Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 22:41, реферат

Описание

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационалдизациясы жұмысшы күшінің интернационалдизациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналады. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдермен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Ненізгі бөлім:

А) Еңбек рестарының халықаралық көші-қоны түсінігі мен себептері
Ә) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қон тарихы мен бағыттары, тиімді-тиімсіз жақтары және экономикалық салдары
Б) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қонының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
В) Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік және халықаралық реттеу
Г) Қазақстан Республикасының көші-қон жағдайы мен саясаты

ІІІ.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны РЕФЕРАТ.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Ненізгі бөлім:

 

А) Еңбек рестарының халықаралық  көші-қоны түсінігі мен себептері

Ә) Еңбек ресурстарының халықаралық  көші-қон тарихы мен бағыттары, тиімді-тиімсіз жақтары және экономикалық салдары

Б) Еңбек ресурстарының  халықаралық  көші-қонының қазіргі таңдағы ерекшеліктері

В) Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік және халықаралық реттеу

Г) Қазақстан Республикасының  көші-қон жағдайы мен саясаты

 

ІІІ.Қорытынды 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек ресурстарының халықаралық  көші-қоны

 

Кіріспе

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационалдизациясы жұмысшы күшінің интернационалдизациясымен  қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық  экономикалық қатынастардың бір  бөлігіне айналады. Миграциялық ағымдар  бір елдер мен аймақтардан екінші елдермен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Халықтың жаппай миграциясы ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне айналды. Жұмысшы күші өмір деңгейі төмен елдерден өмір деңгейі жоғары елдерге ауысады. Оюъективті түрде миграция еңбек ақы шартындағы ұлттық ерекшеліктерге байланысты туындайды.

Қазіргі  кезде  халық  санының  көбеюіне  байланысты еңбек ресурстары да көбеюде. Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алғалы  бері  көп  уақыт өткен жоқ. Сондықтан болар, біздің елде  еңбек ресурстарының көші-қоны өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған.  Осы рефератта халықаралық  еңбек ресурстарының миграциясы  мен халықаралық нарығы қарастырылады. Халықаралық  көші-қонның жұмыс  бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және  туристік  т.б. нысандары  бар. Жұмыс  күшінің  халықаралық  нарығы  басқа дүниежүзілік нарықтармен, мысалы, тауарлар, қызмет көрсету,  капитал  нарықтарымен  қатар  жүзеге  асады. Жұмыс күші  өзінің бір елден екінші  елге  ауысуы  барысында өзінің  еңбекке қабілеттілігін  тауар ретінде ұсынады. Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді. Сондықтан көші-қон саясаты кез келген мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс. Еліміздегі  жұмыс  күші  миграциясы - көпвекторлы стихиялық процесс,  оның  ішіне  ауыл  халқының  қалаға ішкі  миграциясы,  әсіресе оңтүстік  аймақтарда орын алуда. Қазақстанның  еңбек ресурстарының экспорты - 1990  жылдардан  бастап  дамып  келе  жатқан  жаңа  құбылыс. Сондықтан  менің  ойымша,  Қазақстандағы  жұмыс күшін дамыту,  оны өзге  елдерге экспорттау және импорттаудың тиімді көші-қон саясатына ерекше көңіл бөлу  керек.

 

Еңбек рестарының халықаралық көші-қоны түсінігі мен себептері

Еңбек ресурстарының  халықаралық көші-қоны – жұмыс іздеу, пайда табу сияқты экономикалық себептермен, сонымен қатар экономикалық емес, саяси, этникалық, мәдени, жанұялық және өзге сипаттағы немесе мәжбүрлі түрде жұмысқа қабілетті адамдардың өз елінен шетелге көшуі. Мұндай көші-қон қайтарымды және қайтарымсыз, заңды және қаңсыз болуы мүмкін. Әрбір территорияға қатысты халықтың орын ауыстыруы эмиграциялық және имиграциялық ағымдардан қалыптасты. Эмиграция - шетелге кету болса, имиграция - шетелге келу. Басқаша айтқанда, жұмыс күшінің халықаралық қозғлысы жалдамалы еңбек тұлғалардың экспорты мен импортын білдіреді. Эмиграция мен имиграцияның айырмашылығы миграциялық сальдоны құрайды.

