Инфляция және валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Инфляция мен валюталық бағам тығыз байлаысқан. Неғұрлым валюталық бағам күрт және қатты өзгеріске ұшыраса, соғұрлым еліміздегі инфляция жағдайы нашарлайды. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.

Содержание

Кiрiспе ……………………………………………………………………… 3
Инфляция
Инфляцияның мәнi, түрлері және себептер……………………….. 5
Инфляцияның себептерi……………………………………………..... 8
Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары...................12
Валюталық бағам және оның мәні
2.1. Валюталық бағам түсінігі...............................................………….. 19
2.2. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу.………….……21


Қорытынды……………………..….……………………………...……. 25
Пайдаланылған әдебиеттер …….……………………...………………. 29

Работа состоит из  1 файл

kursovoi ekonom.doc

— 169.00 Кб (Скачать документ)

    - әскери шығыстардың өсуi, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттiгiнен, нәтижесiнде  ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;

- мемлекеттiк  бюджет тапшылығы және iшкi қарыздардың  өсуi, яғни мемлекеттiң қыска және орта мерзiмдi мiндеттемелерiн шығару есебiнен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесiнде мемлекеттiңiшкi қарызы артады;

- несиелiк  экспанциялау, яғни елдiң орталық  банқiнiң коммерциялық банктер  мен үкiметке несие беретiн  несиелер көлемiнiң ұлғаюын сипаттайды;

- импортталған  инфляция, яғни шетел валюталарын  сатып алу барысында  тауар  айналымына қажеттiлiктiң үстiне  ұлттық валютаның эмиссиялануы;

-   ауыр өнеркәсiп саласына өте  көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

    Шығын инфляциясы өнiмге баға белгiлеуде  әсер ететiн ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуi.

    Тауар бағасының өсуi халықтың табысын  төмендетiп, жалақыны қайта индекстеу  қажеттiгiн талап етедi. Жалақы өсуi өз кезегiнде өнiмдi өндiру шығындарыныңөсуiне, пайданыңтөмендеуiне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнiм көлемiнiң қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндiрушiлер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесiнде инфляциялық серiппе пайда болады: бағаныңкөтерiлуi жалақыныңөсуiн талап етсе, жалақының өсуi бағаны көтередi. Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серiппе” теориясы деп аталады.

    Шығын инфляциясы өнiмнiңәр бiр өлшемiнiңшығыны  көтерiлiп, соған байланысты баға өскенде  ғана пайда болады. Алайда жалақы бағаны құрайтын элементтердiңтек бiреуi ғана. Сонымен қатар тауар өндiрiсi шикiзат, энергия көздерiн алу, транспорт қызметiн алу, транспорт қызметiн төлеу шығындары көтерiлуiне байланысты да қымбаттайды. Шикiзат пен энергия ресурстарының және оларды тасымалдаудың қымбаттауы, яғни материалдық шығынының өсуi бүкіл әлемде болатын заңды процесс. Оған қарсы тұратын фактор - өнiмнiң әр бiр өлшемiнiң шығындарын төмендететiн жаңа технологияны пайдалану.

    Өнеркәсiбi дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан-жылға ауысатын бiр  қалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерiнiң жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндiрiс пен жалпы ұлттық өнiмнiң өсуiн ынталандыру мүмкін. Ал дамушы елдерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететiн факторлар, оның түрлері және инфляцияныңәлеуметтiк-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерiне байланысты болады.

    1. Инфляцияны мемлекеттік реттеу
 

    Қазақстандағы инфляция барлық  ТМД елдерi сияқты  ел экономикасының мемлекеттiк монополияланған  жүйеден нарықтық  қатынастарға өту кезiндегi  өзгерiстерге байланысты. КСРО –ның халық шаруашылығындағы  инфляция көптеген  жылдар бойы мойындалған  жоқ. Кеңес жүйесiнiң экономикасы  жағдайында инфляция  болуы мүмкін емес, ол тек капиталистiк  өндiрiс тәсiлiне тән деген үзiлдi – кесiлдi тұжырымдар айтылды.

