Инвестициялық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:10, курсовая работа

Описание

Инвестициялық саясат елдің стратегиялық экономикалық мақсаттары мен мәселелерін анықтайтын ең маңызды элемент. Экономиакалық реформаларға сәйкес халықаралық капиталмен инвестиция тартудың мемлекеттік саясаты дағдарыс пен инфиляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға және өндірістік құрылымдық өзгерістерге септігін тигізуде. Шетел инвестицияларының Кен өндіру өнеркәсіптеріне келіп түсуі Қазақстан экономикасының шикізат секторын дамытуға жағдай жасайды. Республиканың өнеркәсіп құрылымында шикізат кешенінің үлесі 65% -ті құрайды. Мемлекет саясаты осы сектордағы шикізат ресурстарын ұлғайту мақсатында инвестиция тартуды, қосымша ынталандыруды жақсартуға негізделеді.

Содержание

1-Бөлім. Шетел инвестицияларын тартудың теоретикалық және методикалық негіздері
1.1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.2 Отандық өндірістің инвестициялық ахуалын талдау
1.3 Шетелдік капитал инвестицияның негізгі қайнар көзі ретінде
2-Бөлім Қазақстан Республикаксының инвестициялық тартымдылығы және оның перспективасы
2.1 Еліміздің инвестициялық қал-ахуалы, мәселелері және оларды шешу жолдары
2.2 Қазақстан Республикаксындағы шетелдік инвестицияны келтіру процесін жетілдіру жолдары.
2.3 Қазақстан Республикаксындағы шетелдік инвестициялардың тиімділігі

Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

мун.doc

— 326.50 Кб (Скачать документ)

    Тағы  да бір назар аударатын мәселе, ол  шетел инвесторларын тездетіп тарту үшін, мұнай көздерін игерудегі  көптеген экономикалық тиімді жобаларға ұлттық мұнай өндіру компанияларын қатыстырмай шетел инвесторларын шақыру. Ал, мұндай әрекеттің нәтижесі мұнай экспорттауының шектелуіне әкеліп соқтырады. Негізінен, штел инвесторларын өнеркәсіпке тарту ұлттық күрделі жұмсалымдарды ығыстыру үшін емес, толықтырушы фактор ретінде болуы міндетті.

    Қазақстан аумағында құрылған шетел инвестициялары тартылған кәсіпорындар көбінесе кішігірім  жарғылық қоры бар ұсақ және орташа кәсіпорындар болған. Өз бизнесін олар аз уақыт ішінде жоғары табыстарды қамтамасыз ету бағытында дамытады. Олардың қызмет етуінің басым саласы – делдалдық (50%-тен жоғары), сауда, қаржылық операциялар, телекоммунация, офис және қонақ үйлердің  ғимарттарын салу , сондай-ақ тұтынушылық тауарлар мен  қызметтердің аз шығынды  қажет ететіні индустриясы төңірегі.

    Дегенмен  де соңғы жылдары шетел инвестицияларын  тарту процесінің маңызы артты. Шетелдік капитал мен технологияның Қазақстанның экономикалық прогресіне және макроэкономика тұрақтылығына  негіз қалады.1993-2001 жылдар арасында Республикамызға тартылған шетелдік инвестициялардың  жалпы көлемі 16,98 млрд. АҚШ долларын құраса, 1999 жылы ол 1,85 млрд болған,  яғни  1998 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге дейін өскен. Ал , 2000 жылғы инвестициялық  көрсеткіштерге көз салсаң, ол 1999 жылмен салыстырғанда 49 пайызға өскен.        

    Алайда, осылай қарқындап дамып еліміздің  экономикалық  тұрғыдан өсуіне арқау  болып отырған инвестицияның  әлеуметтік салдары қандай деген  мәселеге келсек, көптеген ғылымдар оны  мардымсыз деп таниды.

    Әрине , әлеуметтік сала, оның жағдайын анықтайтын бірегей көрсеткіші жоқ күрделі  жүйе. Оның тұрақтылығы мен даму деңгейі білімі , денсаулық , мәдениет және әлеуметтік  процестер   кіретін жүйелік элементтердің  жағдайы мен анықталады.

    Сондықтан да әлеуметтік саланың басты міндеттері мыналар:       

  • Тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ету аясының кеңеюі, маңызды жұмыс орындарын сақтау, жұмыссыздықтың азаюы , жалпы инвестиция арқылы өндірістің жандануы ;
  • Тиімді  еңбек нарығының қалыптасуы, еңбек бағасын әдейі төмендету саясатын болдырмау , оның деңгейін ұлттық экономиканың дамуына орай өсіру;
  • Әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттырып, жоғары сатыға көтерілуі.

