Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 22:41, реферат

Описание

Дүние жүзінде белсенді түрде жүріп жатқан өндірістің интернационалдизациясы жұмысшы күшінің интернационалдизациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналады. Миграциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдермен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Ненізгі бөлім:

А) Еңбек рестарының халықаралық көші-қоны түсінігі мен себептері
Ә) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қон тарихы мен бағыттары, тиімді-тиімсіз жақтары және экономикалық салдары
Б) Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қонының қазіргі таңдағы ерекшеліктері
В) Жұмыс күші миграциясын мемлекеттік және халықаралық реттеу
Г) Қазақстан Республикасының көші-қон жағдайы мен саясаты

ІІІ.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны РЕФЕРАТ.doc

— 142.00 Кб (Скачать документ)

- мигранттардың реципиент-елдегі  болуының орташа мерзімінің мөлшері  өсуде. Жұмыскер-мигрант импортер-елдің  ұзақ мерзімді тұрғыны бола бастап, ол мемлекетаралық еңбек миграциясының сипатын өзгертуде.     Негізінен еңбек ресурстарының халықаралық көші-қоны қызмет көрсету, құрылыс салаларында белсенді жүреді. Дегенмен, ғалымдардың, жоғары мамандырылған қызметкерлердің көшуі де болып жатады. Ал бұл деген ақылдың ағуын білдіреді. Сондықтан осы жағынан еңбек ресурстарының көші-қоны дамушы елдерге тиімсіз. Ал дамыған елдер үшін тиімді жағы – олар осы мамандар мен ғалымдардың біліміне ақшасын жұмсамай, олардың дайын, қалыптасқан еңбек өнімдерін қолдануға мүмкіндік алады. Мысалы, бұл АҚШ-тың саясаты болып табылады. АҚШ-тың Ұлттық Ғылым Академиясының төрттен бірі шетел азаматтары, сонымен қатар Нобель сыйлығының ұлттық иегерлері басқа мемлекеттерден көшіп келген адамадар болып табылады. Осындай көші-қонның тағы бір кемшілігі – жас, белсенді, еңбекке жарамды азаматтардың кетуі. Бұл ең алдымен мемлекет экономикасына, және сонымен қатар ел демографиясына да зардабын әкеледі. Еңбек ресурстарының халықаралық көші-қонының тек қамтамасыз етуші мемлекетке емес, сонымен қатар қабылдаушы мемлекеттерге де зардабын келтіретін жақтары бар. Ең алдымен, мемлекетке иммигранттың келуі мемлекеттің қоғамдық игіліктерге шығындайтын ақша мөлшерін көбейтуге мәжбүр болатыны білдіреді. Осы себеппен, сонымен қатар этникалық-әлеуметтік себепптерге байланысты мемлекеттегі ұлттараралық қатынастардың шиеленісу қаупі пайда болады. Әрине кез келген құбылыстың жақсы жақтары да әрқашан болады. Соларға мемлекеттік бюджетке иммигранттар төлейтін салық, мемлекеттің жалпы кірісінің, пайдасының өсуін жатқызуға болады. Ал қамтамасыз етуші мемлекеттер экономикасына пайда басқа мемлекетте жұмыс істеп жүрген адамның өзінің тарихи отанында қалған туыстарына ақша аударымдары әкелуі мүмкін. Қазіргі кезде, мысалы, әлемнің түкпір-түкпірінде қытайлықтардың саны соншалықты көп, олар ірі қаларда қытай аудандарын (чайна таун) құрып өмір сүруде, және әрине олардың аударымдарының Қытай экономикасына тигізетін пайдасы аз емес.