    Қазақстандағы қазiргi  ифляцияның  себептерiн нарықққа  өтуге дейiнгi  инфляцияны тудыратын  факторлардан iздестiру керек.  Олардың ең бастысы –шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды  механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында  материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап,  экономиканың барлық салаларына  зиян шеккiзедi. Әсiресе:

    • Ұлттық өнiмдi жнақтау қорына  және тұтыну қорына  бөлiп, соның негiзiнде  инвестициялқ саясат жүргiзуде;
    • құрал жабдықтарды өндiру және  тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
    • мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
    • мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
    • несиелiк және қаржлық ресурстарды  қалыптастыруда байқалды.

  Қазiргi инфляцияның бiр көрiнiсi –тауар тапшылығы бiздiң экономикада  ондаған жылдардан берi байқалуда, онң түпкi себептерi:

    • бұрынғы КСРО-ның20 жылдар  аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды  жоя бастауы;
    • бұрынғы КСРО экономикасында  көп жылдар бойы үйлесiмсiздiк қалыптасты, яғни бiр жағынан өндiрiстiк құрал-жабдықтар  шығаратын ауыр өнеркәсiп жедел қарқынмен дамыса, екiншi жағынан , тұтыну құралдарын  өндiретiн салалар қарқынсыз  жәй дамиды. Ол-салалар ауыл шаруашылығы , тамақ, жеңiл және  басқа өнеркәсiп салалары. 
    • бұрынғы  КСРО-ның Ұлттық табысының жартысына  жуығы жинақтау қорына  кетсе, алдыңғы қатардағы  өркендеген мемлекеттерде ол-15-25 пайыз болды;
    • бұрынғы  КСРО Ұлттық жиынтық өнiмiнiң 25-30 пайызы ғана тұтыну  қорын құраса, өркендеген елдерде  ол көрсеткiш  60-65 пайыз болды.  Жалақы да өте төмен, яғни ол Ұлттық табыстың 1/3 бөлiгiн құрады, ал өркендеген капиталистiк елдерде ол 2/3 бөлiгi болды.

    Сөйтiп  бiздiң елде  инфляция тудыратын  себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бiрақ жоспарлы – әкiмшiлiк  экономика  жағдайында  ол басылыңқы  сипатта  өрбiдi. Көптеген тауарлар бағасын  өндiрiстегi, сұраныс пен ұсыныстағы   өзгерiстердi есептемей  тұрақты қалыпта немесе  төмен денгейде ұстап тұру  кейбiр тауарлар мен көрсетiлген  қызмет бағасының олардың құны мен салстырғанда әлдеқайда  көп ауытқуына әкеп  соқтырады.  Мемлекет жүйелi түрде көтерме , сатып алу бағаларын қайта қарап, ал  бөлшек саудададғы  бағасын өзгерiссiз  төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектiң қажеттi  қоғамдың шығындары мен  өнiмнiң сапасын, олардың тұтыну қасетiн, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын  көрсеткен жоқ, ол әлемдiк  денгейден бiраз ауытқыды.

    Сөйтiп  тауардың көтерме, сатып алу  бағасы мен бөлшек  саудададғыы бағалары  арасындағ үйлесiмсiздiк  жылдан-жылға  тереңдей  түстi.  Оған мемлекеттiк бюджеттен   дотация берiлiп отырды.  Бұл тауар өндiрушiлердiң көтерме және дара бағаларды  көтере белгiлеуге деген ұмтылысын күшейтiп, соның әсерiнен  кейбiр тауарлардың тапшылығына және  кейбiреулерiнiң сауда орындары мен өнеркәсiпте жналып қалуына әкеп соқтырды.

    Өндiрушiлердiң  өнiмiнiң сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге  ынтасы болмады.  Нәтижесiнде жылма-жыл  сауда оырндарында  тауарлар кем бағамен  сатылып, немесе шығынға  жазылып отырды. Осының бәрi “жабық” ифляцияның айғақ белгiлерi.

