Биржалық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:38, реферат

Описание

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Содержание

1. Биржа
2. Биржа түрлері
3. Тауар Биржасы
4. Қор Биржасы
5. Валюта Биржасы
6. Еңбек Биржасы
Қортынды

Работа состоит из  1 файл

биржалык.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

1. Биржа

2. Биржа түрлері

3. Тауар Биржасы

4. Қор Биржасы

5. Валюта Биржасы

6. Еңбек Биржасы

Қортынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ  БИРЖА

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Тауар Биржасы сапасы жағынан қалыптасқан  стандартқа толықтай сай келетін  белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан пиасаны (рынокты) қамтамасыз етуші саудагерлер ассоциациясы болып табылады. Мұнда негізінен, бір текті өнімдер — астық, мақта, металл, т.б. саудаланады. Бұл тауарлардың әлемдік бағасы дүние жүзінің жетекші тауар Биржаларында қалыптасқан баға арқылы анықталады. Дүние жүзіндегі ірі тауар Биржаларына: Лондон халықаралық Биржасы (мұнай өнімдері, мазут, т.б.), Токио тауар Биржасы (асыл металдар, алтын, күміс, платина, т.б.), Лондон металл Биржасы (алюминий, мыс, қорғасын, т.б.), Нью-Йорк тауар Биржасы (алюминий, алтын, т.б.), Орталық Америка тауар Биржасы (астық өнімдері, бидай, жүгері, т.б.) жатады.

Қазіргі заманғы нарықтың тиімді қызмет етуі нарықтық ортаға байланысты, оның маңызды элементтері жұмыс күші, ақша, қызмет, тауарлар қозғалысын қамтамасыз етуді ұйымдастырушылық болып табылады. Әлемдік тәжірибеде мұндай ұйымдарға тауар биржасы жатады.

Тауар биржасы – бұл  нарықтық экономика жүйесіндегі  негізгі инфрақұрылымдардың бірі.

Биржа сауда келісімдері  мен операцияларды арзандау және жеделдету, жеңілдету, сауда үшін жағдай жасау мақсатында сатушыларды, сатып  алушыларды және олардың биржалық делдалдары/дилерлерін біріктіреді. Мұндай одақтар капитал  айналымын жеделдетуге, қажетті тауарлармен жедел қамтамасыз етуге, сауданы жақсарту үшін ұйымдастырылады.

Биржалық инфрақұрылым шағын және орта бизнесті қолдау мен  дамытуға ықпал етеді. Ірі ұйымдар  шикізатты қайдан алуды және өнімдерді  қалай өткізуді біледі. Мұның үстіңе, олар не бары бірнеше бағытта ғана жұмыс істейді. Ал халық шаруашылығының барлық саласында қызмет ететін шағын кәсіпорындар өз өнімдерін ешқандай салық салу мен сапаға бақылау жоқ уақытша базарлар және жәрменкерлерге өткізеді.

«Тауар биржалары туралы» Занның жүзеге асырылуына, барынша кең тауарлар түрімен өркениетті сауданы ұйымдастыру үшін балама алаң керек.

«Қазақстан тауар биржасы» АҚ әмбебап бола отырып, мамандандырылған және тар бағыттағы биржаларға қарағанда, осы жоғарыда аталған міндеттерді  орындауға арналған.

«Қазақстан тауар биржасы» АҚ белсенді қызметі отандас тауарөндірушілерге және кәсіпкерлерге сондай-ақ, қазақстандық нарықта жұмыс істегісі келетін  ниеті бар, бірақ біздің нарығымызға  қалай кіруді білмейтін шетелдік серіктестерге қажет болып табылады.

Биржалық сауда тетіктері  өзіндік мұқтаждарды өтеу үшін мемлекеттік  сатып алуды жүзеге асыру бойынша  кәсіпорындар мен мекемелерді, мемлекеттік  органдарды қолдауға ықпал етеді.

Төлемдер мен өтемдер  кепілдерінің биржалық жүйесі бұрыннан қызмет ететін, әрі жаңадан ашылған кәсіпорындарға жаңа серпін береді.

Биржалық операциялардың ашықтығы мен мөлдірлігі бекітілген биржа ережелеріне сәйкес, сауда  биржасына қатысушылар арасындағы ұсыныстар мен сұраныстардың  ашық «қақтығысуы» жолымен пайда  болатын баға бойынша тауарлардың сату-сатып алу келісімін бекітуге мүмкіндік береді.

Биржа қызметінің мақсаттары: 

  1. Жоғары ұйымдастырылған тауар нарығына өту.
  2. Көтерме нарықты дамытып және тауар айналымының тиімділігін арттыру.
  3. Өз қызметін жүзеге асыру барысында таза табысқа ие болу. 
    Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасымен ұсынылған құқықтар шегінде сыртқы экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету.

