Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2012 в 15:50, реферат
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы
(бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленді.
Бағдарлама Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
Бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын іске асырудың қисынды жалғасы болып табылады, бұл ретте дағдарыстан кейінгі дамуға, қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға және жаңаларын құруға мән беріледі.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
жобаларды іріктеуді және қаржыландыру (қайта қаржыландыру) жөніндегі шешімді екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) Бағдарламада белгіленген шарттарға сәйкес дербес қабылдайды;
уәкілетті мемлекеттік орган мен арнайы белгіленген комиссия және кеңестер арқылы мемлекет субсидиялау, кепілдік беру және (немесе) мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну мүмкіндігі бойынша шешім қабылдайды;
12. Мемлекеттік комиссия
мақұлдаған жобалар бойынша
Үшінші бағыт:
Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
Бағдарламаны іске асырудың
үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға
экспорттайтын кәсіпкерлерді
Мемлекеттік қолдау банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері
Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнің 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:
тау-кен өнеркәсібі;
минералдық шикізатты
өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке
жататын ірі салық
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау мерзімі одан
әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен
1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.
2010 жылы банктердің, Бағдарламаға қатысушылардың сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ банк:
өтініш беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;
өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
Одан әрі жылына бір
рет Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігінің
келісімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит
бойынша қаржы ұйымдарының
Субсидиялау мөлшері 2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының 70 %-ын құрайтын болады.
Үшінші бағытты іске асыру тетігі
1. Экспорттаушы жекелеген тауарлар бөлінісінде экспорттық жеткізулердің көлемдері мен бағыттары бойынша ақпаратты қоса бере отырып, банктің сыйақы ставкасын субсидиялауға үшін жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.
2. Жергілікті деңгейдегі
Бағдарламаны үйлестіруші
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына
сәйкес экспорттаушы
4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.
5. Субсидиялау бойынша
ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар
бойынша, банк, экспорттаушы және
қаржы агенті арасында
6. Экспорттаушы үш айда
бір рет өнімнің экспорты
7. Қаржы агенті
Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі
Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер арасында 2 келісім (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда:
бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;
пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;
банктердің кредиттері бойынша
субсидиялау мен
қаржы агентінің функцялары айқындалады.
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:
кредиттер бойынша өзара
іс-қимыл тәртібі мен
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мен тәртібі айқындалады;
қаржы агентінің функциялары айқындалады.
Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.
Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қаржы агенті банкттердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәлеметтерді сұратуға құқығы бар.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны
үйлестіруші өңірлерде
4.4. Бағдарламаны
іске асыру нәтижелерінің
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;
экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;
жеке сектор кәсіпорындарының,
бірінші кезекте, шағын және орта
бизнестің қаржылық-
Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:
бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-ға дейін ұлғайту;
үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
Бағдарламаны іске
1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл аралығында, бұл ретте 2010 жыл пилоттық жыл болып табылады.
2010 жылы Бағдарламада
міндеттерді шешу үш бағыт
бойынша іске асырылатын
2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.
2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері
Бағдарламаны іске асыруға
республикалық бюджеттен 2010 жылы
30 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдауға 2 млрд. теңге.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.