Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 22:41, реферат

Описание

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационалдизациясы жұмысшы күшінің интернационалдизациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналады. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдермен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Ненізгі бөлім:

А) Еңбек рестарының халықаралық көші-қоны түсінігі мен себептері
Ә) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қон тарихы мен бағыттары, тиімді-тиімсіз жақтары және экономикалық салдары
Б) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қонының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
В) Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік және халықаралық реттеу
Г) Қазақстан Республикасының көші-қон жағдайы мен саясаты

ІІІ.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны РЕФЕРАТ.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

 

Жұмыс күші миграциясын  мемлекеттік және халықаралық реттеу

Халықаралық  еңбек  нарығын мемлекеттік реттеу жұмыс күшін қабылдаушы және экспорттаушы елдердің ұлттық заңдылығы негізінде және мемлекетаралық және ведомствоаралық келісімдер негізінде жүргізіледі. Реттеу бюджет арқылы қаржыландыратын бағдарлама негізінде, шетелдік жұмыс күшін шектеуге немесе иммигранттарды отанына қайтаруды ынталандыруға бағытталады. Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.

Көптеген елдер иммиграцияны реттеуде сұрыптау әдісін пайдаланады. Оның мазмұны - мемлекет осы елге қажетті  жұмысшылар категориясының келуіне кедергі келтірмейді. Қабылдаушы елдерде иммиграцияны құқықтық реттеу көптеген заңдар арқылы жүзеге асырылады.

Иммиграциялық заңдардың  негізгі  белгілері мыналар:

- кәсіби біліктілік (қабылдаушы  ел білім деңгейі мен еңбек  стажы, мамандығына байланысты  қатаң талаптар қояды);

- жеке сипаттағы шектеулер  (денсаулығына байланысты қойылатын  шектеулер: СПИД, наркомания, жұқпалы  аурулар);

- сандық шектеулер  (бір жыл ішінде келетін иммигранттардың  санын белгілейді);

- экономикалық реттеу. Иммиграцияның санын шектеуді қамтамасыз ететін белгілі бір қаржылық деңгейлер;

- уақытша шектеулер.  Иммигранттардың елде болу уақытын  белгілейді;

- географиялық басымдылықтар  (ұлтына, дініне, нәсіліне, еліне қарай);

- тыйым салулар (шет  елдіктер араласуға тиым салынатын  салаларға жұмысқа қабылдамау).

Халықаралық деңгейде жұмысшылардың  миграция процестерін қадағалауға  бағытталған бірнеше ұйымдар  құрылған:

  1.Халықаралық Еңбек ұйымы (ХЕҰ) 1919 жылы құрылды, ал 1946 жылы ХЕҰ БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесіне айналды.

Оның міндеттері:

- еңбек етушілер үшін  әлеуметтік әділдікті қамтамасыз  етуге ықпал ету, олардың еңбек  ету мен өмір шарттарын жақсартуға  бағытталған халықаралық саясат  пен бағдарламаларды өндеу;

- халықаралық еңбек  стандарттарын өндеу;

- жұмыссыздықпен күрес;

- әлеуметтік сақтану мәселелерін реттеу.

Оның құрылымы:

- Халықаралық еңбек  конференциясы - заң қызметтерін  орындайтын ХЕҰ жоғарғы органы;

- ХЕҰ түрлі комитеттері  мен комиссияларының жұмысын  басқаратын әкімшілік кеңес;

- Халықаралық еңбек  бюросы - ақпараттық және кеңес беру органы.

2. Миграция бойынша халықаралық ұйым (МХҰ). Босқындар істері бойынша халықаралық ұйым (БХҰ) ретінде 1949 жылы қалыптасқан, кейіннен оның өкілеттілігі кеңейтіліп, 1989 жылдан бастап оның атауы өзгерілді. МХҰ-ға 81 мемлекет кіреді (46 тұрақты мүше және 35 - қадағалаушылар). Бұл ұйымда миграциялық ағынды реттеу саласындағы ұзақ мерзімді бағдарламаларды өндеу жүзеге асырылады.

