Инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.

Содержание

Кіріспе
І. Инфляцияның теориялық негізі
1.1. Инфляцияның мәні, мазмұны, түрлері.
1.2. ҚР инфляцияның ерекшеліктері
ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейінің талдауы.
2.1. ҚР инфляция деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің талдауы.
2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)



 

 

 

2007 жылы инфляцияның  орташа жылдық деңгейі 2006 жылғы  8,6%-бен салыстырғанда  10,8%-да қалыптасты. Оның денгейі бюджетте қаланған  және 2005-2007 жылдарға арналған ақша-кредит  саясатының негізгі бағыттарында  анықталған (орта есеппен жылына 4,9-6,5%) бастапқы болжамды көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсті.Кейінгі болжамдарға сәйкес тұтыну бағаларының өсуін 7%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру ұйғарылған болатын, алайда  бұл болжамдардан да инфляция асып түсті. Инфляцияның денгейі баяу инфляцияның ауқымдарынан едәуір жоғары ( яғни жылына 3-4%), ал соңғы жылдары оның динамикасы өсуінің тұрақты үрдісі болды. Бұл тауарлар мен қызметтер турасында ұлттық валютаның құнсыздануының күшейіп отырған үдерісін білдіреді, осыдан – зейнеткерлер мен тіркелген табысы бар халықтын басқа топтарының тұрмыс құнының өсуі, инвестицияларға ынталандырмалардың төмендеуі және кәсіпкерлердің бағаларды жоспарлауға сенбеушілігінің қалыптасуы. Ақырында мұның бәрі экономикалық өсімнің қарқымдарында жағымсыз бейнеленеді.  

Инфляциялық үдерістің  қуаттылығын бағалауды және инфляцияның  түрлерін мынадай критерийлер бойынша  ажыратады:

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:

баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;

өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;

әсіреинфляция- баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;

бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:

баланстандырылған және баланстандырылмаған инфляция; баланстандырылған инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне  қатысты өзгерусіз қалады, баланстандырылмаған инфляция кезінде олардың бір-біріне ара қатысы өн бойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;

болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:

күтілген және күтілмеген;

шығу немесе пайда болу орнына қарай:

импортталған және экспортталған;

сондай-ақ дамудың  әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.

Қаржы мен инфляцияның  өзар байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады. Екінші жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.б.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22.1. сызба. Инфляциның сипаттамасы және оның әдістері.

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Нақты экономикалық өмірде инфляцияның жоғарыда аталған  түрлері және оларға ілеспелі салдарлар  тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді (22.2 сызбаны қараңыз).

Рыноктық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз  кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз  қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайының жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Үдерістің жаппай ауқымды әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.

Монополияландырылған  экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізаты, материалдары, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде әрі қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкілікті тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.

Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы  мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға кредит операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлтық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың – рыноктардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде кредит капиталының қосымша ұсынымын және сұранымының артуын жасайды; сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банктер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

22.2 сызба. Инфляциялық  шиыршық

Жалпы инфляцияның себептері базистік қатынастардың қарама-қайшылықтарынан, экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан, оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен, бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен болады.

Инфляцияның көріну нысаны – ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтерілуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі. *

__________________________________________________________________

*Басқа нысандары  да бар: шетелдік валюта бағамдарының  көтерілуі және тиісінше, ұлттық  валюта бағамының төмендеуі; қағаз  ақшаларда тұлғаланатын алтынның  нарықтық бағасының көтерілуі  (алтынның бұл санын атаулы  түрде көрсететін ақша-қағаз белгілерінің санымен салыстырғанда).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инфляцияның классикалық  көзі – мемлекеттік бюджет тапшылығы  Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы  инфляцияның қайталама факторы  болып табылғанымен, ол шығындардың  инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануы туады.

Тапшылықты  ақша эмиссиясымен жабу оның инфляциялық  құнсыздануына ұшыратады және бұл  үдерістерде инфляция мен бюджет тапшылығы тұйық себеп-салдарлық  заңдылықты жасай отырып өзара күшейе түседі. Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы тіпті КСРО-ның кезінен экономиканың теңгерімсіздігінің тұрақты салдары болып табылады. Ол ірі жәрдемқаржыларымен, ал кейін одақтық бюджеттен субвенциялармен жабылып отырады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. Бюджеттің шығыстары бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-0,5%, 2001-1,7%, 2003-4,3% құрайды. 2005 жылы республикалық бюджет профицитпен атқарылды.

Инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28% қосылған құн салығын, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына (бұрын – инвестициялық қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржылық және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу инфляцияның дамуына мүмкіндік туғызды.

Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бағаның да өсуіне соқтырады.

Айтылған факторлар  өндіріс шығындарын - өндірушілер  инфляциясын арандатушы факторларға жатады.

Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе  жеке кәсіби және әлеуметтік топтардың  әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін  инфляцияны жеделдету факторы деп  есептеуге болады.

 

Филлипстің  қисық сызығы

Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың  2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.  Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық  жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны  бейнеленеді. Қисық сызық өсі  параметрлердің көрінісі.


 

Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

Экономикалық  реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда ( 5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

Филлипстің  қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.

Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда ( М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.

Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға  қолайлы инфляция деңгейі тек  жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде  ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін  жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар ( 80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті .

                       

 

1.2. ҚР инфляцияның  ерекшеліктері

Осы күндері  Қазақстанда қалыптасып отырған  инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі  себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің кұрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.  
Қоғамдық өндіріс кұрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.  
Реформаның барлық кезеңінде инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

ҚР Ұлттық банкісі  жүргізген қатаң монетарлық саясат арқасында жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік  стратегиялық  жєне  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды.   Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша  көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде,  бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының   шеңберінде жүргізілетін болады.

Информация о работе Инфляция