Тауар биржасының негізгі қызметтері:

  1. Ұйымдастырылған тауар нарығын дамытуға көмектесу.
  2. Қазақстандық тауар өндірушілердің экспорттық тиімділігін және оның заттық шикізаттық қамтамасыз етудің тұрақтылығын жоғарылату. 
  3. Тауарларды сатушылар мен сатып алушыларды іздеу рәсімін жеңілдету.
  4. Бекітілгін биржалық ережелер бойынша биржалық келісімдерді жасаудың неғұрлым ашық жүйесі бар тауар тетігін құру.

Тауар биржасының негізгі қызметтеріне жататындар:

  1. Тауар биржасының биржалық ережелері бойынша биржалық сауданы ұйымдастыру және өткізу.
  2. Тауар биржасында жасалған келісімдерді, соның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша, спот тауарлармен келісімдерді тіркеу мен рәсімдеу.
  3. Биржаның клирингтік орталық тетігі арқылы, биржалық келісімдер бойынша есептерді ұйымдастыру және жүзеге асыру.
  4. Биржалық баға белгілеуде тауар биржасында өткізілген сауданың нәтижесінде тауарға биржалық бағаны еншілеу.
  5. Аралық соттарға ҚР заңнамасымен теңестірілген биржалық сарапшы арқылы, биржалық келісімдер бойынша биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауды шешуді ұйымдастыру.
  6. Биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша, биржалық сауда арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауардың сапасына сараптама ұйымдастыру.
  7. Тауар биржасының мүшелеріне әдістемелік, ақпараттық, ақыл-кеңестік, ұйымдастырушылық қызмет көрсету.
  8. Биржалық тауарлар нарығына талдамалы зерттеу жүргізу. 
    Биржалық қызмет туралы ақпаратқа қатысты баспа өнімін шығару.
  9. Биржалық тауар нарығына қатысушылардың біліктілігін жоғарылату мен оқыту бойынша оқу дәрісін ұйымдастыру. 
  10. Халықаралық биржа саудасын дамыту.  
  11. Биржалық сақтандыруды ұйымдастыру. (келісімдер бойынша, биржалық тауар бойынша, кепілдеме құжаттар және мүлік бойынша т.б.).

Сарапшылар алдағы 3-5 жылда жаһандық ықпалдасу құблыстарының арқасында  тауар биржаларының өсімі мүмкін болады -, деген ұйғарымға келді. Бұл Қазақстан үшін шикізаттық емес саласында өсімге қол жеткізуіне жақсы мүмкіндік болмақ. 2012 жылдың 5 айында ЕТЖ тауар биржасындағы сауда көлемі 2 млрд. доллардан асты. Сала мамандары алдағы уақытта нарық тек қана еселеп артып отырады дегенді болжап отыр. ТМД елдерінің арасында ең алып көлемді және дамыған тауар биржалары Беларуссия, Өзбекстан, Ресей мен Украинада орналасқан. Соңғы уақытта Қазақстанда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Қазір елде 17 сауда алаңы бар. 2011 жылы олардың жиынтық тауар айналымы 3 млрд. долларды еңсерді.  

Ең ірі ойыншы, оған жалпы алаңның 60 пайызы тиесілі ЕТЖ тауар биржасы болып табылады. Бүгінгі бағдарламада біз тауар биржаларының жұмысы мен даму көрсеткіштерін саралайтын боламыз.  Қазақстанда тауар биржаларының еңбек ете бастағанына 21 жыл толып қалды. Сол кезде құрылып, жұмыс істей бастаған биржа: Батыс-Қазақстанның Жайық атты Әмбебап тауар биржасы болған еді. Кейін ол қайта құрылымдалып, Қазақстан халықаралық тауар биржасы болып өзгертілді. Алайда, нарықтық экономикаға көшіп, заңнамалық базаның жетілмей жатқан кезінде кәсіби сауда алаңы жайында айтып отыру ерте еді. Тек 2009 жылы ұйымдастырылған электронды сауда ЕТЖ тауар биржасында өтті. Оны Алматы өңірлік қаржы орталығы мен Ресейлік РТС биржасы құрған еді. Сала мамандарының айтуынша, ЕТЖ – барлық халықаралық талаптарға сай, қажетті көлемдегі тұтынушыларға қызмет ете алады. Онда 3 бағыт бойынша қызмет көрсетіліп отыр. Бұл: спот және жылдам сауда, 3-ші бағыт арнайы ұйымдастырылып келетін бәссаудалар. 

Тауарлы жүйесінің электронды тауарлы  жүйеден басты айырмашылығы ондағы саудаға брокерлерсіз қатысуға болады. Олардың арасында танымал Е-бэй мен АмазОнды атап өсек болады. Соңғыларында ғаламтор трейдингі жүйесі бар, осының арқасында олар тұтынушылар санын бірнеше есеге арттыра алады. Сауданы ұйымдастырып отырған құрылымның жұмысын қиын деп айта алмайсыз. Бірінші қадам – тұтынушы биржада бекітілген брокерлерді таңдайды, онымен келісім шартқа қол қояды. Кейін бірлескен жұмыс басталады. Клиент сауда барысын өзі басқарып отырады. Брокерге қажетті тауарды сатып алу-сату бастамасын қолхат немесе электронды хат негізінде беріп отырады.  

2011 жыл Қазақстандық тауар биржалары  үшін сәтті болды. Биыл да  аталған құблыс жалғасатын болады. Экономикалық даму және сауда  министрлігінің хабарлауынша, 2011 жылы  Қазақстанның барлық тауар биржаларында  құны 3 млрд. доллардан астам өнім сатылды. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 5 есеге артық болып отыр.  2012 жылдың бастамасы да жаман емес. Қаңтар-мамыр айларында ЕТЖ тауар биржасындағы сауда көлемі 2 млрд. доллардан асты. Бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 164 есеге артық болып отыр. Қаржының басым бөлігі жылдам нарыққа тиесілі болды – 2 млрд. доллардай. Спот нарығының ауқымы 500 млн-ға жетті. Сарапшылардың пайымдауынша, айтарлықтай өсім металлдар секциясына тиесілі. Өндірістік тауарлардың да саудасы жақсы белестерге қол жеткізді. Нарықтағы өсім маусымдық саудаға байланысты болып отыр.

Мұнай өнімдерінің саудасы бәсең  жүріп жатыр. Оған заңнамалық базаның  жоқтығы әсер етіп, инвесторлардың сенімін жоғалтып отырмыз. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биржа өкілдері бәс саудаларды ұйымдастырып отыруға шешім қабылады. Онда көп сатушы мен сатып алушы қатысатын болады. Сала мамандарының пайымдауынша – бұл нарықтың ауқымын арттырып, биржа жұмысын сапалы етуге әсер ететін болады. 

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тек  қана нарықтың ауқымын арттырып отыруға  жағдай жасамай, жылпы биржаның жұмысын жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді. Қазақстан экономикасында байқалып отырған ықпалдасу процесстері мен КО-ы мен БЭК-істіктің құрылуы Республикамыздың дамуына жағымды әсер етіп отыр. Биржа саудасында көптеген жетістіктерге жетуге жағдай жасалды, бірінші кезекте тауар биржаларын атап өтсек болады. Қазіргі таңда Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина мен басқа да ТМД елдерінің қатысуымен бір алып биржа құру бастамасы талқылана бастады. Бұл әмбебеп биржа нарықтарды біріктіріп, сауда процессін жеңілдететін еді. 

Биржаны іске қоспас бұрын, бірқатар жұмыстарды атқарып алу қажет  – дейді сарапшылар. Осыған орай ТМД-ның тауар биржалары бойыншы  комитет құрылып, ол заңнамалық базаны жетілдірумен айналысатын болады. Бұдан бөлек, Еуразиялық даму банкімен ортақ келісім шартқа қол қойылды. Компания халықаралық кеңесшілердің жұмысына қаржы бөліп отырады. Бұл ұлттық биржалар төңірегіндегі білімі мол сол елдің тұрғындары. 

Нарық қатысушылары – ТМД елдерінің  тауар биржаларының өкілдері бұл бастаманы жақсы құптап отыр. Себебі, осының арқасында тауар айналымын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік туады. Сарапшылар, нақты санды атап алмай өтті. Алайда, алдын-ала болжам бойынша оның ауқымы 10-даған тіпті 100-деген млрд. долларға жетеді. Жаһандық ықпалдасу құблыстарын жүзеге асыру үшін бірқатар талаптарды күшейтіп, стандарттарды көтеруге тура келеді.

Қор Биржасында жергілікті өкімет органдары  мен мемлекеттік емес компаниялар  шығаратын құнды қағаздар жөнінде  мәмілелер жүргізіледі. Қор Биржасында жасалатын мәмілелер кассалық (сатып алынған құнды қағаздар ақысы 2 — 3 күн ішінде төленеді) және мерзімдік (акциялардың ақшасы 1 ай ішінде төленеді) болып бөлінеді. Құнды қағаздардың нарқы сұраныс әсеріне, дивиденд көлеміне және процент мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.

Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді.

 

           Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның экономикадағы аткаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:

• қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаз- 
дарды сату жолымен уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;

•өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;

• бағалы қағаздармен жасалатын  операцияларды шоғырландыру, сұраныс пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды қалыптастыру.

Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырлан-дыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономи-каның басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.

Қор биржасы өз қызметінде мынадай  кағидаларға сүйенеді:

- қаншалықты биржадағы  мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде құжатталатындыктан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке сенімнің болуы;

- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының қызметінің кор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң түрде реттелуі.

Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға  итермелейтін орта қалыптасады. Ондай артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген мүм-кіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б. Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш ролін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады. 
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: бола-шақ клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды калай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер) жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық буындарының жұмыстарын (биржаға бағалы қағаздар жіберу жүйесі, сараптау, бағалау комиссиясы және т.б.) жолға қою керек, яғни басында қор биржасының функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.

Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мер-зімді мәмілелердің санының ұлғаюнан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан  болатын. Қаржы операцияларының  объектісіне қарыздық қолхат – вексельдер біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы қағаздармен алғашқы сауда-сатгық жасалған. Кейіннен жетекшілік ролі Амстердамға ауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.

Информация о работе Биржалық