    Қазақстанда 1992 жылдан бастап  нарықтық өзгерiстер  аясында жүргiзiлген  баға белгiлеудi босату шаралары  бағаныңкенет көтерiлуiне, сонымен бiрге инфляцияның қарқындап өсуiне әсер еттi.  1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7  есе өстi.  1994 жылы  ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125  процентке өстi, осы көрсеткiштер 1995 жыл 216 және 160 пайыз болды.  Ал 1996 жылы  ақша массасының өсу қарқыны одан әрi баяулап, инфляцияның бiртiндеп  төмендеуiн байқатты.

    Жалпы экономикадағы  инфляция денгейiн  тұтыну  бағасының индексi көрсетедi. Ол үй шаруашылығының“тұтыну қоржынының”  үлес салмағын есептеу  негiзiнде бiрсыпыра тауарлар мен көрсетiлген қызмет бағасының өсу  индексiнiң қорытынды  көрсеткiшiмен  есептелiнедi. Қазақстанда тұтыну бағасыныңиндексi 1991 жылы белгiлендi.  “Тұтыну қоржынына” бiздiң елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кiредi. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруi ескерiлiп  тұтыну тауарларының индексi қаралып тұрады.

    Тәуелсiз  Қазақстанның тәжiрибесi  инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өнiмiне  және транспорт қызметтерiне  баға белгiлеуде , сондай-ақ  өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығы  өнiмдерiне баға  қайшысын жоюға мемлекеттiк  реттеудiң қажеттiлiгi аңғартты. 

    1. Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары
 

    Инфляцияның әлеуметтiк – экономикалық  зардаптары  төмендегi  жағдайлардан: тауарлар бағасының  өсуiнен, халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық субъектiлерiнiң және мемлекеттiк  бюджет  қаржысынң құнсыздануынан, халықтың экономикалық белсендiлiгiнiң төмендеуi мен  жұмыссыздықтың көбеюiнен, Ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндiгiнiң төмендеуi мен  басқа валюталарға қарағанда  оныңнақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелi экономиканың белсендi өсуi мен оныңсалық  төлеуден жалтаруы және  көптеген көлеңкелi процестерден байқалады.

    Инфляция  зардаптарын жойып, ақша айналамын  тұрақтандырудың негiзгi әдiстерi- ақша реформасын  жүргiзу және инфляцияға қарсы  басқа да саясаттар жүргiзу.

    Тарихта  ақша реформасын  жүргiзуiндегі формасы бар:

    • жаңа ақша жүйесін құру-  ол алғашқы металл ақша жүйесін  құрғанда, сонымен қатар мемлекеттiк құрылым өзгергенде, отаршылық жүйе құлап, оның  орнына  отаршылықтан арылған саяси тәуелсiз мемлекеттер пайда болғанда  және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдерi құрағанда  бұл елдердiң даму ерекшелiктерiне байлансты  өзiне тән жаңа  ақша жүйесі пайда болды;
    • ақша жүйесінiң кейбiр элементтерiн  өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемiн енгiзу, баға масштабын, ақша  түрлерін және  т.с.с. өзгерту.

      Соғыс және революциядан кейiнгi жылдары  көптеген мемлекеттер  ақша айналысын  тұрақтандыру  мен экономиканы қалпына келтiрудiң  ең бiрінші қажеттi жолы ретiнде мынадай әдiстерi қолданды: инуллификациия, реставрация, девальвация, деноминаця.

      Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгiзу  әдiсi.  Мысалы, 20 жылдары Германияда  соғыстан кейiнгi ұшқыр  инфляцияның нәтижесiнде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жлы енгiзiлген  жаңа маркаға 1:1 трлн.ескi рехсмаркаға  арақатынасымен айырбасталды. Сөйтiп құнсызданған ескi марка жойылды.  