Еңбек ресурстрының халықаралық  көші-қонының ерекшелігі ол қатаң мемлекеттік және мемлекетаралық бақылауға ұшырайды.

Жұмыс күшінің орын ауыстыруы  барысындағы анықтаушы себептерге отанындағыдан көп пайда табу ынтасы және өз біліктілігін дұрыс қолдануға деген ұмтылыс жатады. Осыған байланысты жұмыс күшінің халықаралық қозғалысын шетелдегі төленетін кәсіби іс-әрекет ретінде анықтауға болады.

Жұмыс күшінің орын ауыстыру себептері экономикалық және экономикалық емес сипаттағы факторлардың ықпал  етуімен байланысты.

Экономикалық емес факторлар:   саяси-құқықтық,  ұлттық, діни, расалық, жанұялық. Соңғы онжылдықты көші-қон процесін дамуына экологиялық білім беру, мәдениеттік, психологиялық және этникалық факторлар күрделі ықпал етуді бастады.

Экономикалық факторларға  жататындар:

- елдердің экономикалық дамуының түрлі деңгейлері;

- ұлттық еңбк нарығының жағдайы;

- экономиканың құрылымдылық қайта құрылуы;

- ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;

- капиталды сыртқа шығару.

Территориялық қамту  бойынша:

- контингентаралық;

- контингент ішіндегі.

 Мигранттардың біліктілік деңгейі бойынша:

- біліктілігі жоғары жұмыс күші;

- біліктілігі төмен жұмыс күші.

Уақыт бойынша:

- қайтарымсыз (тәртіп бойынша, континетаралық);

- уақыттық (тәртіп бойынша,  контингент ішіндегі)

- маусымдық (табыс табуға жылсайынғы бару);

- маятниктік (өз елінің шекарасынан тыс жұмыс орнына күнделікті барып тұру).

Заңдылық дәрежесі бойынша:

- легалды;

- легалды емес.

 

Еңбек ресурстарының халықаралық  көші-қон тарихы мен бағыттары, тиімді-тиімсіз жақтары және экономикалық салдары

Еңбек ресурстаының халықаралық көші-қоны өндірістік революция нәтижесінде басталды. Осы кезеңде крестияндар басқа салаларда қызмет етуге көшті, яғни олар жалданбалы жұмысшыларға айналды. Әрине басында бұл өзгерістер бір мемлекет шеңберінде жүрсе, кейін елдер арасында жұмыс орнын іздеу мақсатындағы көші-қон орын алды. Батыс Еуропада көшу басталды. 1815-1915 жылдары Еуропадан 40 миллион адам көшіп кетті. Олар негізінен колорнияларға көшті. Еуропадан басқа ХVІІ-ХІХ ғасырларда Африка континентінен Америкаға жұмыс күшінің көші-қоны жүрді, бірақ бұл көші-қон құлдық формасында, яғни мәжбүрлі миграция түрінде жүзеге асты. Сонымен қатар ХІХ ғасырда Қытай мен Үндістаннан Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне көші-қон орын алды. 

Ғылыми-техникалық революция  көші-қонды одан әрі күшейтті. Сонымен қатар ХХ ғасырда көші-қон бағыты дамыған елдерге қарай өзгерді.  

Қазіргі кезде Францияда  құрылыс саласында қызмет істейтін жұмыскерлердің төрттен бірі иммигранттар болса, машина жасау саласында олардың саны үштен бірін құрайды. Швейцариядағы құрылысшылардың екіден бірі басқа мемлекеттерден көшіп келгендерден болса, Германиядағы жұмыс істеушілердің оннан бірі шетелдіктер болып табылады. Жалпы Еуропада жыл сайын 20 миллион мигрант көшеді екен.  Тек Батыс Еуропада 15 миллион мигранттар бар, олардың көбі Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Африка мемлекеттерінің және Түркия азаматтары болып табылады. Батыс Еуропадан басқа АҚШ миграцияның орталағы болып қалыптасты, Мұнда жұмыс істейтіндердің 7 пайызын иммигранттар құрайды. Жалпы басқа елдерден мигранттарды тартудың негізгі орталықтарына келесі  елдер мен аймақтар жатады: АҚШ, Канада, Австралия; Батыс Еуропа, Таяу және Орта Шығыстың мұнай өндіруші елдері, Азия-Тынық мұхит аймағы мен Латын Америкасының жаңа индустриялды елдері. Парсы шығанағының мұнайлы елдерінде 3 миллион иммгрант бар, олар жалпы жұмыскерлердің 70 пайызын құрайды. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш тіпті 80-90 пайызға дейін барады. Мысалы, Бірккен Араб Әмірлігі (90%), Катар (80%). Ал Сауд Арабиясында керісінше бұл көрсеткіш Парсы шығанағы елдердегі орташа көрсеткіштен біршама төмен – 40 пайыз. Дегенмен, бұл да аз емес. Латын Америкасында да миграция орталықтары бар. Олар – Аргентина, Бразилия, Венесуэлла. Бірақ бұл мемлекеттерге тек сол Оңтүстік Америкадағы көрші мемлекеттер азаматтары, ондағы жағдайдың нашарлығы себебімен көшеді.

Сонымен, қазіргі уақытта әлемдік  тәжірибеде жұмыс күші қозғалысы  формаларының келесі жіктемесі қалыптасты: (бағыттары бойынша):

- дамушы және постсоциалистік  елдерден өнеркәсіптік дамыған  елдерге                  көшу;

- өнеркәсіптік дамыған елдер шегінен көшу;

- дамушы елдер арасында жұмыс  күшінің қозғалысы;

- жоғары білікті жұмыс күшінің  өнеркәсіптік дамыған елдерден  дамушы елдерге көшуі.

Халықаралық миграция жұмысшы  күшін экспорттайтын немесе импорттайтын елдердің арасындағы экономикалық даму жағдайы мен халықтың табиғи өсу қарқыныңда елеулі айырмашылықтар болғандықтан пайда болады. Сондықтан, иммиграцияның географиялық орталықтары - АҚШ, Канада, Австралия. Батыс Еуропа елдерінің көпшілігі секілді жоғары экономикалық дамуы бар және мұнай сатудан түсетін жоғары табысқа байланысты өте қарқынды экономикалық дамыған елдер болып отыр. Бұл елдер қатарына Бахрейн, Кувейт, Катар, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттарын жатқызуға болады.

Әлемнің көптеген мемлекеттері сыртқы сауданы либерализациялау жолына түскен кезде, олардың бәрі жұмысшы күшінің халықаралық миграциясын шектейтін шаралар қолдануда.

Миграцияның теріс әсерлерінің  бірі - мигранттардың дамыған елдер  бюджетіне салатын қаржылық ауыртпалығы. Ол дамыған елдер дамушы елдерге  жақын немесе шекаралас болғанда өте айқын көрінеді. Оған мысал ретінде АҚШ, Мексика мен Кариб бассейні елдері, Франция мен Магриб елдері, Германия мен Түркия бола алады. Осындай жақын көршілестік заңды ғана емес, материалды көмекті немесе отанына қайтару үшін көп қаржы-қаражатты қажет ететін заңсыз иммигранттардың көптеп ағылуына әкеледі.

Импортер-елдер жұмысшы  күшінің үлкен ағымы келгендіктен, ұлттық мүдделерін қорғауға байланысты саясатын жүргізеді. Оның басты мақсаты - талапкерлерді тексеру мен таңдау жүргізу болып табылады.                                                                                  Иммиграциялық саясаттың мақсаттары үш аспектіде қарастырылуы мүмкін:                                                                                                       

- ұлттық экономиканы  қажетсіз жұмысшы-мигранттар ағымынан  ауқымы мен сапа құрылымы бойынша  қорғауды қамтамасыз ету;                                                                                                                         

- қабылдаушы елдегі ішкі халықтың жұмысбастылығының өзекті мәселелерін шетел жұмысшы күшінің санын реттеу есебінен шешу;

- импортер-елдің экономикалық  және саяси мүдделеріне байланысты  елге келген жұмысшы-мигранттарды  тиімді пайдалану;

