Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2012 в 12:13, реферат
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-өміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………..
1. Еңбек нарығы және оның теориялық мәні
1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның қызметі................
1.2. Жұмыссыздық және оның түрлері. Филипстің графигі........
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары...................
2 Қазақстандағы жұмыспен қамту бағдарламалары және нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.3. Жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс заңдары.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұранымның, ұсынымның және тепе-теңдік жағдайымен сипатталады. Психологиялық тұрғыдан алғанда еңбекке сұраным қисық сызығы жалдаушының тілегін, ал еңбекті ұсыным қисығы қызметкердің (жұмысшының) ділегін көрсетеді. Жекелеген еңбек нарығы, әдетте, бізге бұрыннан белгілі графикпен бейнеленеді.
Сурет 2. Жекеленген еңбек нарығы.
2-ші суретте енбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және ДД қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады. W/P*.
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасына кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егep жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:
2. тұрғындардың жалпы санындағы еңбек етуге қабылеті бар. халықтың үлесімен;
3. жұмысшының бір жыл ішінде атқарған жұмыс сағатының орташа санымен;
Жалақының тепе-тендік деңгейін орнықтырудың автоматты тенденциясы болады деген жорамал бар. Тепе-тендікке жету механизмі болып, жұмыссыздық көлемінің өзгеруінің ықпалымен және тауарлардың нарыққа әсер етуімен болатын жалақының ақшалай мөлшерінін ауытқуы қызмет етеді: ақшалай жалақы өскен жағдай да бағаның жалпы деңгейі өседі, төмендеген жағдайда азаяды.
Еңбек нарығын біз жеткілікті дәрежеде ашып көрсете алдық па? Жоқ. Себебі, біріншіден, біздің моделімізде жұмыссыздық жоқ, екіншіден, әртүрлі мамандық иелерінің жалақы айырмашылығы көрсетілмеген.
Барлық экономика үшін біртұтас еңбек нарығы болмайды. Нақты өмірде, біз көптеген жеткілікті дәрежеде оқшауланған сегменттермен кездесеміз. Еңбек нарығы мамандықтар, салалар және территориялар бойынша бөлінді. Бір сегменттен басқа сегментке өту үлкен шығынмен байланысты. Еңбек нарығындағы тепе-тендік жағдайы көбінесе мемлекеттін араласуымен айықталады. Жұмыссыздыққа байланысты берілетін жәрдем ақша еңбекті ұсыну жағдайына әсер етеді. Жалақының ең төменгі мөлшері нарықтың сұраным мен ұсыным қозғалысына автоматты түрде бейімделу әрекетіне шек қояды.
Жұмысшы күшіне сұраныс, жиынтық сұраныспен есептесе отырып, тауарлар мен қызметтер өндіру үшін, тиісті квалификациясы бар жұмыскерлердің белгілі санымен, жұмыс берушілердің жалдауға қажеттіктерімен белгіленеді. Жұмысшы күшінің ұсынысы еңбекке қабілетті жастағы адамдардың қабілеттерін әдеттегіндей ұдайы өндіру керек қажеттіктерімен және жиынтық экономикалық ұсыныспен есептесе отырып, жақсы хал-жағдайды қолдап тұруға жеткілікті қажеттіктермен белгіленеді.