    Осы шаралардың инвестициямен жан-жақты  қамтылған батыс аймақтарда жүйелі түрде іске асырылуына деректер мол. Мысалы , Атырау облысының инфрақұрылымының дамуына  шетелдік фирмалар мен біріккен кәсіпорындар атсалысуда . Әлеуметтік салаға бір ғана ТШО-ның өзі бес жылдың ішінде “Атырау  Бонус Қоры ” жоспары бойынша 50 млн. доллар қаражат бөлген. Бұл қаражатқа Құлсары ауданы орталағында  20 тұрған үй , жедел жәпдем ауруханасы салынған , Атырау қаласында емхана , наубайхана , жылу жұйелері іске қосылып , бір қатар медициналық жоспарлар жүзеге асырылып, емдеу мекемелері керекті құралдармен жабдықталған. Ал , 2001 жылы ТТШО-ның “Игілік ” жоспары бойынша Атырау қаласы мен Жылыой ауданының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына 6млн. доллар қаражат бөлінген.

    Жалпы біріккен кәсіпорындардың әлеуметтік саладағы нәтижелі қызметінынталандыру  үшін төмендегі шараларды жүзеге асыру жөн:

  • жаңадан құрылған  кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дейін салықтың кей түрлерінен босату;
  • алғашқы жылдардың шығындарын кейінгі жылдағы салық салынатын табыстан алып тастауға кәсіпкерлерге мүмкіндік беру;
  • кәсіпорынның шетелдік құрылтайшысының табыстарына салынатын қайтарым салықтарын алып тастау;
  • негізгі капиталды амортизациялауды жеделдету, ал бұл технолгиялық жағынан алдыңғы қатарлы кәсіпорын үшін өте маңызды;
  • инфрақұрылымдық, оның ішінде әлеуметтік және жергілікті маңызы бар обьектілерді салуға және пайдалануға жәрдем ақшалар беру;
  • өндірістік жабдықтың импортына салынатын салықтар мен тарифтік шектеулерді жою;
  • ішкі нарықты импорт бажы арқылы қорғау және салықтар,жәрдем ақшалар мен басқа да қаржылық реттеу әдістерінің көмегімен жекелеген салаларды қолдау шараларын қабылдау.

    Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай кез-келген мемлекеттің жалпы нәтижелі дамуы экономикалық тиімділікпен әлеуметтік қолайлылықтың сәкестігімен ғана мүмкін бола алады. Яғни, елдің даму дәрежесі әлеуметтік салаға жұмсалатын қажының көмегіне тікелей байланысты. Басқаша айтқанда, мемлекет азаматтарының табысына орай ол мемлекеттің білім және кәсіби дәрежесін, қоғам мүшелерінің денсаулығын, ұдайы өндіріске мүмкіншілігін анықтауға болады.  
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Елiмiз  Тәуелсiздiк алған алғашқы 4-5 жылда  шетелдік инвесторлар Қазақстанға  келiп, жұмыс iстeyi жүректерi дауаламады. Оның себебi де түcініктi, өйткенi Қазақстан  тәуелсiздiк алғаннан кейiн жүргiзiлген жекешелендiру реформалары өте күрделi кезеңге дөп келдi. Саудада да дүкен сөрелерi бос қалып, инфляция қаулай бастады. Yкімет мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарды жеке басқаруға бере бастаған шақты ipi кәсiпорындардың көбi одан ары қарай жылжуға дәрменi жетпей тоқтап қалды, өте аз. Бұны жандандыруға ipi шаңырақ көтерген жас мемлекеттiң экономикалық қуаты жетпедi. Осыны көрiп, бiлiп отырған шетелдiк инвесторлар Қазақстанға қаржы салып, жұмыс iстeyre батылдық ете алмады.Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып, меншiктiң ұланғайыр реформасын қысқа мерзiмде жүзеге асыруға мүмкiндiк бердi. Сол орындағы күрделi жағдай түзетiлгенге дейiнгi барлық уақытта Президент бұл салаға жете назар аударып отырды. Қазақстанға келiп жұмыс iстеудi ниет еткен инвесторларға мемлекеттiк қолдау мақсатында 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесiне "Шетелдiк инвестициялар туралы" заңын, алғаш 1997 жылы 28 ақпанда "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" заңын Қазақстан Республикасының Парламентiнде қабылдатады. Осы заңдармен бiрге, Қазақстан Ресубликасы үкіметінің инвестицияға қатысты қаулылары шетелдiк инвесторлардың Қазақстанға келiп жұмыc істеуіне мүмкiндiк бердi. Сонымен меншiк иесi өзгерген нысандарының алғашқыларының қатарында "Қарағанды металлургия комбинаты", "Жезқазған түсті металл АК," және "Балқаш мыс Балқыту комбинаты", "Павлодар аллюминий зауыты", "Қазхром" ТИК, "Ақтөбемұнай" бiрлестiгi және Шымкент мұнай өңдеу зауыты болды.

     Шыны  керек, дағдарыс құрсауында қалған бұл  кәсiпорындар мындаған Қазақстандықтарға  жұмыс бере отырып, ойдағыдай iлгерi дамып келедi. Одан басқа да үлкендi-кiшiлi шетелдiк кәсiпорындар Қазақстанның экономикалық қуатын арттыруға өзiндiк үлестерiн қосты. Оны Қазақстанның қазiргi экономикалық өcyiнeн де байқау қиын емес.

     Айта  кeтeтiн бiр жәйт, әлемнiң ең ipi рентинг берушi агенттiгi "Moody's" Ресейдiң "интерфакс компаниясымен бiрiгiп Қазақстанда өзiнiң өкiлдiгiн ашуда. "Moody's" aгeнтігінe әлемнiң жүздей елiнде банктер мен бағалы қағаз эмитенттері құлақ асады.

     Әрбiр  объектке экономикалық көрсеткiштерiнен басқа инвестициялық рейтинг берiледi. Мемлекет "когортты" артықшылықта (А рентинг тобы) "орта" ("В") және аутсайдерлер ("С") қалып қоюы мүмкін. Ал рентингтi бiз қарапайым өмiрде бiлемiз. Оның беретiн мәртебесi қандай, артықшылығы қандай т.т. әлемдiк қаржы нарығы үш ipi рентинг areнттiгiнe аса мән бередi. Соның eкеуі американдық - "Moody's" және "S&P" лондонда "Fitch" немесе "Fitch IBCA" атты компаниясы орналасқан. Осы үш компанияның мәртебесi инвесторлардың миллиондарын салуға итермелейдi. Әpинe мәртебемен қoca олар нақты ақпаратты бiлiп отыру тиiс. "Moody's" - ете кене және консервативті агенттік.

      Бұл жұмыстың артықшылықтарында түсiндiрiледi: корпорацияның жетiсiтiгi оның брендiнiң ceнiмiнe және репутациясына тәуелдi. Қазақстанға инвестициялық рентингтiң берiлуi елдiң жетiстiгiнiң көрсеткiшi. "Moody's" әлемдiк агенттiктердiң iшiнде алғашқылардың бiрi болып Қазақстанның егемендiк рейтингiсiн ("Baal") 2002 жылдық қыркүйегiнде көтердi.

      Экономистердiң тiлiнде "Васт" елдiң мiндеттiлiгi орташа сенiмдiлiкке жататындығын бiлдiредi. Оны тiптi жақсы қорғалған немесе тiптi" қамтамасыз етiлмеген деп бағалауға болмайтындығын бiлдiредi. Ал ендi бiзге рентинг aгeнтігінің көзқарасының өзгеруiн бiрден бiр себебi бiздiң экономикалық халхуал. Бiздiң ел ең ipi мұнай қорын иеленедi және басқа да минералды ресурстарының бай қорын иеленедi және дұрыс фискалды саясатын жүргiзедi, әлемдiк өзгерiстерге тез бейiмделе алады.

      Республикамыздың  негiзгi көрсеткiштерi келе-келе жақсаруда. Қазiргi кезде Қазақстанның 20-дай кәспорыны өзiндiк рентингiсiн алған. Ең жоғарғы бағаны жалғыз бiр ғана мұнай фирмасына берiлген, ал басқа компаниялар "В" және "С" бағасын алды. Болашақта әрбiр Қазақстанның кәсiпкер компаниясы, фирмасы рейтингiнi алады деп күтiлуде.

     Айта  өту керек Қазақстан нарығында тiкелей және портфельдi инвестицияларды іштің және шетел инвестицияларының белсендi жұмыс жасап жатқандығы көрiнедi.Бiрақта бір шардың оң жағымен қоса тepic жағы бар.

     Бiрiншiден, бұл жерде жаңа технологиялық өндiрiстің eнyi, жаңа менеджмент және маркетинг әдістері жергілікті халықтың жұмыспенқамтылуы болса.