Сонымен еңбек ресуртары көші-қонының тиімді де, тиімсіз де жақтары бар.  Және де тиімді-тиімсіз жақтары қабылдаушы да, қамтамасыз етуші мемлекет үшін де болады. Қабылдаушы мемлекет үшін тиімді жақтарын қарастыратын болсақ, эмиграция ұлттық еңбек нарығындағы жағдайы жеңілдетуі мүмкін, себеі жұмыс күшінің экспорты шығынды еңбек ресурстарының қысымын азайтады, жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Алайда бұның теріс жағы да бар: эмиграция елдері неғұрлым еңбекке қабілеттті жас еңбек ресурстарының бөлігін жоғалтады, халықтың ұлттық құрылымы өзгереді, еңбекке қабілетті халықтың, жас жұмыскерлер мен мамандардың шетелге кетуіне байланысты демографиялық жағдай нашарлайды. Бұл олардың біртіндеп қартаюына әкеледі Сонымен қатар, жұмыс күшінің экспорты – бұл қабылдаушы ел үшін жаңа кәсіби дағдылары эмигрант-жұмыскерлерге ақысыз үйрету; олардың біліктілігін арттыру, жаңа технологияны игеру, дегенмен қамтамасыз етуші мемлекет үшін бұл тек қайтарымды миграция кезінде тиімді. Негізінен қамтамасыз етуші мемлекеттер эмигранттарды жалпы білімге және кәсіби дайындаумен байланысты қаражаттарын жоғалтады Сонымен қатар, білікті кадрлардың кетуі, ғалымдардың елден шығуы елдің ғылыми-техникалық, жалпы-білімділік және мәдени потенциалының төмендеуіне әкеледі. Мысалы, Ресей өз ғалымдарының үштен бір бөлігі шетелде жұмыс істегендіктен жыл сайын 60 млрд.доллар жоғалтады екен. Қайтарымды миграцияның қамтамасыз етуші мемлекет үшін тағы бір пайдасы - еліне кайту барысында мигранттар өздерімен олардың ақшалай аударымдар сомасын құрайтын материалдық құндылықтар мен жинақтарды әкелсе көрінеді. Одан басқа жұмыс күшінің экспорты - өз жанұялары мен туыстарына көмектесуге шетел валюталық қаражаттарды мигранттардың жіберуі арқылы эмиграция еліне валюта келіп түсуінің маңызды көзі, яғни эмиграттар өзінің кекен мемлекетінің экономикасына өз үлесін қосады.  Қамтамасыз етуші мемлекет олардың азаматтарын шетелде жұмысқа орналастырумен айналысатын делдал-фирмалардан мемлекеттік бюджетке салықтар алады. Бірақ эмгрант өзінің табысын асалығын қабылдаушы мемлекетке төлейді.

Ал қабылдаушы мемлекет үшін миграцияның салдарын қарастырсақ, жоғары білікті шетел жұмыскерлерінің ағыны ұлттық экономикадағы құрылымдық, салалық және өзге де өзгерістерді жеңілдетеді. Имигранттар ұлтты жаңартады, себебі әдетте жастар, яғни неғұрлым еңбекке қабілетті халық бөлігі келеді. Әсіресе, өнеркәсіптік дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі имигранттар жергілікті халықтың бала туу деңгейі төмендігіне байланысты қиын демографиялық жағдайды жақсартады. Дегенмен, шетел жұмыскерлерін ұзақ пайдаланғанда экономикалық тұтас салалары (қызмет көрсету саласы, сауда-саттық, құрылыс) олардың еңбегіне тәуелді болады. Бұл ұлттық еңбек нарығындағы жағдайды нашарлатады, жұмыссыздықты көбейтеді. Қабылдаушы ел халқы мен иммигранттар арасында байланыс нашарлайды, қоғамда әлеуметтік жағдай төмендейді. Қабылдаушы елдер қамтамасыз етуші елдердегі мамандар мен жұмыскерлерді оқыту мен дайындауға салынған шығындардан үнемдейді. Иммигранттар ішкі нарық сыйымдылығын кеңейтеді, нәтижесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс жоғарлайды, өндірістің өсімі ынталандырылады. Көбіне шетел жұмыскерлеріне төмен жалақы төлеуге байланысты, жұмыс күшінің импорты өндіріс шығындары төмендетеді, ал бұл өз кезегінде қабылдаушы ел тауарының бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етеді. Бірақ бұның да теріс жағы бар: шетел жұмыскерлерінің еңбек нарығында ұсыныс артып, ұлттық жұмысшы күшіне баға төмендейді, Банк шоттарына сақталатын иммигранттардың уақытша бос ақша қаражаттары қабылдаушы ел экономикасын қаржыландыру ушін қолданылуы мүмкін. Шетел жұмыскерлері дағдарыстар мен жұмыссыздық жағдайында амортизатор рөлінде болады

 

 Еңбек ресурстарының халықаралық  көші-қонының  қазіргі  таңдағы  ерекшеліктері:

  1. Еңбек  нарығында  қатаң  шектеулердің  күшейе  түсуі.

