неғұрлым жақсы жағдайлар жасалынады. Ал халықаралық саудада дағдарыстар болған уақыттарда өндіріс дамуы да тежееді.  «Сыртқы сауда» термині тауарлардың төленетін әкелім (импорт) пен төленетін әкетілімнен (экспорт) тұратын бір елдің басқа елдермен саудасы деп түсініледі. Көп түрлі сыртқы саудалық әрекеттер тауар специализациясы бойынша дайын өнім саудасына, машиналар мен құрал-жабдықтармен саудасына, шикізат пен қызметтер саудасына бөлінеді.

       Әлемнің барлық елдері арасындағы төленетін жалпы тауар айналымы халықаралық сауда деп аталады. Бірақ «халықаралық сауда» түсінігі неғұрлым тар мәнінде де қолданылады: мысалы, өндірісі дамыған елдердің жалпы тауар айналымы, дамушы мемлекеттердің жалпы тауар айналымы, белгілі континент, регион елдерінің жалпы тауар айналымы. Әлемдік бағалар жыл мерзіміне, жеріне, туардың сатылу жағдайларына, келісімшарттың қасиеттеріне байланысты ерекшелінеді. Тәжірибе жүзінде әлемдік бағалар ретінде сәйкес тауарлардың әйгілі экспорттаушы мен импорттаушы фирмалармен белгілі әлем сауданың орталықтарында экспортты немесе импортты тұрақты және жүйелі келісімшарттарының бағалары саналады. Көптеген шикізат тауарларға (бидай, каучук, хлопок және т.б.) әлемдік бағалар ең үлкен әлемдік тауарлық биржалар операцияларында анықталады. Сондықтан әрбір мемлекет ең үлкен артықшылығы бар және ең үлкен пайда әкелетін салаларға специализация жасауға мүдделі. Ұлттық өндірістік ерекшеліктер әртүрлі өндірістік факторларының болуымен анықталады – еңбек, жер, капитал және басқа да тауарлар мен қызметтерге деген әртүрлі қажеттілігі.

       Сондықтан, мен осы курстық жұмыста Қазақстанның қажеттіліктерін анықтап көрсетуге тырыстым, өйткені дұрыс бағдар алу – ілгері дамудың кепілі екендігін әрдайым есте сақтау керек. Бұл еңбегінде менің мақсатым Қазақстан Республикасының сыртқы сауда бағыттарын анықтау мен болған қателіктерді, тежеуші факторларды және оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады. Сыртқы саудаға мемлекеттің ішкі жағдайлары (құрылымы, саясатының бағыттары мен заңнама, инвестициялық ахуал, т.б.) және халықаралық стандарттарына сай болуы ықпал етеді. Осыған орай қойған мақсатқа жету үшін жоғарыда айтылған ішкі жағдайларды талдау менің міндеттерім болады.


Информация о работе Қазақстанның сыртқы саудасы