Инфляция және валюталық бағам

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 16:05, курсовая работа

Описание

Инфляция мен валюталық бағам тығыз байлаысқан. Неғұрлым валюталық бағам күрт және қатты өзгеріске ұшыраса, соғұрлым еліміздегі инфляция жағдайы нашарлайды. Бұндай диспропорция, бiрiншiден тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Инфляцияның мәнi – ол тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiңбағасының өсуi және тауар тапшылығы мен қызмет сапасыныңтөмендеуi салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндiгiнiң құлдырауы.

Содержание

Кiрiспе ……………………………………………………………………… 3
Инфляция
Инфляцияның мәнi, түрлері және себептер……………………….. 5
Инфляцияның себептерi……………………………………………..... 8
Инфляцияның әлеуметтік – экономикалық зардаптары...................12
Валюталық бағам және оның мәні
2.1. Валюталық бағам түсінігі...............................................………….. 19
2.2. ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу.………….……21


Қорытынды……………………..….……………………………...……. 25
Пайдаланылған әдебиеттер …….……………………...………………. 29

Работа состоит из  1 файл

kursovoi ekonom.doc

— 169.00 Кб (Скачать документ)

    •  екінші ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, акша түрлерін және т.с.с. өзгерту.

    Соғыс және революциядан кейінгі жылдары  көптеген мемлекеттер ақша айналысын  тұрақтандыру мсн экономиканы қалпына  келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде  мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.

    Бұл мемлекеттер өндiрiстiң өсуi мен iшкi нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды , бiр жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын  басып шығарумен, екiншi жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен  шешуге ұмтылуда. Нәтижесiнде бұл топтағы  мемлекеттерде көп мөлшерде iшкi және сыртқы қарыздар  пайда болады. Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны- ақша айналымы жылдамдығының өсуi, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншiлiгiнiң  кенет төмендеуi және ақша айналысынан   ұсақ монеталар түгiлi бiрте-бiрте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы.  Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуi мемлекет  iшiнде доллардың немесе  басқа шетел валютасының қолданылуына  және елден капиталдың  әкетiлуiне соқтырады.              

    Алайда, айналымдағы ақша массасы  тұрақты  болған кей жағдайларда да  инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 4-70 –жылдарда  АҚШ-та айналымдағы ақша массасы  бiр қалыпта болса да, айналымдағы  тауарлар мен көрсетiлетiн  қызметтiңкөлемi қысқарып,  инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша айналымының шапшаңдығын арттыру өзiнiң экономикалық  тиiмдiлiгi жөнiнен, басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын  шығарғанға тең.

    Инфляция  кезiнде капитал  өндiрiс аясынан  айналысқа  құйылады, себебi  айналым аясының жылдамдығы   көптеген пайда түсiредi.  Бiрақ ол инфляция әсерiн күшейтедi: несиенi өндiрiске салынатын инвестицияны және  тауарлар ұсынысын қысқартады.  Сөйтiп, инфляция факторлары  екi жақты- тауарларды шығаруға және сатуға, ақша массасын  және айналым жылдамдығын   өзгертуге әсер етедi.

    Қазақстандағы  қазiргi  инфляцияның  себептерiн  нарықққа  өтуге дейiнгi  инфляцияны тудыратын  факторлардан iздестiру керек.  Олардың ең бастысы –шаруашылықты  басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылқтың шығнды  механизм қалыптастыруға, халық шаруашылыығында  материалды-ақшалық үйлесiмсiздiктiң тууына мүмкіндiк жасап,  экономиканың барлық салаларына  зян шеккiзедi. Әсiресе:

    • Ұлттық өнiмдi жинақтау қорына  және тұтыну қорына  бөлiп, соның негiзiнде инвестициялқ саясат жүргiзуде;
    • құрал жабдықтарды өндiру және  тұтыну тауарларын өндiру салаларында;
    • мемлекеттiк баға белгiлеу жүйесінде;
    • мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi мен шығынында;
    • несиелiк және қаржлық ресурстарды  қалыптастыруда байқалды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ. Валюта бағамы және оның мәні

2.1. Валюталық бағам түсінігі

     Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды,   валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық  операцияларға қатысушылардаң валюталық  бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.