Мексика  АҚШ-қа  қоныс  аударушы  мигранттардың  ең  негізгі  қайнар  көзі болып отыр.  1995 жылы  бұл  елден  тоқсан мың  тұрақты  қоныс  аударушы  АҚШ-қа келді. Ал бұрынғы Кеңес Одағы мен Филиппин  елдерін қоса  алғанда,  осы жылдағы мигранттар  саны  елу бес мыңға, ал  Филиппин  мигранттарының  саны  елу бір мыңға тең болды. Санының тым көп болғанымен қатар, мексикалық мигранттардың ішінде заңсыз келіп, омір сүріп жүргендер көп. Сондықтан АҚШ осыған мүмкіндігінше шектеу қоюға тырысуды. Қатаң шектеу иммигранттарды іріктеу үшін де қолданалыады.  

Еуропалық  одақтағы жағдай өзгешелеу, мұнда азаматтар осы Одаққа  кіретін  кез келген елде жұмыс істей алады. Ол Еуропалық Одақ  шеңберінде  экономикалық  мигранттардың  қозғалуына  ықпал  етеді. Және де мұнда маятниктік миграция кең жайылуда. Еуропалық Одаққа мүше елдердің  әр  қайсысындағы шетелдік азаматтардың арақатынасы жоғары деңгейде болады. Нидерландыда жиырма бес пайыз, Люксембургте сексен тоғыз  пайызға дейін жетеді. Жақында бұл көрсеткіштер Орталық және Шығыс  Еуропадан  келген жаңа имигранттардың ағылуы нәтижесінде көтерілді.

  1. Мигранттар  арасында  жоғары  классификациялы мамандар  санының  ұлғаюы.

Бұл  құбылыс  бүкіл  дүние  жүзіне  тән.  Ол  экономиканы  реттеудің  ерекшеліктерін  айқындайды.  Өйткені  көп  ұлттық  компаниялар  кеңейді,  олар  өздерінің  білікті  жұмысшыларының  ішкі  нарықтарын  дамытады.

  1. Сауданың  кеңейтілуі.

Ол  білікті мамандар үшін тікелей және жанама мүмкіндіктерді  жасайды. Үкіметтер жоғары  табыс табатын имигранттарды қабылдайды,  сондықтан имиграциялық ережелер осындай мамандардың ағылып келуіне жағдайлар  жасайды.

  1. Көп  ұлттық кәсіпорындардың өсуі.

Ірі  компаниялар  еркіндікті  қажет  етеді, ол  мамандардың  бір  елден  екінші  елге  еркін  ауысуына  ықпал  етеді. Бір елдің  азаматтары  басқа  бір  елде  мамандардың  жетіспеушілігі  жағдайларын  жеңілдетеді. 

  1. Соңғы жылдары миграция мәселесі проблемалық сипатқа ие  болуда.

Осы құбылыстардың ішінде жоғары  маманданған  қызметкерлердің  еңбек  миграциясының  келешегі  мен  тенденцияларына тоқталып кетсек, еңбек миграциясының бір өзекті мәселесі эмиграциядағы жұмысшы күшінің арнайы тобы - жоғары маманданған кадрлар немесе білімділердің кетуі болып табылады. Интеллектуалды капитал кез келген қоғамның ең бағалы игілігі болып, оны жоғалтудың бағасы тек уақыт өткеннен кейін түсінікті болады. Халықаралық еңбек миграцияның құрылымында жоғары білікті жұмыскерлер қозғалысы дәстүрлі түрде өте елеулі орын алады. Мысалға Ұлыбританияда жұмысқа тұруға рұқсаттардың (иммиграцияның міндетті шарты болып табылады) 85 пайызы жоғары маманданған кызметкерлер мен басқарушылар үлесіне тиеді. Осы елде жұмыс істейтін иммигранттардың 2/3 бөлігі осы категорияға жатады.