     Екiншiсi, бұл жерде дамушы елдерден үлкен көлемде пайда ресурстарды сыртқа шығарады. Бұл ұлттық экономикалық қауыпсiздiк жағдайында проблемаларға алып келедi. Экономикалық iс-әрекеттердi басқаруды және бақылауды жоғалтып алуымыз мүмкін.

     Үшiншiсi, дамушы елдер қазiргi таңда шетел инвестициясынсыз алға жылжи алмайды. Бұл жерде айта өтейiн шетел инвестициясы елдің ұлттық инвестициясын ығыстырып шықпай оны толықтырушы болуы керек.

       Қазақстан 2003-жылы ТМД елдерiнің iшiнен алғашқылардың бiрi болып инвестициялық рейтингге ие болса, тағы маңызды оқиғаның бiрi Әлемдiк банк Қазақстанды әлемнің инвестиция салуға артықшылықты иеленетiн 20 елдерiндің қатарына қосты. Осыған байланысты аналитиктер"Еуrоmоnеу" ағылшын журналындағы баяндамасындағы қызық мәлiметтерiнде көрсетiлдi, яғни 2002-жылдың қыркүйек айындағы 185 зерттелiнген елдердi салыстырғанда тиiмдi эканомикалық жағдайларды шетел инвестицияларына ұсынған Люксембург, Швейцария, Германия және АҚШ болды. Ал Қазақстан осы мәлiметтiң 69 ретiнде 48,38 жинақталған балымен көрiндi.

     Республикалық маңызды инвестициялық процестің  жүруiн 2003жылдың -қаңтар айында қабылдаған ҚР "Инвестиция туралы " заңы себеп  болады. Бұл заң он жыл бойындағы  өзгерiстердi көрсетедi.

     Инвестициялық климаттың жақсаруына президентiмiздiң қол астындағы шетел инвестицияларының Кеңесінің ҚР сауда және индустрия минестерствосының шетел инвестициясы үшiн арнайы комитетi, "Казинвест" инвестиция орталығы, саяси экономикасын факторлар әcep етуде,

     Осы күнде инвестицияның бағытталуына Қазақстанның 2015 жылға дейiн индустриалды – инновациялық даму стратегиясы жасалды. Бұл стратегияда инвестиция негiзiнен артықшылықты өңдеу өнеркәсiбiне құйылады. Бұл салаға мемлекет көптеген көмек көрсетудi мақсат еттi. Ал Қазақстан Даму Банкi алғашқы адымды бастап кетті, яғни отандық кәсiпкерлерге, экономиканың шикiзатты емес саласымен айналысушы кәсiпкерлерге 150 млн. АҚШ долларын несиелей бердi.

     Индустриалды  инновациялы даму стратегиясының орындалу мақсатында Қазақстан инвестициялық қоры құрылды. Бұл қор мемлекеттің 100 % -тiк қатысуымен жарғылық капиталында араласуымен құрылды. Сауда индустрия министерствасының мәлiметi бойынша қазiргi кезде 640 инвестициялық келiсiм бар, оның 60%-i отандық инвесторлармен жасалды. Соның iшiнде Қазақстаннның инвестициялық климатынан банктердің ролi маңызды болып отыр. Дәл айтсақ 2002 жылы банктердің 60% активi экономиканы несиелеуге жұмсалды. 2003 жылдың қаңтар тамыз айларында Қазақстанның екiншi деңгейлi банктерi экономиканың салаларына 825,7 млрд. теңге инвестиялады.

    Елдегi инвестициялық процесстi талдап, келесi негiзгi даму тенденциясын

Көрсетеді:

  1. инвестициялық климатты үнемі жетiлдiруде;
  2. инвестициялық iс-әрекеттің заңды қамтамасыз етiлуiнiң жетiлдiрiлуi;
  3. мемлекеттiң және ұлттық инвесторлардың белсендiлiгi;
  4. институттардың ролiнiң ұлғаюы дамуға әcep eтyi керек; (Қазақстан Даму Банкi, инвестициялық қор, инновациялық қор және т.б.).

Қазақстанның даму тенденциясы тек бұлармен шекетелiп қалмайды.  Бүгінде еліміз эканомикасында тұрақты даму орын алды. Қазақстан Республикасының ашық рыноктық эканомикасы жүзеге асуға бағытталған саяси және эканомикалық бір жүйелілікпен бет алуда.

      Эканомикалық  үрдістің тұрақтылығы негізінде  шетелдік қаржы қорларының Қазақ  еліне деген сенімі артты.Бұдан  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің республикаға шетел капиталының құйылуын ынталандырудағы іс-әрекетінен, қолданып жатқан шараларынан көруге болады.  Осы сенімділік дәрежесін анықтайтын үш бірдей халықаралық ретинг агенттіктері Қазақстанға аса қауіптенбей инвестиция әкелуге болады деген тұжырым жасады. Осындай беделді шешім  негізінде шетелдік банктердің, әртүрлі қорлардың қаржылары елімізге миллиондап емес миллиардтап келе бастады. Тек екі жылдың ішінде банк жүйесіне 6 миллиард доллор көлемінде шетелдік қаржы келді.

Сондықтан да, жалпы алғанда Қазақстанда  қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптасқан деп айтуға негіз  бар. Ал ел эканомикасының басым секторларын  дамытуға шетелдік қана емес, сонымен  қатар Қазақстандық инвесторларды  да тартуға барынша жағдайлар жасалынатын болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған дебиеттер тізімі 

  1. ҚР«Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылы 27 желтоқсандағы  заңы.
  2. ҚР «Тікелей инвестицияларды мемлкеттік қолдау туралы» 1997 жылы 28 ақпандағы заңы. 
  3. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы №373 –II Заңы.
  4. Назарбаев Н.А. «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына жолдауы.
  5. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития казахстана как суверенного государства//каз.правда. -1992. -16 мая.
  6. «куда инвестировать»//континент -2004. -11 мая.
  7. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. –Алматы. Қазақ университеті, 2002 -256 бет.
  8. Мамырова М.К. эффективность инвестиций в промышленном производстве –Алматы: Экономика. 2001.
  9. Шакбутова А.Ж., Абдрахманова Г.Т. Оценка финансовых решений в условиях инвестирования  -Алматы. 2004.
  10. Жапарбеков С.А. Обзор состояния иностранных инвестиции в США//Вестник КАЗГУ №3-4 –Алматы, 2000.
  11. Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. Исследование влияние факторов внешней среды на состояние «Портфельных инвестиции».//Вестник КАЗГУ №1 –Алматы, 1999.
  12. Виленский П.А., Лившиц и др. Оценка эффективности инвестиционных проектов –М.«Дело» -1998.
  13. Рахматулаева Г.А. «Шетел инвестицияларын экономикаға тарту нысандары »//Қаржы –қаражат №2 –Алматы, 2001.
  14. Косжанов.Т, Атамкулов.Б «Промышленная и инвестиционная политика в долгосрочной стратегии развития экономики страны»//Транзитная экономика №1 –Алматы, 2000.
  15. Каженбаев.С, д.э.н. «Актуальные проблемы государственной инвестиционной политики»//АльПари №1 –Алматы, 2003.
  16. Шөптібаева Г.Б.  «Шетел инвистицияларын тартудың әлеуметтік алғы шарттары»//Вестник КАЗГУ №2 –Алматы, 2005.
  17. А.Әбілхасым «Экономикалық аймаққа шетел капиталын тартуды ынталандырудың әлеуметтік экономикалық жағдайы мен алғышарттары»//Қаржы –қаражат №4 –Алматы,2004.
  18. Б.Рахимова «Инвестиционные ресурсы как фактор развития импортозамещающих отрслей промышленности»//Транзитная экономика №1 –Алматы, 2003.
  19. У.Баймуратов «Иностранные инвестиции в  Республике Казахстан: особенности и проблемы» //Транзитная экономика №2 –Алматы, 2002.
  20. Асанова М.К. «Воздействие прямых иностранных инвестиции на воспроизводство рабочей силы (по материалам ОАО «Испат кармет»)//ҚазҰУ хабаршысы №2 (48). 2005.
  21. «Инвистиционная деятельность» Краткий статистический ежегодник Казахстана  2005г.
  22. «Иностранные прямые инвестиции в 1993–2003» Данные Национального банка республики Казахстан.
  23. «Негізгі капиталға инвистициялар»Қазақстан Республикасының әлеуметтік–экономикалық статистикалық мәліметтері 2004.
  24. «Негізгі капиталға инвистициялар»Қазақстан Республикасының әлеуметтік–экономикалық статистикалық мәліметтері 2005.
  25. Шарп У.Ф., Александр Г.Дж., Бэйли Дж.В. «Инвестиции» -Университетский учебник. –М.:«Инфра –М».1998.
  26. Садвакасова А.Б., Рахматуллаева Д.Ж. иностранные инвестиции в Казахстане:привлечениеи необходимость использования.//Вестник КАЗГУ №9 –Алматы, 1998 

Информация о работе Инвестициялық саясат