Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:40, курсовая работа
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.
Кіріспе
І. Инфляцияның теориялық негізі
1.1. Инфляцияның мәні, мазмұны, түрлері.
1.2. ҚР инфляцияның ерекшеліктері
ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейінің талдауы.
2.1. ҚР инфляция деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің талдауы.
2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
І. Инфляцияның теориялық негізі
1.1. Инфляцияның мәні, мазмұны, түрлері.
1.2. ҚР инфляцияның ерекшеліктері
ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейінің талдауы.
2.1. ҚР инфляция деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің талдауы.
2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда
маңызды орын алады оның көрсеткіштері
мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары
елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың
экономикалық қауіпсіздігін бағалауда
күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы
жағдайларда осы мәселенің өзектілігі
инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген
себептерін және оның ерекшеліктері мен
антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын
айқындау қажеттілігімен анықталады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма
инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу
аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция
болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары
негізгі проблема жұмыссыздық болса, одан
кейін негізгі проблема инфляция болды.
Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік
экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға
дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы
макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне
келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық
құрылым.
Қазіргі замандағы инфляцияға бірқатар
айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция
локальді сипатта болса, ал қазір- күнделікті,
барлық орамды;егер бұрын үлкен және кіші
кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік
сипатта сонымен бірге ақшалай емес факторлардың
да әсерінде тұрады.
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде
инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму
заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты,
қарқынды инфляция және гиперинфляция
сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады.
Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген,
күтілетін және күтілмейтін, ашық және
басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі.
Және осы бөлімде инфляцияның негізгі
себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары:
бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық
және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы,
халықтың жинақтарының бағасыздануы,
сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері
туралы айтылады. болса, ал қазір- хроникалық;
қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана
емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың
да әсерінде тұрады.
Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде
инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму
заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты,
қарқынды инфляция және гиперинфляция
сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады.
Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген,
күтілетін және күтілмейтін, ашық және
басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі.
Және осы бөлімде инфляцияның негізгі
себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары:
бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық
және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы,
халықтың жинақтарының бағасыздануы,
сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері
туралы айтылады.
Ал үшінші бөлімінде Қазақстан жағдайындағы
инфляция ерекшеліктері туралы айтылады.
1.1 Инфляцияның мәні,
түрі, себептері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды(галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.
Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
Инфляция ерекшелігі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.
Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші болды.
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне, мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын кредиттік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржылық қатынастар мен инфляциялық үдерістердің бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйеде келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржылық қатынастардың оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші – Iб пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің («рынок себеті») белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңеңнің бағасы арасындағы арақатынасты лшейді.Ағымдағы жалдың индексінің қарқыны былайша анықталады: ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылды бағалары индексіне бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.
Инфляцияның қарқыны =Iб1-Iб0*100/Iб0
Қазақстанда тұтыну
тауарларының бағасы мен қызметтер
көрсетудің тарифтері өткен жылға
қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7;1995-1,60;1996-1,39;
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз (немесе аптасына 11,5 пайыз)құрса,онда мұндай денгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді.Сөйтіп,Қазақстанда бұл денгей 1992-1995жж.ішінде айтарлықтай асып түсті.
Соңғы жылдардың ішіде баға сферасында ең сәтті жыл 2001жыл болды,бұл жылы Қазақстанда инфляция денгейі 6,4%-ға дейін төмендеді.Келесі жылдары оның денгейін 3-5%-ға дейін төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды.Алайда 2002жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқатылды.Үш жыл бойына инфляцияның іс жүзінегі қарқыны берілген межелдемелердің жоғарғы шегінде боды және айтарлықтай шапшаңдады(кесені қараңыз).
Көрсеткіштер жылдар |
2001ж |
2002ж |
2003ж |
2005ж |
2006ж |
2007ж |
Тұтыну бағалары-ның индексі |
106,4 |
106,6 |
106,8 |
107,5 |
108,4 |
118,8 |
Соның ішінде:азық-түлік тауарлары |
108,8 |
107,1 |
107,1 |
108,1 |
107,3 |
126,6 |
Азық-түлік емес тауарлар |
104,5 |
106,3 |
106,9 |
105,9 |
107,1 |
110,5 |
Халыққа көрсетіле-тін ақылы қызметтер |
103,5 |
105,8 |
105,9 |
108,0 |
111,6 |
115,4 |