АҚШ соңғы 25 жылда дамушы елдерден 250 мың мамандар келтіріп, әр түрлі әлем аудандарынан интеллектуалды жұмысшы күшін тартудан үлкен пайда алды. Дамыған елдер өздерінің миграциялық және абсорбациялық саясатын көп жағдайда, келіп жатқан жұмысшы күшінің құрылымын жоғары маманданған топтар пайдасына өзгертуге тырысуда. Бірінші кезекте ғылыми қызметкерлер мен техникалық мамандарға көңіл аударылады. Еңбек миграциясының калыптасуының әр түрлі кезеңдерінде көптеген елдер білімділердің кетуі мәселесімен кездескен. Бұл процесс өз уақытында Жапония, Корея, Қытайға тән болған еді.

Бұл құбылыс екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада пайда болды. Алғашында Ұлыбритания, ГФР, Канададан мигранттардың ағымы АҚШ-қа бағытталған еді. 60-80 жылдары білімділердің кетуі негізінен дамушы Азия, Латын Америка мен Африка елдерінде болды. Осы жылдар ішінде үшінші әлем елдерінен 500 мыңнан аса инженер, ғалымдар, дәрігерлер сияқты мамандар кетті.

Ғалымдардың пікірінше, осы уақытта білімділердің кетуі  терминінің мәні кедей елдерден индустриалды орталыққа жоғары маманданған, талантты индивидтердің миграциясы деген  анықтама пайда болды, Білімділердің  кетуі (brain drain) термині алғашқы рет ресми түрде 1962 жылы қолданылды.

Осы уақытта социалистік  лагерь (КСРО, Шығыс Еуропа, Қытай, Куба және т.б.) деп аталған елдердің интеллектуалды бөлігінде АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдерінің ғылыми орталықтары мен  университтетерінде жұмыс істеу мен оқуға қызығушылықтары пайда бола бастады. Бірақ елден еркін кетуге құқығы жоқтығы мен идеологиялық шектеулер миграцияның бұл түріне сенімді тосқауыл болды.

80-жылдардың соңы мен  90-жылдардың басыңда жағдай күрт  өзгерді. Тек 1986- 1990 жылдар кезеңінде Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдерінен 1,5 миллион адам эмиграциялап, оның басым бөлігін ғылыми және инженерлік-техникалық жұмыскерлер құрады.

Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ  математиктердегі қажеттілігінің 50 пайызын  бұрынғы КСРО елдерінен келген эммиграция есебінен қанағаттандырды. Осының нәтижесінде 1975 жылмен салыстырған 90-жылдар басындағы ғалымдар санының үлес салмағы бізде 25 пайыздан 19 пайызға түссе, АҚШ-та сол кезеңде 23 пайыздан 31 г пайызға өсті.

Эксперттердің есебі  бойынша, АҚШ-тың елге бір орташа гуманитарлық ғалымды тартудың таза пайдасы 70-жылдары - 230 мың доллар, қоғамдық білімдердің ғалымын - 235 мың, инженерді - 253 мың, дәрігерді - 646 мың долларға тең болды. Осының нәтижесінде АҚШ экономикасы тек білім беру мен ғылыми іс-әрекет сферасында 15 млрд. доллардай үнемдеді.

Канаданың мигранттардың  білімін тарту процесіндегі алынған  пайдасы дамушы елдерге көрсеткен  көмегінен 7 есе артық Британияда маман- мигранттар келуінен алынған  пайда, оның Азия мен Африкаға көрсететін көмегінен 3 есе көп.

Көрнекті мысал ретінде 1948 жылы құрылған Израиль мемлекеті  бола алады. Осы мемлекеттің халық  саны бастапқы кезде 650 мың адам болған. Сол кезеңнен бастап елге 2,6 млн. аса  адам келіп, оның ішінде 65 мың инженерлер мен технологтар, 16 мыңдай дәрігерлер, 13 мың ғылым мен мәдениет саласының жұмыскерлері, 28 мың мұғалімдер болды. Осының нәтижесінде Израиль елінің халқы 2/3 -ге өсті. Мамандардың мұндай ағымы бірде-бір елде жоқ.