3.БҰҰ-да босқындар  ісі бойынша жоғарғы комиссар  басқармасы босқындарды қорғау, ұзақ мерзімді шешімдерді жүзеге  асыру мәселелерімен айналысады.

4.Миграцияны тұрақты  қадағалау жүйесі (МТҚЖ) Ұлттық имиграциялық  басқарма іс-әрекетін қадағалайды.    

 

Қазақстан Республикасының көші-қон жағдайы мен саясаты

Қазақстанның халық көші-қоны саласындағы  ерекшелігі мемлекет дамуының тарихи ерекшеліктерінен туындаған көп  ұлтты адамдар қауымдастығының  орнығуы болып табылады. Мәселен, 1968 жылға дейін республика үшін халықтың көші-қонының онды сальдосы тән болды, яғни, елімізге келушілердің саны одан кетушілердің санынан едәуір көп болды. Мысалы, 1950-1959 жылдар мен 1960-1969 жылдар кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республикадағы халықтың көші-қон өсімі тиісінше 12 және 5 адам болды.

 Алайда, 1968 жылдан  бастап қазіргі кезге дейін  республиканың көші-қон процесінде  кері ахуал қалыптасты, яғни елге  халықтың келуінен гөрі кетуі  неғұрлым жедел қарқында. Мысалы, 1970-1979 жылдар мен 1980-1989 жылдар  кезеңінде орташа жыл ішінде 1000 адамға шаққанда республика халқының көші-қон есебінен кемуі тиісінше 5 және 7 адамды құрады.

 Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздік алуымен,  бұрынғы Кеңестік Социалистік  Республикалар Одағының трансформациялық  процестерінің басталуымен жөне басқа да көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі сияқты Қазақстаңда жекелеген этникалық топтардың тарихи Отанына оралу мүмкіндігінің кеңеюімен көші-қонның теріс сальдосының өсу үрдісі қалыптасты.Қазақстанда ең үлкен эмиграция деңгейі 1994 жылы тіркелген - 480,8 мың адам. Қазақстан эмиграциясының негізгі бөлігін қабылдаушы жақын шет елдер: Ресей -72,4%; Өзбекстан және Украина -2 %;  Беларусь -1,8 %. Алыс шет елдерден: Германия - 18,4%; Израйль - 0,6%, АҚШ - 0,3%.        Мигранттардың білім деңгейі бойынша: еңбекке қабілетті бір адамның келуіне жеті адамның кетуі, орта арнаулы білімді бір адамның келуіне сегіз адамның кетуі, жоғары білімді бір адамның келуіне - сегіз адамның кетуі сәйкес келді.

Мигранттардың шамадан тыс көптiгi кез келген елдiң iшкi еңбек нарығындағы бәсекелестiкке төнген қауiп және оның отандық экономикаға керi әсер ететiнi сөзсiз. Бiр жағынан алғанда, жаһанданудың табиғи процесi ретiнде қабылданатын заңсыз миграция мәселесi – бүгiнде Қазақстанда күн тәртiбiнде тұрған проблема. КСРО ыдырағаннан кейiн экономикалық тұрғыда белгiлi бiр жетiстiктерге қол жеткiзе бiлген мемлекеттер қатарындағы Қазақстанда сырттан ағылатын заңды және заңсыз мигранттар көп. Мәселен, миграциялық деңгейi жағынан алғанда, қазiр Қазақстан алпауыт АҚШ-тың өзiн басып озды. Бiрiккен Ұлттар ұйымы таратқан соңғы мәлiметтерге сүйенсек, елiмiздегi мигранттар саны американдық көрсеткiштерден 7 пайызға артық көрiнедi. Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiндегiлер 2015 жылға қарай Қазақстандағы қосымша еңбек күшiне деген қажеттiлiк 500 мың адамға жетiп, жыл сайын орташа есеппен алғанда, 60 мың адамға көбейiп отырмақ. ҚР Статистика жөнiндегi агенттiк мигранттардың жылдық ағыны 150 мыңның көлемiнде болатынын айтады. Негiзiнен Астана мен Алматыны бетке алатын жатжұрттық жұмысшылар саны соңғы 5 жылда едәуiр артқанмен, ресми органдар көрсеткiштердi кемiтiп көрсетуден шаршамай жүр. ТМД елдерiндегi миграция iстерi жөнiндегi мәселенi түбегейлi зерттеп жүрген сарапшы Рафис Абазовтың айтуынша, орталық азиялық елдерден заңсыз мигранттардың толассыз ағылуына Қазақстанның экономикалық тұрғыда қарқынды дамуы себеп. Бүгiнде әсiресе, елiмiздiң оңтүстiк аймағына айтарлықтай қиындықтар мен қауiп төндiрген заңсыз миграция экономикалық тұрғыда ғана емес, этнодемографиялық, қылмыстық тұрғыда да қатерлi. Өйткенi, 14 мың шақырымға созылып жатқан Қазақстанның шекарасының 3600 шақырымы оңтүстiк аймақтың еншiсiндей 14 облысқа бөлiнген Қазақстанның Өзбекстан, Қырғызстан, Түркiменстанмен яғни, оңтүстiкпен шектесетiн облыстары – Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау.  
Қазақ-өзбек шекарасы өтетiн жазық дала, бос жатқан кеңiстiк оңтүстiктен келетiн заңсыз еңбек мигранттарына бөгет бола алмай отыр. Осының кесiрiнен, жыл сайын республикалық бюджет қомақты шығын шегедi. Өйткенi, құқық қорғаушылар Қазақстандағы жүздеген, мыңдаған мигрантты мемлекет есебiнен елдерiне қайта апарып тастаса да, арада аз ғана уақыт өткенде әлгi заңсыз мигранттар қазақ жерiне қайта келедi. Кейбiр елдердiң этникалық топтарының шекара аймақтарындағы ауылды жерлерге шоғырлануы да қоғамды алаңдатып отыр. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тәжiк, өзбек пен түркiмендердiң басым бөлiгi ауылды жерлерге қоныстанған. Алматы облысындағы ауылдарда қырғыздар көп (ал солтүстiктегi шекаралық аймақтарда орыстардың саны артып келедi). Демек, оңтүстiк бөлiкте тұратын халықтың этникалық құрамы – ала-құла. Отандық сарапшылардың көпшiлiгi бейресми деректерде жиi көлденең тартылатын жер дауы, дiни көзқарастар мен әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қатысты наразылықтар қазақ қоғамындағы этникалық тiптi, дiни қақтығыстарға себеп болуы мүмкiн деген қауiп айтуда. Миграция жөнiндегi халықаралық ұйым өкiлi Павел Шлиппек қазақ елiнде заңсыз нан табуға тырысатын Өзбекстан, Тәжiкстан, Түркiменстан, Қырғызстан мен Қытай азаматтарын шартты түрде 3 топқа бөлуге болатынын айтады: бiрiншiсi, күнде таңертең темiр жол, көлiк немесе басқа да транспорт түрiмен шекара маңындағы базарға жемiс-жидек пен көкөнiс әкелiп, кешке қарай үйлерiне қайта оралатындар. Екiншiсi, шопан, құрылысшы, егiн суғаратындар мен егiндi жинайтын маусымдық жұмысшылар. Үшiншiсi, ұзақ уақыттан берi Қазақстан аумағын мекен етiп, алыпсатарлық және басқа да кәсiпкерлiк түрiмен айналысатын шетел азаматтары. Шлиппектiң пiкiрiнше, қара күшiн жалға беретiн алғашқы екi топтағылар жұмыс берушiге тәуелдi болса, үшiншi топ керiсiнше, қазақстандық кәсiпкерлердiң басты бәсекелестерiне айналған әрi iшкi нарықтағы тұтынушылық сұранысты қанағаттандырып отырған тәуелсiз әрi заңсыз мигранттар. 

Шекараны заңсыз кесiп өтетiн мигранттар экономикалық, саяси және әлеуметтiк дамуы нәтижелi елдердi қалайтыны анық. Соңғы кездерi Ресей билiгi ТМД елдерiмен визалық режим орнатпағандықтан, РФ-ға ағылатын заңсыз мигранттар саны жыл сайын артып барады деп дабыл қағуда. Ресейдегi шетелдiктердiң жалпы саны 4 миллион 891 мың 296-ға жеткенмен, заңды түрде еңбек етiп жатқан мигранттар саны тым аз көрiнедi. Былтыр орыстар жерiнде нәпақасын тауып жүрген жатжұрттықтар бұл көрсеткiштен екi есеге көп болған екен. Сол себептi, ресейлiк құқық қорғау органдарының қызметкерлерi сырттан келген 1 млн. 473 мың адамға ғана квота бөлiп, мигранттардың қалған бөлiгiн ел шекарасынан шығарып жiберiптi. Еңбек нарығын бәсекелестерден қорғауды мақсат еткен премьер Путин 2020 жылға қарай Ресейдегi мигранттар саны 1,3 миллионға дейiн азайтылатынын ескерттi. Мемлекеттiк деңгейдегi тыйымдарды енгiзуге қазақ билiгi де мүдделi. Сол себептi, ҚР Еңбек министрлiгi миграциялық саясат шеңберiнде "Халықтың көшi-қоны туралы" Заң жобасын дайындады. Халықаралық тәжiрибеге сәйкес, аталған құжатта еңбек мигранттарын бiрнеше категорияға: шетелдiк жұмысшылар, маусымдық шетелдiк мигранттар мен бизнес-мигранттарға бөлу қарастырылған. Айталық, шетелдiк мамандар мен маусымдық жұмысшылар арнайы бөлiнген квота бойынша жұмысқа тартылмақ.

Қазақстан Республикасындағы көші-қон ахуалы мынадай негізгі процестермен сипатталады:

1. Эмиграцияда халықтың  бұрын патша заманында Қазақстанға  жіберілген, сталиндік режим жылдарында  жер аударылған, тың және тыңайған  жерлерді игеруге жіберілген  орыс тілді бөлігі өкілдерінің және әскери-өнеркәсіп кешеніне қызмет көрсететін контингенттің кетуі басым;

2. Көшіп келуде этникалық  қазақтардың қарқыны басым, ол  мынадай жағдайлардан:

- өзінің ұлттық бірегейлігін сақтау ниетінен;

- әскери жанжалдар салдарынан;

- тарихи отанына оралу ниетінен туындап отыр.

Қазақстан Республикасы өзіне халықаралық шарттар енгізген шектеулер шеңберінде өзінің экономикалық мүдделерін, ішкі еңбек рыногын қоса, қорғау мақсатында сыртқы көші-қонды  реттеуді жүзеге асырады. Шетелдік жұмыс  күшін тарту кезінде Қазақстан Республикасы өзінің геосаяси және экономикалық мүдделерін басшылыққа ала отырып, жоғары білікті, бағалы еңбекші көшіп-қонушыларды және ішкі еңбек рыногында жеткіліксіз болып отырған кәсіптер мен мамандық иелерін бірінші кезекте қабылдауды жүзеге асырады. Бұрын шет елге тұрақты тұру үшін немесе еңбек келісім-шартымен кетіп қалған отандастарымыздың, бірінші кезекте ғалым, жоғары білікті мамандардың басқа да санаттарының, кәсіпкерлердің - әлеуетті инвесторлардың Қазақстанға қайтып оралуын ынталандыру маңызды міңдет болып табылады.

Республиканың көші-қон саясатының тұжырымдамасы 2004 жылы қабылданған. Ол көші-қон процестерінің негізгі қағидаттарының, басымдықтарының, тетіктерінің, міндеттері мен әдістерінің негізгі жүйесін тәртіпке келтіру мен реттеуді білдіреді. Осы тұжырымдамада көші-қон процестерін реттеу деп - Қазақстанның ағымдағы және алыс перспективалық қажеттіліктеріне жауап беретін және көшіп-қонушылардың қүқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағыттарда адамдардың қоныс аударуын ынталандыруға не шектеуге бағытталған әкімшілік және әлеуметтік-экономикалық, шаралар кешені түсініледі.

Қазақстан Республикасының  көші-қон саясаты мына қағидаттарға:

- көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;

- көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;

- жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;

- Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;

- жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін  тарту мен пайдалануға бақылау  жасауды, отандық еңбек рыногын қорғауды, бос тұрған жұмыс орындарына қазақстандық азаматтардың алынуына басым құқықты қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының аумағына келіп жатқан еңбекші көшіп-қонушылар туралы жариялап отыруды, жұмыс берушілердің шетелдік қызметкерлерді нысаналы пайдалану, еңбек келісім-шарттары талаптарын сақтауын қамти отырып, еңбек көші-қоны проблемаларын шешуде өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шараларды жүзеге асыруы қажет. Заңсыз еңбек көші-қонына қарсы күрес жөніңдегі шараларды жүзеге асыру және шетелдік қызметкерлердің жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстаннан уақытылы кетуіне және қолданылып жүрген заңнамаларды бұза отырып жұмысқа қабылданған шетелдіктерді жер аударуды бақылауды ұйымдастыру.

 

Қорытынды

Миграция - диалектикалық процесс. Ал, жұмысшы  күші  миграциясы  дегеніміз - тұрғылықты  жерін өзгерту  немесе  оған қайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория  шекаралары  арқылы  қозғалуы,  ауысуы. Негізнен, елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына тәуелсіз түрде қалыптасқан жұмысшы күшінің миграциясы барлық елдерге тән сипат алған. Бірақта әлемдік тәжіребиеде көрсеткендей, бұл процесс индустриясы дамыған елдерде өте айқын және белсенді түрде байқалады.

Қазiргi кезде Қазақстандағы жұмыссыздардың басым бөлiгi жоғары бiлiмi мен белгiлi бiр мамандығы жоқ, қарапайым жұмысшылар екенi белгiлi. Яғни, iшкi еңбек нарығы сырттан келетiн қосымша жұмыс күшiне кенде емес. Солай бола тұра, көршiлес елдерден келетiн заңсыз мигранттардың көпшiлiгi қара жұмысқа жегiледi. Мұның себебi, жат жұрттан келетiн заңсыз мигранттар жалдаушылар берген болмашы жалақыны қанағат тұтуға бейiм әрi мәжбүр. Оның үстiне, заңды түрде тiркелмеген, еңбек шартын жасаспаған шетелдiктердiң жұмыс берушiлерден әлеуметтiк тұрғыда жағдай жасау дегендi әсте талап етпесi анық.

Қазіргі жаһандану кезінде  бұл процесс аса өзектілікке  ие. Оның тиімді де, тиімсіз де жақтары  бар. Мүмкіндігінше тиімді жақтарын пайдалану үшін мемлекет өзінің ұлттық көші-қон саясатын жасап шығаруы  керек. Сонымен қатар жалпы көші-қон  процесін реттеуде халықаралық ұйымдардың, халықаралық ынтымақтастықтың рөлі ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Киреев А.  учебник  «Международная  экономика»
  2. Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы – 1998ж.
  3. Г.Н.Доңғалбаева. Халықаралық экономика. Алматы – 2000ж.
  4. «Егеменді Қазақстан» 01.12.10. Орынбай Балмұрат, Советбек Мағзұмов.
  5. Диагр. Постр.  Труд  в Казахстане – проблемы, факты, комментарии\  Аналитический журнал  КазНИИ  труда. Алматы.  1999,2001 г. С21
  6. Интернет ресурстары

Информация о работе Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны