Инфляция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Описание

Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде инфляция ұғымы, оның турпаттары, даму заңдылықтары беріледі. Мұнда бірқалыпты, қарқынды инфляция және гиперинфляция сияқты осындай маңызды ұғымдар қарастырылады. Сондай-ақ теңгерілген және теңгерілмеген, күтілетін және күтілмейтін, ашық және басыңқы инфляцияларға анықтамалар келтіріледі. Және осы бөлімде инфляцияның негізгі себептері ашылған.
Екінші бөлімінде инфляцияның салдарлары: бағаның өсуі мен табыс нормалары, экономикалық және єлеуметтік шиеленістердің асқынуы, халықтың жинақтарының бағасыздануы, сондай-ақ инфляциямен күресудің әдістері туралы айтылады.

Содержание

Кіріспе
І. Инфляцияның теориялық негізі
1.1. Инфляцияның мәні, мазмұны, түрлері.
1.2. ҚР инфляцияның ерекшеліктері
ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейінің талдауы.
2.1. ҚР инфляция деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің талдауы.
2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.

Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (4).doc

— 431.50 Кб (Скачать документ)

 

ІІ. ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деғгейінің талдауы.

2.1. ҚР инфляция  деңгейінің 3 жылдық көрсеткіштерінің  талдауы.

2009 жылғы қаңтар-желтоқсан 

2009 жылғы желтоқсанда  тұтыну бағасының индексі өткен  аймен салыстырғанда 100,6% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарларының баға индексі – 100,4%, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 100,3% және ақылы қызметтер – 101,1%.

2009 жылдың желтоқсанындағы  инфляция деңгейі 

                                                                             өткен айға қарағанда %-бен

 

Ағымдағы жылдың желтоқсанында  қарашаға қарағанда азық-түлік тауарларында жаңа сауылған сүт – 2,5%, жұмыртқа – 1,8%, май және тоң майы – 1,6%, балық  және теңіз өнімдері – 1,0%, бағасында едәуір өсуі байқалды. Бидай ұны – 5,1%, күріш – 2,7%, қой еті – 0,6% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары  тобында едәуір деңгейде дизельдік  отын – 2,0%-ға, дәрі-дәрмектер – 1,1%-ға, киім және аяқ киім – 0,9%-ға, үй тұрмысына қажетті заттар – 0,4%-ға қымбаттаған.

Ақылы қызметтер құрамында  ыстық су – 4,2%, кәріз – 3,7%, орталықтан жылыту – 2,6%, темір жол қызметі  – 1,9% бағасы едәуір деңгейде өскен.

2009 жылғы желтоқсанда  инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 6,2%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,3%-ға (9,5%) төмен.

2009 жылдың желтоқсанында  2008 жылғы желтоқсанына азық-түлік  емес тауарлары 8,6%-ды (өткен жылдың  сәйкес кезеңімен салыстырғанда  5,7%), ақылы қызметтер – 8,4%-ды құрады (11,4%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 3,0%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,8%-ға төмен (10,8%).

2009 жылғы желтоқсанындағы  инфляция деңгейі 

және ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда пайызбен

2009 жылғы қаңтар-желтоқсанда  инфляция деңгейінің орташажылдық  көрсеткіші өткен жылдың сәйкес  кезеңіне қарағанда 7,3%-ды құрады  және 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанмен  салыстырғанда 9,7 пайыздық көрсеткішке төмендеді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 6,0%-ға жоғарылады (2008 жылдың сәйкес кезеңінде 23,4%), азық-түлік емес тауарлары  – 6,7% (10,4%) және ақылы қызметтер – 9,8% (14,3%).

Тұтыну тауарлары мен  қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі

Өңірлік бөлігінде 2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Ақмола (7,8%), Батыс Қазақстан (7,4%) облыстарында және Алматы (7,4%) және Астана (6,5%) қалаларында қалыптасты.

2008 жылдың желтоқсанына  қарағанда 2009 жылғы желтоқсандағы  өңірлер бөлігінде инфляция деңгейі, %

------- – орташареспубликалық  деңгей – 6,2%

 

2010 жылғы қаңтар-қыркүйектегі

Қазақстан Республикасындағы  инфляция деңгейі

2010 жылғы қыркүйекте  тұтыну бағасының индексі өткен  аймен салыстырғанда 100,6% құрады, оның ішінде: азық-түлік тауарлары баға индексі – 100,4%, азық-түлік емес тауарлары – 100,5%, ақылы қызметтер – 100,8% құрады.

2010 жылғы қыркүйектегі  инфляция деңгейі

 

өткен айға қарағанда %-бен

 Ағымдағы жылдың қыркүйегінде тамызға қарағанда азық-түлік тауарларында май және тоң майы 3,2%, темекі өнімдері – 1,9%, сүт өнімдері және жұмыртқа – әрбірі 1,1%, нан және жарма өнімдері – 0,9%, ет және ет өнімдері – 0,8%, алкогольсіз сусындар – 0,4%, балық және теңіз өнімдері – 0,4%, кондитерлік өнімдер – 0,2% бағасында едәуір өсуі байқалды. Жемістер мен көкіністер – 3,0% бағасында төмендеуі орын алды.

Азық-түлік емес тауарлары тобында едәуір деңгейде киім және аяқ киім 0,4%-ға, дәрі-дәрмектер  және үй тұрмысына қажетті заттар – әрбірі 0,3%-ға, бензин – 0,2%-ға қымбаттаған.

Ақылы қызметтер  құрамында сұйытылған газ 6,0%, білім  беру – 5,9%, қатты отын – 1,1%, көлік  қызметтері және суық су – әрбірі 1,0% бағасында едәуір деңгейде өскен. Ыстық  су – 0,6%, кәріз – 0,1% бағасында төмендеуі  орын алды.

2010 жылғы қыркүйекте  инфляция деңгейі 2009 жылдың желтоқсанына  қарағанда 5,2%-ды құрады, бұл көрсеткіш  өткен жылдың сәйкес кезеңінен  0,5%-ға жоғары (4,7%).

2010 жылғы қыркүйекте 2009 жылғы желтоқсанға азық-түлік  тауарлары бағасының өсуі 6,0%-ды  құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,6%-ға жоғары (2,4%). Азық-түлік емес тауарлары бағасының өсуі 3,9%-ды (6,9%), ақылы қызметтер 5,5%-ды (5,8%) құрады.

2010 жылғы қыркүйектегі  инфляция деңгейі

және ТБИ-ды құрайтын бағаның өсуі

өткен жылдың желтоқсанына қарағанда %-бен


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте  инфляция деңгейінің орташажылдық  көрсеткіші өткен өткен жылдың  сәйкес кезеңіне қарағанда 7,0%-ды  құрады және 2009 жылғы қаңтар-қыркүйекпен  салыстырғанда 0,8 пайыздық көрсеткішке  төмендеді.

Азық-түлік тауарларының бағасы 5,2%-ға жоғарылады (2009 жылдың сәйкес кезеңінде 6,9%), азық-түлік емес тауарлары  – 6,7% (6,4%) және ақылы қызметтер – 9,6% (10,5%).

Тұтыну тауарлары  мен қызметтерге баға өзгеруі,

өткен жылдың тиісті кезеңіне пайызбен, өсуі

Өңірлік бөлігінде 2010 жылғы қыркүйекте 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда орташареспубликалық  инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген Павлодар және Оңтүстік Қазақстан (әрбірі 5,9%), Шығыс Қазақстан (5,5%) облыстарында және Астана қ. (5,6%) қалыптасты.

 

2010 жылғы қыркүйектегі 2009 жылдың желтоқсанына қарағанда 

өңірлер бөлігінде  инфляция деңгейі, %

------- – орташареспубликалық  деңгей – 5,2%

 

http://www.minplan.kz/kz/economy/8312/

 

 

2.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат шаралары.

Ифляцияға қарсы  саясатты талдауда оның екі бағытын  көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі  кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік  шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық  сраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте  қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцины тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың  құлдырауы кезінде сұранысты  ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз  болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың діңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы 3 топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жіне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталадыру, 80 – 90 жылдары көптеген елдердің тіжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді.  Дегенмен, бюджет тапшылығыныңұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.

Инфляциға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерімен, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетүінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістерімен әсер етеді/,15-16б/.

Ақша айналымының  тұрақтылығы экономиканың тұрақты  дамуын нақты білдіреді. Сондықтан  неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы  үшін ақша- несие және қаржылық шараларды  қолдануға бағыттайды.

Индустрия және сауда министірлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.

Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің  мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді/1,5б/.

 

 

 

 

 

Қорытынды.

        Информацияның жеке жағдайлары  тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция – бұл көп факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс. Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.

Қазақстанда инфляцияның  пайда болуына келесі себептер себепші  болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

Экономикалық  өсімнің антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең – кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін  санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның  әлсіруіне әлемдік теория мен  практикада жинақталған қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

 


Информация о работе Инфляция