Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 22:57, курсовая работа
Қазақстан мен Ресей арасындағы сыртқы экономикалық сабақтастығын қайта жаңғыртуға болады. Екі мемлекеттің экономикалары бір-біріне тәуелді, бұл объективті шындық. Сондықтан осы байланыстарды нығайту мен дамыту жұмыстары зергерлі болу керек. Осы жұмыс екі жақтан шыдамдылықты, дәлдікті, нақты есептеуді, конъюктурщина мен саясатшылдықтан аулақ жүруді талап етеді. Бастысы – жақсы ілгеріндіні көздеу мен максималды прагматизмді іске асыру, өйткені біз тарихи жағдайлар мен географиялық жақындығына байланысты бір «экономикалық қайықта» отырмыз. Осы қайықты тербету бізге қауіпті болып тұр.
Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК – ұзақ мерзімді және нақты халықаралық құжат. Сонда да бұған қарамастан осы келісімшарт бойынша сабақтастық пен серіктестік концепциясына қатысты Қазақстанның негізгі міндеттеріне қысқаша тоқтауға болады:
ССК-ның № 43 бабы заңнамаға қатысты ең маңызды ережелерінің бірі. Осы бапта Қазақстан Республикасы Заңнамасы мен ЕО-ның әрекет ететін және келешек заңнамасының жақындасуы экономикалық байланыстарды нығайтудың ең маңызды шарты екендігі айтылады. Сондықтан республика өзінің заңнамасын ЕО-ның заңнамасына жақындастыру үшін көптеген шараларды қолдануға дайын. Нақтыласақ, олардың жақындасуы ЕО саясат пен заңнамасының 18 саласын (Acquis Communautaire) қамту керек.
ЕО заңнамасына жақындасуына қатысты ССК-ның салалары
Кеден | Мемлекеттік субсидияларды бақылау |
Компаниялар бойынша заңнама | Мемлекеттік сатып алулары |
Банктердің заңнамасы | Денсаулық сақтау |
Компаниялар шоттары | Сыртқы орта |
Салық салу | Тұтынушылар құқығын қорғау |
Интеллектуалдық меншік | Жанама салық салу |
Қызметкерлердің құқықтары | Стандарттар |
Қаржылық қызметтер | Атомдық заңнама |
Бәсеке туралы заң | Көлік |
Бұл тез істелетін іс емес екендігі белгілі, өйткені осы салалардағы ЕО заңнамасы 100 мың бет қаулылардан, директивалардан, тағы басқа құқықты және саясат құралдарынан тұрады. Сонымен бірге осы салалардың көп бөліктері Қазақстан үшін құқықтың жаңа салалары болады.
Сабақтастықтың саяси, құқықтық/әкімшілік сұрақтарына, даму саласындағы өзара іс-әрекетке дейін экономикалық аспектілерді зерттеу қажет. ССК-ның құрамында басқа тақырыптар көп болса да, осы келісімшартты судалық деп зерттеуге болады және оны ЕО пен бұрынға КСРО арасындағы серіктестік пен сабақтастық келісімшартының ізбасары деп есептеуге болады.
Еуропа мен Қазақстан арасындағы сауда байланыстары сонау Жібек жолы уақытынан басталып келеді. Сол уақытта жібек шығыс елдерінен Еуропаға Орталық Азия арқылы жеткізілді. Бүгінгі күнде Қазақстан – ЕО-ның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. ССК-ның өз күшіне енуінен кейін екі жақты экспорт және импортының тұрақты және елеулі өсімі қадағаланды. 1999 жылдан бастап Қазақстан мен ЕО арасындағы нақты орташа жылдық сауда өсімі 18,1 % құрады. Осы саудаға көп секторлар жаңа ғана ене бастап жатқан уақытында, Қзақастанның ЕО-на басты экспорты – энергия, ал ЕО-ның Қазақстанға бас экспорты – машиналық құрал-жабдықтар болып отыр. ЕО мен Қазақстан арасындағы сауда қатынастардың өсуіне әсер ететін келесі фактор: 2004 жылдың мамырындағы ЕО-ның кеңеюі, оның құрамына тағы 10 мемлекет кірді, сондықтан ЕО-ның Қазақстанмен сауда жасау нарығының көлемі 25 % өсті.
ЕО
Қазақстанға тікелей шетел
2002
жылы ЕО Орта Азия үшін
Өткен ғасырдың 90 жылдардың басынан бастап ЕО активті және жан-жақты ұзақмерзімді сабақтастықтың мықты фундаментін құрды. Негізінде, осы аймаққа үлкен жәрдем көрсетті: ТАСИС бағдарламасы бойынша гранттық көмек ретінде ЕО-дан Орта Азияға 1 млрд. доллардан астам евро жіберілді. Жалпы көмекке қоса, ЕО-ның мемлекеттері екіжақты көмек көрсетеді, соның негізінде Орта Азия дамуы үшін Еуропа ең ірі донарға айналды.
