Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 12:13, реферат

Описание

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
1. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

Еңбек нарығы және оның теориялық мәні.doc

— 260.50 Кб (Скачать документ)

       Кезкелген жұмыссыздың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада  Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 жж.) есімімен аталған. Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлыттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі  табиғи деңгейден  1%-ға артса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымызОукен коэффиценті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің  төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің  абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі.       

    Егер де жұмыс күші тауар болса, онда оның құны туралы сұрақ туады. Ол қалай анықталады және қазіргі кездегі оның шамасы қандай? Жұмыс күшінің құны, оны қайта өндіруге қажетті өмір сүру құралдарының құнымен анықталады. Әзірше, дүние жүзінін көптеген елдеріне қарағанда біздің елімізде адамның еңбегі, оның жұмыс күші төмен бағаланады. Мысалы, Швейцарияда бір сағаттық еңбек - 30, Германияда - 28, Австрияда - 22, Францияда -15 доллар тұрады. Біздің есебіміз бойынша бұл көрсеткіш, қазіргі таңда Қазақстанда, орта шамамен 0,10 доллар (әрине бұл арада инфляцияның деңгейін ескеру қажет) құрады. Инфляция жұмыспен камтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы ағылшын экономисі А.Филлипс оның ықпалын көрсететін "сұраныс инфляциясы" деген үлгісін ұсынды:

       

                  

    Cурет-1.Филипстің қисығы    

    Ол 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақ деректерін пайдалана отырып, ал жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3% артык көбейтуі баға мен жалакының өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.

    А.Филлипс есебінің теориялық негізін экономист Р.Лепси жасды. Р.Самуэльсон және Р.Солоу, Филлипстің кисық сызығына өзгерістер енгізін, жалақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырды. Үкімет Филлипстің қисық сызығын, сол күйінде экономикалық   саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

    Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. И1 төтенше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша-несие шаралары қолданылады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшерінің деңгейіне дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың "қызып" кетуіне дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарын кеміту және т.б шаралар жүргізеді. Нәтижесіңде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

    Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлинстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда колдануға келеді. Өйткені, ұзак мерзімді жоспарда жұмыссыздықтың жоғары болуына карамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

Бұлардың ішіңдегі жиынтық сұранысты ынталандыру мәселесін бөліп көрсету керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздыктың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді "жалған күту" дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша  инфляциясының  өсуіжұмыссыздықты  азайтуы мүмкін Бірақ бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының осущін байкап, еңбек ұсынысының шын бағасын біледі Өиткені инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды біріе-бірте азайтса үміттің үзілгені онда ешкімде жалақынын өсуіне карамастан еңбегін ұсынбайды. Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М.Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен толтыру тиімсіз деп көрсетті. Сонымен, халық өзінің жалған күтуін сезіп номиналды ставканы жоғарылату, жалақыны сатып алу кабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана, инфляцияның өсуі еңбекті ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуінен жүреді. 
 

Информация о работе Еңбек нарығы және оның теориялық мәні