Биржалық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:38, реферат

Описание

Биржа (лат. bursa — әмиян) — сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны. Биржалар 15 — 16 ғасырларда пайда бола бастады. Алғашқы Биржалар әмбебап сипатта болды. Мысалы, 1608 жылы құрылған Амстердам Биржасы осы сипатын қазірге дейін сақтап келеді. Ұсынылатын тауар не қызмет түрлеріне байланысты Биржалар тауар Биржасы, қор Биржасы, валюта Биржасы, еңбек Биржасы, т.б. болып бөлінеді.

Содержание

1. Биржа
2. Биржа түрлері
3. Тауар Биржасы
4. Қор Биржасы
5. Валюта Биржасы
6. Еңбек Биржасы
Қортынды

Работа состоит из  1 файл

биржалык.doc

— 142.50 Кб (Скачать документ)

Биржалық баж - биржа комитетінің биржа мәмілелерін жасау құқы үшін биржа мүшелері мен оған қатысушылардан алынатын төлемі.

Биржа дүрлікпесі - өз болмысы бойынша объективті экономиқалық негізі жоқ, құнды қағаздар бағамы мен қор биржасындағы жалпы айналымды жасанды түрде қолдан көтеру. Биржа дүрлікпесі құнды қағаздарға дүрліге сұраныс жасаумен сипатталып, алыпсатарлық, операциялардың мөлшері бірден ұлғаяды, жалған капиталды жасанды жолмен «ұлғайту» орын алады. Егер биржалық операциялардың қатысушылары экономикалық өсімнің мүмкіндіктерін недәуір асыра бағалайтын болса, биржа дүрлікпесінің заңды нәтижесі міндетті түрде биржалық үрей мен күйреуге апарып соқтырады. Бұл өз кезегінде қор құндылықтарының рыногын қайтадан белгілеуге әкеліп соғады.

Биржалық мәмілелер - нысаны биржадағы айналысқа жіберілген мүлік болып табылатын және тиісті биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының зандары мен биржалық сауда ережелеріне сәйкес онымен сауда-саттық, жүргізуге қатысатындармен жасалатын мәмілелер.

Биржалық мәмілелер осы мәмілелердің жасалғандығын растау үшін биржа беретін құжаттармен рәсімделеді.

Брокер (ағылшын. broker) — қор және тауар биржаларында , валюта рыноктарында тауар, валюта,  құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма). Қандай жұмыспен айналысатынына, кімнің өкілі екеніне қарамастан, брокер әрдайым тек заңға сай, нақты іс-қимыл жасайды.  Брокердің мақсаты — мол табыс табу болғанымен, ол өзінің делдалдық етуімен қабылданған келісім бойынша нақты тапсырмалар ғана алады. Брокер өкіл емес, белгілі бір жақтың шарттық келісімдеріне араласпайды, жеке келісім-шарт жасасуға арнайы берілген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етеді

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше.


Информация о работе Биржалық