     Халықаралық есеп айырысудың өзiндiк ерекшелiгi барлық елдер үшiн жалпыға бiрдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетiлген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажеттi шарты сатып алу-сату формасында бiр валютаны екiншi бiрiне айырбастау болып табылады.

     Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген  сұраныс пен ұсыныс ең алдымен  сатылған тауарлар және көрсетiлген қызметтер  үшiн валюталвқ түсiм алған  экспортерлардан; сатып алған тауарлары  мен көлiк және кеме компанияларынан  алынған қызметтерi үшiн төлемдерi төлеуде импорттерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтерi үшiн фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлiк және банктiк комиссия түрiнде валюталар алатын сақтандыру қағамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиенi және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға мiндеттемесi бар заңды және жеке тұлғаладан туындайды.

     Валюталық бағам-басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы. /10/

         Валюталардың баға белгiленiмi  айырбас үшiн ұсынылған екi ақша бiрлiгiнiң шектi қатынасын анықтауға мүмкiндiк жасайды. Валюталық баға белгiлеу түрi валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейiне әсер  етпейдi, өйткенi валюта бағанының  мәнi қалады,ал оның формасы өзгередi.

     Нарықтық  экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді

     Валюталық бағам валюталық жүйенiң негiзгi реттеушiсi.     

     Валюталық бағам – бiр елдiң ақша бiрлiгiмен шетелдiк ақша бiрлiгiмен немесе халықаралық валюталық бiрлiкпен берiлген бағасы.

     Валюталық бағамның құндық негiзгi валютаның сатып  алу қабiлетi болып табылады. Бұл  экономикалық категория тауар өндiрiсiмен  және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк  нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарлардың және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық баған көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесi анықталады.

       Ғылыми тұрғыдан қарағанда 5 түрлi валюталық бағам жүйелерi бар: еркiн (таза) қалқу; бекiтiлген бағамдар; мақсатты аймақтар; гибридтi (аралас) валюталық бағам жүйесi.

       Еркiн қалқу жуйесiндегi валюта  бағамы нарықтық ұсыныс пен  сұраныстың әсерiнен қалыптасады. Бұл жерде валюталық форекстiк нарық нағыз нарық моделiне жақындатылған: қатысушылардың көлемi сұраныс жағында да үлкен жүйедегi кез-келген ақпарат лезде жеткiзiледi және нарықтың барлық қатысушыларына қол жетерлiк, орталық банктердiң бұрламаушы ролi әлсiз және тұрақты емес.

       Басқарылатын қалқу жүесiнде валюта  бағамына сұраныс пен ұсыныстан  басқа, орталық банктер де үлкен  әсерiн тигiзедi, сондай-ақ, әр түрлi уақытша (мерзiмдiк) нарықтық бұрмалаулар.

       Бекiтiлген бағамдар жүесiне Бреттон-Вудтiк  валюта жүйесi (1944-1971ж.ж) мысал бола  алады.Онда барлық валюталардың бағамы долларға ауытқу шегi +/-1%-пен бекiтiленген, ал доллар бағамы алтынға мықты байланысты болды:алтынның 1 троялық унциясына=35 доллар. /4/

       Мақсатты аймақтар жүйесi бекiтiлген  валюттық курстар идеясын дамытады.Одан басқа бұл түрге  Европа валюта жүйесiнiң қатысушы елдерiн валюта бағамдарының жұмыс iстеу режимiн жатқызуға болады.

            Гибридтi валюталық бағамдар жүйесiмне  қазiргi валюталық жуйе мысал болады. Онда валюта бағамының еркiн  қалқуын iске асыратын, тұрақтылық аумағы бар елдер.

           Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер боынша жiктеуге болады.

            Валюта нарығында қолданылатын  айтарлықтай маңызды ұғымдардың  бiрi нақты және номиналды валюта  бағамы ұғымы болып табылады.

            Нақты валюта бағамына сай келетiн валютада алынған екi елдiң тауар  бағаларының қатынасы ретiнде анықтауға болады.

              Er - нақты валюталық бағам

              Ph - iшкi нарықтағы бағалар

              Pf - шетелдiк нарықтағы бағалар

              En - номиналды валюталық бағам.

     Валюта  бағамы бірнеше классификацияға  бөлінеді. Оны біз 5-ші кестеден көре аламыз.

     Кесте 2 – Валюта бағамының классификациясы. 

                 Критерийлер                                                    Валюталық бағам
  1. Бекiту тәсiлi
     Қалқымалы

     Бекiтiлген

     Аралас

  1. Есеп  айырысу тәсiлi
     Тең құқықтық (паритетный)
  1. Келiсiмдер түрi
     Жедел келiсiмдiк

     Спот-келiсiмдiк

     Своп-келiсiмдiк

  1. Белгiлеу(нұсқау) тәсiлi
     Ресми

     Бейресми

  1. Валютаның сатып алу қабiлетiнiң паритетке қанынасы
     Жоғарылатылған

     Төмендетiлген

     Паритеттi

  1. Келiсiм қатысушыларына қатынасы
     Сатып алу бағамы

     Сату  бағамы

     Орта  бағам

  1. Инфляцияны ескеру, есептеу бойынша
     Нақты

     Номиналды

  1. Сату әдiсi бойынша
     Қолма-қол  сату бағамы

     Қолма-қол  емес сату бағамы

     Валюта  айырбастаудың көтерме        бағамы

     Банкноттық

    Қазақстандағы валюталық қатынас режимін либерализациялау келесідей қағидаларға негізделеді:

  1. Кезектілік қағидасы (принцип последовательности).    Валюталық қатынас режимін либерализациялау, ағымдағы және капитал шотының бөлек операцияларын жүргізуге қоятын талаптарды жеңілдетуге, кейіннен мүлдем алып-тастауға бағытталған. Шектеулерді алып тастау уақытша сипатта болмауы керек.
  2. Экономикалық мақсаттылық қағидасы (принцип экономической целесообразности). Валюталық қатынас режимін либерализациялау, өзіне тиесілі тәуекелді ақша-несие қатынас органдарынан сыртқы экономикалық операциялардың қатысушыларының, қаржы институттарының мойнына жүктейді. Сондықтан, ерекше режимді қолданатын операциялар шеңбері, төлем балансының жағдайымен, ішкі қаржы және капитал нарығының даму деңгейімен, ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығымен

байланысты, экономикалық мақсаттылық қағидасы негізінде анықталады.

  1. Артықшылық қағидасы (принцип приоритетности). Елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін, қысқа мерзімді капиталдың кенеттен сыртқа ағуына кедергі болатын, белгілі бір шектеулерді бекіткен жөн. Осыған байланысты, алдымен

ұзақ  мерзімді капитал операцияларына қойылатын  талаптар жеңілдетілуі қажет, содан  кейін қысқа мерзімді сипаттағы  операциялар (қысқа мерзімді несиелер, ақша нарығының құралдары, туынды қаржы  құралдар).

  1. Симметрия қағидасы (принцип симметрии). Капиталдың сыртқа ағуының ішке келуден жоғары болу мүмкіндігін ескере отырып, біртіндеп асимметриялық қатынасден маңызды сыртқы экономикалық операцияларға қатысты валюталық режимді біртіндеп түзетуге көшу қажет.
  2. Тең шарттар қағидасы (принцип равных условий). Валюталық  режим, ішкі валюталық нарықтағы резидент еместер үшін, резиденттерге қарағанда жеңілдеу болмауы қажет.
  3. Келісімділік қағидасы (принцип согласованности). Қаржы институттары жүргізетін операцияларды либерализациялау, пруденциалды қатынас және қадағалау процедурасымен, әсіресе, тәуекелді басқарудың ішкі жүйесіне қатысты талаптармен бір уақытта жүргізілуі қажет.

      7. Қаржылық тұрақтылық қағидасы (принцип финансовой устойчивости). Қаржылық емес секторға қатысты кәсіпорындарға шетел валютасындағы қарыздық міндеттемелер бойынша ауыртпашылық түспеуі қажет, сондықтан мәмілеге қатысушыға қойылатын қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеттік талаптары валюта режимін либерализациялаудың қажетті шарты болып табылады.

Информация о работе Инфляция және валюталық бағам