Бизнестің жол картасы 2020

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 15:50, реферат

Описание

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;

Работа состоит из  1 файл

бизнестің жол картасы 2020.docx

— 44.67 Кб (Скачать документ)

 

 

 

4.1 Бағдарламаның  мақсаты 

 

Экономиканың шикізат  емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын  сақтап қалу және жаңаларын құру. 

 

 

 

4.2 Нысаналы индикаторлары  

 

Нысаналы индекаторлар:

жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді  арзандату;

2015 жылға:

ЖІӨ құрылымындағы өңдеу  өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

экспорттың жалпы көлеміндегі  шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;

шикізат емес экспорт  көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек  өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.

2020 жылға дейін индикаторлардың  сандық көрсеткіштері кейіннен  Бағдарламаға толықтырулар енгізіле  отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін  іске асыру нәтижелері бойынша  айқындалады. 

 

 

 

4.3 Міндеттері 

 

Бағдарламаны іске асыру  шеңберінде міндеттерді шешу мынадай  үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау;

2) кәсіпкерлік секторды  сауықтыру;

3) экспортқа бағдарланған  өндірістерді қолдау.

Қойылған міндеттерді  шешу мақсатында уәкілетті орган  нормативтік құқықтық базаны жетілдіру  жөнінде шаралар қабылдайды.

Бағдарламаны іске асыру  Бағдарламаға қосымша болып табылатын  іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар  қала үшін халық санына барабар есептелетін  қаржыландырудың жалпы лимитін  айқындайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша  қаржыландырудың жалпы лимитін  бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.

Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің  арасында мына:

өңірдің шикізат емес экспортының  көлемін ұлғайту;

өңірде құрылатын жұмыс  орындарының саны;

өңір экономикасының шикізат  емес секторында еңбек өнімділігінің  өсуі;

мемлекеттік бюджетке түсетін  түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер  туралы үлгі келісімдер жасалады.

Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер бойынша бөлінбейді.  

 

Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның  басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат  емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.

Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік  қолдау мыналарды қамтиды:

жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;

банктердің жобаларды  іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

бизнесті жүргізуді сервистік  қолдау;

кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын  ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар 
Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес Экономиканың басым секторларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті төрағасының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес).

Минералдық шикізатты  өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің  тізбесіне енгізілген металлургия  өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның  бірінші бағытына қатыса алмайды.

Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер экономиканың көрсетілген  секторлары шеңберінде әрбір өңірдің  ерекшелігін ескере отырып, өздерінің  басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған басымдықтар уәкілетті  органмен келісіліп, өңірлік бұқаралық  ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында  жарияланады. 

 

Банктердің кредиттері бойынша пайыздық  ставканы субсидиялау

Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары

Банктің сыйақы ставкасын  субсидиялау жаңа инвестициялық  жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды  іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер  бойынша жүзеге асырылады.

Пайыздық ставкасын субсидиялау  жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.

Субсидиялау мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен  
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.

Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем  емес өз қаражатының жобаны іске асыруға  қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы пайыздық ставканы  субсидиялау банктердің сыйақы  ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын  Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері  бойынша ғана жүзеге асырылады.  Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама  жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне  байланысты;

өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті  орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын  нарықтық шекті сыйақы ставкасынан  жоғары болуы мүмкін емес.

Субсидиялау мөлшерін 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайды. 

 

Кредиттер бойынша  пайыздық ставканы субсидиялау тетігі

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк жобаның қаржы-экономикалық  тиімділігіне бағалау жүргізеді  және оң шешім болған жағдайда  өтінім берушіге жобаға кредит  беруге  дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.

3. Өтінім беруші банктің  оң шешімімен осы жобаны ӨҮК  қарауына шығаратын жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге  жүгінеді.

4. ӨҮК жобаны Бағдарлама  өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды  және субсидиялау мүмкіндігі (немесе  мүмкін еместігі) жөнінде шешім  қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті  хаттамамен ресімделеді.

5. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК  субсидиялауға мақұлдаған жобалар  тізбесін субсидиялау шарттарымен  бірге тиісті банктерге, сондай-ақ  қаржы агентіне жібереді.

6. ӨҮК-де қаралған барлық  жобаларды жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші олар  бойынша қабылданған шешімдермен  қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне  сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.

7. Кредиттеу бойынша банктердің  және субсидиялау бойынша ӨҮК-нің  оң шешімі бар жобалар бойынша  банк, қатысушы және қаржы агенті  субсидиялау шартын жасайды, оның  шеңберінде қаржы агенті мен  Бағдарламаға қатысушы банкке  сыйақы ставкасының тиісті бөлігін  төлейді. 

 

 

 

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары         

 Жаңа жобаларды іске  асыру үшін берілетін кредиттер  бойынша, сондай-ақ өндірісті  жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған  іске асырылатын жобалар бойынша  ғана кепілдік беріледі.        

 Кепілдік беру жүзеге  асырылатын кредит(тер) сомасы  бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден  аспауы тиіс.        

 Кепілдік мөлшері кредит  сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы  тиіс.

Кәсіпкерлерге кепілдік тегін  беріледі.             

 Кепілдік берілетін  кредиттің ең жоғары мерзімі  10 жылдан аспауы тиіс.        

 Айналым қаражатын  қаржыландыру негізгі құралдарды  сатып алуға және/немесе жаңғыртуға  арналған кредит шеңберінде жүзеге  асырылатын, бірақ кредит сомасының  20 %-ынан аспайтын жағдайларды  қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға  берілетін кредиттер бойынша  кепілдік беру жүзеге асырылмайды.         

 Өтінім беруші жобаны  іске асыруда қаражатының қатысуын  жобаны іске асырудың жалпы  құнының 15 %-ынан төмен емес  деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

2010 жылы кепілдік беру  жүзеге асырылатын кредиттер  бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

өтінім беруші бастама  жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне  байланысты;

өтінім беруші кредит бойынша  міндеттемелерді бұзуы себепті  алынатын комиссияларды, алымдарды  және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір  комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

Бұдан әрі кредит бойынша  банктің сыйақы ставкасы уәкілетті  орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын  нарықтық шекті сыйақы ставкасынан  жоғары болуы мүмкін емес.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды. 

 

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

1. Өтінім беруші банкке  өтініш береді.

2. Банк өтінім берушінің  кепілдікті қамтамасыз етуіне  алдын ала дербес бағалауды  жүргізеді және оған өтініш  берілген қарыз сомасына негізделе  отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің  есебі көрсетілген хат береді.

3. Өтінім беруші қажетті  кепілдік мөлшерінің есебі бар  банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны  үйлестірушіге өтініш береді.

4. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші жобаны  ӨҮК-нің қарауына шығарады.

5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама  талаптарына сәйкестігін қарайды  және өңірдің басымдықтарына  сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы  шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі  тиісті хаттамамен ресімделеді.

6. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші қаржы  агентіне және тиісті банктерге  кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған  жобалардың тізбесін жібереді.

7. Жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші өтініш  берушіге жобаны ӨҮК-де қарау  нәтижелері туралы хабарлайды.

8. Банк жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестірушінің хатын  алғаннан және өтініш беруші  құжаттардың толық топтамасын  бергеннен кейін жобаға кешенді  сараптама жүргізеді және жобаны  қаржыландыру не қаржыландырудан  бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9. Банк жобаны қаржыландыру  бойынша оң шешім қабылдаған  жағдайда, банк кепілдік беру  үшін қажетті құжаттарды жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге  және қаржы агентіне жібереді.

10. Қаржы агенті кепілдік  беру алдындағы хатты банкке  жібереді.

11. Банк және өтініш  беруші арасында тиісті кредит  шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші  кепілдік шартына қол қояды.

12. Қаржы агенті өтініш  берушінің жобасы бойынша кепілдік  бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі  Бағдарламаны үйлестіруші қаржы  агентіне ақы төлейді. 

 

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның  дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020