1973 жыл ғалым-иммигранттарды  ғылыми қауымдастыққа енгізуге  көмектесу мен олардың интеллектуалды потенциалын тиімді пайдалану үшін ғылымдағы абсорбация орталығы құрылды. Орталықтың мақсаттары - репатриант-ғалымдарды ғылым мен өндіріс бағытына белсенді тартуды консультациямен жұмыс іздеуге көмектесу, олардың ғылыми жобаларын жүзеге асыру, кәсіби білімі мен тәжірибесін толық пайдалану, алғашқы уақыттағы кезеңде зерттеушілік жұмыстарын қаржыландыру жолымен жүргізу. Орталық ғылыми қызметкерлерге көмектесуін, олар мына шарттардың біріне сәйкес келсе жүзеге асырады:

- Талапкер академиялық үшінші дәрежеге ие болып, ғылыми жұмыспен Израильге келгенге дейінгі 5 жылдың 3 жылы айналысып, ғылыми еңбектер саны үшеуден кем болмай немесе үш патентке ие болуы қажет.

- Талапкер академиялық екінші дәрежеге ие болып (бес жылдық жоғары оқу білімі бар), ғылыммен 6 жылдың 4- де айналысып, үш ғылыми еңбегі немесе 3 патентке ие болуы керек.

- Білімділердің кету процесін ішкі және сыртқы экономикалық тұрғыдан қарастыру қажет. Сыртқы жағы, жоғарыда айтылғандай, жоғары мамандамған жұмысшылардың шетелге кетуімен, ішкісі мамандардың сектораралық мобильдігімен сипатталады. Ішкі интелектуалды потенциалдың ғылыми емес сфераға құйылуы сыртқа кетуге қарағанда қауіпті болып табылады.

Ресейде ғылым мен  жоғары білікті еңбек саласынан  кетіп жатқан ер 10 адамның 9-ы экономикалық себептері мен ұлттық экономиканың коммерциялық салаларына кетіп, тек 1 адамы шетелге кетуде. Интеллектуалды сыртқы миграция процесінің механизмін мемлекеттік тұрғыдан қарастырып, іс-әректінің ерекшелігін көрейік:

1. Импортер елдерде  салыстырмалы жұмыссыздықтың жоғары деңгейі бар. Ол әртүрлі бағыттарындағы жоғары білікті жұмыскерлер дефицитін, тіпті білім берудің жоғары дамыған жүйесі бар елдерде қамтамасыз ете алмайды. Ал экспортер елдерде, халықаралық еңбек күш рыногына ауыр экономикалық жағдайға байланысты шығып жатқан жоғары білікті жұмысшы күші армиясы бар.

2. Қазіргі ғылымға  жоғары дәрежеде мамандану тән.  Тұрақты түрде жаңа мамандықтар  пайда болуда, ал дәстүрлі, бірақ  ескі мамандықтар да жаңа технологиялар  енгізілуіне байланысты білімнің  жаңалануын қажет етеді. СЕDЕ FОР пен эксперттік ұйымдардың топтастыруына сәйкес, 300 әртүрлі мамандықтардың 1/4 -і 30 жыл бұрын белгілі болмаған.

Мамандану - өте қымбат процесс. Интеллектуалды миграция мәселелеріне байланысты өткізілген халықаралық  семинарда көрсетілгендей, «үлкен дамыған елдердің өзі мамаңданудың пәндері мен түрлерінің бәрінен универсалды бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ».

Сондықтан, әрбір ел ең жақсы ғылыми мектептер мен техникалық жабдықталуы жоғары басқа елдердің кейбір білім беру мен, зерттеу мүмкіндіктерін пайдалануда. Осыған байланысты, бірқатар ғылыми мамаңдықтарда мемлекеттік қажеттілік, оқыту мен шетелге студенттерді, стажер, тәжірибеленуші, зерттеушілерді жіберуді ұйымдастыру қажеттілігін туғызып, одан басқа шетелден профессор, оқытушыларды және әр түрлі мерзімге шақыруды қажет етеді.

Шетелге кетудің басты  себебі - әр уақытта ауыр материалдық  жағдай бола бермейді. Миграцияның  бұл түрі үшін басқа да себептер бар. Факторлар құрылымында кәсіби іс-әрекетпен байланысты себептер алдыңғы қатарға шығады: ғылыми аппаратураның жетілмегендігі, қажетті сынау базасының жоқтығы, қоғамның ғылым орнын төмен бағалауы, өз балаларына сапалы білім берудің мүмкіндігі жоқтығы, шетел ғалымдарымен қатынас орнатуға жеткілікті мүмкіндіктің болмауы.

Информация о работе Еңбек ресурстарының ХА көші-қоны