Паттен мырза тағы атап өткен мәселе: «Сауданы көбейткенше, тұрақты мен кемел байланыстарды құру тиімді. ОБСЕ-ге қосылып, ССК-ға қол қойған Орталық Азия елдері бірқатар құндылықтардың алдыңғықатарлы маңыздылығын қабылдады. Бұл құндылықтар Еуропадағы біздің интеграцияны үрдісінің негізін құрайды – демократия, адам құқықтары мен тұрақты нарықтық экономиканы дамыту. Бұлар кез келген қадірлі мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі болу керек және бұлардың Орта Азияда терең енуі, құқықтық үстемдікке енуі; сонымен қатар тұрмыста енуі біздің мүдделерімізге сай болып жатыр».
Осыдан түсінетін жай: ЕО мен Қазақстан Республикасы арасындағы прогресске ССК-нің 10 жыл мерзіміне жету үшін әлі осы мерзімінің жартысы бар. Сол уақытта ССК-ға қатысты ЕО пен Қазақстанның басымдылықтары мен мәжбірлеудері, позициялары бойынша терең түсінік қалыптасты. Мысалы: ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін және кіру принциптерін де қолдайды. Қазіргі уақытта ЕО Қазақстанға жәрдемдесу бағдарламаларында кедейліктің деңгейін төмендетуге үлкен акцент жасайды. Реформалардағы градулизмге белгілі көңіл бөлінеді, өйткені байланыстардың негізгі құндылықтары: демократия, адам құқығы мен тұрақты нарықтық экономиканың дамуы бір күндік емес, ұзақ мерзімді қадамды дамуды талап ететіні белгілі.
Қазақстандағы құқықтық пен әкімшілік реформалар туралы айтқанда, олардың градулизмі қатысты екенін атап айту керек. Осы уақытта белгілі бір прогресс көрінді (мысалы: интеллектуалдық меншіктің құқығын қорғау саласы), осының көп бөлігі ДСҰ-ға кіру үшін жасалған әрекеттер, ал содан кейін ССК-ны жүзеге асыру міндеттемелерімен байланысты болып отыр.
Қазақстан мен ЕО арасындағы ССК қаржыландыратын жобаның іске асыруы 2004 жылдың қаңтарынан бастап, 2005 жылдың шілдесінің ортасына дейін созылады. Осы жоба заңнамалық прогресстің, саясатты құру техникасының және заңшығарушыларды оқытудың реформаларында қолданылып отыр. Жобаны әйгілі ВСЕОМ консалтингтік фирма басқарады. Оның Қазақстан Республикасындағы әріптестері: Парламентінің Мәжілісі мен Әділет, Экономика мен бюджетті жоспарлау, Индустрия мен сауда, Көлік пен коммуникациялар министрліктерінің юстиция департаменттері және Сыртқы орта мен экологияны қорғау министрлігі болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаттары:
Сәйкесінше осы Жоба қамтамассыз етілу үрдісімен тығыз байланысқан және осы үрдісте Үкіметтің бірнеше басты міндетелерімен бірге ЕО стандарттарына сай заңшығарушылық реформалауға жету үшін Қазақстанның жүзеге асырылатын міндеттемелерді жылдамдатуы мүмкін.
Болашақта ЕО Қазақстан мен Орта Азия елдеріндегі нарықтық экономиканың реформаларына мен адам құқықтарына, демократияның негізгі принциптеріне көбірек басымдылық береді. Болған тәжірибе арқасында ССК кеңейтілген келіссөздердің негізі бола алады. Мысалы, қажетті дамуы жоқ салалар: ішкі істер мен юстиция.
ЕО бізден нақты ережелерді мен ССК ережелерін іске асыруындағы мәнді ілгеріндіні талап етеді. Заңнаманы реформалауға бағытталған күштердің ССК-ның екінші бесжылдықта өсетіндігі күтіледі.
Бизнес-ахуалының жақсаруы ЕО-дан Қазақстанға тікелей шетел инвестициялардың ағымына жақсы жағдай жаса алады. ЕО-ның стандарттары ДСҰ-ның стандарттарынан жоғары. Осы стандарттарға заңнама мен интеллектуалды меншік тәжірибесі саласында жетуі инновациялардың мен шетел инвестициялардың, ұлттық мәдениет пен шығармашылықты қорғалуына елеулі ықпал етіп, тұтынушыларды қарақшылықты тауарлардан сақтайды. ЕО-ның тұтынушыларды сақтауға қатысты стандарттар қоғамға нарықтық экономиканы реформалау үрдісіне қатысу құқығын береді.
Қазақстан мен ЕО арасындағы сабақтастық пен серіктестік қағидалары екі жаққа да елеулі болғаны белгілі сенімсіздікті туғыза алады. Екі жақта ешқандай сиқырлықты күтпейді. Бірақ үзілмейтін нақты шарттар Жобаның мазмұны мен мәнінің түбегейлі негізі болып отыр. Осы деңгейде Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарында үлкен қызығушылықтың болуы қажет етіледі, ал болжамдар келесі жылдардағы тығыз байланыстардың болуын көрсетеді.
Қолданған әдебиет тізімі
Кіріспе
Әлемдік
экономика қарқыны әрдайым