Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 11:59, доклад
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
Икемділік -
бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне
жауап ретінде сұраныс пен
ұсыныстың қанша процентке
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар
бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген
сұраныстың қанша процентке өзгеретінін
көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс
көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне
сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл
көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі
осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке
өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент
тауардың сапалылығын анықтайды.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын
тауарлардың болғандығынан, бір тауардың
бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс
көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты
анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі
деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш
У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде
Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке
өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1%
-ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке
өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Икемділік дегеніміз – бұл бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бұл бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:
1.
Cұраныстың баға бойынша
икемділігі – бұл тауар бағасының бір
пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің
салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын
сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент.
Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің
абсолюттік шамалары емес салыстырмалы
шамалары ғана маңызды болып табылады.
Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз
«сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек,
онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес,
өйткені ол тауар үшін бағаның осылай
өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан
ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді.
Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге
өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының
сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді.
Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің
өзгеруі салыстырмалы шамада мынадй формуламен
беріледі:
EDP = DQ% / DР%,
мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар: 1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = ¥.
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.
Жалпы
басқаша түрде, сұраныстың бағалық
икемділігі бойынша түрлерін немесе
қасиеттерін мына төмендегі график
арқылы да түсіндіруге болады (сурет 2.16).
Бұл жерде сұраныстың бағалық икемділігінің
мәндері сұраныс қисық сызығының бойындағы
кез келген нүктелерде әртүрлі бола алады.
Егер сұраныс баға бойынша икемді болса (ЕPD>1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді арттырады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемді болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді қысқартады. Ал егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса (ЕPD<1), онда бағаның төмендеуі жалпы түсімді қысқартады, және керісінше, егер сұраныс баға бойынша икемсіз болса, онда бағаның жоғарылауы жалпы түсімді арттырады. Икемді және икемсіз сұраныс жағдайында тауар бағасының жалпы түсімге әсер етуін мына кесте арқылы көруге болады.
Кесте 2.1
Баға бойынша сұраныс икемділігі және жалпы түсім
Баға бойынша сұраныс икемділігінің мәндері | Бағаның өзгеруінің жалпы түсімге (TR) әсері | |
ЕPD>1
ЕPD=1 ЕPD<1 |
TR TR – const
TR |
Сұраныстың бағалық икемділігіне бірнеше маңызды факторлар әсер етеді: 1) нарықта алмастырушы тауарлардың болуы, субститут - тауарлар көп болған сайын ол тауарға сұраныс икемдірек болады; 2) тұтынушы бюджетіндегі тауардың үлес салмағы (ол үлес салмақ үлкен болған сайын сұраныстың бағалық икемділігі де жоғары болады); 3) табыс деңгейі;
4) тауардың сапасы: бұл жерде берілген тауардың қымбат бағалы тауар (әдетте, мұндай тауарларға деген сұраныс икемді болады) немесе бірінші қажеттіліктегі тауар (ал мұндай тауарлардың көпшілігіне сұраныс икемсіз болады) болып табылуы, мысалы, нан, тұз, киім, аяқ киім, электроэнергия, т.б. сияқты бірінші қажеттіліктегі тауарларға деген сұраныс икемсіз болып табылады, ал автомобиль, жиһаз, тұрмыстық техника, асыл тастар, т.б. сияқты қымбат бағалы тауарларға деген сұраныс икемді болып табылады; 5) тауар қорының мөлшері: тауардың сақталған қоры көп болса, онда сол тауарға деген сұраныс икемді болып табылады; 6) тұтынушының күтімі, егер қысқа мерзімде элекроэнергияны тұтыну икемсіз болса, онда ол ұзақ мерзімде айтарлықтай икемді болуы мүмкін, яғни қысқа мерзімде біз электроэнергияны қажет ететін қолымыздағы электроприборлардан (тоңазытқыштан, басқа да энергияны қажет ететін техникалардан) бас тарта алмаймыз, бірақ уақыт өте келе энергияға баға өсе беретін болса, онда энергияны аз қажет ететін приборларды немесе тұрмыстық техникаларды тұтынуға көше бастаймыз.
2.
Сұраныстың қиылысқан
(тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың
бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты
сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын
екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін
коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті
мына формуламен беріледі:
EDx,y = DQy% / DРx%,
мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQy% - Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DРx% - X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін бірі алмыстырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады). Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егерде, фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді). Ал егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx,y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді).
3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:
EDI = DQ% / DI%,
мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DI% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (EDI >1). Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (EDI <1) болып табылады. Мысалы, біріншіен, табыс өскенде кәдімгі (қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң тәуелділікпен сипатталады. Яғни, уақыт өткен сайын табыстың өсуіне қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. Сондықтан кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1 (сурет 2.18 a). Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: EDI =0 (сурет 2.18 ә). Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі (сурет 2.18 б). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен (оң) болып келеді: EDI >1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т.б. жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді (сурет 2.18 в). Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші (теріс) болып келеді: EDI <0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды деген сөз.
Икемділік теориясын, әсіресе, сұраныс икемділігі ерекшеліктерінің мәнін түсінудің зор практикалық маңызы бар. Осыны зерттей отырып, өндірушілер баға белгілеуде, тұтынушыларға баға саясатын жүргізуде, сондай-ақ, мемлекеттің экономикалық реттеу үрдісінде жанама салықтар мөлшерлемесін тағайындауда және нарықтың қатысушылары арасында салық ауыртпашылықтарын бөлу мақсатында қолдана алады.
Сонымен біз сұраныс икемділігінің негізгі түрлерін қарастырғаннан кейін ұсыныс икемділігін талдауға кірісеміз. Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
ESP = DQ% / DP%,
мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігінің коэффициенті әдетте оң сан болып келеді, өйткені өндірушілер ұсыныс заңына сүйене отырып аса жоғары бағамен сату көлемін арттыруға ынталы болады. Ұсыныс икемділігінің бұл түріне әсер ететін негізгі фактор – ол уақыт. Уақыт туралы мәселе жоғарыда айтылған болатын. Осыған байланысты уақыттың үш түрі бөліп көрсетіледі: 1) ағымдық кезең (өте қысқа мерзім) – өндірушінің бағаның өзгеруіне әлі бейімделе алмайтынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс өте икемсіз болып табылады, сондықтан сұраныстың өсуі (кемуі) бағаны жоғарылатады (кемітеді), бірақ ұсыныс көлемі әлі өзгермейді (жоғарыда көрсетілген 2.6 a суретін қараңыз); 2) қысқа мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне белгілі бір дәрежеде, бірақ толық емес дәрежеде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға икемді бола бастайды, сұраныстың өзгеруіне байланысты баға өзгереді, сол секілді ұсыныс көлемі де өзгере бастайды, өйткені фирмалар сұранысқа байланысты өндірістің бірқатар факторларын өзгертіп үлгереді (жоғарыда көрсетілген 2.6 ә суретін қараңыз);
3) ұзақ мерзімді кезең – өндірушінің бағаның өзгеруіне толығымен және жеткілікті түрде бейімделе алатынын көрсететін уақыт аралығы, мұндай кезеңде ұсыныс бағаға өте икемді болып табылады, сұраныстың өсуіне байланысты ұсыныс көлемі маңызды түрде артады, бірақ енді бағалар өзгермей тұрақты күйінде қалады (жоғарыда көрсетілген 2.6 б суретін қараңыз).