 Миграциялық саясат  концепциясын таңдау кезіңде елдің ұлтық- тарихи ерекшеліктері өте маңызды болады. Еуропалық қауымдастық елдер үкіметтері біртұтас халықаралық еңбек рыногын құру мақсатыңда интеграция концепциясына негізделуде. Оған қарама-қарсы АҚШ, Канада, Австралия саясаттарына шетел жұмысшы күшінің жаппай келуі ұлттың қалыптасуымен қабаттасқаңдықтан, ассимиляция мен натурализация концепциясы тән;

Батыс Еуропа жағдайындағы интеграция концепциясы XX ғасыр басыңда пайдаланыла басталып, 60-70 жылдары жаппай сипат алған  ротация концепциясына ауысты. Ротация жүйесі дегеніміз мигранттарды тек белгілі мерзімге жұмысқа алуды білдіреді. Жұмысшы күшін тез ауыстыру, кәсіпкерге еңбекті көп қажет ететін салалар мен конвейерлі өнеркәсіпте қажетті еңбек өнімділігі деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіңдік береді. Ротацияны қолдану миграцияның іріктеу функциясының орнын жоғарылатады: кәсіпкер арнайы қызмет орыңдары көмегімен, қандай да жұмыскерге қажетілігі болса, еңбек келісімін ұзарта алады; шетел жұмысшы күшінің қартаюы, «бөтендердің» өңдірісте басты орын алуын болдырмауға, қабылдаушы жақтың жұмысшыларға өмірге қажетті жағдайларды қамтамасыз ету жауапкершшігін төмендетуге, кәсіби дайындық пен мамаңдықты жоғарылатудан бас тартуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлер үшін көрнекті пайдалығына қарамастан, қазіргі уақытта ротация концепциясын ЕО елдері Үкіметтері ресми мойыңдай алмайды, өйткені оның демократиялық емес, әкімшілік принциптері батыс Еуропа интеграция идеясына қарама-қарсы болуда,  Германияда мигрант-жұмысшы топтары арасыңда жүргізілгең әлеуметтік сұрау зерттеуі отанына қайтуды жоспарламайтын адамдардың үлесі жоғары болып, ол 6,7 пайыздан - 40,1 пайызға дейін құрағанын көрсетті.

Сөйтіп, Германиядағы әрбір  төртінші мигрант қабылдаушы елде қалуды жоспарлауда. Отанына қайтпайтын мигранттар үлесі Германияда ғана емес, Еуропа одағының басқа елдеріңде де өсуде.

Германияда ұзақ мерзім жұмыс істегеңдердің санының  өсуі (1990 жылы мигранттардың 52 пайызы 9 жылдан астам уақыт бойы өмір сүрген) кәсіпкерлердің өндірісте сол контингентті пайдаланудың артықшылықтарын; пайдасын түсінуге көмектесті. Жұмысшылар кәсіпорын ерекшеліктеріне үйреніп, соның есебінен кәсіпкерлерге жаңадан келгендерді оқыту мен үйренуге кететін шығындарды үнемдеуіне мүмкіндік береді. Ақырында кәсіпкерлер мен экономистердің көп бөлігі шетел жұмысшыларының еңбегін пайдалану уақытша құбылыс емес екендігі қажет кезде оларды отанына қайтару оңай еместігін түсіне бастады.

Еңбек миграциясы мәселелері бойынша Еуропа Одағы Кеңесі шешімінің  негізгі идеясы - иммиграция ауқымы рыноктағы еңбек күшінің санымен ғана емес; ұлттық экономикалардың жұмысшы күшіндегі нақты қажеттіліктерімен анықталуы тиіс.

Қазіргі уақытта Еуропа Одағының ортақ еңбек күші рыногы шеңберіндегі миграциялық саясат екі  белгілі факторлар әсерімен қалыптасуда:

- бұрын, уақытша құбылыс ретіңде қарастырылатын еңбек күші импортер-елдің шаруашылық конъюнктурасына байланыссыз, экономикаға әсер ететін маңызды белігінің бірі болды.

Информация о работе Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны