Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:38, реферат
Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.
1. Биржа
2. Биржа түрлері
3. Тауар Биржасы
4. Қор Биржасы
5. Валюта Биржасы
6. Еңбек Биржасы
Қортынды
- Бағалы қағаздар нарығы туралы 5 наурыз 1997ж.
- ҚР бағалы қағаздармен
- мемлекеттің салық саясаты;
- депозит, займ, несие бойынша үкіметтің гарантиясы;
- айналымдағы ақша массасын және қарыз пайыз молшерлемесіне мемлекет тарапынан әсер етіп берілген несиені бақылау;
- қарыз капитал нарығына
- мемлекеттің сыртқы
Бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық институттар қызметіне бағытталған және реттеуші рөлді мемлекеттік органдарға берілген. Қазақстанда бұндай орган бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша ҚР ¥лттық банк Департаменті, қаржы Министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, меншікті реттеу бойынша Мемлекеттік комитет және жекешелендіру бойынша Мемлекеттік комитет. Реттеу органдары инвесторларды қаржылық жоғалтулардан қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Бұл, біріншіден, бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушыларын тіркеу; екішіден, экономиканың барлық субъектілеріне шынайы ақпарат беру; үшіншіден, бағалы қағаздар нарығында бақылауды және құқықты жүзеге асыру.
Валюта Биржа — валюталық
операцияларды шоғырландыратын, валюта
нарықтарын қалыптастырып, оның өзара
байланысы мен динамикасын
Халықаралық валюталық қатынастар — халықаралық экономикалық қатынастардың ең елеулі және қажетті саласы. Ол әлемдік экономикалық байланыстарда валютаның қызмет етуін, дүниежүзілік шаруашылық салаларының өнімдерінің айырбасын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады. Халықаралық валюталық қатынастар туралы айтпас бұрын валюта ұғымын, олардың түрлерін ажырату қажет. Әр елдің ұлттық ақша бірлігі бар екені түсінікті. Түрлі себептермен ақша бірлігі ұлттық шекараның сыртына шықса, ол жаңа сапаға ие болады, яғни валютаға айналады. Қолданылу аясына қарай валютаның бірнеше түрін ажыратады.[1]
Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуроенгізілді.
Әлемдік валюталық жүйе
ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің
қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты.
Қазіргі кезде жасалатын
Резервтік валюта — ұлттық валюта қорын сақтау мақсатында қолданылатын ұлттық, аймақтық және әлемдік валюта жиынтығы. Көпшілік жағдайда әлемдік нарықта айрықша тұрақты орны бар валюталар қолданылады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі – теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама – қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде.
Қаржы және валюта нарығы. Қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Қаржы нарығы біріне бірі байланысты және бірін бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма қол ақшаны ғана емес, сондай – ақ қолма – қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің орташа және ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де жатады.
Қаржы нарығы негізінен
ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелер
немесе куәліктер нарығы деп те атайды.
Ақша мен несие нарықтары әдеттегіде
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
1. Реттелген тауар
нарығының болуы, яғни
2. Ұлттық банк тарапынан
ақша айналысын дұрыс риттеу;
бұған қолма – қол және қолма
– қол емес айналым
3. Несие нарығын жандандыру,
оны толық коммерцияландыру, яғни
несие ресуртарын еркін
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
1. Бәсекені дамытып,
монополиялық үстемдікті
2. Қаржы ресурсын қайта
бөлуде мемлекеттің рөлін
3. Шаруашылық субъектілері
мен халықтың құнды қағаздарға
салынатын ақшалай
4. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғату; республикалық және жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
Құнды қағаз түрлері. Құнды қағаз иесінің осындай құжаттар шы ғарған ұйымдарға қатысты мүліктік құқығын айғақтайтын ақша құжаттары. Құнды қағаз жеке құжаттар немесе есепшоттардағы жазбалар түрінде жүреді.
Құнды қағазға мыналар жатады: акциялар, облигациялар, мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі алынғанын айғақтайтын құжаттар, депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар, лотерея билеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы құжаттар бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер шығарып, айналым мерзімі белгіленген, иесіне кәсіпорын табысының бір юөлігін иемденуге құқық берілетін құнды қағаз акция деп аталады.
Бізде еңбек ұжымы, кәсіпорын,
акционерлік қоғамдар шығаратын
акциялар пайдаланылады. Алғашқы екі
түрі нағыз акция емес, бұл халық
пен кәсіпорындардың бос
Еңбек ұжымының акциялары кәсіпорын қызметкерлеріне ғана таратылып, оның дамуы үшін салынғанын айғақтайды. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында еңбек ұжымы мүшелерінің акциялары айналымға түспейді қызметкер оны тек мұраға қалдырады. Жұмыстан шықса, оның акцияларын кәсіпорын бес жыл сақтайды.