      Реставрация- ол ақша өлшемiнiң бұрынғы алтын  құрамын  қалпына келтiру. Мысалы, Англияда  Бiрiншi дүниежүзілік соғыстан кейiнгi  1925-1928 жылдардағы ақша реформасы  кезiнде фунт стерлингтiң алтын  құрамы соғысқа дейiнгi  қалпына келтiрiлдi. Ал Екiншi  Дүниежүзілік соғыстан кейiн  реставрация – ревальвация ретiнде доллармен салстырғанда  Ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы  жүргiзiлдi.  Содан кейiн Халықаралық валюта қоры ақша өлшемiнiңалтын  құрамын тiркеуден өткiздi.

      Девальвация- ақша өлшемiнiң алтын құрамын төмендету. Ол екiншi  дүниежүзілік  соғыстан кейiн АҚШ долларына шаққанда  Ұлттық валютаныңресми курсын да, оныңалтын  құрамын да төмендету. Долларды  екi рет  девальвациялау  нәтижесiнде  оныңалтын құрамы  1971 жылы желтоқсанда  7,89 пайызға, ал  1973  жылы ақпанда  10 пайызға төмендетiлдi.  1973 жылы “өзгермелi” валюта курсын  енгiзген соң, девальвация Еуропа валюта  жүйесінде – “реттелетiн валюта курсы” топтастығында  жүргiзiлдi.

      Деноминация-ол “нольдердi сызу” әдiсi, яғни баға  масштабын iрiлендiру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың1 қаңтарынан  бастап баға масштабы  10 есе iрiлендiрiлдi, 1961 жылы шыққан жаңа 1 рубль ескi 10 рубльге  теңалмастырылды.  1988 жылы Бразилияда енгiзiлген  жаңа ақша  өлшемi –нокрузадо бұрынғы құнсызданған  1000 крузадоға  эквиваленттi  болды. 1998 жылы Ресейде  де  рубльге деноминация  1:1000 ескi рубльге  арақатынасымен жүргiзiлдi.

      Инфляциямен күрес әдiстерi- мемлекеттiң экономиканы  реттеудегi жүргiзiлетiн iс-әрекеттерiнiң  жиынтығы. 

    Инфляцияны жұмсарту және  оны жеңуге  мемлекет  ифляцияға қарсы шаралар жүргiздi:

    • баға мен жалақыны реттеу;
    • жалақыны және басқа да табысты индексациялау бағаныңөсуiне байланысты оларды  да ұлғайту;
    • қаржы-несие жүйесін сауықтыру
    • күштi, инфляция мен экономииканың құлдырауы кезiнде  ақшаны жаңадан пiшiндеу: ақша жүйесін толық және бөлшектеп  жаңарту сондай-ақ  ақша айналымын теңестiру  шаралары жүргiзiледi.   

    Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі (ТБИ) көрсетеді. Ол үй шаруашылығының "тұтыну қоржының" үлес салмағын есептеу негізінде  бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген  кызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991ж. белгіленді. "Тұтыну қоржынына" біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да алсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетіп тексеру нәтижесіне байланысты 1996ж. шілдеден бастап "тұтыну қоржынының" төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік - 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), азық-түлік емес тауарлар - 23,2 процент (бұрынгысы 30), көрсетілетін ақылы қызмет 14,2 процент (11,8) құрайды.

    Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар багасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашылык субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының кұнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық  валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан және с.с. көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

    Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын  тұрақтандырудың негізгі адістері - ақша реформасын жүргізу (ақша реформалары  туралы келесі тарауда жазылған) және инфляцияға карсы басқа да саясаттар  жүргізу.

    Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

    • бірінші, жаңа  ақша жүйесін кұру - ол  алғашқыда металл ақша  жүйесін   құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік  құрылым өзгергенде, яғни отаршылық (колониялық) жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз   мемлекеттер   пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне   байланысты өзіне  топ жаңа ақша жүйесі пайда болды;

Информация о работе Инфляция және валюталық бағам