Шетел валютасы шетел
ақшасы мағынасын береді.Ақшаның (МІ)
көп бөлігі депозит түрінде болғандықтан,
яғни коммерциялық банктік жүйенің
өтімді пассивтері түрінде, валюта нарығынан
талап етілгенде дейінгі депози
Еңбек Биржасы — жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкерлер мен қызметкерлер арасында делдалдық жасайтын мемлекет мекеме. Мемлекет еңбек Биржалары арқылы еңбек пиасасына ықпал етеді. Еңбек Биржасының негізгі қызметі: жұмыссыздарды жұмыспен қамту, жұмыс орнын ауыстыруға көмектесу, жұмысшы күшінің нарықтық коньюнктурасын зерттеп, олар туралы ақпарат беру, жұмыссыздарды есепке алып, оларға жәрдемақы төлеу және т.б. Биржаны ұйымдастырудың алуан түрлері болғанымен, негізінен екі тұрпатқа бөлінеді:
Биржа Айналымы — белгілі бір кезеңде биржада жасалған мәмілелер көлемі. Ол сатылған тауарлар мен құнды қағаздар бағасының сомасымен айқындалады. Сатылған тауарлар мен құнды қағаздардың мөлшері Биржа Айналымының көрсеткіші болып табылады. Биржа айналымы бәсеке қызып, күшейген кездері ұлғаяды да, ол дағдарысқа ұшырап, бәсеңсіген кездері күрт құлдырайды. Бүгінде халықаралық Биржа айналымы, әсіресе, биржалық тауар айналымы сан және сапа жағынан өсуде.
Биржа Бағасы — биржа мекемелері жасалған келісімдерді ескере отырып белгілеген құнды қағаздар (акциялар мен облигациялар) мен тауарлар бағасы. Бұл — биржада болып жатқан өзгерістердің бір көрсеткіші бола отырып, құнды қағаздар мен биржа тауарларына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын белгілейді. Кейде мұнда әдейі жасалатын сұраныс пен ұсыныстың немесе жалған келісімдердің салдарынан үлкен шатасушылық, алданушылық та болады. Құнды қағаздардың бағасын белгілегенде, кейде биржада жасалған келісімдер ғана емес, одан тыс жасалған келісімдер де есепке алынады. Кейбір биржалардың бюллетендерінде құнды қағаздар мен биржа тауарлары айналымының сомасы да көрсетіледі. Биржа бағасы өте құбылмалы, тіпті бір күн ішінде сан рет өзгеріп отырады. Ол туралы ақпараттар арнайы биржа бюллетендерінде жарияланады, дисплей арқылы да беріледі.
Биржа Дағдарысы — экономикалық дағдарыстың немесе ерекше бір саяси жағдайлардың салдарынан құнды қағаздар (акция, облигация) биржасында дағдарыстың орын алуы. Мұнда құнды қағаздардың курсы шұғыл төмендейді және оларды шығару азаяды. Экономикалық дағдарыстар кезінде акцианың қоғамдардың пайдасы кемиді және дивиденд төмендейді, ол акциялардың құнсыздануына әкеліп соғады. Дағдарыс кезінде нақты ақшаға мұқтаж болатындықтан, құнды қағаздарды биржада көптеп сата бастайды, мұның өзі оларды мүлде құнсыздандырып жібереді, ал өнеркәсіп өндірісі мен сауданың кемуі күрделі қаржы жұмсауды азайтады, тіпті тоқтап та қалады, нәтижесінде кәсіпорындардың облигация шығаруы кемиді. Экономикалық дағдарысқа байланыссыз да (мысалы, соғыс кезінде) құнды қағаздардың курсі құлдырауы мүмкін.
Биржа Делдалдары — қор, валюта биржаларында делдалдық қызмет атқаратын адамдар немесе фирмалар. Биржа делдалдары белгілі бір салаға маманданады және олар жасасатын келісім, акция курсі, т.б. жөніндегі деректерге қанық болады. Биржалардың көпшілігінің жарғысы бойынша Биржа делдалдары өз есебінен келісім жасасуға және меншігіндегі бағалы заттарды сатуға құқығы жоқ. Бірақ олар бұл ережені іс жүзінде ұстана бермейді. биржа делдалдарын, әдетте, биржа комитеттері тағайындайды, ал кейбір елдерде (мысалы, Францияның қор биржасында) үкіметтің арнайы қойылған қызметкерлері орындайды. Қор биржасындағы Биржа делдалдары, негізінен, делдалдық конторлар немесе фирмалар түрінде болады. Олардың биржада жасалып жатқан келісімдерді көрсетіп тұратын экранмен жабдықталған залы және клиенттердің пайдалануына берілетін телефон қондырғылары орнатылған бөлмелері мен өз бухгалтериясы бар. Биржа делдалдарының арасында қаржы капиталының конторлары басты рөл атқарады. АҚШ-та жаңа құнды қағаз шығаруда басты рөл атқаратын “Морган, Стэнли энд компани” эмиссиялық банкир үйі өзінің негізгі қызметінен басқа құнды қағаздармен келісім жасасатын Биржа делдалдары міндетін де атқарады. Биржа мүшесі болып саналатын Биржа Делдалдарынан басқа ресми түрде тіркелмеген маклерлер де болады. Биржа делдалдары өзінің делдалдық қызметі мен берген кеңесі үшін ақы алады. Оны жасасқан келісімнің сомасына қарай белгілі бір мөлшерде биржа комитеттері белгілейді.
Биржалық алым — биржа комитетінің құнды қағаздарды сатып алушыдан биржа келісімін жасауына берілген құқық үшін жинайтын ақшалай алымы. Әдетте, сату бағасының 2 %-і көлемінде алынады.
Биржалық үрей - құнды қағаздар бағамының (ең алдымен ақциялардың) күрт, апатты түрде түсіп кетуімен сипатталатын биржалық күйзелістің барынша ең бір өткір кезеңі. Биржаны үрей кеулеген кезде, құнды қағаздар ұсынысы күрт күшейіп, оларға деген сұраныс та бірден төмен құлдырайды. Биржалық үрей, әдетте, басталып келе жатқан экономиқалық дағдарыстың немесе бұған дейінгі биржалық дүрлігудің заңды нәтижелері болып табылады.